Сабақтың тақырыбы: Қос жынысты және дара жынысты гүлдер. Гүл формуласы Сабақтың мақсаты: Жаңа сабақты түсіндіру



Дата30.01.2018
өлшемі73,38 Kb.
#36265
түріСабақ
Оңтүстік Қазақстан облысы

Ордабасы ауданы

«Темірлан» жалпы орта мектебінің

биология пәні мұғалімі

Тыныштықбаева Сауле Тасбаевна

Сабақтың тақырыбы: Қос жынысты және дара жынысты гүлдер. Гүл формуласы

Сабақтың мақсаты: Жаңа сабақты түсіндіру.


  1. Білімділігі: Қос жынысты және дара жынысты гүл формуласы жайлы білім беру.

  2. Дамытушылығы: Оқщушылардың саббаққа белсенділігін арттыру мақсатында шығармашылыққа баулу.

  3. Тәрбиелігі: Оқушыларды ізденімпаздыққа, имандылыққа, адамгершілікке, табиғатты қорғауға, табиғатты сүюге үйрету.

ІІ. Сабақтың көрнекілігі: Өсімдіктер макеті, гүлдер құрылысы, слайдтар

ІІІ. Сабақтың түрі: Аралас сабақ

ІҮ. Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  2. а) Оқушыларды түгелдеу

ә) Көрнекіліктерді даярлау

1-кезең: Ер дәулеті еңбек. Өткенді қайталау

1-топқа:

Жапырақтың қызметі:

а) Органикалық зат түзу

ә) Жасушадағы артық суды бағындыру

б) Газ алмастыру

в) Органикалық затты қорға жинау

г) Өсімдіктердің көбеюіне қатысады.

2-топқа:


Сабақтың қызметі

а) Сабаққа бүршік, жапырақ, гүл жеміс бекінеді

ә) Қоректік заттар сабақ арқылы қозғалады

б) Органикалық заттар қорға жиналады

в) Көбеюге қатысады

3-топқа:


Тамырдың қызметі:

а) Тамыр арқылы топырақтан сіңірілген суды және онда еріген минералды тұздарды сабаққа өткізеді.

ә) Өсімдікті топыраққа берік орнықтырады.

б) Кейбір тамырлар қоректік заттарды қорға жинайды.

1-топқа
Вегеативті мүшелер жүйесі



Өркендер жүйеіс сабақтар, жапырақ

Тамырлар жүйесі тамыр

2-топқа



Тамыр жүйесі



Кіндік

Шашақ



Негізгі тамыр өте жетіледі жақсы жетіледі

Негізгі тамыр болмайды

3-топқа


Тыңайтқыштар

Тыңайтқыштар



Органикалық

Минералды

Қи, шымтезек, қарашірік, құс саңғырығы

Азот, фосфор, калий

«Миға шабуыл» стратегиясы



  1. Өсімдіктердің тигізетін пайдасы.

  2. Жануарлар мен өсімдіктер айырмашылығы.

  3. Дәрілік мақсатқа қолданылатын қандай өсімдіктерді білесіздер?

  4. Табиғатты, өсімдіктерді қорғауға байланысты қазақ халқында қандай тыйым сөздер айтылған.

2-кезең. Үй жұмысын сұрау.

  1. Гүл өсімдіктің көбею мүшесі.

  2. Көбею мүшелері – гүл, жеміс, тұқым.

  3. Гүл көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, қысқарған өркен.

3-кезең. «Білгенге маржан» негізгі жаңа сабақты түсіндіру бөлімі.


Гүл бөлімдері



Гүл табаны

Гүл сабағы

Күлте

Тостағанша

Аталық

Аналық



Жіпше

тозаң

аузы

мойын

жатын

Бір гүлде аталық пен аналық болса қосжынысты, ал тек аталық немесе аналық қана болса дара жынысты болып табылады. Тек аталығы бар борлса аталық гүлдер, аналығы ғана болса аналық гүлдер дейді. Аталық гүлдер мен аналық гүлдер бір өсімдікте болса бір үйлі. Аталық гүлдер бір өсімдікте, аналық гүлдер екінші өсімдікте дамыцса екі үйлі болғаны. Жыныссыз гүлдер де болады. Оларда жыныс мүшелері дамымайды. Мысалы, күнбағыс, гүлкекіре, т.б. Себет гүлшоғырының шетіндегі гүлдер жыныссыз болғандықтан жеміс бермейді.

Гүл формуласы

Гүл формуласы. Формула дегеніміз-гүл бөлімдерінің латынша атының бас әрпімен белгілеу. Формуласын жазғанда қазақша әріптермен былай таңбаланады.

Т – тостағанша жапырақша

К – күлте жапырақша

А – аталық

Ж – (Жатын) аналық

1.Қызғалдақ гүлінің формуласы

К3+3А3+3Ж( 3)

Талдауы: жай гүлсерікті, күлтесі 6-екі шеңбер құрып орналасқан, аталығы 6-екі шеңберге орналасқан, анлығы біріккен 3 жеміс жапырақшасынан тұрады.

2.Алма ағашы глүінің формуласы.

Т(5)К5А Ж(5)

Талдауы: Тостағаншасы біріккен 5, күлтесі бірікпеген 5, аталықтар көп, аналығы біріккен 5 жеміс жапырақшасы.

3.Қияр аналық гүлінің формуласы:

Т(5)К(5)А0Ж(3)

Талдауы: аналық гүл, тостағаншасы біріккен 5, күлтесі біріккен 5, аталықтары жоқ, аналығы біріккен 3 жеміс жапырақшасы


  1. Бақбақ гүлінің формуласы

Т0К(5)А(5)Ж(2)

Талдауы: Тостағаншасы үлпекке айналып, өзгеріске ұшыраған күлтесі біріккен 5, аталықтары біріккен 5, аналығы біріккен 2 жеміс жапырақшалы.

Ескерту: Гүл бөлімдері біріккен болса саны жақшаға алынады.

4-кезең. Бәрін білгім келеді.

Қорытынды бөлім.


  1. Қосжынысты деп қандай гүлдерді атайды?

  2. Бір үйлі, екі үйлі өсімдіктердің бір-бірінен айырмашылығын мысалмен талдап түсіндіріңдер.

  3. Дара жынысты гүлдер қандай гүлдер?

  4. Гүл формуласы қалай белгіленеді?

5-кезең. «Бейнет – түбі зейнет» бағалау бөлімі.

Сабаққа үнемі қатысып, сұрақтарға жауап беріп отырған оқушылар бағаланады.

Үйге тапсырма: 21 74-75 беттер

Қорытынды

Бүгінгі білім беру процесінде оқушымен жеке жұмыс жүргізу арқылы дарындылықты дамыту оқушының зерттеу жұмысына танымдық белсенділік арқылы қызығуды қалыптастыру проблемасының мәні барған сайын ұлғайып келеді. Жас дарынмен жұқмыстың ауыртпалығы мен қуанышын бірге тататын адам, оның шығармашылық қабілеттерін ашатын кілт-мұғалім қолында. Сол сбепті қазіргі таңда дарынды оқушылармен жұмыста бір мақсатты көздеген жүйе қалыптастыру қажет.

Ол үшін:


  • Дарынды балаларды оқытуды, қабілетін дамытуды қолға алатын жеке жұмыс жүргізу жүйесін қалыптастыру;

  • Дарынды балалардың қабілетін дамытатын жаңа жоспарлар құру.

«Өмірді тану-ғылым, өзіңді тану-өнер» дегендей, оқушының дарынын жоғалтпай, жұлдызын сөндіріп алмай, уақытында танып, дамытып, құрметтеу, ұлт мақтанышы боларлықтай тәрбие беру ол әрбір ұстаздың міндеті.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



  1. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Әдістемелік құралдар.

  2. Әбеуова И. Сын тұрғысынан ойлау мен дамытпалы оқыту.

  3. Биология және салауаттылық негізі №2, 5, 6. 2007

  4. Мектеп Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал

  5. Биология дидактикалық материалдар

  6. К. Жүнісқызы, Р. Әлімқұлова, Қ. Жұмағұлова биология 6-сынып Алматы. Атамұра 2002ж.

Каталог: materialy -> biologia
biologia -> Тақырыбы: Құстар біздің досымыз Орындаған
biologia -> Сабақ «Астың ауыз қуысында қорытылуы»
biologia -> Сабақ Биология (8 сынып) ОҚО, Аманкелді жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Бейсебай Камила Сабақтың тақырыбы
biologia -> Сабақтың тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесі. Қаңқа бөлімдері. Сабақтың мақсаты
biologia -> Сабақ Тақырыбы: Қанайналым мүшелері. Жүректің жұмысы, реттелуі
biologia -> Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы
biologia -> Дамытушылық: оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттыра отырып, ой өрісін дамыту. Тәрбиелік
biologia -> Сабақтың мақсаты: Антропогенез-адамның шығу тегі туралы білімдерін кеңейту, оқушылардың Ұбт дайындығын күшейту
biologia -> Сабақтың тақырыбы: "Кесірткенің сыртқыжәнеішкіқұрылысы"
biologia -> Сабақтың тақырыбы: § 41. Тағамның маңызы, құрамы және қызметі. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет