Сабақтың тақырыбы: «Пейзаж»(акварель). Табиғаттың қозғалыстағы күйі. Пән: Бейнелеу өнері Күні



Дата23.05.2017
өлшемі76.11 Kb.
түріСабақ
Сабақ жоспары:

Сабақтың тақырыбы:

«Пейзаж»(акварель). Табиғаттың қозғалыстағы күйі.



Пән: Бейнелеу өнері

Күні:

Сынып: 4

Уақыты: 45 минут

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Пейзаж жайлы қысқаша

мағлұмат беру.

ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,

оқушы санасына терең сіңіру.

б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оларды тазалыққа,

ұқыптылыққа үйрету.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Дидактикалық материал, альбом кітаптар, плакаттар.

Сабақтың өту барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Пейзаж жанры жайлы оқушыларға түсіндіремін. Пейзаж – француз сөзі, ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Еуропада дамыған. Пейзаж қайсыбір жерлерді жай ғана айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Пейзаж өнері де әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез-құлқын айнытпай беруге тырысады.

Пейзаж жеке жанр ретінде портреттен анағұрлым кешірек қалыптасты. Алайда алғашқы адамдардың жартастарға салған өрнектерінен олардың тірі табиғат элементтерін бейнелеудегі алғаш
талпыныстарын байқауға болады. Белгісіз суретшілер балықтары бар өзенді, кұстар қалықтаған аспанды, жағалаудағы ағаштарды бейнелеген. Бірақ жартастардас суреттердің бәрі схемалы түрде болды. Біртіндеп пейзаж нақтылана түседі. Ол жеке-дара қалыптаспаса да, мысалы, Египет мазарлы қабырғаларындағы сурет сияқты әдемі фон болып қала берді. Біздің заманымызға дейінгі XV ғасырда Фива мазары қабырғалары белгісіз суретшінің табиғат көрінісін қалай бейнелегеніне қарашы. Көне Римде үй қабырғалары суреттермен әшекейленген. Қабырғалардағы суреттер құдайлар мен батырлардың ерлік істерінен хабар береді. Кейде бұл қойылымдардың фоны ретінде табиғат көріністері алынған. Танымал жеке пейзаждардың алғашқыларын біздің заманымыздың бірінші ғасырына жатқызады. Ол көне римдік Стабия қаласына қазба жұмыстарын жүргізу кезінде табылған. Теңіз порты бейнеленген пейзаж бай үйлердің бірінің қабырғасына көрік берген екен.

Еуропаның ертедегі суретшілері пейзажды тек орта ғасырда ғана өз шығармаларына енгізген. Бірақ оларда сызықтық перспектива болмаған. Керісінше, көбінесе алыстағы заттар алдыңғы қатардағылардан үлкен етіп бейнеленген. Ертедегі суретшілердің бұл тәсілі - кері перспектива деген атқа ие болған. Оны Шығыс шеберлерінің еңбектерінен де байқауға болады. Алайда XVI ғасырдан бастап пейзажға деген көзқарас өзгере бастады. Еуропа суретшілері бұл кезде перспектива заңдарын біраз меңгерді. Олар пейзаждағы жарықтың рөлін мұқият зерттеуге кірісті. Картиналарда жарық пен көлеңке пайда бола бастады. XVII ғасырдың аяғында пейзаж жеке жанрға айналды. Бірақ алғашқы пейзажшы-суретшілер әлі де өз шығармаларын ашық аспан аясында - пленэрде жазбады. Олар табиғат аясында қарындашпен долбар суреттер салып алып, артынан студияда жұмыстарын бояумен аяқтаған.Бұл тәсілмен орындалған жұмыстарда түстер палитрасы табиғаттағы бояулар мен жарықтың құбылуын дәл көрсете алған. Олар тек заттың өзіне тән түсін ғана бере білді. Мысалы,жасыл, аспан көк, бұлттар ақ түсті. Бұған таңғалатын ештеңе жоқ, өйткені пейзаждағы түстер натураға қарап емес, қағазға есте сақтау бойынша түсірілген болатын. Ал франңуз суретшісі Клод Лоррен белгілі бір мезгілге тән түстік байланыстарды көрсететін табиғатты бейнелеп, «Тәуліктің төрт мезгілі» және «Жылдың төрт мезгілі» деген атпен пейзаж циклдерін салды.



XVIII ғасырдың 30-жылдарында Теодор Руссо, Жан Франсуа Милле, Жюль Дюпре, Шарль Добиньи және тағы бірқатар француз суретшілері кішкене Барбизон деревнясында шығармашылық жұмыстарын бастау үшін топ болып бірікті. Кейінірек оларды барбизоншылар деп атаған. Олардың еңбектері пейзаж жанры өнерінде өшпестей із қалдырды.



Үйге тапсырма беру: Белгілі қазақ суретшілерінің пейзаж жанрында салынған шығармаларына талдау жасау.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет