Сабақтың тақырыбы: Қорқыт ата кітабы 8-сынып



Дата17.02.2017
өлшемі109,85 Kb.
#9634
түріСабақ


Ниязбекова Пернекул Кыдыралиевнаға

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы,



«Ақбастау» жалпы орта мектебі

Сабақтың тақырыбы: Қорқыт ата кітабы 8-сынып

Сабақтың мақсаты: білімділік: Қорқыт ата , оның өмірі, шығармашылығы туралы мағлұмат беру; дамытушылық: оқушылардың танымдық қабілеттерін, ой-өрістерін дамыту; тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, Қорқыт ата портреті, мазары, ескерткішінің суреттері, қобыз , кеспелер, тест сұрақтары т. б.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: ізденіс сабақ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты 2 топқа бөлу.



І топ «Жас қыран» тобы ІІ топ «Жас ұлан» тобы

ІІ. Үй тапсырмасы. «Күлтегін» жырын жаттау

Тест 2 топқа беру

1.«Күлтегін» жырының басты идеясы:

А)батырды дәріптеу; ә) ел тәуелсіздігі ; б) өмір сүру;

2. «Күлтегін» жырын қай жыр үлгілерінің алғашқысы деп тануға болады?

А) батырлар жыры

ә) лиро-эпостық жыры

б)тұрмыс-салт жырлары

3. «Түркілер- көрікті, өңдері ұнамды, жүздері мейірімді, әдепті, кішіпейіл, адал жандар» кімнің сөзі?

А) Махмұт Қашқари; ә) Томсен; б) Бұмын;

4. Елтеріс хан өмірден өткенде Күлтегін неше жаста еді ?

А) 5 ; ә) 6; б)7

5. Өте көне замандарда өмір сүрген түркілердің көсемі кім?

А) Зарина; ә) Алып Ер –Тоңа; б) Мөде батыр;

6. Алып Ер –тоңаның ұлының есімі кім?

А) Тұран; ә) Иран; б) Қарахан;

7.Түркілер қай ғасырда Түрік қағанаты деп аталатын үлкен мемлекет құрды?

А) ІІІ-ІҮғ ; ә) ІҮ-Үғ; б) Ү-ҮІІІғ ;

8. Маңғолия аймағында, түркілердің қасиетті мекені?

А) Өтүкен; ә)Сырдария; Орхон;

ІІІ. Жаңа сабақ: : Қорқыт ата кітабы. Қорқыттың нақыл сөздері

Жаңа сабақ түсіндіру.

Қорқыт ата өмірі. Қарақожа ұлы Қорқыт Ата қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағасында, Жаңакент /Иеникент/ қаласында /VIII—IX ғ. ғ,/ өмір сүрген. Өз халқының, бақыты үшін ’Жер ұйығын" іздеп, көптің муддесін көздеген Қорқыт Ата — ақын, жырау, композитор, әнші, күйші, қобызшы, өз дәуірінің ойшылы болған адам. Бұл жаңа қала Сыр өзенінің Арал теңізіне қүйылар жерінде тұрғандықтан, қазақ халқы оны Су аяғы — Ер қорқыт" деп те атаған. Тарихи жазба мәліметтер мен халық шежіресі бойынша Корқыттың әкесі Қарақожа оғыз тайпасына жататын Баят дейтін рудан шыққан, ал шешесі қазақ қурамына кіретін қыпшақ қызы, оның туған жері қәзіргі Қостанай облысының Аят өзені.

Қазақтың аңыз-ертегілерінде Корқыттың туған күнін өте қорқынышты етіп көрсетеді. Ол күні алай-түлей боран соғады, нөсерлі жауын құяды, күн тұтылғандай, айналаны қара түнек басып, үш күнге дейін күннің көзі ашылмайды. Қаратауды қаптаған қалың бұлттан күн күркіреп, жұрттың құтын қашырып, зәресін ұшырады Халық аңыздары мен жазба деректерге және өзінің ғылыми еңбектеріне сүйенген қазақтың академик ғалымы Ә. X. Марғұланның мәлімдеуінде Қорқыттың шешесі нәрестені тогыз күн ұдайы қатты толғатып, ерекше бір ғаламат қорқынышты жағдайда өмірге әкелгенін айтады. Сырдарияның жағасы мен Қаратаудың айналасын қара тұман бұлт басып, күн тұтылады.

Сондықтан Қорқыт туған бұл үрейлі қара түнек күнді халық «Қараспан» деп атаған. Сұрапыл дүлейден, қара түнектен, қорыққан халық жаңа туған балаға «Қорқыт» деп ат қойған. Мағынасы «Қорқыт, қорқытты» деген ұғым береді Махмуд Қашқаридың айтуынша,, халық өлеңдерінде, «Оғызнама» жырында Қорқыттың туғаны ерекше сипатталады. Мұны академик Ә. X. Марғұлан да қуаттайды. Сырдарияға жақын Қаратау төңірегінде өмірге келген Қорқыт туғанда сөйлеп туыпты. Ол тауды Қарашық /Қаратау/ немесе «Қараспан» деп атаған. Бұл жөнінде халық аузында сақталған мынадай өлең де бар: Қорқыт туар кезінде, Қараспанды су алған, Қара жерді құм алған. Ол туарда ел қорқып, Туған соң әбден қуанған.

Жырлары. Он екі тарау жыры.



  1. Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр

  2. Салор Қазан үйінің шабылғаны туралы.

  3. Қам Бурабекұлы Бамсы Бейрек әңгімесі.

  4. Қазанбекұлы Оразбектің тұтқын болуы.

  5. Доқа Қожаұлы Дели Домрул әңгімесі.

  6. Қазылық Қожаұлы Икенекбек әңгімесі.

  7. Қаңлы Қожаұлы Торалы Әңгімесі.

  8. Бисаттың Төбекөзді өлтіруі.

  9. Бегілұлы Еміре әңгімесі.

  10. Үйсін Қожаұлы Секірек әңгімесі.

  11. Салор Қазанның тұтқын болуы.

  12. Бейректі өлтіргеннің баяны.

Ескерткіші

Қорқыт атаға арналып 1980 ж. Қызылорда облысының Жосалы стансасынан 18 km жерде, Қорқыт разъезінің түбінде архитектуралық ескерткіш орнатылды. Ауторлары — сәулетші Б. А. Ыбыраев, физикадан ғалым С. И. Исатаев. Ескерткіш темір бетоннан жасалған 4 тік көктастан (стеладан) тұрады, биіктігі 8 m. Жоғарғы жағында аузы кең түтіктер орнатылған. Аузы кең орталық тесікке келіп түйісетін 40 металл түтік жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады.



Қорқыт ата сөйлейді:

- Алла, Алла демейінше, іс түзілмес, Тәңірі бермейінше ер байымас.

Әзелде жазылмаса, құл басына құз келмес, ажал уақыты жетпейінше, ешкім де өлмес.

Өлген адам тірілмес, шыққан жан кері келмес.

Ер жігітке қара құрым мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер, бірақ несібесінен артығын жемес.

Гүрілдей-шұбыра сулар тасыса, теңіз болмас.

Тәкаппарлықты Тәңірі сүймес.

Көңілі пасық ерде дәулет болмас.

Жат баланы қанша сақтасаң да, ол ұл болмас, ол ішіп-жер, киер де кетер, бірақ көрдім демес.

Күл төбе болмас, күйеу бала ұл болмас.

Қара есек басына жүген кигізсең де, тұлпар болмас.

Күңге қамқа тон жапсаң да, ханым болмас.

Жапалақ-жапалақ қар жауса, жазға қалмас.

Ескі қамыс біз болмас, ежелгі дұшпан дос болмас.

Мінген атың қиналмайынша, жол алынбас.

Ер малын қимайынша, аты шықпас.

Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас. Ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес.

Ұл-атаның ері, екі көзінің бірі.

Дәулетті ұлың болса, ошағыңның қоры болар.

Дәулетсіз ұл болса, атаның көрі болар.

Қорқыт ата тағы да сөйлейді:

-Мықты, жүйрік бедеуге қорқыт жігіт міне алмас, ол мінгенше, мінбесе игі…

Қонақ келмеген үйдің құлағаны артық.

Ат жемейтін ащы шөп біткенше, бітпегені игі.

Адам ішпес ащы су жылға қуып аққанша,ақпағаны игі.

Баба атын шығармаған жігерсіз ұл  баба белін бүгілткенше, бүгілтпегені игі.

Баба атын шығаратын дәулетті ұл болғаны игі.

Жалған сөз бұл дүниеде болғанша, болмағаны игі.



Қорқыт ата тағы былай дейді:
-Жердің соны шөбін киік білер.

Жайылым жердің көкорай шалғынын құлан білер.

Айырым-айырым жол сүрлеуін түйе білер.

Жеті бұлақтың хош иісін түлкі білер.

Түнде керуен көшкенін қараторғай білер.

Ердің батқанын ат білер.

Ауыр жүктің салмағын тұлпар білер.

Қапелімде бастың ауырғанын ми білер.

Қыл қобызын арқалап, елден-елге, бектен-бекке жырау кезер…

Тізесін бүгіп отырған инабатты әйел көрікті.

Самай шашы ағарған баба көрікті.

Ақ сүтіне тойғыза-тойғыза емізген ана көрікті.

Үлкен шаңырақ үйдің қасына тігілген келіннің отау үйі көрікті.

Өнегелі бала көрікті.

"Жыраудың үлкен пірі - Қорқыт ата,

Бата алған барлық ақын асқан ата.

Таңдалып жұрттың бәрі тұрады екен,

Қобызбен Қорқыт ата күй тартқанда,” – деп  тегін  жырламаған.

Қорқыт атадан қалған бір сөз мынандай: ”Тәңірге  сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды. Тәңірісі құрамаса, ешкімнің бәрі екеу болмайды. Тәңірі пендесінің маңдайына не жазса, сол болады. Оның жазуынсыз адам жамандық көрмейді, ажал келіп, өлмейді. Өлген тірілмейді, кеудеңнен жаның кетсе, ол қайтып келмейді. Жігіт тірісінде қаратаудай қылып, бір күн тыным көрмей дүние жияды, байды. Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді. Су тарам-тарам болып қаншама тасып аққанымен, теңіздерді толтыра алмайды. Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді. Өзіңнен тумаса ұл өгей: қаншама бағып, қаққанмен ол саған ұл болмайды. Ер жетіп, ат жалын тартып мінген соң өз жөніне кетеді, бәлки ол тәрбиеленген адамға көрдім-білдім деген сөзді де айтпас. Баланы балғын шағынан бастап оқытып, жақсылап тәрбиелеу, яғни кішкентайынан тіл алғызу, үлкендерді сыйлауға, ата-ананы қастерлеуге үйрету. Қорқыт атаның асыл сөздерінің көбінде тәлімдік идеялар ұшырасады. Өскелең ұрпаққа ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін беруге ерекше көңіл бөледі.

Қорқыт атаның нақыл сөздері

 

Ажал уақыты жетпейінше, ешкім де өлмес. Өлген адам тірілмес. Ер жігітке қара таудай мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер, бірақ несібесінен артығын жемес. Көңілі пасық ерде дәулет болмас. Жат баланы қанша сақтасаң да ұл болмас. Ол  ішіп-жер, киер де кетер, бірақ көрдім демес. Мыңғырған мал жиғанмен адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге де жарамайды.



Жол қиындығын көрмеген, жабы мінген жігітке Қап тауының арғымағын мінгізуден пайда жоқ. Адам ішпес ащы судың жылға қуып ақпағаны жақсы. Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып, тумағаны жақсы. Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді. Өтірік сөз өрге баспайды.

ІҮ кезең. 2 топқа тапсырма беру: «Қорқыт ата кім?»

Қорқыт ата

Ү кезең. Сөзжұмбақ шешу. 2 топқа сөзжұмбақ беру.

С ө з ж ұ м б а қ


















Қ







о

























р



















қ



















ы






















т






Сұрақтар

1.Қорқыттың анасы қай тайпадан шыққан?
2. Қорқыт ата кітабында қанша дастан бар?
3. Кімнің еңбегінде Қорқыт ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда өмір сүрген деген ой айтылды?
4. Қорқыттың әкесі қай тайпадан шыққан?
5. Жер кіндігін тапсаң, тірі қаласың дегенді естіп Қорқыт қай жерге келді?
6. Ортекенің терісінен Қорқыт не жасады?

ҮІ кезең. Қорқыттың нақыл сөздері қазіргі кездегі мақал-мәтелдермен ұқсас па?

Оқушылар Қорқыттың нақыл сөздері мен қазіргі кездегі мақал-мәтелдердің ұқсастығын табады.

ҮІІ Қорытындылау. Ұпай сандарын есептеп, жеңімпаз топты марапаттау. Бағалау.

Үйге: «Әлемге әйгілі Қорқыт ата» тақырыбында ойтолғау жазу.



Тест сұрақтары

1. «Күлтегін» жырының басты идеясы:

А)батырды дәріптеу; ә) ел тәуелсіздігі ; б) өмір сүру;


  1. «Күлтегін» жырын қай жыр үлгілерінің алғашқысы деп тануға болады?

А) батырлар жыры

ә) лиро-эпостық жыры

б)тұрмыс-салт жырлары

3. «Түркілер- көрікті, өңдері ұнамды, жүздері мейірімді, әдепті, кішіпейіл, адал жандар» кімнің сөзі?

А) Махмұт Қашқари;

ә) Томсен;

б) Бұмын;

4. Елтеріс хан өмірден өткенде Күлтегін неше жаста еді ?

А) 5 ; ә) 6; б)7

5. Өте көне замандарда өмір сүрген түркілердің көсемі кім?

А) Зарина;

ә) Алып Ер –Тоңа;

б) Мөде батыр;

6. Алып Ер –тоңаның ұлының есімі кім?

А) Тұран; ә) Иран; б) Қарахан;

7.Түркілер қай ғасырда Түрік қағанаты деп аталатын үлкен мемлекет құрды?

А) ІІІ-ІҮғ ; ә) ІҮ-Үғ; б) Ү-ҮІІІғ ;

8. Маңғолия аймағында, түркілердің қасиетті мекені?



А) Өтүкен; ә)Сырдария; Орхон;

Овал 2
Каталог: materialy -> kazak%20adebieti
kazak%20adebieti -> Сабақтың типі: Пысықтау сабағы Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу, мінездеме, салыстыру, ой-түйін
kazak%20adebieti -> М. Мақатаев- қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық
kazak%20adebieti -> Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады»
kazak%20adebieti -> Сабақтың тақырыбы : Нысанбай жыраудың «Кенесары Наурызбай» дастаны Сабақтың мақсаты
kazak%20adebieti -> Сабақтың тақырыбы: Жамбыл өмірі мен шығармашылығы. Сабақтың мақсаты
kazak%20adebieti -> Сабақтың типі: Қорытындылау сабағы Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
kazak%20adebieti -> Сабақ мақсаты: Кіріспе сөз
kazak%20adebieti -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллиннің «Далада» өлеңі 1 2 3
kazak%20adebieti -> Сабақтың мақсаты: білімділік
kazak%20adebieti -> Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет