Сабақтың тақырыбы: Радиобайланыс Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Радиобайланыс принциптерін түсіндіру



Дата25.08.2017
өлшемі66,68 Kb.
#27716
түріСабақ
Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Радиобайланыс

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Радиобайланыс принциптерін түсіндіру.

Байланыс құралдарының дамуындағы

ғылымның жетістіктерін ашу.

Дамытушылық: Қазіргі заманғы техника мен ғылымның

жетістіктерін мысалға келтіре отырып,

оқушылардың өмірге деген көзқарастарын

қалыптастыруды дамыту



Тәрбиелік: Оқушылардың талдау, салыстыра білу

қабілеттерін дамыту, оқу материалының ең

негізін алып, мазмұнын ажыратуға

тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: меңгеру сабағы

Сабақтың әдістері: СТО технологиясының элементтері,түсіндіру, сұрақ-жауап

Пән аралық байланыстылығы: әдебиет, тарих,математика

Көрнекіліктері: Интерактивті тақта,теледидар, радио,телефон, ұялы телефон, жетондар,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

  1. «Өз жартыңды тап» ойыны

  2. «Шапшаңдық » сайысы

ІІІ.Қызығушылықты ояту фазасы

ІV.Мағынаны тани білу фазасы

Жаңа ақпаратпен танысу

1.Радиобайланыс

2. ТВ-бинго ойыны

V.Ой толғаныс фазасы

1.Бес жолды өлең стратегиясы



VІ.Сабақты қорытындылау.(Оқушыларды бағалау)

VІІ.Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

А)«Сәлем- сөздің анасы» оқушылармен амандасу.

Ә)шаттық шеңбері арқылы сабақты бастаймыз.

-Балалар, енді қолымыздан ұстап алақан жылуы арқылы бір-біріне жылы лебіздер айтып, сабағымызды бастайық.

Қуанамын мен де, (өзімді көрсетемін)

Қуанасың сен де, (жанындағы досымды көрсетемін)

Қуанайық ,достарым, (бір-біріміздің қолымыздан ұстаймыз)

Арайлап атқан күнге (қолдарымызды жоғары көтереміз)



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

1.«Өз жартыңды тап» ойыны

Бұл ойында формулалар беріледі. Формулалар екі бөлікке бөлініп беріледі. Тақтаға 1 ұл, 1 қыздан шығып, формулалардың жартысы жазылған қағаздарын алады. Қағаздарын алып болғаннан кейін өз жартыларын іздеп табады. Егер өз жартыларын дұрыс тапқан болса, онда осы формула бойынша мәлімет береді.

Формула:     λ = cT

Формула: 

Формула: Т=2

2.«Шапшаңдық сайысы»

А) Белгісіз шаманы табу


(тербеліс жиілігі)



с

(жылдамдығы)



Т

(периоды)



?

3*108м/с

5

2

3*108м/с

?



ІІІ.Қызығушылықты ояту фазасы

Бір жас бала данышпанға келіп айтыпты «Мен өз өміріме қуаныш қабылдаймын» бірақ қуанғым келмейді, неге екенін түсінбеймін

Данышпан - ол жас жігіт алдына қасық, кесе, шам қойып «Нені таңдайсын» - деп сұрапты


  • Қасықты- депті жас бала

  • Данышпан оны бес рет қайтала - депті

Жас өспірім 5 рет қайталайды

  • Міне көрдіңбе бір күнде миллион есе қайталасаңда ол орындалмайды

  • Онда не істеу керек?

Столдарға байланыс құралдары түрлері қойылады. Тақтаға ағартушы ғалым Ы.Алтынсарин портреті мен

...Айшылық алыс жерлерден

Көзіңді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды. – деген

«Өнер - білім бар жұрттар» өлеңінен үзінді жазылып ілінеді және байланыс құралдарының электротехникалық шартты графикалық белгіленулері көрсетіледі.

Тапсырма:

а) бұл заттар нені білдіреді? Ұлы дала ағартушысы Ы.Алтынсариннің бүгінгі сабаққа қаншалықты қатысы бар және де бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болуы мүмкін?



Группа 1Группа 15


ІV.Мағынаны тани білу фазасы

1.Жаңа сабақ түсіндіру.

2. ТВ-бинго ойыны

Жаңа сабақ

1888ж орыс ғалымы А.С.Попов электромагниттік толқындар арқылы алыс қашықтықтарға сигнал жеткізудің ғылыми болжамын ұсынды. Бұл проблеманың практикалық шешімін ол 1896ж тапты. Сол жылдың 24 наурызында Ресейдің физика-химия қоғамының мәжілісінде А.С.Попов әлемде бірінші рет 250м қашықтыққа сымсыз радиограмма арқылы Генрих герц деген екі сөзді жеткізді.

Поповпен бір мезгілде радиобайланыс идеяларын дамытып, радиоаппаратура жасау мәселесімен италяндық ғалым Г.Маркони да шұғылданды. Ол 1897ж электромагниттік толқындарды пайдаланып, хабар таратуға болатыны жөнінде патентті А.С.Поповтан бұрын алды.ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында электромагниттік толқындар көзі ретінде электр ұшқындары қолданылды. Электр ұшқындарының табиғатта кездесетін түрі-найзағай.

Теориялық ізденістер мен практикалық зерттеулер ақпаратты алысқа жеткізуде өшпейтін синусоидалық электромагниттік тербелістердің аса маңызды екенін көрсетті. Осыған байланысты ақпарат таратуда шығатын радиотолқынның қуаты жиіліктің төртінші дәрежесіне тура пропорционал. Электромагниттік тербелістерді тербелмелі контур шығарады. Мұндай тербелмелі контурда электромагниттік тербеліс пайда болғанымен, олар кеңістікке толқын түрінде тарай алмайды. Себебі электр өрісі конденсатор астарларының арасында, ал магнит өрісі катушка ішінде жинақталады. Сондықтан оларды жабық тербелмелі контур деп атайды.

1894ж Попов генераторлар мен радиотолқындарды қабылдайтын қондырғылыарға ұзын сымдарды жалғағанда, радиобайланыстардың жақсаратынын байқады. Осылай радиотаратқыштар мен радиоқабылдағыштардың маңызды бөлігі болып табылатын антенна ойлап шығарылды. Антенна ашық тербелмелі контур болып табылады.

Тұрмыста, техникада сондай ақ ғылыми мақсаттар үшін антенналардың көптеген түрлері қолданылады.

Кез келген электромагниттік сәулелер сияқты радиотолқындар да өздері түскен беттен кері шағыла алады. Бұл құбылысты алыстағы денелерді радиотолқындар арқылы анықтайтын радиолокацияда қолданылады. Радиолокация арқылы нысананың қозғалу жылдамдығын және одан бақылаушыға дейінгі арақашықтықты табуға болады. Ол үшін кеңістіктің белгілі бір аймағына бағытталған электромагниттік сигнал тарататын арнайы радиотелескоптың антеннасы қолданылады.

2.ТВ-бинго ойыны

Оқушылар енді сіздермен Тв-Бинго ойынын ойнап жіберейік.Бинго билетін таңдап алайық.Қоржындағы сан сізде бар болса, сұраққа жауап бересіз.сұраққа дұрыс жауап берілсе, кубикты лақтыруға шығасыз.

1. Бірінші рет радиобайланыс қашан жасалды?

2. Радионы ең алғаш кім ойлап тапты?

3. Антенна не үшін қажет?

4. Радиотолқынның вакуммде таралу жылдамдығы нешеге тең?

5. Радиотелескоптар не үщін қолданылады.

6. радиобайланыс жасау үшін қандай жиіліктер пайдалырақ?

7. Электромагниттік тербеліс қандай құрылғыда алынады?
V.Ой толғаныс фазасы

1.Бес жолды өлең стратегиясы

1.Не?
2.Қандай?


3.Не істейді?
4.Анықтамасы?
5.Түйін сөз

VІ.Сабақты қорытындылау.(Оқушыларды бағалау)

VІІ.Үйге тапсырма.

«Радионың адам өміріндегі ролі » (эссе) жазып келу.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет