Сабақтың тақырыбы «Өскемен қаласы»



Дата22.02.2018
өлшемі34,39 Kb.
#38108
түріСабақ
Ашық сабақтың рефлективтік есеп.

Сабақтың тақырыбы «Өскемен қаласы»

сынып 8 «А »

мұғалім Магзумова Г.К.

Осы сыныпты бастауыш сыныптан алып, қазіргі уақытқа дейін жетелеп, қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытамын. Сыныпта 26 оқушы 2 топқа бөлінеді.Менің тобым 13 баладан тұрады.Сыныпта қыздардан оқу озаты, көзге түсетін оқушыларым Григорьева Анастасия, Куимова Ксения, ұлдардан Құрманов Әліхан, Жамсап Диас, белсенді Борисов Антон, Ермолаев Слава.Оқу деңгейі әр түрлі. Замчий Анастасия тақырыпты түсіну үшін көп уақыт алады, сөздік қоры таяз, өйткені сабақтан көп қалады. Имшиницкий Никита нақты пәндер бойынша мықты, информатикадан проект жасап қорғайды, бірақ қазақ тіліне келгенде жай сұрақтарға жауап беруге, грамматикалық тапсырмаларды орындағанда көп қиналады.

Ашық сабақтың тақырыбы «Өскемен қаласы». Бұл тақырыпты алу себебім, күнтізбелік жоспармен сәйкес келеді, екіншіден аймақтық компонентті қамтиды. Сабақтың нәтижесінде балалар тілдерін дамытуға, монолог пен диалог құруға, сонымен қатар өз ойларын айта білуге, өз деңгейіне қарап дұрыс сұрақ құрап, соған жауап беруге үйренеді, өзінің және өзгенің білімін бағалауды, жеке, жұппен және топпен жұмыс жасай білуге, өз туған жерін құрметтеуге тәрбиелейді, қоршаған ортаны қорғауға, экологиясын сақтауға шақырады, рефлексия жасап үйренеді.

Сабақтың барысында «Диалогтік оқыту», «Оқыту үшін бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлау», «Дарынды мен талантты балалар», «Көшбасшы және басқару», «ИКТ». Сабақта қолданған әдіс – тәсілдерім сұрақ - жауап, әңгімелеу (сұхбат), мәтінмен жұмыс, топтастыру стратегиясы, Синквейн стратегиясы, Жиксо стратегиясы, Аквариум әдісі, жобалау әдісі, Блум таксономия бойынша сұрақтарды жіктеу. Көрнекілік ретінде интерактивті тақта, ватман, фломастер, Өскемен қаласы бойынша видео фрагментті пайдаландым.

Сабақ барысында оқушылар өздері жұмыс жасайды, мұғалім тек қана нұсқаушы қызметін атқарады. Балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын ояту үшін Жобалау әдісінен бастадым. Балаларға «Ия» дегені не екенін білесіңдер ме? деп сұрақ қоямын. Оқушылар жауап беруге тырысады, балалар дұрыс жауап бермесе келесі слайдта тағы бір нұсқау « Ол өте әдемі», келесі слайд «онда адамдар тұрады». Ең соңында балалар бір тоқтамға келеді, сонымен ол Грециядағы қаланың аты екен. Сабақтың тақырыбын Жобалау әдісімен анықтап алдық. Осы сатыда сұрақтар арқылы диалогтік оқытуды ұйымдастырдым. Енді оқушылар өздері сабақта не істеп, не қоятыны туралы мақсат қояды. Қиықтардан сурет құрастырып, балалар 3 топқа бөлінеді. Белгілі топтар құрылып болған соң тапсырма беріледі: Слайд ашылып белгілі суреттер шығады, балалар оны қысқаша әңгімелеп береді. Осы тапсырма сөйлеу тілдерін дамытуға ықпалын тигізеді. Ендігі кезек бағалау парағын таратуда.

- жауаптарды тек қазақша айтса ( суретпен жұмыс, сұрақ – жауап, әңгімелеу) - 5 ұпай;

- «қиын (жуан)» сұрақтар қойса - 5 ұпай

- мәтіннен негізгісін табу -5 ұпай

- топтық жұмысқа белсенді қатысса- 5 ұпай
-жауаптарды толық қазақша айтпаса -4 ұпай;


  • сұраққа толық жауап бере алмаса - 3 ұпай;

  • «оңай (жіңішке)» ғана сұрақтар қойса- 2 ұпай;

  • өз ойын қазақша айта алмаса- 1 ұпай

  • топтық жұмысқа белсенділік көрсетпесе- 1 ұпай

15-20 ұпай «5»

10-15 ұпай «4»

5-9 ұпай «3»

Келесі кезек жаңа сөздермен жұмыс жасау. Слайд ашылып, белгілі сөздермен жұмыс жасалады, сөз тіркес, сөйлем құрайды. Осы тапсырмада мен диалогтық оқыту модулін жоспарлап отырмын. Ой толғаныс кезегінде Жиксо әдісі бойынша Өскемен қаласы мәтінімен танысады. Бірінші өздері содан жұппен аударып, топпен ең негізгісін алып, қағазға жазады. Топтағы спикерлер шығып, келесі топқа барып, өз бөлігін түсіндіріп, қайта өз тобына оралады. Енді кім бірінші шығып айтатыны туралы анықтап алу керек, ол сергіту сәті Аквариум стратегиясы бойынша, 3 топ көздерін жұмып саусағымен кез келген топқа көрсетеді, қай топқа саусақ көп нұсқалса, сол топ бірінші шығып айтады. Енді не спикер, не топтың ішіндегі басқа бір бала шығып, өз бөлігін айтады.

Мектеп Математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналғандықтан сабақты жоспарлаған кезде мен «Дарынды мен талантты балаларды оқыту» модулін еңгізуге тырыстым. Мәтіннің ішінде экология туралы үстірт айтылған соң Григорьева Анастасияға алдын ала тапсырма берілген, қаланың экологиялық жағдайы туралы тапсырма дайындау. Ол туу туралы, өлімі, аурулар туралы мониторинг жасап, қаланың видеосын көрсетіп, аяқтайды. Анастасия сұрақтар айтып, балалармен сөйлеседі.

Сабақты қорытындылаған кезде тағы да «Диалогтік оқытуға» ораламын. Блум таксономиясы бойынша сұрақ құрап, соған жауап береді. Енді бағалау парағы бойынша балалар бір біріне баға қояды, мында «Оқыту үшін бағаланған модулі» алынған. Соңғы кезек рефлексияда «Сыни тұрғыдан ойлау модулі» балалар «Өскемен» деген сөзге синквейн құрастырады.



Сабақта таксономия Блум бойынша қиын сұрақтар құрастырған кезде, қиындыққа тап болу мүмкін, ал жалпы алғанда сабақ қызықты әрі оңай өтті деп ойлаймын.
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет