Сабақтың тақырыбы: Оғыз мемлекеті Сабақтың мақсаты



Дата19.02.2017
өлшемі31,36 Kb.
#10935
түріСабақ
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Оғыз мемлекеті

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды 1Х ғасырдың соңы –Х1 ғасырдың басында Қазақстанның оңтүстігі мен Сырдария өзенінің бойында құрылған Оғыз мемлекетінің тарихы,қоғамдық құрылысы,мемлекеттің күшеюіне негіз болған саяси жағдайларына сипаттама бере отырып, шаруашылығы және қолөнерінің дамуымен таныстыру;

Оғыз мемлекетінің өзіне тән ерекшіліктері туралы мәліметтерін өзге түрік мемлекеттерімен салыстыра білу, деректермен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту;

Оқушылардан қазақ жеріндегі өркенниетті мемлекеттер туралы мағлұмат алып, өз елінің тарихына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі: Түрік қағанатының картасы, хронологиялық кесте, «Оғызнама» дастаны, қалалар, қолөнер бұйымдарының суреттері

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1.Қарлұқ қағанаты қай жерде құрылды?

2. Қағанат құрамында қандай тайпалар болды?

3.Қарлұқ қағанаты сыртқы саяси жағдайын күшейтуде кімдермен күрес жүргізді?

4.Қағанат билігі неліктен Қарахан мемлекетінің қолын көшті?

5.Қарлұқ қағанаты кезінен өз атауын сақтап қалған қандай қалаларды білесің?

6.Қарлұқтың шаруашылығы қандай бағыттарда дамыды.

7.Қарлұқтар арасында ислам дінін қабылдау қай кезден басталды?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:


  1. Оғыз мемлекетінің құрылуы жер аумағы.

  2. Оғыздардың тайпалық құрамы мен қоғамдық құрылысы.

  3. Саяси жағдайы.

  4. Шаруашылығы

  5. Кәсібі мен қолөнері.

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін оқушыларға жаңа сабақ бойынша мәтінмен жұмыс істеу тапсырылады. Ол үшін мәтінмен тереңірек танысып,оқып шығу қажет.Содан кейін өзіндік жұмыстарды орындау үшін тапсырмалар беріледі.Әрбір тақырпшаның мазмұнын ашу үшін картамен жұмыс асау, кесте толтыру,сөйлемдерді толықтыру ұсынылады. Өзіндің жұмыстың алғашқы тапсырмасы- сынып болып оғыз мемлекетінің құрылуы, жер аумағы, ортлығы әлеуметтік-этникалық құрамы бойынша № 1 кестенің қажетті бөлімін толтыру. Сабақ барысында картаны пайдаланып,Оғыз мемлекетінің жер аумағын,орталығын көрсету тапсырылады.Қазақстанның қазіргі қай өңірінде орналасқанына көңіл бөлген жөн.Енді сыныпты 3 топқа бөліп тапсырмалар беріледі. 1.Тапсырма. Оғыз мемлекетінің ел басқару ерекшіліктерін сипаттама беру. а) Жабғу______________________________________________________ Инал_______________________________________________________ Атабек______________________________________________________ Сюбашы_

ә) Халық жиналысы___________________________________________

қаңқаш ________________________________________

Ұлы және кіші құрылтай ______________________________________

Бұл тапсырманы орындаған топқа оғыз мемлекетінің ел басқару ерекшіліктерін түрік қағанатының қоғамдық-әкімшілік құрылысымен салыстыра отырып, жауап беруіне көңіл аудару керек.

2 тапсырма. Картаны пайдалана отырып сұраққа жауап беру ұсынылады.

Оғыз мемлекеті қандай мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты және кімдерге қарсы күресті?

3-тапсырма Оғыз және қарлұқ мемлекетінің қалаларына салыстырмалы талдау жасау тапсырылады. Оғыз мемлекеті Қарлұқ қағанаты

1.Қалалардың пайда болуына шаруашылықтың әсері. ______________ 2.Қалалар туралы тарихи деректер. ______________ 3.Қалалардың орналасқан жері ______________ 4.Бүгінгі күнге дейін аты сақталып келген қалалар _______________

ІҮ. Сабақтың бекіту:

1.Оғыздың Сырдария өзенінің орта ағысында қоныстанусебебі қандай?

2.Оғыз тайпалық одағының құрылып, дамуына қандай жағдай әсер етті?

3.Оғыздардың қоғамдық құрылысы қандай болды?

4.Оғыз мемлекеті жаңа жердерді басып алу мақсатын қалай жүзеге асырды?

5.Оғыз мемлекетінің әлсіреуіне не себеп болды.?

Ү. Бағалау:



ҮІ. Үйге тапсырма: оқу, №1 кестені толықтыру.

Оқушыларға Оғызнама деректері бойынша сол кездегі дала тұрғындарына қойылатын моральдық талаптарға сәйкестендіріп бүгінгі жас ұрпақтың моральдық талаптары қандай болуы керектігін жазып келуді тапсырамын.
Каталог: uploads -> doc -> 0d1c
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d1c -> Сыныбы: 9 Пәні: физика
0d1c -> Қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра
0d1c -> «Ақыл ойлап білген сөз Бойыңа жұқпас, сырғанар. Ынталы жүрек сезген сөз Бар тамырды қуалар»
0d1c -> Тақырыбы: Төрт түлік мал. 2 сынып Мақсаты
0d1c -> Сахна сыртындағы дауыс: (фон)
0d1c -> Өткізген: Калмагамбетова Гаухар Ақтөбе қаласы, Ақжар бастауыш мектебі Тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет