Сабақтың тақырыбы: Наурыз тойы. 114-115 жаттығу сабақтың мақсаты



Дата18.02.2017
өлшемі303,68 Kb.
#10243
түріСабақ


О.Қ.О.Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылы

«Ынтымақ» негізгі орта мектебі



Бастауыш сынып мұғалімі

Керимова Ақшолпан Қарсыбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Наурыз тойы. 114-115 жаттығу.

сабақтың мақсаты:

білімділігі: Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы білімдерін нығайта түсу,

наурыз мерекесіне тән қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру. Ауызша сөйлеуде сауатты, әрі көркем жазуға үйрету.



дамытушылығы: Оқушының ой-өрісін дамыту, сөздік қорын кеңейту, білім дағдыларын қалыптастыру.

тәрбиелілігі: Қазақ халқының салт -дәстүрлерін әдет-ғұрып, жөн-жоралғыларын

оқушылардың бойына сіңіру.



көрнекілігі: интерактивті тақта, кесте, кеспе суреттер ,тест тапсырмалары.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап.

пән аралық байланыс: дүниетану, өзін-өзі тану, бейнелеу.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

- Балалар сыртқа қарайық. Күннің көзі бұлт басып, күн шуағын шаша алмай тұр. Енді менің


қолымда көңілсіз күн бар, күннің бетін бұлт басып жарқырай алмай тұр екен. Күнге
көмектесіп жібересіңдер ме?

Оқушылар әр бұлтты алып артындағы сөздерді оқиды. Бұлттағы сөздер.

* мейірімді болайық

* кешірімді болайық

* дос болайық

* үлкендерді сыйлайық

* ізетті болайық

* сыпайы болайық

* тату болайық

* сауатты болайық



* әдепті болайық

- Балалар енді күн бетінен бұлтты алып күннен жылу алайық.



Армысың, шапағатты күніміз.

Армысың, мейірімді жеріміз.

Армысың табиғат әжеміз,

Келді сізге өзіңіздің балаңыз.

Сабақ барысы:

Біз сабақта не туралы айтамыз?

Біз бүгін адам бойында кездесетін жақсы қасиеттердің бірі ізеттілік жайында айтамыз.

Сабағымыздың тақырыбы: «Ізеттілік елінде», «Наурыз тойы» деп аталады.

Біздің ұранымыз :

Біз ізетті баламыз, Айтқан тілді аламыз.

-Балалар кез-келген жағдайда айтылатын ізетке толы сөздерді есте сақтау үшін біз

өзімізді саяхатқа шықтық деп есептейік.

Сендер саяхатқа шыққанды ұнатасыңдар ма?

Ендеше біз сендермен бірге ұшақпен «Ізеттілік еліне» саяхатқа шығамыз.



Бұл елдің бұлай аталуы себебі: онда тұратын адамдар бір-біріне ізетті сөздерді көп айтады екен. Қараңдар қолдарыңда ізеттілік елінің картасы. Оқыңдар ол елде қандай қалалар бар екен?



1/ Үй жұмысы қаласы

2/ Ізеттілік ережесі қаласы

3/ Демалыс қаласы

4/ Көрініс қаласы

5/ Орнын тап! қаласы

6/ Ашық хат қаласы




- Балалар бұл қалалардың әрқайсысында бізге қызықты тапсырмалар мен сабақтар күтіп түр. Егер біз осы тапсырмалардың бәрін дүрыс орындасақ ,онда сендердің де ізетті болып өсіп келе жатқандарың. 1/ Үй жұмысы қаласы. «Наурыз көже» өлеңін мәнерлеп оқыту.

1/ Наурыз көжені қай кезде пісіреді?

2/ Қас-қабақ қандай болу керек?

3/ Бұл күні адамдар бір-біріне қандай болуы керек?

4/ Бүгін төрде кімдер отырады?

5/ Наурыз көже неше түрлі тағамнан пісіріледі?

6/ Нанды қалай қадірлейміз?



Келесі қаламыз қалай аталады? Ізеттілік ережесі қаласы , - Балалар біз қандай ізеттілік ережелерін білеміз?

Амандасу, қоштасу, алғыс айту, кешірім сүрау, қүттықтау, тіл алу, жақсы сөз айту, көмектесу, «сіз» деп сөйлеу, үлкенді сыйлау.

Балалар біз енді ізеттілік ережесінің мағынасын ашу үшін сөз сөздерді қай кезде айтылатынын табу.




Демалыс қаласы.
Сергіту сәті.


«Күн мен түн»

Балалар ұйықтап жатыр. Түнде біреу келіп терезе қақты. Тук-тук-тук-тук. Балалар оянып кетті. Түнде келген адам неше рет терезе қақты?




Көрініс қаласы. Жаңа сабақ.

- Бүгінгі жаңа сабақ тақырыбы, «Наурыз тойы» деп аталады. Ол жылына бір рет наурыз күні айтылады. Наурыз - жаңа күн, жыл басы, жылдың бірінші күні. Қазақ халқы наурыз күнінде «Ұлыстың үлы күні» деп жақсылық тілейді. Ескі жылдағы өкпе ренішті үмытып, Ұлыс оң болсын, бәле-жала жерге енсін, ақ болсын, ел тоқ болсын деседі.

Наурыз тойының мақсаты -халыққа тоқышылық тілеу. Сол үшін қазан-қазан наурыз көже жасайды. Наурыз көжені 7 түрлі тағамнан жасайды. «Наурыз тойы» өлеңін мәнерлеп оқып беремін.

Сахналау.

Ән. Наурыз. Мерей

Орнын тап қаласы.

Оқулықтағы 114-жаттығуды орындау.

Ұста қашаумен / не істеді?/ қашады Сылақшы қалақпен /не істеді?/ сылады. Кранмен жүкті/ не істеді?/ көтерді.



Сергіту сәті.

«Ашық хат» қаласы

- Балалар «Наурыз » мерекесіне арнап құттықтау ашық хатын жаздыру.



Тапсырма: Жоспар бойынша аналарымызға арнап құттықтау ашық хатын жазу.
Жоспар.

Арнау


Құттықтау Тілегін білдіру Аты- жөні Жазған күні,айы
-Балалар жоспар бізге не үшін керек?

-Бізге ойлануға көмектеседі.



Ашық хат жазу.

Үлгі: Анашым!

Сізді наурыз мейрамымен құттықтаймын! Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір тілеймін. Сіздің ізетті балаңыз Сүндет. 22- наурыз.

Қорыту:

1. Балалар біз сабақтан не үйрендік?

Балалар сендер ізетті сөздерді көп біледі екенсіңдер.

Міне біз ізеттілік елінің барлық тапсырмаларын орындадық. Бұл яғни сендердің ізетті

балалар болып өсіп келе жатқандарыңның белгісі.

Осылай ізетті сөздерді, көшеде де, үйде де айтып жүрсеңдер, онда адамдарға қуаныш, жақсы



көңіл -күй сыйлайсыңдар.

1. Наурыз қандай мереке?

  1. Наурызда не пісіреді?

  2. Наурызда қандай игі істер атқарады?

Бағалау.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет