Сабақтың тақырыбы: Пуантилизм әдісі. Нүктелеп сурет салу. Күні



Дата04.07.2018
өлшемі293,8 Kb.
#47026
түріСабақ

Пәні:

Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы:

Пуантилизм әдісі. Нүктелеп сурет салу.

Күні:

Мұғалімнің есімі: Сугралиева Р. Д.

Сынып: 3 «Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Кескіндеме өнерінің пуантилизм техникасы туралы білімдерін тереңдету, оқушылардың шығармашылық қабілетін,түс үйлесімін дұрыс тануды үйрету.

Танымдық қызығушылықтарын, бақылай білу, талдау, корытынды жасай алу, өз бетінше жұмыс дағдыларын дамыту.



Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

  • Пуантилизм әдісі туралы біледі.




Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыпты түсініп, салыну жолдарын біледі.




Кейбір оқушылар:

  • Алған білімді өмірде қолдана алады.

  • Өз бетінше композицияны орындай алады.

Жетістік критерийлері

Пуантилизм әдісін есте сақтай алады.

Сурет салуда перспективалық ережелерді сақтай отырып, сурет бейнелейді.






Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Тілдік мақсат

Пуантилизм – нүктелі хат – Pointel

Композиция – құрастыру – Compositio

Пейзаж – табиғат көрінісі

Көкжиек – горизонт – horizon

Бояулар – краски – paints











Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

    1. Пуантилизм дегеніміз не?

    2. Олар қай елде пайда болған?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Пуантилизм әдісімен балықты,теңіздің суретін бейнелейді.

Алдыңғы білім Түстердің атауы. Жылы және суық түстер туралы біледі, ажыратады.



ЖОСПАР

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

Сіз осы тапсырманы орындауға ниеттенетін уақытты айқындаңыз


2 минут



1.Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда менің жан-жағым.

2.Топқа бөлу.

Қылқалам, қарындаш суреттерін таңдау арқылы 2 топқа бөлінеді.

Топ басшыларын топтар сайлап алады.


3.Үй тапсырмасын бекіту.


Интербелсенді тақта

Суреттер арқылы

топқа бөлінеді


Ортасы

3 минут

5 минут

3 минут


5 минут

3 минут

15 минут
3 минут


Ұжымдық жұмыс

«Ғажайып түстер» ойыны

Әр түстердегі сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.

Пуантилизм әдісі

1.Реңк дегеніміз не?

2. Пейзаж дегеніміз не?

3.Суық түстерге қандай түстер жатады?

4.Жылы түстерге қандай түстер жатады?

5.Кескіндеме дегеніміз не?

6. Негізгі түстерді ата

7.Түстер неше түрге бөлінеді?



4. Жаңа сабақ

Мұғалімнің түсіндірмесі.

Пуантилизм әдісі,нүктелеп сурет салу

Пуантилизм «фр. Pointel – нүктелі хат» кескіндемедегі шығармашылық тәсіл, өзімен бірге бөлінген жеке нүктелер анықталған мазоктарды ұсақ нүктелі және төртбұрышты түрде таныстырған. Түстерді табуы, араласуы және көп түсті ғажайыптың пайда болуы палитрада емес, кенепте емес ол көрерменнің көзінде және қабылдау сезімінде болады. Осы үшін арнайы жазу техникасы – пуантилизм ойлап табылды. Жазудың жаңа техникасы өте қиын, суретшілердің көп уақытын және көп еңбектеуді, адамның күшін, еркіндік эмоцияларын қажет етеді. Дегенмен де шығармашылық тәсіл ретінде қазір кескіндемедегі ерекше техника болып қалды.

Пуантилизм – Францияда 1885 жылдары пайда болған сурет өнерінің неоимпрессионизм бағыты. Бұл бағытта сурет салғандар Поль Синьяк, Анри Кросс, Люсьен Писсарро, Камиль Писсарро. Ал оның пайда болуына ықпал еткен Жорж Сера. Оның осы бағытта салынған ең атақты еңбегі «Гранд-Жатт аралындағы жексенбі күні» атты туындысы.

.5. Жеке жұмыс. «Кеңейтілген



тапсырма»

Жаңа тақырып бойынша термин сөз жазылған үлестірме парақшалар беремін.Әр оқушы сол термин сөзді орысша және ағылшын тілдерінде айту



6.Жұптық жұмыс. «Тез құрастыр!» Оқушыларға әр түрлі геометриялық фигуралар салынған үлестірме беремін. Сол фигуралардан композициялық сурет құрастыру керек.

Бағалау. «Басбармақ»

7.Сергіту сәті.

«Түстерге байланысты мақал-мәтел, жұмбақ» ойыны

Мақал мәтел айтады, жұмбақ шешеді. 8.Дәптермен жұмыс.

Пуантилизм әдісімен балықты, желкенді бейнелейді.



10.Бағалау.

Жаппай жұмыс: қол көтеру арқылы жауап береді.

Оқушылар өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беру.

Электронды оқулық

Суретшілер шығармаларын көрсету.

Тапсырмалар


Геометриялық фигуралардан композиция салу
Плакат, акварель,гуашь

бояулары


Аяқталуы
3 минут

11. Кері байланыс.

1. Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Несімен ұнады?

12. Үйге тапсырма: Өз ойларыңнан композиция құрастырып, суретін салу

13.Бағалау. Топта бағалау.


Смайликтер

Оқушылар стикерге жазу



Сугралиева Раушан Дауытбековна,

№62 Нәзір Төреқұлов атындағы жалпы орта мектеп,

Оңтүстік Қазақстан облысы,

Шымкент қаласы




Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет