Сабақтың тақырыбы: n-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері



Дата11.11.2019
өлшемі60,86 Kb.
#51558
түріСабақ
Байланысты:
n-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері

Тексерілді: Х.орынбасарова

23.10.19ж

Пән мұғалімі: Игамназаров А.

Сабақтың тақырыбы: n-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері

Сабақтың мақсаты: : n-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері тақырыбына есептер шығару

тақырыбын игерте отырып, : n-ші дәрежелі түбір ұғымы және оның қасиеттерімен таныстыру, нақты санның түбірі және оның қасиеттері бойынша білімді кеңейту, есептер шығарғанда түбірдің қасиеттерін қолдана білу дағдысын қалыптастыру


Сабақтың міндеттері:

Білімдік: математикалық білімділікке ие болу, ғылыми терминологияны түсіне білу, алған білімді тиімді қолдана білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік:еңбек сүйгіштікке, тиянақтылыққа, ұжымда жұмыс жасауға уақытын тиімді пайдалана білуін қалыптастыру.

Дамытушылық: оқушылардың интеллектуалды дамуына жағдай жасау, логикалық ойлауына мүмкіндік беру, әрекеттеріне анализ жасай білу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:проектор мен компьютер, тақырыпқа презентация, формула жазылған кесте, әдістемелік құрал, интерактивті тақта,

Сабақтың типі: аралас, алған білімді бекіту.

Оқыту әдісі:бөліктей шығармашылық әдіс.

« Жақсы дайындық, жеңістің кепілі»

Генри Форд

Сабақтың жоспары:


Ұйымдастыру (1 мин)


II.Тақырыпқа байланысты өткен сыныптарда өткен материалдарды қайталау

сұрақтары (3-4)

III.Жаңа тақырыпты түсіндіру (18 мин)

IV.Жаңа тақырыпты бекіту (15 мин)

V.Үйге тапсырма беру (2 мин)

VI.Сабақты бағалау, қорытындылау (5 мин)

Сабақтың барысы:

I.Сыныппен сәлемдесіп, оқушыларды түгендеп, оқушыларды сабаққа

жұмылдыру мақсатында сабақтың тақырыбын хабарлаймын.

Тақырыптың мақсатымен таныстырып, өткен сыныптарда дәреже туралы

алған білімдерімізді жүгіртпе сұрақтардың көмегімен еске түсіреміз:



 II.Дәрежені қалай есептейміз?

Негіздері бірдей дәрежелерге қандай амалдар қолдануға болады?

Негіздері бірдей дәрежелерді қалай көбейтеміз ?,

Негіздері бірдей дәрежелерді қалай бөлеміз?

Дәрежені дәрежеге қалай шығарамыз?

Көбейтіндінің дәрежесін қалай табамыз?

Бөліндінің дәрежесін қалай табамыз?

Санның о дәрежесі неге тең?

Санның бірінші дәрежесі неге тең?

Санның теріс дәрежесі?

III.Жаңа тақырып:

Анықтама: а –санының n-ші дәрежелі түбірі деп n-ші дәрежесі а санына

тең болатын в санын айтамыз

Мұндағы а саны n-ші дәрежелі түбірі таңбасының ішіндегі сан, n –түбірдің

көрсеткіші және , в саны а санының n-ші дәрежелі түбірі

Мысалы: 64 санының үшінші дәрежелі түбірі 4 –ке тең.



n-ші дәрежелі түбір анықтамасындағы түбір көрсеткішінің жұп және тақ

болатын жағдайларын жеке қарастырамыз.

N жұп сан болса, онда, тек қана оң сан, себебі кез-келген санның

жұп дәрежесі оң сан немесе 0. Демек, жұп дәрежелі түбір таңбасының

ішіндегі а саны теріс сан болуы мүмкін емес.

Егер түбір көрсеткіші n тақ сан болса, онда кез-келген саннан n-ші дәрежелі

Түбірді есептеуге болады.Бұл жағдайда  теңдігіндегі а және в

сандарының таңбалары бірдей, яғни оң саннан оң, теріс саннан теріс түбір

шығады. 



Мысалы: 

Анықтама: Теріс емес а санының n-ші дәрежелі арифметикалық түбірі деп



n-ші дәрежесі а санына тең болатын теріс емес в санын айтады.

және  болғанда, а және в теріс емес нақты сандары үшін n-ші

және k-ші дәрежелі түбірлердің мына қасиеттері орындалады:



Берілген n-ші дәрежелі түбірдің қасиеттерін дәрежелеу және түбір табу

амалдарының анықтамаларын пайдаланып дәлелдеуге болады.

Мысалы:

Берілген өрнектерді түрлендіріңіздер:


2) Түбір таңбасының алдына шығарыңыздар:



3) Түбір таңбасының ішіне енгізіңіздер:



4) Бөлшектің бөлімінде түбір таңбасы болмайтын етіп түрлендіріңіздер:



IV. №72-№75 (оқушылар ауызша талдаңыздар)

№76-№86 (есептердің тақ номерлерін оқушылар кезек-кезек тақтада

орындаңыздар.

Топпен жұмыс:

I топ:


1.Есептеңіздер:

2.Өрнекті ықшамдаңыздар:



3. Түбір таңбасының алдына шығарыңыздар:



4 Түбір таңбасының ішіне енгізіңіздер:



II топ:

1.Есептеңіздер:

2.Өрнекті ықшамдаңыздар:



3. Түбір таңбасының алдына шығарыңыздар:



4 Түбір таңбасының ішіне енгізіңіздер:



III деңгейлік тапсырма:

n- натурал сан, көбейткішті түбір таңбасының алдына шығарыңыздар:

V.Үйге тапсырма: №76-№82 (жұп номерлері)



VI. Сабақты бағалау, қорытындылау

Бағалау парағы

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет