Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және таңбаланған тізімдер. Бағандар. Ашық сабақ



Дата30.05.2017
өлшемі76 Kb.
#17201
түріСабақ

Маңғыстау облысы

Атамекен селосы

“№7 жалпы орта білім беретін мектеп” КММ



Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және таңбаланған тізімдер. Бағандар.

Ашық сабақ




Информатика пәні мұғалімі: Сарсенова К.Б.

Сыныбы: 6 «г»

Күні: 20.01.2017ж.

Сабақ жоспары «БЕКІТЕМІН»

______________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___»__________2017ж.

Пәні: Информатика

Сыныбы: 6«г»- 20.01.2017ж.

Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және таңбаланған тізімдер. Бағандар.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәтіндік процессормен жұмыс жасап үйрету. 

Күтілетін нәтиже: Оқушылар мәтіндік процессормен жұмыс жасап,нөмірленген және таңбаланған тізімдер құрады.

Оқыту технологиясы: Ақпараттық технология (АКТ), СТО

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Білім мен білікті тексеру сабағы

Сабақтың әдіс – тәсілі: Топтық жұмыс, жеке жұмыс, сұрақ – жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, слайд.

Техникалық құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта, слайд.

Сабақтың жоспары

Уақыты

Сабақты ұйымдастыру формасы

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

2 мин

Ұйымдастыру бөлімі

Сыныптағы оқушыларды тексеру

Мұғаліммен амандасу

2 мин

Топтасу

Топқа бөлу

1-топ «Монитор» тобы

2-топ «Пернетақта» тобы

3-топ «Тышқан» тобы

Оқушылар үш топқа болініп орналасады

3 мин

Үй тапсырмасы

Оқушыларға өтілген сабақтар бойынша сұрақ- жауап алқылы сұрау.

  1. Информатика нені зерттейтін ғылым?

Информатика – ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылым.

  1. Компьютердің атасы кім?

  2. ЭЕМ - нің неше буыны бар? Біз қай буынға жатамыз?

  3. Мәтіндік процессор дегеніміз не?

  4. Мәтіндік процессорды қалай іске қосамыз?

  5. Мәтіндік процессорда немен жұмыс жасауға болады?

Оқушылар сұрақ – жауап арқылы өз білімдерін тексеру

10 мин

Мағынаны тану

Мәтіндік процессор – бұл қарапайым және кешенді мәтіндік құжаттарды енгізуге, түзетуге, пішімдеуге, сонымен бірге экранға және қағазға басып шығаруға мүмкіндік беретін программалар түрі.

Мәтіндік процессордың ең танымал мысалы ретінде MICROSOFT WORD- ты таңдауға болады.

Нөмірленген тізім
Microsoft Word тізім жасуашылардың барлығын қолдайды және тізімдерді тез және оңай жасауға мүмкіндік береді.Тізім – бұл нөмірленген абзацтар қатары.Сонымен қатар көпсатылы тізімдер де құруға болады.
Нөмірленген тізімді құру үшін менюдегі негізгі бөлімнің Абзац тобындағы нөмірленген батырмасын басу керек.Тізімді ашу және нөмірлеудің берілген жеті түрінің бірін таңдау керек.Нөмірлеудегі «Нөмірдің жаңа пішімін анықтау» терезесінде өзгертуге болады оны нөмірлеудің жаңа пішімін анықтау.. бөлігі арқылы шақырамыз.Мысалы оны мына мәтінге орындап көрсетейін. Дәл осылай көпсатылы тізімдерді де құруға болады.
Маркерленген тізім
Азат жолында белгілі таңбалар тұратын абзацтар маркерленген тізім деп аталады. Маркерленген тізім құру үшін менюдегі негізі бөлімнің Абзац тобындағы, макер батырмасын басып, берілген маркердің бірін таңдау керек. Маркерді жаңа маркерді анықтау терезесінде өзгертуге болады. Оны мәтінге қолданғанда былай орындаймыз.
Бағандар
Бағандар- мәтінді бірнеше бағандар түрінде ерекше орналастыру, бір бағанды аяқтайтын мәтін, келесі бағаннан бастап жалғастырылады
Көпбағанды өңдеу- мәтінді бірнеше бағандарға орналастыру дегенді білдіреді.
Мәтінді бірден бағаналарға бөліп жазуға да және алдын ала терілген мәтінді бағандарға бөлуге де болады.





5 мин

Білгенге маржан

Күнделікті өмірден список- тізім мысал келтіру.

  1. Сабаққа дайындалу үшін қажетті құралдар тізімі

  2. Компьютердің құрылғыларының тізімі

3. Адам өзін таза ұстауға арналған қажетті құралдар тізімі


Әр топ бірлесіп, қажетті құралдар тізімін құрады

14 мин

Практикалық жұмыс

1. Жазған тізімдерін компьютерде нөмірленген және таңбаланған түрінде көрсету.

2. Мәтіндік процессорда бағанға бөлу арқылы құттықтау қағазын жасау. (Рамка қою, сурет кірістіру, мәтін жазу)




2 мин

Сергіту сәті

Көңілді күн

Орындарынан турып видео роликтегі іс-қимылды қайталау

3 мин

Сабақты бағалау

Оқушыларды сұрақ – жауап бойынша, шығармашылық жұмыс бойынша көрсеткен натижелеріне байланысты бағалау.




3 мин

«Бестік» Кері байланыс парағы

ҚАҒАЗДЫҢ БЕТІНЕ ӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДЫҢ САУСАҚТАРЫН АЙНАЛДЫРА СЫЗЫҢЫЗДАР. 
Әр саусақтың –ішіне өз ойларыңызды айтасыздар. 
Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызық 
Сұқ саусақ – маған қиын болды 
Ортаншы саусақ – маған жеткілікті болмады 
Төртінші саусақ – менің көңіл күйім 
Бесінші саусақ – менің ұсынысым Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу

Әр саусақтың ішіне оз ойларын жазады.

1 мин

Уйге тапсырма:

Тапсырманы түсіндіру

Үйге:


«Монитор» тобы

«Пернетақта»тобы

«Тышқан» тобы
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет