Сабақтың тақырыбы: ОҚушыларғА ҚазақТЫҢ Қолданбалы қОЛӨнерінің негіздерін жаңа технология үрдісінде әсемдей білуге үйрету



Дата21.03.2017
өлшемі93,58 Kb.
#12038
түріСабақ
Тоқмырзаева Мария Сарсеновна, Абай атындағы жалпы орта мектептің технология пәні мұғалімі,

Бәйдібек ауданы.


Сабақтың тақырыбы: ОҚУШЫЛАРҒА ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛДАНБАЛЫ

ҚОЛӨНЕРІНІҢ НЕГІЗДЕРІН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ

ҮРДІСІНДЕ ӘСЕМДЕЙ БІЛУГЕ ҮЙРЕТУ

Қазіргі өмір талабы – оқу тәрбие процесін түбегейлі өзгерту. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыра отырып сапалы, әдепті ұрпақ тәрбиелеу. технология сабағында іс жүзінде нақты жұмыс жүргізілетіндіктен, оны меңгеру үшін ерінбей еңбек ететіндей төзімді және жинақы болу керек.Ал бұл көп оқушының шамасы келе беретін қасиет емес.

Бүгінгі жастарға оқу міндет,

Тек қана оқуменен өнер білмек.

Өнер-білім,адалдық,ар-намысты,

Жоятын надандық қой,жаман індет.

Бар қиынды тек қана ғылым жеңбек,

Оқыса басқа елдердей қатарға енбек.

Егерде мал керек болса,қолөнер үйренбек керек.

деп Абай атамыз жырлаған.

Сондықтан оқушының қызығушылығын арттырып, Сабақты түрлендіріп өткізуге ұмтыламын. Ең басты мақсат – қыздардың сабақ үстінде шет қалмауы, берілген тапсырмамен айналысып отыруын қадағалаймын. Технология пәнінде оқушы қыздардың икемділігі, биязы болып, өз ойын дәл дәйекті етіп, айқын көрсетуін талап етемін.

Технология пәнінен оқушының білімін көтерудің ең басты шарты оның пәнге деген қызығушылығын арттыру деп білем. Пәнге деген қызығушылық болса ғана, бала оған көңіл қойып, үйреніп, тереңдете оқып шыңдалады. Менің оқытудағы әдісім қыздарды өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу және үйрету.

Сондықтан да әрбір сабақта кәсіпке оқыту әрбір оқытушының өмірі үшін өте қажет деп санаймын. Өйткені талаптанған бала әр қашан өз мақсатына жетеді.

Сабақ барысында қыздарды тігінге үйретудегі мақсатым – халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық өнерлермен оқушыларды жеке таныстырып, үйрету болатын.

Сабақта пайдаланатын негізгі әдістерім оқушының көңіл күйіне, ынтасына, қабілетіне қарай, топпен, жеке оқушымен жұмыс істеу, ойын элементтерін жиі пайдалану.

Егемендігімізді алып, мәртебеміз асқақтап жатқан шақта бала тәрбиесіне барынша алаңдау - өмір талабы.

Өйткені қоғамдық өміріміздің ертеңгі жалгасы солар дейтін болсақ, онда оларға жақсы тәрбие және де сапалы білім беруге тиіспіз.

Сапалы білім берумен қатар еңбекке де баулу, үйрету аса қажет нәрсе, жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын.Оқудың түрлі тәсілдерін пайдалана отырып, жеке тапсырмаларды, әсіресе, шығармашылық жоба бойынша өз көмегіммен оқушының ойлау қабілетін арттыруға көп көңіл бөлемін.

Мұндай жағдайда қыздар өзіне тиісті жұмыстан басқа да өзінің танымдық қызметін, ғылыми ойлау санасын, шығармашылық қабілетін жетілдіріп отырады.

Технология пәнін оқытуда еңбек етудің алғы шарттарын үйрету арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Еңбек тәрбиесі барлық тәрбиенің қайнар көзі:тамақты пісіру, киімді пішу, тігу, тоқу, қолөнер шеберлігін меңгеру арқылы ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелей аламыз. Жаңа технология жүйесінде модульдік оқыту және іскерлік ойыны арқылы оқытудың да маңызы зор. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығуын арттырады, өмірге кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.

Ұлттық қолданбалы қолөнерді тәрбие құралы ретінде пайдалана білу барысында, халқымыздың үлгі-өнегесі, салт-дәстүрін ұрпақ санасына сіңіруде үлгі боларлықтай педагогикалық іскерлік, шеберлік, шығармашылықпенен еңбек ету қажет.

Ұлттық тәрбие үнемі білім берушілік негізде жүріп отыруы тиіс. Сондықтан, мектептегі технология пәні бағдарламасының мазмұны мынадай міндеттерді шешуі керек:



  • халықтың қолданбалы қолөнер туралы түсінікті қалыптастыру;

  • халықтық қолданбалы қолөнеріне, ұлттың мәдениетіне оқушылардың сүіспеншілігін ояту;

  • ұлттық қолданбалы қолөнер шеберлерінің еңбегімен таныстыру;

  • күнделікті тұрмыста қолданатын қарапайым ұлттық нақышта орындалған бұйымдарды жасауды үйрету, тағы сол сияқты.

Жүргізілген тәжірибе жұмыстары барысында төмендегідей әдіс, тәсілдер қолданылады:

  • арнайы жабдықталған көрмелерге, мұражайларға саяхат жасау;

  • дәстүрлі халықтық қолданбалы қолөнер туындылары жайында әңгіме өткізу;

  • оқушылардың көркемдік шығармашылық жұмыстарын талдау, қорытындылау.

Тәжірибелік және бақылау топтарындағы оқушылардың дәстүрлі қолданбалы қолөнер туралы түсінігін және қалыптасқан ұлттық тағам деңгейлерін байқауға арналған тәжірибе қорытындыларын зерделей отырып, мынадай мәселелерді анықтадым.



  1. Мектептегі сабақта, оқушы тәрбиесінде халықтық мұра, қолданбалы қолөнер туралы және олардың кейбір көп тараған түрлері туралы ғана мағлұматтар берумен шектеліп келген.

  2. Оқушылардың қабылдау, сезіну, ұлттық, танымдық, деңгейлеріне сәйкес адам өміріндегі халықтық мұра қолданбалы қолөнер туындыларының сәндік мәнері, маңызы туралы түсініктерді қалыптастыруға, ұлттық тәрбие құралы ретінде қолдануға мән берілмеген.

  3. Еңбекке баулу, технология сабақтарында ұлттық қолданбалы қолөнер бұйымдарының үлгілерін көрсету, ою-өрнекткрді әшекейлеуге пайдалану сияқты сыңаржақ іс-әрекеттер деңгейінде ғана жүргізіліп келген. Ал, халықтық дәстүрлі қолданбалы қолөнердің ұлттық мәнін біртұтас қабылдау, сезіну, пайымдау, сол арқылы ұлттық талғамды қалыптастыруға мүмкіндік беретін іс-әрекеттер ойластырылмаған.

Оқушыларға технология сабақтарында ұлттық тәрбие беруге ықпал ететін мынадай мәселелерге баса көңіл бөлінуі қажет:



  • оқушылардың халықтық қолданбалы қолөнер түрлері, ерекшеліктері туралы түсініктері мен қабылдау іс - әрекеттерін ұтымды ұйымдастыра отырып, қалыптастыру;

  • олардың ұлттық, танымдық түйсіну мүмкіндіктерін ескере отырып, ұлттық қолданбалы қолөнерге қызығуын қалыптастыру;

  • оқушылардық даму ерекшелігін ескере отырып, ұлттық талғампаздық өрісінің кеңеюіне ықпал ету;

  • қазақтың көркемөнер шеберлері жасаған үлгілерін көрсетіп, әңгімелесу, оның мазмұнын қабылдай білуге баулу, үнемі назарда ұсталып, нақты тақырыптар беру;

  • сабақ барысында ауыз әдебиеті үлгілерін, мақал-мәтелдерді де пайдаланып отыру;

  • қабылдау сабақтарында оқушыларға таныстыруға пайдаланылған қолданбалы қолөнер бұйымдарының ұлттық тәрбие беруге ықпал ету мүмкіндігін тексеру.

Бала біздің болашағымыз, бала бүгінгі оқушы, ертеңгі білімді маман. Сондықтан жастарға тиянақты білім беру пән мұғалімдеріне жүктелері сөзсіз. Біз технология пәні арқылы оқушыларды жан – жақты толыққанды жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін еңбек етудеміз. Оқушы тек қана теориялық білім алып қоймай, практикалық, өндірістік міндеттерді, жобалай білуді, шешім қабылдауды, жеке шығармашылық жұмыстарды орындай білуі шарт. Оқушылар сонымен бір мезгілде түрлі материалдарды өңдеу технологиясын және өңдеу әдістерін игереді. Осы қабілеттер мен біліктер баланың жас кезінен қалыптасып, оқу және еңбек әрекеттерін орындау кезеңдерінде әрі қарай дамуы керек.

Қолданбалы қолөнер түрлі ұлттық халықтары сияқты қазақ еліне де тегіс тараған өнер. Әр ұлттың өрнегінің өзіне тән ерекшеліктері болып қай мемлекеттің аймағында болмасын өз халқының ою-өрнегін, өнерін біледі. Сәндік қолданбалы қолөнері тек ою-өрнек емес, олар математикалық ойдың, есептің, бұрышта өлшемдерінің сабақтастығының қосындысы, жан-жақты тәрбие құрады.

Халық қолөнерін игеру – оқушыны еңбексүйгіштікке, әсемдікке талаптандырып, халқының тарихын біліп мәдени мұрасын қадірлеп дәстүрін жалғастыра білуге баулиды.

Технология мұғалімінің басты мақсаты – оқушыларды еңбек ету мәдениетіне тәрбиелей отырып, функционалдық салауаттылығын қалыптастыру.


Технология пәнін оқытуда еңбек етудің алғы шарттарын үйрену арқылы оқушыны жеке тұлға ретіндн тәрбиелеу мақсаты көзделеді .Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жүктейді .Жас ұрпақты қоғамдық өмірге,отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретін туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді, Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Негізгі масатымыз Қазақстанның әлемнің елу дамыған елдерінің қатарына енуі» делінген Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру өрісі қажет.

Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішіп тігу, көркемдеу қол өнер меңгеру арқылы жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеуді басшылыққа ала отырып жұмысты жүргіземіз .Оқушылар әр түрлі тігілген бұйымдарды зерттей отырып, баға берумен келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық,ұлттық, этикалық және т.б бағалы қасиеттерін өз бойына қалыптастырады . Еңбек сабағында оқушылардың іске икемділігі мен іскерлігіне, өнерге шеберлікке деген биімділігін дамыта отырып қалыптастырамыз .Оқушылар отбасында да тұрмыстың әр түрлі еңбегіне қатысады. Баланың бойындағы сапалық қасиеттерді еңбекке қызығушылығын, табиғатты қорғаы. Ұқыптылығы арқылы еңбек адамын көру .Қазіргі кезде білім беру кеңістігінде иновациялық үрдістердін бағытарының бірі мектепке бағдарлау болып табылады

Оқушылардын қызығушылықтары қабілетері толық ескеріліп сол қажеттіліке сай тиімді жағдаилар жасалып білім беріледі

Технология пәні география, беинелеу өнері,тарих ,музика пәндерімен тығыз баиланысты

Электронды кәсіптік бағдарлау жүиесі кәзіргі заманға сай ақпараттық коммуникациялық технология негізінде жасалып оқушының өзіне қажетті мамандықты тандап оның ерекшеліктері жөнінде тұтас ақпаратты ұсына отырып өз мүмкіндігі бойынша қалаған мамандығын анықтауға өмектеседі

Оқыту мәселесін бастамас бұрын ,жас ұрпақтты ұлттық рухта тәрбиелеуге ерекше мән беру қажет

Адам өмірі үшін аса қажетті,әрі өмір бойы тоқтаусыз білім беретін пән «Енбекке баулу» бүгінгі Технология пәні үнемі жетілдіруде

Технология пәні әр дайым жетілу үстінде

Сабақты жоспарға негіздеп, жаңашыл әдістерімен жүргізу тиімді.

Жанашыл әдістерді қолдану жана технологияны менгерту

Қажеттіліке сай тиімді жағдайлар жасалып білім беріледі жан жақты тәсілмен өте алсақ білімді ұрпақ тәрбиелеи аламыз деп сенеміз

Технология пәнін оқытуда мұғалімдер алдында қыруар жұмыс күтіп тұр, десекте, сабақты білімділікке құра отырып, оқу - тәрбие жұмысын ұлттық негізде үйреткен жөн.Әр мектепте өзінің тәрбие жүйесі бар Өзінің бағыт бағдары бар Ол үшін біз,ұстаздар қауымы оқушыларға салт-дәстүрлерді үйретіп қана қоймай,олардың тәрбиелік түп-тамырын мәнін,алтын діңгегін түсіндіре білуіміз керек.Ұлттық тәлім тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай білу мұғалімдердің ата аналармен қосылып жүргізген шараларына байланысты болмақ.Өйткені бірінші ұлттық тәрбиенің ошағы-отбасында,екінші-мектепте болғандықтан, ата ана мен мектеп,яғни мұғалімдермен жұртшылық тығыз байланыста болуы шартты нәрсе.

Ұлттық тәрбие-біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз.Ал мұндай мәселелерді зерттеп,көпшіліктің ой пікірлерін қауым елге жеткізетін негізгі құрал-бұқаралық ақпарат құралдары екені даусыз.Ата –бабаларымыздың сан ғасырлар боиы ұрпағына азық болған ақыл-кеңес өсиеттері,асыл мұрасы ұлттық рух, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ана тілімен ұлттық мәдениетің қалыптастыру сезімін ояту баршамыздың парызымыз.Сонда ғана ұлттық сана сезімі толыққанды жетілген,туған тілін еркін білетін,ұлттық сипатымен ұлттық рухын жоғалтпаған ұрпақ тәрбиелеи аламыз. Өз ұлтын, туған жерін, салт-дәстүрін, экономикасын, әлеуметтік жағдайын, тілін, дінін, мәдениетті жақсы білген оқушы ұлттық өнер мен білімді ұштастыра біледі.қәзіргі кезде ұлттыққолөнерді жас ұрпақтың боиына дарытатың үирететің мектептерде жүргізілетін технология пәні.Олаи болса «Ата көрген оқ жонар ана көрген тон пішер»деген қалық даналығын басшылыққа алып, жас ұрпақты тәрбиелеуде,балаға эстетикалық білім беруде ғасырлар боиы қалыптасқан тәрбие құралын орнымен паидалану бүгінгі күн үшін ерекше манызды технология сабағында оқушыларды енбекке,өнерге баулу арқылы кәсіптік бағдар берудін алғашқы қадамдары жасалады. Ұлттық салт дәстүрімізді одан әрі дамыту үшін көбірек біліп көп үиренуіміз керек Бір күндігімізді оиламай ертенімізді де ойлап кеиінгі өсіп келе жатқан жеткіншектерімізге қазақтың салт дәстүрлерінің ерекшеліктерін түсіндіре отырып ұлттық өнерімізге қызықтыра білуіміз керек.Қолөнер қоғам өміріндегі енбектің өнердің рөлің түсініп өнер адамдарына деген құрметке тәрбиелеиді

Қолөнер жастарды қоғамдық пайдалы өнімді енбекке тәрбиелейді

Қорыта айтқанда сабақты жоспарға негізделіп жанашыл әдістермен жүргіу тиімді



Болашақ бүгіннен басталатынын ұмытпағанымыз жөн! Оған заман талабына байланысты технологиялық әдістерді пайдаланып, қызықты және жан – жақты тәсілмен өткізе алсақ, болашақ ұрпақтың білімді болатынына сенімдімін.
Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Діннің қоғамдағы ролі»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері Сабақ тақырыбы
sabaktar -> Жайна ахмет асқарқызы М. Маметова атындағы жалпы орта мектебінің тәлімгері. Созақ ауданы Бабата ауылы Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік жыр»
sabaktar -> Сабақтың эпиграфы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Өзіңсің поэзия Пайғамбары
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет