Сабақтың тақырыбы Оттектің аллотропиясы. Озон және озонның жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы. Мақсаты



Дата18.02.2017
өлшемі43,74 Kb.
#9924
түріСабақ

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы

№41 жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп – лицейінің

химия және биология пәнінің мұғалімі

Мукатаева Лиза Сансызбаевна



Сыныбы 8 ә

17.01.2014ж.

Сабақтың тақырыбы


Оттектің аллотропиясы. Озон және озонның жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы.

Мақсаты



Оттектің аллотропиясын түсіндіру. Озон қабаты туралы түсінік қалыптастыру. Озон қабатының жердегі тіршілік үшін маңызы туралы түсіндіру.

Күтілетін нәтижелер



А.Оттектің аллотропиясы озон екенін біледі.

Б.Озон қабатының маңызын айта алады.

В. Озон қабатының тіршілік үшін маңызын жан- жақты салыстыру арқылы талдайды..


Керекті жабдықтар



Электрондық оқулық, оқулық әдістемелік әдебиеттер, интернет желісі, есептер мен жаттығулар жинағы, дидактикалық тапсырма, периодтық кесте.

Қолданылатын әдіс- тәсілдер

Визуалды оқыту «Серпілген сауал»» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау, «Жұлдызша беру» арқылы бағалау, зерттеушілік әңгіме, «Еркін талқылау» әдісі арқылы жаңа сабақты түсіну. 2 жұлдыз, 1 ұсыныс айту. «Бейнекөрініс» арқылы сабақты қорытындылау, «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау. Кері байланыс Алма ағашына өз көңіл – күйлері жазылған стикерді жапсырады.

Тапсырмалар

№ 2 Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру және №3 оқушылардың сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету.

Сабақ барысы:


Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

1.Ұйымдастыру
2. Топтарға бөлу:

3.Өткен сабақты «Серпілген сауал» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Оқушыларға доп лақтыру арқылы сұрақтар қойылады.


1.Сабаққа әзірлеу
2. Топпен бірлесе топ ережесін еске түсіреді

I топ - салмақты

II топ - сабырлы

III топ - сыпайы

IV топ - сүйкімді

Бірінші сұрақты мұғалім бастап қояды:



  1. Оттегінің латынша атауы? Қандай мағынаны білдіреді?

  2. Оттегінің периодтық жүйедегі орны?

  3. Оттегін өнеркәсіпте алу жолы?

  4. Оттегін зертханада алу жолдары?

  5. Оттегінің физикалық қасиеті?

  6. Оттегінің химиялық қасиеті?

  7. Оксид дегеніміз не? Мысал келтір.

  8. Оттегіні анықтаған ғалымдар?

  9. Термохимиялық теңдеулер дегеніміз не?

  10. Экзотермиялық теңдеу дегеніміз не?

  11. Эндотермиялық теңдеу дегеніміз не?

  12. Катализатор дегеніміз не?

«Жұлдызша» арқылы бағалайды.Топ басшысы бағалайды.

Тұсаукесер

АКТ-ны пайдалану арқылы «Озон қабатын қорғайық» бейнекөрінісін көрсету арқылы жаңа сабаққа қызығушылығын ояту.

Сабақтың тақырыбы: Озон және озон қабатының жердегі тіршілік үшін маңызы.



Оқушылар дәптерлеріне тақырыпты

жазып алады.



Негізгі бөлім

Жаңа тақырыппен жұмыс.

«Еркін талқылау» әдісімен жүргіземін.

1-топ Оттегі мен озоның айырмашылығы.

2-топ Озон қабаты туралы түсінік.

3-топ Озон тесігі.

4-топ Озон қабатын қорғау.

Жаңа сабақ материалын дәптерге жазғызу.

Постер шығарады.Әр топтан бір оқушы шығып қорғайды. Бағалау критериі арқылы топ сарапшылары бағалайды.

Жаңа сабақ материалын дәптерге жазғызамын.

Бекіту: Сұрақтар қойылады.


Жаңа тақырыппен жұмыс .

Топта ішінде талқылайды.

Керекті мәліметтерді дәптеріне жазып алып отырады.
2 жұлдыз, 1 ұсыныс айтады.

1 топ – жұлдыз 2 топ – жұлдыз

3 топ - ұсыныс

Осылай кезектесіп отырады.




Қорытынды

Бейнекөріністі интерактивті тақтадан көрсету арқылы, сабақты қорытындылау.

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

Кері рефлексия парағын толтыру.

«Алма ағашы» арқылы көңіл-күйін білдіреді.

Үйге тапсырма: озонды оқып келу.




Алған білімдерін пайдаланады, сараптайды, топпен ақылдасады, сыни ойлайды.

Оқушылар бүгінгі өткен тақырыпқа түсінгендерін бағдаршам түстері арқылы көрсетеді.

Қызыл – түсінген жоқпын.

Сары – жартылай түсіндім.

Жасыл – түсіндім.

Алманың суретіне сабақ соңындағы көңіл-күйін жазып «Алма ағашына» іледі.

Оқушылар бағаларын қойғызады.

Үй тапсырмасын жазып алады.






Каталог: docs -> kopilka -> chemicals
kopilka -> «Үш тілдің еліне саяхат» (Мектепке дейінгі ұйымның ересек топтарымен ұйымдастырылған оқу іс-әрекет)
kopilka -> Сыныбы: 7 а, б, в уақыты
kopilka -> Сабақ тақырыбы: Арифметикалық прогрессияның алқашқы n мүшесініңформуласы. Жалпы мақсат
chemicals -> Металдар және оның құймаларының жемірілуі қоршаған ортаның ластануының нәтижесі. Жемірілуді болдырмау шаралары
kopilka -> Пәні: Қазақстан тарихы Тақырыбы: Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы. Мақсаты
kopilka -> №37 жоббм бастауыш сынып мұғалімі
kopilka -> Сабақ № Сабақ тақырыбы «Жарық құбылыстары тарауын қайталау» сабағы. Жалпы мақсаты
kopilka -> Сабақ Тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуге есептер шығару
chemicals -> Сабақтың тақырыбы Хлордың периодтық жүйедегі орыны. Табиғатта таралуы және қасиеттері Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет