Сабақтың тақырыбы: «Өзін-өзі тану пәнінде қолданылатын әдіс-тәсілдер»



Дата18.03.2017
өлшемі248,04 Kb.
#12017
түріСабақ
ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

Ирискулов Абдисаттар Усарқулұлы №100 жалпы орта мектебіның өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы                              



 

Сабақтың тақырыбы:   «Өзін-өзі тану пәнінде қолданылатын әдіс-тәсілдер»

Сабақтың мақсаты:                     

  1. Білімділік: студенттердің өзін — өзі тану пәнінде қолданылатын әдіс — тәсілдері туралы білімдерін кеңейту, теориялық білімді практика барысында қолдану.

  2. Дамытушылық: студенттердің сабақ өткізу әдіс-тәсілдерін, дағдыларын меңгерту, ойлау, қиялдау, өз еркімен білімс алу қабілетін және оқыту процесінде өз еркімен шығармашылық жұмыспен айналысуын ойлау қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелілік: болашақ мамандығына қызығушылықтарын арттырып, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға, шығармашылыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бекіту сабақ

Сабақ технологиясы: сыни тұрғыдан оқыту, дамыта оқыту.                         Сабақ әдіс-тәсілдері :түсіндіру, слайд қолдану, әңгемелеу, сұрақ-жауап.        Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,  cуреттер, слайд, әсем әуен.      Пәнаралық байланыс: педагогика,қазақ әдебиеті, психология.

Сабақтың барысы:

Шығармашыл мұғалім ғана шығармашыл оқушыларды тәрбиелеп шығарады, жеке тұлғалы ұстаз ғана жеке тұлғаны қалыптастырады. Мәселе нені оқытуда емес, қалай оқытуда…         

                       (Шығыс даналығынан)

Ұйымдастыру кезеңі

«Даналық  ағашы» арқылы  студенттерді топтарға бөлу. Сабақ ұстанымдарымен таныстыру.

Сабақ  ұстанымдары:

1.Ашық болу.

2.Бір-біріміздің сөзімізді бөлмеу.

3.Белсенді болу.

4.Сабақтан ой түйіп , қажетін алу.

Бүгінгі сабақтың  IV бөлімнен тұратындығымен таныстыру.





 



Жаңа сабақ. Өзін — өзі тану сабағында қолданылатын әдіс-тәсілдер

1 бөлім: Қайталау — білімнің шыңы

Тірек сызбамен жұмыс



2 бөлім: «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі

(Студенттер практика жүзінде тапсырмаларды орындайды)

1 топ – Мәтінмен жұмыс

2 топ – Ойын, жаттығу

3 топ – Жүректен-жүрекке

Тапсырма: топтық жұмыс (постер қорғау)

Үш топ практика барысында қолданған әдіс — тәсілдерді көрсетеді.



Тыныштық сәті — релаксация   «Теңізге саяхат»

(Теңіз толқындарының , шағаланың дыбыстары  үнтаспадан естіледі.)



   — Студенттер ыңғайланып отырып, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалып, денеңізді бос ұстаңыз. Өзіңізді  Каспий теңізінің жағалауында тұрмын деп елестетіңіз және алысқа көз жіберіңіз. Қасымызда жанымызға жақын, өзіміз жақсы көретін адал, сенімді досыңыз бар. Екеуіңіз мәз мейрам, еш уайым –қайғысыз күліп — ойнап, теңіз жағалауында  жүрсіз.

Теңіз толқындарының шуылдаған дыбысы, теңізді өз мекеніне айналдырған шағаланың дыбысы құлаққа жағымды естіледі. Теңіздің салқын желі бетіңізге еседі. Сіз досыңызбен бірге теңіздің әсемдігіне, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің ауасын жұтып тұрсыз.

Жаныңыздағы досыңызға ішкі сырларыңызды, көңіл — күйлеріңізді, жабырқаған сәттеріңізді  айтып, сыр тарқатып отырсыздар.  Ішіңіз бір жеңілдеп, жақсы сезімге бөлендіңіз. Жаныңызда сенімді, адал досыңыздың болғанына қатты  қуаныштысыз .Сіз  өзіңіздің сенімді досыңызға қарап, іштей өз алғысыңызды білдірдіңіз.

Ал енді, сіздің оралатын уақытыңыз болды. Көздеріңізді асықпай ашыңыз!

Қандай сезімге бөлендіңіз?  Не сезінгендеріңізді бөліссеңдер де болады.

3 бөлім: Білегіңе сенбе,

           Біліміңе сен. Шығармашылық жұмыс

Үш топ студенттері практика барысында қолданған шығармашылық жұмыс түрлерін көрсетеді.



4 бөлім: «Білгір болсаң шешіп көр,

            Тапқыр болсаң тауып көр!» Жағдаяттарды  шешу.

 Жағдаят 1

Мектепке жас маман қызметке келді. Ол оқушыларды жинап алып құпия түрде былай деді: «Сіздер чемоданда ойнай аласыздар ма? – Балалар түсінбей бір-біріне қарады. Балалар, барлығын таң қалдырып ағаш қасыққа дейін ойнатып, оркестр құрсақ қайтеді. Бірінші концертіміз жаңа жыл кешіне арналады. Бірінші дайындық ертең сабақтан кейін болады. Бірақ ешкімге ештеңе білдірмейміз». Бұл құрылған шулы оркестр мектеп өміріне үлкен өзгеріс алып келді. Олардың концертеріне балалар даппай келе бастады. Ол ұстаз балалардың сенімді досына айналды. Ол кіші мектеп оқушыларына арнап қуыршақ театрін ашты. Жоғары сынып оқушыларымен жорықтарға барып, таңды қарсы алып құстардың сайрағанын бірге тыңдады.

Бұл мұғалім балаларды қалай таң қалдыра алды?

Тіпті ынта-жігерсіз балалардың да белсенділер қатарына қосылу себебі неде?

Мұғалімнің мұндай табысы немен байланысты деп ойлайсыңдар?

Жағдаят 2

Сыныпқа жаңа оқу жылында бес оқушы жаңадан келді. Олар сабақтан біресе кешігіп, біресе келмей қалып өздерінің тәртіптерінің қандай екенін байқата бастады. Сынып жетекшісі әрқайсысымен жеке — жеке сөйлесіп, сыныптағы тәртіптің қаталдығын ескертті. Бірақ бұл шара нәтижелі болмады. Сондықтан сынып жетекшісі сыныптағы белсенділер тобына сүйеніп, бірнеше жиналыстар жүргізді. Белсенділер бірауыздан олармен жұмыс жасауға кірісіп, әрқайсысын қадағалауға алды. Ал басқа сыныпта жетекші басқаша бағыт ұстап тәртіп бұзушыларды күнімен тәртіпке салуға тырысыты. 3 жылға жетекшілік қызметінде барлық істі өзі шешті. Тәртіп бұзғандар туралы шағымданса, өзі шешуге кірісті. Балалар өз жайында қалды. Тәртіп бұзушылар саны күннен күнге көбейе бастады. Сынып жетекшінің тәртіп бұзушыларға шара қабылдауға  уақыты жетпеді. Ол мұндай оқушылармен жұмыс жасау мүмкін емес дей берді.

Екі сынып жетекшісінің ұжыммен істеген жұмысын салыстырыңдар, сен өз тәжірибеңде қайсысын қолданар едің?

Жағдаят 3

10 сынып оқушылары бақылау жұмысын жазу үстінде еді. Екі дос қатар отыратын. Біреуі физикаға нашар, ол өзінің шығарып жатқан есебін қоя тұрып, досының шығарған есебінің жауабын көшіріп алды. Келесі күні мұғалім «Қайсың өз нұсқаларыңды жазбадыңдар?» деп сұрады. Сұрақ нақыт қойылған жоқ.» Мен өз нұсқамды жаздым,» — деді көшіріп алған бала. Онда мен саған «5» қоямын да, көшіргенге «2» қоямын, — деді мұғалім. Алайда оның бұл тәсілі ешқандай нәтиже бермеді. Оқушылардың кейбіреуі күлді, біреулері иығын қозғады да қойды. Сынып ұжымының ішкі құрылысы туралы не айтуға болады. Сынып жетекшісі мұндай жағдайда қандай тәсілдер қолдану керек?.



Қорытындылау.

Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс. Ы.Алтынсарин



    Білемін

Не білдім?

Білгім келеді?










Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан студенттерді жүрекшемен (стикермен) бағалау.



Үй тапсырмасы

Белгілі бір тақырыпқа өзін — өзі тану пәнінің әдіс — тәсілдерін пайдалана отырып, сабақ  жоспарын құру.



Пайдаланған әдебиеттер:

1.Педагогика. — Ш.Құрманалина, Б.Мұқанова, Ә.Ғалымова, Р.Ильясова. Астана-2010.

2.Аханова Б. Шығармашылық тұлға қалыптастыру//Сыныптағы тәрбие.-№1

3.Есенбаева Р. Өзін-өзі тану пәні мен халық педагогикасының сабақтастығы//Өзін-өзі тану журналы.-2013.-№2



4.Қ.Жарықбаев «Психология», Алматы, «Білім», 1993ж.

5.Қ.С.Жұмасова «Психология», Астана, «Фолиант», 2006.
Каталог: uploads -> doc -> 023a
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
023a -> Сабақтың тақырыбы: "Виет теоремасы"
023a -> «Әлем таныған Әуезов»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет