Сабақтың тақырыбы: Отбасылық бюджет және қажеттіліктер



Дата10.06.2017
өлшемі97,47 Kb.
#18625
түріСабақ
Күні:15.02.17ж

Уақыты: 14.50

Кабинеті: №4

Пәні: технология

Сыныбы: 8 «А»

Пән мұғалімі: Аяпова Г.А.


Сабақтың тақырыбы: Отбасылық бюджет және қажеттіліктер.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға отбасы қаражатын үнемдеу туралы қарапайым экономикалық түсініктер қалыптастыру.

Міндеттері:

а/ оқушыларды отбасының экономикалық өмірімен, үй шаруашылығын жүргізу ережелері, отбасы қаражатымен таныстыру, экономикалық түсініктер туралы алған білімдерін қайталау;

ә/ дүниетанымын, сөздік қорын дамыту, дұрыс таңдау жасай білуге үйрету;

б/ отбасының әлеуметтік жағдайы, қоғамдағы рөліне деген көзқарасын қалыптастыру;

топта жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, үнемшілдікке, бір-бірін, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.

Ресурстар: тірек-сызбалар, үлестірмелі материалдар, бағалау парағы, интерактивті тақта.

Ескерту: оқушыларға «мемлекеттік бюджет» туралы түсініктер алдыңғы сабақтарда айтылып өтілді.
Сабақ жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй жұмысын тексеру

3. Жаңа тақырыпты ашу

4. Оқулықпен жұмыс

5. Шығармашылық тапсырма

6. Сергіту сәті

7. Топтық жұмыс

8. Қорытындылау

9. Үйге тапсырма

10. Бағалау.

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс- әрекеті

1

2

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық /2 мин/

Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.


-Балалар, енді топқа бөліп, отыра қояйық. Жүрек суретін алғандар «Жүрек» тобына, қол суретін алғандар «Қол» тобына бөлінеді.



Алған суреттері бойынша топқа бөлінеді.



1 ереже – Күнделікті ережелерді қайталайық:

Сабақта бір – бірімізді тыңдаймыз!

2 ереже – Біреудің айтқанын қайталамаймыз!

3 ереже – Уақытты үнемдейміз, босқа өткізбейміз!

4 ереже – Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!





Оқушылардың мемлекеттік бюджет және негізгі экономикалық түсініктері туралы алған білімдерін еске түсіру /4 мин/

  • Отбасы көмекті қайдан алады?

  • Мемлекеттік бюджет дегеніміз не?

  • «Ақша салатын қолдорба» деген сөз нені білдіреді?

  • Оған салынатын ақшаны қалай атаймыз?

  • Мемлекеттен кеткен ақшаны қалай атаймыз?

  • Мемлекеттік бюджетке ақша қайдан келеді?

  • Ал жақсы балалар, біз мемлекеттік бюджет туралы білдік.


- Мемлекеттен алады

-Мемлекеттің кіріс және шығыс жоспары;

-Бюджет;

-Кіріс


-Шығын

Азаматтар мен кәсіпорындардан салық түрінде жинайды.




Сабақтың проблемалық құрылымы /3 мин/

- Қалай ойлайсыздар, отбасы бюджеті де болуы мүмкін бе?


- Отбасы бюджетін кімдер құрайды?

- Қалай құрайды?


- Бұл отбасына келіп жатқан кірістер болып саналады.

- Отбасы бюджеті қалай жұмсалады? Қайда жұмсаймыз?


Бұл отбасынан кетіп жатқан шығыстар.

Бір сөзбен айтқанда, отбасы бюджеті кіріс пен шығыстан құралады.

Болуы мүмкін.


Әке, ана, ата, әже, т.б.

Табыс табу, еңбек ету арқылы, еңбегіне қарай табыс көзін құрайды.

Азық-түлікке, оқу құралдарына, киім-кешекке, коммуналдық төлемдерге, балабақшаға жұмсалады.



Жаңа тақырыпты ашу. Отбасы бюджетінің неден құралатынын анықтау. /10 мин/

Тақтада тірек-сызба көрсетіледі:

Отбасылық бюджет

Кіріс Шығыс

Зейнетақы жаңа велосипед еңбекақы

Театрға бару ақылы оқу шәкіртақы

Туған күнге әкелген сыйлықтар жәрдемақы жаңа киім

Ойыншықтар

Су жылу


Оқушылар шығып, тиісті орындарына қояды.

Оқулықпен жұмыс

  • Мәтінді бөліп оқиды.

І- ші азат жол. /І топ оқып, негізгі ойды табу, топта талдау/

ІІ-ші азат жол. /ІІ топ оқып, негізгі ойды табу, топта талдау/



Сұрақтар:

  1. Оқушыға экономикалық дайындық не үшін қажет?

  2. Отбасы экономикасы нені зерттейді?

  3. Сатып алуға қандай талаптар қойылады?

  4. Қажеттіліктің қандай түрлерін білесіңдер?

  5. Кіріс, шығыс дегеніміз не?

  6. Отбасы бюджетінің құрылымы қандай?

-Кесте

Сөздікпен таныстыру (перевод):

Табысынан құралады – состоит из заработка

Еңбегінің нәтижесі – результат труда

Табысқа қол жеткізу –добиться успеха

Кіріс – доход

Шығыс – расход

Жоспарлайды – планирует

Тең болуын қадағалайды – следят за правильным распределением

Тиімді пайдалануға – эффективно использовать

Тізім жасайды – составляют список

Төлемақы –оплата





  • Кірісті және шығысты білдік.

  • Отбасы қаражатын үнемдеп, баланың болашақтағы оқуына қаржы жинау керек.

  • Отбасы қаражатын үнемдеп, алдымен ең маңызды заттарды алуға жұмсау керектігін, қартайғанда ата-анаңызды бағып, солардың қажетіне жұмсау керек.

Шығармашылық тапсырма.

Берілген тапсырманы оқи отырып, көз алдарыңызға не елестеді, қандай ой түйдіңіздер?

Қане, көзімізді жұма қояйық. Енді көз алдарыңа елестетіңіздер, сенің ата-анаң 70-80 жасқа келді. Оған не қажет? Оның денсаулығы қандай? Сен ересек болдың, ержеттің. Сен оған қандай көмек берер едің?

Оны емдету үшін не керек, балалар? Керек – жарақтарыңды алғаннан кейін қалған ақшаны не істеу керек?

Үнемдеу дегеніміз – шаруашылықты ұқыпты жүргізу.

Жақсы, балалар, енді әрқашанда ақшаларымызды үнемдеп жүретін боламыз. Ақшаны босқа шашпаймыз.



Топпен жұмыстану.

Оған көмек қажет. Оның денсаулығы нашарлайды. Мен оны емдеймін, көмегімді аямаймын.

Емдету үшін маған ақша керек. Ақша болу үшін еңбек ету қажет. Артық ақша қалса, оны үнемдеп жинаймын.


Отбасы бюджеті сөзін топтастыру.

-Отбасы бюджетінде жалпы қандай кірістер кіреді? /Оқушылар айтады, мұғалім тақтаға жазады/

Зейнетақы
Отбасы бюджеті

Жәрдемақы

Әлеуметтік көмек еңбекақы шәкіртақы


Сергіту сәті

/Кірісті айтқанда – қолымызды шапалақтаймыз, шығынды айтқанда – аяғымызды топырлатамыз/

Еңбекақы, театрға бару, шәкіртақы, зейнетақы, ойыншық, әлеуметтік көмек, азық-түлік, т.б.


Топтық жұмыс.

Қане, балалар, енді сендер өз отбасының кіріс мен шығынын есептеңдер.

Әкенің, ананың, студент баланың кірістерін есептеу. Жалпы отбасына кіретін қаражатты есептеп айту.


Кіріс




Топ болып отбасынан газға, суға, жарыққа, телефонға, азық-түлікке кететін шығындарды есептеп, кірістен алып тастау. /Есептеп шығын суммасынан азайту/


Шығын



Анализ жасау:

Сонымен , балалар, айлық кіріс көп пе, әлде шығын көп пе?

Егер шығын кірістен көп болса, не істеу керек?

Шығын кірістен аз болып, ақша артылып қалса, не істеу керек?


Әр топ өз отбасында не басым соны айтады.

Шығын кірістен көп болса, үнемдеу керекпіз.

Шығын кірістен аз болып, ақша артылып қалса, оны жинақтау керек.


-Балалар, бізде қазір экономикамызда қандай өзгерістер болып жатыр?


  • Иә, дұрыс-ақ. 1 доллор теңгемен 150 болып еді, 180 ге көтерілді, 1 рубль 5 теңге болып еді, 7 теңгеге көтеріліп кетті. Сондықтан, азық-түлік, киім, оқу құралдары қымбаттады. Отбасында да шығындар көбейеді. Сол үшін үйге келген кірісті үнемдеу керек. Сол сияқты, балалар, мектеп сендердің екінші үйлерің. Мектеп бюджетін қалай үнемдеуге болады?

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар. Себебі, отбасына сияқты мектепке ай сайын қаражат бөлініп тұрмайды.



-Доллор, рубль өсіп жатыр.
Мектептегі мүліктерді сындырмай, суды босқа ағызбай, жарықты сөндіріп үнемдеу керек.

Тест

1.Отбасылық бюджет ол-

А)Бергілі бір уақыт мезгіліндегі кіріс және шығыс көзі.

Ә)ақшалай немесе заттай құндылық

Б)отбасылық кіріс және барлық бағалы заттар,қарыздар,кірістер,шығыстар және т.б қажеттіліктер жазатын журнал.



2.Табыс дегеніміз-

А) шығыс қажеттілігі үшін жұмсалатын қаржылар.

Ә)тепе –теңдікті сақтау үшін берілетін мүмкіндіктер

Б)өндірістен,жеке адамнан ақшалай заттай бағалы қағаздай алатын құндылықтар.



3.Болжам жасалынбаған шығыстар:

А) тамаққа

Ә)коммуналдық қызмет

Б) тұрмыстық мәдени шығын



4.негізгі сатып алу ережесі:

А)кездейсоқ сауда жасау.

Ә)заттың сапасын,кепілдік мерзімін көру

Б)ыңғайлылығы, қолайлылығы

В) сапасы,ерекшелігі

5.Зат қандай талаптарға жауап береді?

А)құны,бағалы

Ә)ыңғайлы,қолайлы

Б)ерекше,сапалы



6.Отбасылық қажетіліктің қайсысы материалдық шығынға жатпайды?

А)Тамақ пен киімге жұмсалған қаржы

Ә)білімге,қоғаммен араласуға

Б)үйге,жиһазға,тұрмыстық заттар жұмсалған қаржы



Өткен тақырыпты қорытындылау

Білемін: Отбасы туралы, отбасы құрамы мен туған-туыстарды біледі, қарым-қатынас, сыйластық туралы, отбасы дәстүрлерін біледі.

Не үйрендім? Отбасы бюджеті, кіріс пен шығынды, үнемшілдікті, отбасында жинақы ақша қоры болу керектігін білдім.

Не білгім келеді? Неше жастан бастап жұмыс істей аламын? Еңбек шартын білгім келеді, т.б.

  • Үйге тапсырма.

Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік оқып келу.

Жұдырықтарыңызды түйіңіз: кімге сабақ қызықты болды – бас бармақты көрсетеміз, кім осы бүгін алған біліміміз өмірде қажет деп тапса, балаң үйректі көрсетеміз, кім жақсы еңбектенсе – ортан теректі қосамыз, кім топта жұмыс істеуге көмектессе – шылдыр шүмек көрсетеміз, кімге сабақ ұнаса – кішкентай бөбек көрсетеміз.

Баршаңызға жұмыстарыңыз үшін рахмет!



Каталог: uploads -> doc -> 1350
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1350 -> Қазақ тілі 2 «А» сынып 2 сынып
1350 -> Сабақ жоспары №20 Пәні: Дәнекерлеуші сантехниктің арнайы технологиясы Сабақ тақырыбы: Пісіру жабдықтары
1350 -> Бұйрықты сөйлемдердің баяндауыштары етістіктің бұйрық және қалау райлары арқылы жасалады
1350 -> Сабақтың тақырыбы: Еуразияның зерттелу тарихы. Сабақтың мақсаты: Білімділік
1350 -> Сабақтың тақырыбы Негізгі мақсаттары Күтілетін нәтиже Оқытуда қолданатын белсенді әдіс-тәсілдері
1350 -> Павлодар облысы Екібастұз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет