Сабақтың тақырыбы: «Ойдан шығарылған ертегілер»



бет1/5
Дата25.08.2017
өлшемі2,67 Mb.
#26563
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Балабақща атауы МҚКК «№84 сәбилер бақшасы»

А.Ә.Т Қорлан Артанайқызы Арынова

Лауазыма Тәрбиеші

Жұмыс өтілі 15 жыл

Санаты Бірінші

Тақырыбы «Ойдан шығарылған ертегілер»

Топтық жас ерекшелігі Мектеп алды даярлық тобы
Сабақтың тақырыбы: «Ойдан шығарылған ертегілер»
Мақсаты:

1. Балалардың ортақ әңгімеге қатысуына мүмкіндік туғызу; өз ойын түсінікті етіп жеткізуіне көмектесу; балалардың кеңістіктегі бағдарын дамыту; рөлдегі диалогке қатысу ынталарын жетілдіру.

Балалардың тілін дамыту арқылы сөздік ұғым беру қабілеттерін меңгеруге көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту.

2. Балалардың ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

3. Бүкіл сабақтың тапсырмалары, іс-әрекеттері арқылы балаларды бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу
Әдіс – тәсілдер: Тірек – сызба; суреттер; текше – суреттері; көрнекілік; мақал – мәтелдер; жаңылтпаштар; магнитофон, кассета.
Көрнекі құралдар: Шүмек; қазан; қоржын; торпақ; бұтақ; хат; мүйіз, жыртық шапан; кейіпкерлер атрибуттары; конус театры.

Сабақ барысы:

Тәрбиеші: Кәне балалар бізге келген қонақтармен амандасып алайық.

Санжар А. :

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды Павлодар

Жарқырайды Қазақстан

Қайырлы таң балалар!

Қайырлы таң қонақтар!

Психожаттығу, ертегілік жиын (Әдия өткізеді):

Шеңбер жасап тұрайық.

Қолдарымызды ұстап. Алақанымызды бір – біріміздге қойып, өзара жылуымызды сездірейік, жақсы тілектер айтайық: Қайырлы күн! Қайырлы таң! Бәріміз тату болайық! Бәріміз дос болайық! Аспанымыз ашық болсын! Достарымыз көп болсын! Көк туымыз биік болсын! Сабағымыз сәтті өтсін!

Тәрбиеші: Енді назарларыңызды маған аудараңыздар.

Біз бір ойын ойнаймыз. Ойынның атын біз көктемнің белгілерін айтқан соң ғана білеміз.



Балалар:

Күн жылынады; қар ериді; құстар жылы жақтан қайтып келеді; айналадағының бәрі жанданады; ағаштар бүршік атады; көк шығады; гүл шығады; жылғада су ағады; жер бусанады.



Тәрбиеші: Сонымен ойынның аты?

Балалар: «Күн мен жылғалар» (Ойынның шартты: Балалар жоғары көтеріп қолұстасып қос бала боп кезек кезегімен тұрады. Жалғыс қалған бала қос баладан бір баланы тандап алады да,қатардың алдына тұрып қос бала жасайды. Солай жылға алға жылжи береді – өзенге бірақ келеді.) Өзеннен шүмек табады.

Тәрбиеші: Бұл не? Шүмек!
Оның ішінде хат: «Өзінің сиқырлы кітабын сиқыршы әділетсіз адамдардан қауіпсіз жерге тығып қойды. Егер сендер осы тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, сиқыршының сиқырлы кітабын қай жерде тұрғанын білесіңдер.»

Тәрбиеші: Сиқыршы, сиқырлықтарды қайда жие кездесуге болады?



Балалар: Ертегілерде

Тәрбиеші:

  • Ертегілер деп қандай әңгімені айтамыз?

  • Ертегілер қалай тараған?

  • Қазақ ертегілерінің түрлерін атаңдар

  • Олардың ерекшіліктері қандай?

  • Тұрмыс – салт ертегілерінің кейіпкерлері кімдер?

  • Қиял – ғажайып ертегілері кейіпкерлерінің қандай ерекшеліктері бар? Оларға көмектесетін ғажайып кейіпкерлерін атап айтыңдар

  • Қазақ ертегілері қалай басталады?

  • Қазақ ертегілері қалай аяқталады?

Үстел басында үлкен қоржын, оның ішінде сиқыршының тапсырмалары:

1 тапсырма:

Тірек – сызба бойынша жыл мезгілдері туралы ертегіні ойдан шығарындар (ҒАСЫР, ЖЫЛ деген сөздерді балалар өздері оқиды)



Каталог: files -> caf
caf -> Сабақтың тақырыбы: Қазақфильм киностудиясы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: а кино өнері туралы мәлімет беру
caf -> Сабақтың тақырыбы:
caf -> Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин әңгімелері «Әке мен бала», «Жаман жолдас» Сабақтың мақсаты
caf -> Сабақтың тақырыбы С. Торайғыров «Шілде» өлеңі Сілтеме
caf -> Мақсаты: Балаларды шығарманы мазмұндауға үйрету. Міндеттері
caf -> «Көңілді қыс» Возрастная группа дайындық топ Білім беру бөлімінің №1 сәбилер бақшасы Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын Ашық сабақ Тақырыбы: «Көңілді қыс» Дайындық
caf -> Тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат»
caf -> Сабақтың барысы. Тәрбиешінің алдында үстел үстінде телефон тұр, біреу қоңырау шалады. Балалар тәрбиешінің қарама- қарсы отырады
caf -> Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: «Қыстайтын құстар» Мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет