Сабақтың тақырыбы: Нұрпейіс Байғанин «Амангелді батырым»



Дата06.01.2020
өлшемі14,99 Kb.
#55488
түріСабақ
Байланысты:
Ашық сабақ .Амангелді батырым 3 сынып
Ашық сабақ .Амангелді батырым 3 сынып
Сабақтың тақырыбы:

Нұрпейіс Байғанин «Амангелді батырым»



Сабақтың мақсаты:

Ежелгі қазақ жеріндегі өткен шапқыншылықтар жайында Қабанбай,Бөгенбай,Кенесары,Наурызбай батырлардың ерліктерін баяндап,халқымыздың тарихынан тағылым бере отырып,баланың бойындағы патриоттық сезімін оятуға баулу.

Міндеттері: Білімділік:Оқушыларға Амангелді Иманов батыр жайлы айта келіп,түсініп оқуға ,ойын жеткізе білуге үйрету;

Дамытушылық:Сөйлемді дұрыс оқуға ,ойлау,ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру,мәнерлеп оқуларын дамыту.

Тәрбиелік:Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту,ерлікке,елін,жерін сүюге,Отанын қорғауға тәрбиелеу.Ұлт намысын қорғаған ерлерді құрметтеуге үйрету.

Сабақтың әдіс-тәсілі:аралас сабақ,сұрақ-жауап,талдау,іздену,суреттер,слайд жұмыстары,ойын.

Сабақтың көрнекілігі:Амангелді Иманов суреті,тапсырмалар,слайд,АКТ.

Психологиялық ахуал.



І.Ұйымдастыру кезеңі

Саламатсыздар ма,балалар!Барлығымыз ортаға шығайықшы. «Шаттық шеңбері»,балалар бір-біріне жақсы тілектер айтады.



Қызығушылығын ояту.Оқушыларды топқа бөлу.

1-топ. «Ақындар»

2-топ. «Бейнелеушілер»

3-топ. «Сөз тапқыштар»

4-топ. «Ізденушілер»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1.Жақияның алғашқы соғысы.

2.Махамбеттің ақылы

3.Батырдың ерлігі

4.Қосымша тапсырмалар

ІІІ.Үй тапсырмасын пысықтау:Не үшін қазақ халқы күреске шықты?Жақияның ержүректілігі туралы не айтар едің?

Махамбеттің ерлігі жайлы айтылған жолдардыы тауып оқы.Жәңгір хан туралы не білесің?Махамбет Жақияны қайтару үшін не деді?



І V.Қызығушылықты ояту.

Сөзжұмбақ шешу.

Қаракерей........

Исатайдың ерлігі.

Жақияның әкесі.

Исатайдың тұлпары.

Қанжығалы.....

Ағыбай Батыр заманындағы хан.

Қабанбай,Бөгенбай батырлар заманындағы хан.

Қорғансыз,есеңгіреген халықтың күйі.

Исатай мен Махамбет батырлар заманындағы хан.

Мағынаны тану.

Жаңа сабақ.

-Балалар ,біз бүгін Нұрпейіс Байғаниннің «Амангелді» өлеңімен танысамыз.Осы әңгімені жазған автормен танысайық.



Автор туралы.

Өлеңнің авторы Н.Байғанин туралы слайд көрсету арқылы мәлімет беріледі.Байғанин Нұрпейіс (1860-1945)-халық ақыны,жырау,Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.Ақтөбе облысының Темір ауданында (қазіргі Байғанин ауданы) туған.Нұрпейістің анасы Үміт тамаша әнші,домбырашы және ақын болған.Ол суырып салма ақындар айтыстарында көзге түскен.Ән айтуды анасынан үйренеді,жастайынан домбыра тартуға,жанынан суырып салып,өлең шығаруға талпынған.Көп кешікпей-ақ ол «бала жыршы» деген атқа ие болады.Нұрпейіс өз кезіндегі белгілі ақындардың жарларын тыңдайды,олардың шығармаларын жаттап алады.Жас кезінде-ақ оның репертуарына Батыс Қазақстанның ақындары Абыл Тілеуұлының ,Алаша Байтоқтың,Шернияз Жарылғасұлының,Нұрым Шыршығұлұлының өлеңдері мен жырлары енген.



V.Оқулықпен жұмыс.Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

Оқушыларға шумаққа бөліп оқыту.



VІ.Дәптермен жұмыс.

Сөз тіркестері:езілген-шұбырынды халық, қалың –көп,кегін-кек сақтау-жасалған жамандықты ұмытпау,жасындай-кіші,балдақ-қылыштың сабы мен болаты түйіскен жерінде қолды тіреп тұруға арналған бөлігі,пасық-абыройсыз,арсыз,адамшылықтан безген,обыр-көзі тоймайтын,ашқарақ,жебір,қомағай,жанышқан-қадаған,түйреген.



Сергіту сәті.

Қастеев Әбілхан (1904-1973)- қазақтың әйгілі кескіндемешісі,график-суретші,қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі.Топырақ бұйырған жері-Алматыы қаласы.Қазақстанның халық суретшісі (1944).Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956)Халық өмірінің алуан көріністерін шынай бейнелеген мыңнан астам көркем туындаларды дүниеге келтірген.Оның 1930-1931 жылдары салған «Қарындастыың портреті», «Автопортрет»атты туындылары түпнұсқа ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді.Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысына ден қойып,тарихи-әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды.

Әбілхан Қастеевтің «Амангелді»атты суретін көрсету.

-Балалар бұл суретте кімдер бейнеленген және сурет туралы не айтар едіңдер сол туралы өз ойларымызды постер арқылы топта талқылау.



Топтық жұмыс. «Постер қорғау»

1-топ. Батырлық эссе жазу.

2-топ. Суретші туралы не білеміз?

3-топ.Батырлық ерлік туралы мақал-мәтелдер

4-топ.Амангелді Иманов кім?

Оқушылар жұмыстарын қорғап болған соң,берілген тапсырмалар туралы қосымша мәліметтер беру.



Сабақты қорыту.

VІІІ.Үйге тапсырма. «Амангелді батырым» өлеңін жаттау.

Бағалау.Оқушыларды смайлик арқылы бағалау.

Рефлексия:

-Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?



-Сабақты қаншалықты түсіндік?Оны тақтада берілген смайликтің қасына өздеріміздің дөңгелекшелерімізді жапсырамыз.

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет