Сабақтың тақырыбы: Объектілерді іздеу., көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері Сабақтың мақсаты



Дата25.08.2017
өлшемі55,14 Kb.
#26072
түріСабақ
Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі ____________

Күні__________________

Сыныбы____________

Пәні__________
Сабақтың тақырыбы: Объектілерді іздеу., көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: : оқушыларға бумалармен белгішелерде құру, нысандарды өшіру, өшірілген файлдар мен бумаларды қайта қалпына келтіру тәсілдерін үйрету

Дамытушылық: өз бетіншекомпьютерде практикалық жұмыстарды орындау дағдысын дамыту, логикалық ойлау қабілетін арттыру, компьютерді қолдана білу іскерлігін дамыту

Тәрбиелік: оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту, еңбекке тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Практикалық жұмыс

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, зерттаушілік, практикалық

Пәнаралық байланыс: геометрия, сызу

Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, интерактивті тақта, жұмыс дәптері

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу

  • Оқушыларды түгендеу

  • Олардың құрал-жабдықтарын және сабаққа дайындықтарын тексеру

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, өту ерекшеліктерін хабарлап, сабааққа кірісу

2.Үй тапсырмасын сұрау

  1. Файл дегенміз не? Байттардың әлдебір атауы бар тізбегі.

  2. Бума не үшін керек? Бума ақпаратты және файлдар мен бумаларды реттеу үшін құрылады

  3. Жарлық дегеніз не? Жарлық нысанға қол жетімділкті жеңілдететін, нысанның сілтеме көрсеткші.

  4. Жарлықты файлдан немесе бумадан қалай ажыратуға болады?

  5. Жарлық жойылса не болады?

  6. Файлдың атауындағы шектеуліктерді атаңдар.

3.Жаңа сабақты түсіндіру

Объектілерді іздеу

Егер компьютерде файлдармен немесе бумамен  жұмыс істегенде сіз олардың атын және қайда тұрғанын білген болсаңыз, онда оларды бумалар немесе Сілтеуіш көмегімен іздеу өте тиімді. Ал, егер де сіз ізделінетін объектінің орнын  немесе атын білмей, ұмытып  қалған жағдайда сізге бумалар терезесі көмектесе алмайды. Мұндай жағдайда Windows жүйесінің Іздеу немесе Табу командасы көмекке келеді.

Бұл команда компьютеріңіздің кез келген жеріндегі құжат файлдарын, программаларды, бумаларды, тіпті желідегі тұтастай бір компьютерді жылдам іздеуге көмектеседі. Объектіні оның аты, құрылған күні, өлшемі, құрылымы немесе осы параметрлердің жеке комбинациялары бойынша іздеуге болады.

Команданы шағыру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

Жіберу - Бас мәзір - Табу   - Файлдар және бумалар.

Экранда Табу командасының  үнсіз келісім бойынша белсенділенген Аты және Орналасқан орны қосымшасы пайда болады, онда не іздеу керектігі енгізіледі. Мысалы, Аты өрісінде бума немесе файл атын көрсетуге болады, ал егер де сіз файл атын білмесеңіз Мәтін іздеу өрісінде мәтінде кездесетін жеке сөзді енгізуге болады.

Объекті табылған уақытта, терезенің төменгі жағынан ізделінген объектіні табу жолы көрсетілген қосымша өріс пайда болады.

құрамында нақты мәтіні бар файлды табу үшін, Мәтін іздеу  өрісінде ізделінетін сөзді енгізу қажет, мысалы, Информатика. Іздеу нәтижесінде құрамында Информатика сөзі кездесетін барлық файлдар мен бумалар аты тұратын қосымша өріс пайда болады.

   Соңғы өзгертілген уақыты бойынша файлды (немесе барлық файлды) іздеу үшін Дата қосымшасын белсенділеңіз және диалогтық терезеде керекті параметрлерді орнатыңыз: өзгертілгендерді немесе құрылғандарды іздеп табуға болады, немесе соңғы уақытта (сіз арқылы көрсетілген), бірнеше айлар немесе күн бұрын ашылған файлдар, сонымен бірге  күндер арасындағы интервалды да көрсетуге болады. Содан кейін Табу батырмасын шертіңіз.

      Файлды оның типі немесе өлшемі бойынша  табу үшін, қосымша  қосымшасында қажетті өлшемді және файл типін беріңіз. Табу батырмасын шертіңіз.

    Табу  командасының көмегімен файлдар мен бумалардан бас?а сізге желімен жалғанған кез келген компьютерді де табуға болады. Ол үшін  келесі әрекеттер тізбегін орындаңыз:

Жіберу - Бас мәзір - Табу  - Компьютерлер.

    Диалогтық терезеде Аты өрісінде  компьютер атын енгізіңіз немесе айналдыру батырмасының көмегімен компьютерлер тізімін ашыңыз және тізімнен компьютер атын таңдаңыз. Табу батырмасын шертіңіз.



Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою.

Кез келген нысындарды және объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру, жою. Ал нысандарды көшіру арқылы жаңа жерде олардың көшірмесін аласындар, мысалы орнын ауыстыру сол сәтте курсор ақ бағыттауыш тілсызыққа айналады. Егер нысындар мен мәліметтерді жою керек болса, оларды ерекшелеп алып, Del пернесін басса болғаны

4.Практикалық жұмыс

1-практикалық жұмыс



1.Жұмыс үстелінде Оқыту пәндері атты бума құрыңдар.

2.Оқыту пәндері бумасының ішінде Информатика,

Математика, Қазақ тілі бумаларын құрыңдар.

3. Оқыту пәндері бумасын Мои документы терезесіне

Көшіріп апарыңдар.

4.Оқыту пәндері бумасындағы Информаттика бумасын

өшіріңдер.

2-практикалық жұмыс



1.Менің құжаттарым бумасында Оқушылар бумасын құрыңдар.

2.Оқушылар бумасында 1-мысал және 2-мысал

бумаларын құрыңдар

3.1-мысал және 2-мысал бумалары көшірмесін жасаңдар.

4.1-мысал және 2-мысал бумаларының көшірмелерінің

Атауларын 3-мысал және 4-мысал деп өзгертіңдер.
5.Бекіту.

Тапсырма. Сәйкестендіру
Файл кеңейтілімі қай сипаттамаға сәйкес келетінін көрсету


Файл кеңейтілімі

Сипаттамасы

.bmp

Музыкалық файл

.doc

Paint графикалық қолданбасының суреті

.txt

Бейнеклип

.mp3

Word және Word Pad мәтіндік редакторларының құжаттары

.avi

Блокнот қолданбасының құжаты

.xls

Power Point қолданбасының презентациясы

.ppt

Excel кестелік процессорының құжаты

.html

Интернет бетінің құжаты

6.Оқушыларды бағалау



7.Үйге тапсырма

Шетпе лицейі мемлекеттік мекемесі



Тақырыбы:

Объектілерді іздеу., көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері

Пәні: информатика

Сыныбы: 5 ә

Пән мұғалімі: Уразова Шаттық
2015-2016 оқу жылы
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет