Сабақтың тақырыбы: Қобдишалар жасау. Сабақтың мақсаты: Сарамандық негізде қобдишалар жасау



Дата01.11.2019
өлшемі16,22 Kb.
#50963
түріСабақ
Байланысты:
Қобдишалар жасау.

Тексерілді: Оқу ісінің меңгерушісі: Күні: 21.02.2018ж

________ Жауымбаева.О.І. Сыныбы: 11.

«21» 02.2018ж.

Сабақтың тақырыбы: Қобдишалар жасау.

Сабақтың мақсаты: Сарамандық негізде қобдишалар жасау.

А)Білімділік: Ою-өрнектер туралы түсінік беру, ағашқа ою- өрнекті ою тәсілдерін үйрету.

Ә)Дамытушылық: Ою жұмыстарын орындауға ой- өрісін дамыта отырып, шығармашылық қасиеттерін дамыту.

Б)Тәрбиелік: Оқушыларға теориялық білім бере отырып, өнерге деген құштарлығын, шығармашылық қабілетін, көркемдік шеберлігін, дүниетанымын дамыту, ұқыптылыққа,, іскерлікке, үнемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру, машықтық.

Сабақтың көрнекілігі: ағаштан жасалған бұйымдар, технологиялық карта, оқулық.


Сабақтың барысы:

І . Ұйымдастыру бөлімі.


  1. Амандасу.

  2. Оқушыларды түгендеу. Құрал жабдықтарын тексеру.

  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

§ 22.


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Қобдишаны қатырма қағаздан жасайды. Пайдалануға қажетсіз ашықхаттардан да жасауға болады.Қобдишаның дайын үлгісіне қарай отырып оқушылар олардың дөңгелектерден құрастырылғанын анықтайды.Оқушылардан осы дөңгелектерді қалай біріктіруге болатыны сұралады.Оқушылар өз нұсқауларын айтады.

Қатырма қағаз – қағазға қарағанда қалың және тығыз материал. Одан әдемі бұйымдар жасай аламыз: маска, сәндік қорапшалар, инеқап (ине, түйреуіш салатын), қалып үлгілер, т.б. Қатырма қағаздан ойыншық, ұсақ әшекей бұйымдардан басқа жіп, қайшы, түйме сақтайтын қобдишалар жасалады. Қақпақты қораптың өлшеміне қарай жасаймыз. Жібі бар шарықтар сақтайтын әсем де ыңғайлы қобдишаны кәмпит, торт, печенье қорапшаларынан дайындаған жөн. Қобдишаны қақпақты және қақпақсыз етіп жасауға болады. Жіптің ұшы шатасып кетпес үшін шарықтың шетінен 10 мм шамасында кертіктер жасаңдар. Жібі бар шарықтарды сақтайтын сәндік қобдиша жасап, сыйға тартуларыңа болады.

IV.Сарамандық жұмыс.

Жұмыстың орындалу реті:

1.Қатырғықағаздың бетіне R= 4 см тең шеңберлер сызып дайындайды. Қатырғықағазды үнемі пайдалан.

2. Шеңбердің дәл ортасына сызғышты қой. Ортаңғы нүкте арқылы шеңбер сызығы бойынан астыңғы және үстіңгі нүктені белгіле.

3. Астыңғы нүктеге циркульдің инесін қадай отырып, шеңбердің оң және сол жағынан нүкте белгілеп ал.Циркульдің радиус өлшемін өзгертіп алма.

4.Белгіленген нүктелерді бір біріне түзу сызықпен қос, сонда үшбұрыш пайда болады.Қалған оң шеңберді де осылай сызып дайында.

5. Дайын болған шеңберді сызық бойымен қиып ал.

6.Шеңбер ішінде сызылған үшбұрышты сақтай отырып, шеңбердің жан жағын ішке қарай бүкте.



7.Шеңбердің бүктелген жандарын бір біріне желімдеп, қағаз қыстырғышпен бекіт.Қобдишаның жарты бөлігі дайын болды. Екінші бөлігін де дәл осылай дайында. Желім кепкеннен кейін, қағаз қыстырғышты алып таста.

V.Қорытынды.


  1. Қобдишаны қандай материалдан жасауға болады?

  2. Қобдиша бетіне ою өрнектің қандай түрін салуға болады?

  3. Ою өрнек қандай құралдың көмегімен салынады?


VI.Бағалау.
Оқушылардың жұмыстарын қадағалай отырып бағалау.

VII. Үйге тапсырма.
§ 23.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет