Сабақтың тақырыбы: Программалау тілдері. Turbo Pascal программалау тілі



Дата15.09.2017
өлшемі91,1 Kb.
#32892
Сабақтың тақырыбы: Программалау тілдері.Turbo Pascal программалау тілі.
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:
А) проблеманы шешу Әртүрлі өмірлік жағдайларда алгоритмдерді қолдана білуге дағдыландыру.
Ә) ақпараттық Программалау тілдері, Паскаль тілі, алфавиті туралы ақпарат беру.
Б) коммуникативтік Пікірталасқа қатысу, өз ойын ашық айта білуге, өзінің және өзгенің әрекетін бағалау мен талдау.
Сабақтың типі: Аралас
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: АКТ: интерактивтік, желілік, компьютерлік технологиялар
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, машықтану
Пәнаралық байланыс: Ағылшын тілі, геометрия, бейнелеу өнері, математика, информатика
Оқыту құралдары: Аппараттық: компьютер, интерактивтік тақта, активті қалам
Программалық: Turbo Pascal программалау тілі, EasyQuizy автоматтандырылған тестілеу жүйесі

Сабақтың барысы: Оқытушының қызметі Студенттің қызметі Күтілетін нәтиже


І. Ұйымдастыру бөлімі
(2 минут)
а) Амандасу
ә) Сабаққа дайындықтарын тексеру
Оқытушымен амандасу.
Оқулықтар мен жұмыс дәптерлерін және қажетті құрал-жабдықтарды дайындау.
Сабаққа дайындалады. Оқытушының талаптарын түсінеді, орындайды.
IІ. Өткен материалды қайталау
(5 минут)
(2 – слайд)

(3 – слайд)

(4 – слайд) Интерактивтік тақтада мультимедиялық проектор көмегімен студенттерге өткен есеп шығару кезеңдерін қайталауға арналған сәйкестендіру тапсырмасын орындау.
1 – тапсырма.

2 – тапсырма. Тақтада көрсетілген суреттерге номерлерді сәйкестендіру тапсырмасын орындау.


3 – тапсырма. Тақтада көрсетілген геометриялық фигураларға алгоритм орындалуының қандай кезеңі жазылатынын анықтауға арналған тапсырма орындау.

Студенттер есеп шығару кезеңдерін еске түсіріп, берілген кезеңнің ретін жазады.

Номерлерге суреттерді сәйкестендіреді. Содан кейін арқылы алгоритмнің анықтамасын қорытып шығарады.


Геометриялық фигуларға жазылатын командаларды дұрыс жазады.

Сәйкестендіру тапсырмаларын орындау арқылы есеп шығару кезеңдерін естеріне түсіреді.

Алгоритмнің анықтамасын еске түсіру арқылы жаңа сабақты меңгеруге дайын болады.

Алгоритмнің блок – схема түрінде жазылу түрін еске түсіреді, алгоритмді блок – схема көмегімен шығаруды меңгереді.


ІII. Жаңа оқу материалын қабылдауға әзірлік Сөзжұмбақтың сұрақтар оқылады.
1. Тек бір есепке ғана емес, бір типті есептерге қолданылу қасиеті алгоритмнің қандай қасиеті?
2. Есептің құрылымы белгілі бір шарттың орындалуына немесе орындалмауына байланысты болатын алгоритмнің түрі.
3. Алгоритмді сипаттаудың графикалық тәсілі қалай аталады?
4. Үлкен алгоритмдерді кіші модульдерге бөлу мүмкіндігін беретін алгоритмнің қасиеті.
5. Фигурасына жазылатын алгоритмнің бөлігі.
6. Алгоритм ұғымы кімнің есіміне байланысты пайда болды?
7. Амалдардың бірінен кейін бірі әрекет бірнеше рет қайталанатын алгоритм қалай аталады?
8. Фигурасына жазылатын алгоритмнің бөлігі.
9. Есеп шығару барысында бір әрекет бірнеше рет қайталанатын алгоритм түрі.
10. Шектеулі қадамдарды орындағаннан кейін алгоритмнің қандай да бір нәтижеге алып келуі алгоритмнің қандай қасиеті? Сөзжұмбақ шешеді.
1. Жалпылық
2. Тармақталушы
3. Блок – схема
4. Дискреттік
5. Басы
6. Әл Хорезми
7. Сызықтық
8. Нәтижелік
9. Циклдық
10. Енгізу
Берілген сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа сабақты меңгеруге дайын болады.
ІV. Жаңа материалды түсіндіру
(15 минут)

(7 – слайд)

(11 – слайд)

(10 – слайд)

(14 – слайд) Алдымен интерактивтік тақтада Программалау тілдері, Turbo Pascal программалау тілі туралы слайдтар көрсетіледі, жаңа сабақ түсіндіріледі.
Қазіргі кезде 3500-ден жоғары әр түрлі программалау тілдері бар және осылардың ішінен шектелген саны ғана программалық бөлімді құруға жаппай қолданылады. Программалау тілдерінің саны көп болуына байланысты олардың бірнеше классификациясы бар. Оның ішінде негізгі 2 түрге: функционалдық мәніне және қолданылатын программалау технологиясына байланысты бөлінеді. Программалау тілдері функционалдық мәніне байланысты 4 үлкен классқа бөлінеді:
1. программалауға үйретуші;
2. жалпы мәнді;
3. проблемалық –бағытталған;
4. параллель программалаушы;
Қазіргі жоғарғы деңгейлі тілдерді осы классификацияға сәйкес қарастырамыз.
Программалауға үйретуші тілдер қатарына жататын жоғарғы деңгейлі тілдердің негізгілері Logo,Basic және Pascal.

Turbo Pascal – жоғарғы деңгейлі программалау жүйесі. Оның тұңғыш нұсқасын 1970 жылы швейцария физигі Никлаус Вирт ұсынған. Автор тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған француздың ұлы ғалымы Блез Паскальдің құрметіне Паскаль деп атады.

Меню командасын пайдалану үшін:
 Ctrl+F9 RUN (орындау)‏
 Аlt+F5 (нәтиже шығару)
 F2 -File/save (сақтау)
 File-Exit (ТП ортасын жабу)‏
 F3-File/Open (ашу)‏

Turbo Pascal программалау ортасын іске қосқаннан кейін экранда келесі түрдегі терезе пайда болады. Ол үш өрістен құралған:


1) негізгі меню қатары;
2) редактор терезесі;
3) қалып-күй қатары.

Жаңа тақырып аясындағы білімдерін жаңғыртып, қойылған мақсаттарға жетуге әрекеттер жасайды. Ұсынылған ақпаратты дәптерлеріне жазып алады.

Программалау тілдерінің классификациясы, Turbo Pascal программалау тілінің ерекшеліктері, терезе құрылымымен таныс болады.

Программалау тілдері 4 топқа бөлінетінін біледі.

Паскаль программалау тіліндегі программа құрылымымен танысады.

Паскаль тілінде есеп шығарғанда қолданылатын меню командаларымен танысады.

Турбо Паскаль тілінің программалау ортасымен танысады.
IҮ. Жаңа білімді бекіту
а) практикалық жұмыстар
(30 минут)
Деңгейлік тапсырмалар орындайды. Берілген есептерді Паскаль программалау тілінде бағдарламасын құрады.
1. Үш санның қосындысын есептейтін бағдарлама құрыңыз.
2. Екі санның көбейтіндісін табатын бағдарлама құрыңыз.
3. Тіктөртбұрыштың периметрін есептейтін бағдарлама құрыңыз. Практикалық жұмыстарды орындайды, түсінбегендерін сұрайды.
Туындаған проблеманы өзбетімен шеше білуге ұмтылады. Есептің шығару жолын Turbo Pascal программалау тілінде орындауды үйренеді.
ә) тест
(10 минут) Есеп шығару кезеңдері туралы білімдерін жүйелейді. Өз ойын ашық айта білуге үйренеді.

Ү. Үйге тапсырма. Үй тапсырмасын беремін. Үй тапсырмасы: 1. Шеңбердің радиусы 5см-ге тең. Шеңбердің ауданын есептейтін бағдаралама құрыңыздар.


2. Радиусы r=3,5 см болатын шеңбердің ұзындығын есептейтін бағдарлама құрыңыз. Үй тапсырмасын жазып алады.Оны орындау әдістемесін түсінеді.
Паскаль программалау тілі бойынша электрондық оқулықты қолданады, мазмұны бойынша кітаптарға бағдар жасайды, есептерді шығарады.Үй тапсырмасын орындауға қажетті ресурстарды анықтайды.
ҮI. Қорытындылау.
(4 минут)

Сабақты қорытындылаймын. Сабаққа белсене қатысып, есептерді шығарған студенттерді бағалаймын.Сау болыңыздар.

Лекция

Паскаль тiлiн 1968 - 1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып - үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің стандарты кейiнiрек бекiтiлдi, ол сол кездері кең таралған АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тiлдерiне қарағанда жетiлдiрiлген, жұмыс iстeyгe ыңғайлы тiл болды. Паскаль тiлi өзінің қарапайымдылығының және тиiмдiлiгiнің арқасында дүние жүзіне тез таралды. Қазiргi кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс iстей алады. Паскаль тiлiнде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жiберiлген қатенi тузету оңай. Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тiлiне аударылады), объектiк программаға түрлендіріледі де содан кейiн ғана орындалады. Осы сәтте компьютерде программаның екі нұсқacы болады, оның бiрiншiсi - алгоритмдiк тiлдегi алғашқы түпнұсқасы, ал екiншiсi - объектiк кодтағы жазылған программа. Есеп нәтижесін машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда, оның алгоритмдiк тiлде жазылған алғашқы нұcқacы өңделеді. Қазiргi кезде Паскаль кез келген күрдлі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды.


Паскаль тілінің негізі элементтері


Программалар белгілі бір мәселені, есепті шешуге арналған. Есеп шығару барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға шығарылатыны айтылады. Паскаль тілінде программа жеке - жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар атқарылады. Программа алдындағы азат жол немесе бос орын саны өз қалауымызша алынады. Бір қатарда бірнеше команда немесе оператор орналаса алады, олар бір - бірімен нүктелі үтір (;) арқылы ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда бір ғана оператор тұрғаны дұрыс, ол түзету жеңіл, әрі оқуға ыңғайлы. Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі. Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің сипаттау бөлімі жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеші бөліктерден тұрады, бірақ программаның күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір немесе екі ғана бөліктен тұруы мүмкін. Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі – болып табылады. Орындалатын іс - әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, бірақ атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке - жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады. ProgramBASTAU:Сипаттау бөліміbeginОператорлар бөліміend Операторлар бөлімінде командалар ретімен орналасады. Олардың кейбірі шартқа байланысты атқарылса, ал кейбір қайталанатын цикл немесе қосымша программа түрінде орындалады. Операторлар бөлімінде орнатылатын негізгі әрекеттерді қарастырайық. Деректер - сан мәндері мен мәтін түріндегі сөз тіркесін мән ретінде қабылдай алатын тұрақтылар, айнымалылар т.б. осы тәрізді құрылымдар немесе солардың адрестері. Дерек енгізу - бастапқы деректерді пернетақтадан, дискіден немесе еңгізу - шығару порттарынан еңгізу арқылы жүзеге асады. Операциялар немесе амалдар - берілген және есептелген мәндердің меншіктеу, соларды өңдеу, салыстыру операцияларын орындайды. Шартты түрде атқарьшу белгілі бір көрсетілген шарттың орындалуына байланысты, командалар жиыны атқарылады, әйтпесе олар аттап өтіледі немесе басқа командалар жиыны орындалады. Цикл - белгілі бір шарттар орындалған жағдайда көрсетілген командалар жиынын бірнеше рет қайталанып атқарылады. Қайталау саны бүтін санмен беріледі. Көмекші программа - алдын ала қандай да бір атаумен атымен атымен аталған командалар тобы. Олар программаның кез келген жерінен оның атауын көрсету арқылы шақырылып атқарыла береді. Түсініктеме - программа жолдары соңында немесе оның түйінді сөздері арасында қазақша (орысша) түсінік беретін пішінді жақшаға алынып жазылған сөз тіркесітері. Олар программа операторларының орындалуына ешқандай әсер етпейді.

Мәлімет типтері


Программада пайдаланылатын мәліметтердің немесе шамалардың мәндері Паскаль тіліндегі алдын ала келісілген типтердің біріне тән болуы тиіс. Мәліметтердің немесе шамалардың типі деп, олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиының анықтауды айтады, яғни тип дегеніміз - шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама. Мәліметтердің әр типі тек өзіне ғана сәйкес келетін операциялар жиынын орындата алады. Мысалы, 1 мен 2 мәндері бүтін сандар типіне жатады, оларды қосуға, азайтуға, көбейтуге және бөлуге болады.АJI, «ІВМ» және «РС» мәндері сөз тіркесі типіне жатады, бұларды біріктіріп жазуға ғана болады («ІВМ РС»). Қосуға, азайтуға, көбейтуге, бөлуге болмайды. Кез келген тұрақты, айнымалы функция немесе өрнек өзіне тән бір типпен ғана сипатталады. Паскаль тілінде шамалардың типін көрсету міндетті болып табылады. Сондықтан программа алдына оның сипаттау бөлімінде пайдаланылатын барлық шама атаулары және оның типтері көрсетілуі қажет. Паскаль тілінде пайдаланылатын барлық типтер скалярлық (қарапайым) және құрылымдық (структуралық) болып үлкен екі топқа бөлінеді. Скалярлық (қарапайым) типке шамалардың стандартты типі және жасанды тип (тағайындалған) жатады. Стандартты типтерге: • Бүтін - INTEGER; • Нақты - REAL; • Логикалық - BOOLEAN; • Тіркестік - (STRING); • Мәтіндік (ТЕХТ) тәрізді типтер жатады. Құрылымдық типтері жиымдар - ARRAҮ, жазбалар - RECORD, жиындар - SET және файлдар - FILE түрлеріне бөлінеді. Бұлардан өзге типтер программаның типтері сипаттау бөлігінде анықталуы қажет. Тұрақты сандардың типін олардың сыртқы пішініне қарап - ақ ажыратуға болады, ал айнымалылар мен функциялар типтері программаның сипаттау бөлімінде көрсетіледі. Ол үшін type түйінді сөзі қолданылып, жазылу пішімін былай көрсетуге болады: Туре <тип атауы> =<тип мәндері>; Логикалық шамалар екілік сандар жүйесіне сәйкес «1» және «О» деген мәндерді ғана қабылдайды. Мұндағы «1» тексерілетін белгілі бір шарттың - логикалық тұжырымның орындалатынын, яғни ақиқат екенін, ал «О» сол шарттың орындалмайтынын - тұжырымның жалған екенін көрсетеді. Бұл екі мән программада ағылшын тіліндегі айтылуына сәйкес true (1) және false (О) болып жазылады. Символдық шамалар апострофқа алынған бір символды ғана мән ретінде қабылдай алады, мысалы, 'R','Л','%'тағы басқа. Бірақ әрбір таңбаны оның кодына байланысты реттелген бүтін сандармен де өрнектеу мүмкіндігі бар. Мәліметтердің қарапайым түрлерін стандартты типтер деп атау қалыптасқан. Стандартты типтердің real түрінен өзгелері реттелген деп аталады, өйткені оларды бүтін сан арқылы өрнектей отырып өсуі не кемуі бойынша реттеп орналастыруға болады. Стандартты типтер. Паскаль тілінде төмендегі қарапайым типтер пайдаланылады: • Бүтін типтер - SHORTINT, INTEGER, LONGINT, ВУТЕ, WORD; • Нақты тип - REAL, SINGLE, DOUВLE, EXTENDED, СОМР; • Логикалық - BOOLEAN; • Симводық - CНAR; • Ауқымды (диапозонды) тип; • Саналатын тип;[1]

Тест
Автоматтандырылған тестілеу бағдарламасының көмегімен тест тапсырмаларын орындайды.


1. Программалау тілдері функционалдық мәніне байланысты неше топқа бөлінеді?
А) 3
Б)2
С)5
Д)4
2. Турбо Паскаль тілінің тұңғыш нұсқасын ұсынған кім?
А) Никлаус Вирт
Б)Блез Паскаль
С)Әл - Хорезми
Д)Ада Лавлейс
3. Паскаль тілінің терезесі 3 өрістен құралған. Артық нұсқаны табыңыз:
А) негізгі меню қатары
Б) құралдар тақтасы
С)редактор терезесі
Д)қалып – күй қатары
4. Паскаль тілінде программа басы қандай қызметші сөзден басталады?
А) BEGIN
Б) PROGRAM
С)END
Д)READ
5. Паскаль тілінде айнымалыларды енгізу қандай қызметші сөзден кейін жазылады?
А) BEGIN
Б) END
С) READ
Д)WRITE
6. Паскаль тілінде нәтижені шығару қандай қызметші сөзден кейін жазылады?
А) BEGIN
Б) END
С) READ
Д)WRITE
7. Паскаль тіліндегі программа қандай қызметші сөзбен аяқталады?
А) BEGIN
Б) END
С) READ
Д)WRITE
8. Енгізілген программаны компиляциялау үшін қандай команданы орындау керек?
А) Alt+F9 - Compile
Б) Ctrl+F9 - RUN
С) Аlt+F5
Д) F2 - File – Save
9. Никлаус Вирт программалау тілін кімнің құрметіне байланысты атады?
А) Чарльз Бэббидж
Б) Джон Фон Нейман
С) Блез Паскаль
Д) Ада Лавлейс
10. Паскаль тілінде айнымалылар қай бөлімде сипатталады?
А) BEGIN
Б) VAR
С) END
Д) READ

Тест сұрақтарына жауап береді:


1. Д
2. А
3. Б
4. Б
5. С
6. Д
7. Б
8. А
9. С10. Б


Каталог: uploads -> doc -> 0d99
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d99 -> Ағылшын тілі пәнінен 6- сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет