Сабақтың тақырыбы :«Қобланды батыр»



Дата31.12.2019
өлшемі26,44 Kb.
#54812
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы:«Қобланды батыр» жыры

Сабақтың білімдік мақсаты:Жырды түсініп оқып,талдауға,композициясы мен сюжетін табуға кейіпкерлеріне мінездіме беруге үйрету.

Сабақтың дамушылық мақсаты:Оқушылардың сөйлеу тілін дамыта отырып,өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, өз ұлтын, елін Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнектілігі:Слайд арқылы «Қамбар батыр»суреті , жырдан үзінділер т.б.түрлі көріністер, жырына арналған кітап көрмесі



Сабақтың өту әдісі:Сын тұрғысынан ойлап ,талдау жасау және өз пікірін қорғау ,сұрақ – жауап әдісі.

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі:

а.оқушылармен сәлемдесіп,сабаққа қатынасын бақылау;

ә.сабаққа дайындығын тексеру.

I.Кіріспе бөлім

1.Қызығушылықты ояту сатысы:

Қазақтың жері байтақ, халқы аз –ақ,

Тарыдай шашыраған көріп азап,

Қорғаумен шетсіз, шексіз кең даласын,

Сен ғасыр алысыпты неткен ғажап!

Міне, балалар ,байқадыңыздар ма?Қазақтың көрегендігі, кең пейілдігі оның өткен тарихынан да аңғарылып тұрған жоқ па? Өйткені, батырлар туралы, бізге ұрпақтар сабақтастығымен жалғасын тапқан емес пе? Сондықтанда біз ертегімен есейіп, аңызбен ауызданған халық ұрпағымыз деп мақтаныш сезімен айта аламыз.

Ендеше біз қазір, өздеріңмен оқыған жырларыңыз туралы ортақ пікірлесіміз.Оқушыларды тақтаға шығарып, үш топқа бөлемін.

I.Ізденімпаздар тобы

II.Сұрақ қоюшылар тобы

III.Зерттеушілер тобы

-Сендер қай батыр туралы оқып білдіңдер?

-Ол қандай батыр?

-Қамбар батыр.

Олай болса батыр қандай болады? Ол кім? Сол жөнінде идеямызды топтастырайық.


Батыр


Өжет Қайсар Батыл Ер жүрек

Әр топтан оқушы лидер болып өз пікірлерін қорғайды.

I топ. Оқушылары жыр үлгісіндегі сюжеттік оқиғалардың өрбитін тұстарын жазып оқиды.

-Бұл Әзімбай байдың мол байлығы мен қызы Назымның өзіне тең жар болар адамды таңдаудан басталатындығы.

-Қане, жырдан оқып қарайық!

Жердің жүзін шаңдатты,

Жиылған қоршап адамы.

Қасқа мен жайсаң бектердің,

Таусылды ақыл ,амалы.

Жыр оқиғасын қоюлататын тұстар ,яғни сюжет , оқиғаның өрбуі осы тұста басталады

Осыншаның біреуін ,

Тал бойына көрмейді еп.

Қапаланып Назым тұр,

Қабағын түйіп ,қайғы жеп,

Біреу айтып білдірді;

“Мерекеге келмеген,

Қасқа мен жайсаң,бектердің»-біріне де Назымның көңіл аудармауы тұстарынан сюжеттік оқиғаның алғашқы байланыстары көрінеді.Ары қарай Қамбардың қарапайым кіші еместігі, жалғыздығы мен кедейлігі ,ерен ерлігі мен адамгершілігі байқалады.

ІІІ топ.Зерттеушілер тобы. Жыр жолдарына үңіліп әдебиет тероясына байланысты теңеу және жыр жолдарындағы ұйқас тармағына талдау жасайды.

Ұшқан құспен,жарысты а

Құйындай шаңы бұрқырап. б ұйқас

Атқан оқтай зырқырап , б

Қылады жақын алысты. а

Сүңгіген суға үйректей. теңеу

- Соңынан “Сұрақ қоюшылар” тобы сұрақтар қояды.

1. Қалай ойлайсыңдар,жырда қандай мәселе сөз болады?

2.Жыр өзегіндегі басты ой не?

3.Негізгі ой жырда қандай бейне арқылы көрінеді?

4.Қамбардың қандай қасиетін ерекше атап айтар едіңдер?

-.Қамбардың аң аулау өз қамы емес,көпшілік қамы.Осыдан ел үшін туған ер

екенін байқаймыз.

5.Жолбарыспен айқасынан қандай қасиетін байқадыңдар?

(Ер батырлығы,ер жүректілігі)

6.Назым аралығымен кездескен сәттерде ше?

(- Адамгершілік қасиетін байқаймыз.)

Ізденушілер тобы жырдан тарихи историзм сөздерді табады.

(Зерттеушілер тобы талдайды )

Мысалы:Нығара-дабыл соғатын құрал.

Болат найза-батыр құралы

Күрзі-шоқпар

Бұл сөздер историзмдер.

(Мысалы:қазір нығара-дабыл деп айтылып жүр.Бірақ жыр өзегінде

солай жазылады.)

-Енді міне, балалар, біз бәрімізде жырды талдадық. Енді әр топ өзі-

нің тиісті тапсырмасын алсын.

І топ:”Батырлар жыры-өнерімізде” деген тақырыпта сурет салыңдар.

ІІ топ: Қамбар мен Қараманды салыстыру . Ортақ қасиетін табу

Қ Қ
Қарапайым ер жүрек

батыл адамгершілігі

мол

«Ер даңғой мақтаншақ

намысын қорқақ, жігерсіз,

ел дөрекі

көтерер»




а а

м р

б а

а м

р а

н

(Венн диаграммасы шығады)

Тақтадан слайд арқылы, өзім түсіндіремін. Жазған бала, қағазын өзі түсіндіреді.

ІІІ топ : «Туады ерлер ел үшін » не «Ел намысын ел көтерер » тақырыбында шығарма жазу

ІV.Пікірталас, ой қорыту.

Барлық топ «Мен батыр болсам » тақырыбында өз ойын ауызша айтады.



Қорытынды сөз.

Міне, біз,балалар жырды оқи отырып батырдың қандай қасиеті барын байқадық.Өздеріңде салыстырдыңдар!



  • Ал енді балалар, батырлар кімдер?- сұрағына жауап берейік

Ия,біздің қырағы шекарашыларымыз.Әскер қатарындағы ағаларымыз.Ел президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан халықтарының әлеуметтік жағдайын жақсарту жөнінде».«Қазақстан 2030» бағдарламасы жасалды.

-Осында елдің ішкі саяси тұрақтылығын сақтауды басты мәселе етіп қояды.

- Неліктен?

Себебі, еліміз шегарасы қанша дұрыс, мықты болса, ешбір жақ бас сұғып кіре алмайды.Біз елдегі болып жатқан (көрші елдердегі).(Мыс:АҚШ, Ауғаныстан) терроршылдыққа қарсымыз.

Олар тек бір-бірінің күшіне мақтанады.Күш көрсеткісі келеді.Ал біз бейбітшілікті қолдаймыз.

Соңынан Н.Ә.Назарбаев сөзіне жазылған «Елім менің» әнімен аяқтаймын. «Арайлап таңым» т.б

«Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі»ММ

(Оқушы жұмысы)

Дайындаған:

Тексерген:А.Жұмағалиева

2015 жыл

Жұмбақ-әрбір адамның ой қабілетін дамытып, ойын шыңдауға ,білімдікке тәрбиелейді.Ал ертегілер болса, сөйлем құрауға , мәтін жазуда үлкен әсерін тигізеді.Біздің алдымызға қойған мақсатымыз-жұмбақ, ертегілер жазып, қазақ халқының әдебиетін дамыту -сөздік қорын молайту.

Жұмбақтар:

Сырты аппақ,

Доп-дамалақ,

Іші сары, бұл не?

(Жұмыртқа)

Өзі арық


Басы жарық

Жүрген жері көк әріп,бұл не?

(Қалам)

Екі жанды



Бар адам жайғасады

Үстінде ақ тақыр із кеседі, бұл не?

(Шаңғы)

Таңғаларлық бір ит бар,



Күзетеді үйімді,бұл не?

(Құлып)


Аяғы бар жүреді

Бірақ үйге кірмейді, бұл не?

(Машина)

Жатқан қызыл түлкіні,

Суырып әжем әкелді, бұл не?

(Сәбіз)


Таңертең ерте тұрсаң,

Саған нұр шашады, бұл не?

(Күн)

Сырты тастай



Іші ақ

Ортасында сары зат

(Жұмыртқа)

Сырты қызыл

Іші ақ

Ортасында бір таяқ

(Жидек)

Ақылды бала



Бұрында хан болыпты.Ханның жалғыз баласы болады.Ол баласын Темір ханға егеуін әкелуге жібереді.Бала әкесінің айтқанын тыңдап, қасына керек қару-жарағын алып кетеді.Бала бір күн жүреді,бір ай жүреді,еш елді көрмейді.Ол келе жатқанда алдынан жалмауыз кемпір шығады.Ол ханның баласы екенін танып алдап,арбап келеді.Бірақ бала оның алдағанына көнбейді.Бала жанындағы қылышын шығарып, жалмауызды ағашқа байлап қашып кетеді.Қу кемпір жібін шешіп баланы қуып жетіп алады.Бірақ бала жалмауыз кемпірді өлтіреді.Баланың алдынан жеті басты дәу шығады .Бала одан қорқады.Тағы да қылышын шығарып неше рет түрткілеседе дәу өлмейді.Жалмауыз кемпірде тіріліп көмекке келеді.Олар баланы байлап қояды.Аспанда бір қарлығаш ұшып жіреді.

Күн батты.Жалмауыз бен дәу ұйықтап қалады.Қарлығаш баланың жібін үзеді.Бала жеті басты дәу мен кемпірді өлтіреді.

Бала аман-есен Темір ханның еліне келеді.Бала Темір ханға айтады:

-Әкем егеуді сұрап жатыр еді, -дейді.

Темірхан егеуді беріп, баланың қасына уәзірлерін жіберіп, еліне жөнелтеді.

Бала еліне келіп, егеуді әкесіне ұсынады.Сонан соң бала жолда не болғанын айтып береді.Әкесі баласына риза болып, оған егеуін, жүрік атын сыйға тартады.

Бай мен кедей

Бір күні бай елінің жағдайын көруге шығады.Байды көрген кедей ,досына, осы байдай боламын ,-дейді.Досы « сен ондай болу үшін жұмыс істе,ақша тап ,сонда сен бай боласың»,- дейді.Сондықтан кедей ақша табу жолын қарастырады, бірақ еш таба алмайды.

Бір күні шахмат ойнап жатқан байға кездеседі.Ол 99 адамды ұтып,100-ші болып кедей барады.Бірақ кедей үш рет жеңіп шығады.Енді байдың басын дарға асуға кезек келеді.Бай кедейге жалынады. Менің мал мүлкімді, алтындарымды,күмістерімді, ақшамды,қызымды,уәзірлерімді ал,- дейді.Бірақ кедей оған көне қоймайды. Мына адамдарда өмір сүргісі келеді,сен бірақ оларды дарға асып өлтірдің!Мен сені дарға аспай , басыңды балтамен шабамын,- деп басын шауып тастайды.

Кедей байдың орнына бай болмай, елге заттарын бөліп береді.

Досы кедейге қуанып, сен «нағыз адал» адамсың дейді.Халық жиналып, оны хан сайлапты.

«Бәле қуған ,бәлеге жолығады,



Жала қуған жалаға жолығады» -деген сөз бекер айтылмаған.

Жалғасы бар.
Каталог: uploads -> doc -> 0a1e
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a1e -> Жылулық двиготельдері және қоршаған ортаны қорғау 8 сынып, 34 сағат
0a1e -> Сабақтың атауы Еңбек қауіпсіздігін ережесін сақтау. Еңбек мәдениет ережесі Мақсаты
0a1e -> Оқытуда компьютерлік технологияны қолдану


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет