Сабақтың тақырыбы: Құрылымдық материал ретіндегі ағаш туралы жалпы мәліметтері



бет3/6
Дата29.03.2017
өлшемі1,19 Mb.
#12568
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Сабақтың тақырыбы: Тақтай мен ағаш кесектерінен қораптарды жасау, қораптарды шегемен құрастыру

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Ағаш  діңінен өңделетін материалдармен  олардан жасалатын өнім түрлерімен танысу.

ә) тәрбиелік: Оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігін , қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеу.

б) дамытушылық: ағаш кесінділерінің алуан түрлі  болатынын, оның  қолдану салаларының да өте кең екенін түсіндіре отырып,  оқушылардың    ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. 

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту. 

Сабақтың түрі: аралас сабақ 

Пән аралық байланыс : математика,биология 

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ауызша сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс жүргізу. 

Көрнекіліктер: ағаш кесіндісінің суреттері, плакаттар, интерактивті тақта, кітаптар, журналдар, сөзжұмбақ, кесте, ағаш туралы әзіл өлеңдер. 

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Республикамызда ағашты мәнерлеп өңдеудің  түрлері мен ерекшеліктері.

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жоспар: 

 

 

 



Ағаш діңінен көптеген материалдардың кесінділері  өңделеді. Олар ағаш ұсталығының барлық өңірінде де кең көлемде қолданылады. Ағаш дегеніміз – өсіп тұрған тығыз материал. Ол тамырдан, діңінен, бұтақтарынан тұрады.

Ағаштың негізгі бөлігі-діңі. Халық шаруашылығында ағашты пайдаланбайтын бірде-бір сала жоқ. Ағаш әсіресе құрылыс ісінде аса көп қажет. Ағаштан есік, терезе блоктары, еден, түрлі жақтаулар мен таяныштар жасалады. Олар өлшемдеріне,жан-жағының кесілуіне қарай әртүрлі материалдарға бөлінеді. Қазіргі кезде құрылыстағы ағаш шеберлігі жұмыстары кең көлемде механикаландырылған. Ағашты алғаш ұқсату кезінде электр арасының көмегімен тіледі. Бұтақ өңдеуші оператор бұтақтарда кесіп, ағаштың қабығын тазартып, көлденеңінен кесу станогынан өткізеді.

Кесілген ағаштардан еден тақтайларын, керегекөз (50х50), белағаш (50х200), шпал (200х200), шпон (1х1,5) горбыль т.б. материалдар дайындайды.

Ағаштың кесілген ұнтағынан қағаз, ДВП, ДСП бұйымдарын шығарады.

ІV Пысықтау

Осы тақырыпқа арналған тапсырмалар бар. Оқушылар мына жұмбақты шешіп көрейікші. 1 тапсырма: Жұмбақ     Жүз мүйізі бар

Үстінде киізі бар. (киіз үй)

2 тапсырма. Киіз үй қазақ халқының ежелден келе жатқан баспанасы. Сүйегі ағаштан жасалады. Ағаштан жасалатын бөліктерін атаңдар. Уық, шаңырақ, сықырлауық және есік, кереге.

«Киіз үй құрастыру» Киіз үйдің 5 бөлікке бөлінген суреті. Суреттің әр қайысында  Бүгінгі өткен тақырыбымызға байланысты сұрақтар жазылған.

1.Шпон дегеніміз не?

2.Ағаш ұнтағынан алынатын өнімдерді ата?

3.Ұшқат дегеніміз не?

4.Діңгектер дегеніміз не?

5.ДСП қандай материал.

ІІІ.тапсырма

Ағаш кесінделерінің  өлшемі туралы кесте толтыру



р/с 

Ағаш кесінділерінің түрлері 

Ағаш кесінділерінің өлшемі 



Діңгектер 

100 мм жоғары 



Стропила 

50х150, 50х200 мм 



Шпал 

150х200 мм 



Обрешетка 

50х50 мм 



Шпон 

0,5х3 мм 


Ағаш кесінділерінің қолданылуы: Үй жиһаздарын дайындау

                      саз аспаптарын жасау

                    теміржол саласында

     құрылыста

V Сергіту сәті. Ағаш туралы әзіл өлең оқу. Интерактивті тақтаның көмегімен.

Мақалдың жалғасын табу.

1.Ағаш ексең аялап,

Басыңа болар саябақ.

2.Бір тал кессең,

Он тал ек

3.«Ер-елдің көркі, орман-тоғай жердің көркі».

4.Мәуелі ағаш майысқақ.

5.Орман көп болса, олжаң көп.

6.Ағашы аласа болса да,

Алмасы тамаша.

VІ Бекіту. Тест жұмысы

1.Ағаштың жіңішке кесіндісін не деп атайды?

а)Шпон                ә)шпал                      б)стропила

2.Ағаш ұнтаған желімге араластырып нығыздау арқылы шығаратын материал

а)ДСП                 ә)шпал                       б)тақтай

3.Шпонның қалыңдығы неше мм болу керек?

а) 0,6х2 мм                   ә) 0,5х3 мм          б) 0,5х 3 мм

4.Шпонды бірнеше қабаттап желімдеген материалды не деп атайды?

а)ұшқат                ә)тақтай                 б)ДСП

5.Ұшқатты қандай ағаштан дайындайды?

а)қайың, емен, көктерек,  шетен, үйеңкі

ә)тал, терек, шамшат

б)қайың, қараағаш

6.150х500 мм-лік өлшемде өңделген діңгекті ата.

а)обрешетка             ә)стропила                      б)шпал

7.Үй жиһаздарын қандай материалды қолданады?

а)шпал              ә)ДСП,ДВП, ағаш                       б)шпон

8.Домбыраның бет қақпағына өрнек түсіріп әшекейлеуге арналған материал

а)ДСП                   ә)шпон              б)ұшқат

9.Ағаштар қандай топқа бөлінеді?

а)ұшқат, шпон         ә)жапырақты, қылқанды             б)ДСП,ДВП

10.Ағаш материалын өңдеу неге байланысты

а)құрылысы         ә)қасиеті         б)қолдануы

жауаптың кілті 

10-сынып №7 сабақ 14.10.16

Сабақтың тақырыбы: Есік қораптарын, терезе жақтауларын,терезе алды тақтайларын, терезенің ашпалы көзін, су ағызғыштарын жөндеу.



Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Ағаш  діңінен өңделетін материалдармен  олардан жасалатын өнім түрлерімен танысу.

ә) тәрбиелік: Оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігін , қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеу.

б) дамытушылық: ағаш кесінділерінің алуан түрлі  болатынын, оның  қолдану салаларының да өте кең екенін түсіндіре отырып,  оқушылардың    ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. 

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту. 

Сабақтың түрі: аралас сабақ 

Пән аралық байланыс : математика,биология 

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ауызша сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс жүргізу. 

Көрнекіліктер: ағаш кесіндісінің суреттері, плакаттар, интерактивті тақта, кітаптар, журналдар, сөзжұмбақ, кесте, ағаш туралы әзіл өлеңдер. 

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасын тексеру. 

Ағаш шебері (Ағашшы ) - ағаштан түрлі тұтыну бұйымдары мен үй жиһаздарын жасайтын маман. Ағаштан түйін түйетін шеберлерді төрт топқа бөліп қарастыруға болады: балташылар - үй құрау, арба, шана, есік, терезе жақтауларын тағы басқа жасаушылар; үйшілер - киіз үйдің кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, адалбақан, асадал сынды тағы басқа бұйымдарын жасаушылар; оймашылар - жүкаяқ, кереует, кебеже, абдыра, саз аспаптарын оюлап жасаушылар; тоқушылар - себет, ергенек, қорап тағы басқа тұрмыстық бұйымдарын тоқушылар.

Ағашшы күнделікті тұтынатын ас-су жабдықтарын: тостаған, аяқ-табақ, сапты аяқ, ожау, қалақ, иіелек, күбі, астау, ат әбзелдері (ердің қаңқасы, ашамай), үй жиһаздарын: жүкаяқ, кебеже, сандық, асадал, адалбақан, аша, бақан, тіреуіш, төсек, бесік тағы басқа дүйім дүниені жацап, мәнерлейді. Ағаштан жасалған бұйымдар төзімді, әрі жеңіл болғандықтан, қазақ көшпелі тұрмысында қолдануға ыңғайлы болды.

Ағаш тасуға ыңғайлы болғандықтан ағашшы үйін орманға жақын жерге салған. Ағашшы кәсібімен айналысатындар қайың, арша, қарағай, тораңғы сияқты ағаштарды таңдап алып, көлеңке, әрі кұрғақ жерде кептіріп, жонып сүргілейді. Ағашты кесу, тесу, ою, ыңғырулау, өңдеу, дайын болған соң, бояу, оюлау, бедер салу сияқты істерге кіріседі. Ағаш үйдің уығын морлап ию, керегені қырып көктеу, шаңырақ ию, есік үйлестіру сияқты тәсілдер де кең қолданылды.

Ағаш шебері өздері өмір сүрген табиғи ортадан керегін тауып, таңдап, қажетті бұйымдар жасай білген. Ағаш желімін де қолдан қайнатып дайындаған. Сөйтіп, ағашшылар өздері жасаған бұйымдарды сатып немесе малға, тағамға айырбастап, кәсіпшілігімен күн көрген.

Ағаш шеберлік аспаптары - ағаш ұқсату, өңдеу жұмыстарына қажетті саймандар. Кез келген жұмысты бастар алдында ағаш шебері кұрал-саймандарын сайлап алады.

Ағаш ұсталары кұрал-саймандарын кесу, шабу, қию, жону, керту, ою, оймыштау, қырнау, қыру, тесу, сургілеу, тілу, қару, бояу, жылтырату, сырлау, шегелеу, желімдеу және тағы басқа жұмыстарда қолданды.



Ағаш шеберінің негізгі құралдары мыналар: балта, балға, ара, шот, сүргі, бұрғы, түрпі, тез, қашау, шапқы, қырғыш, ұңғы, ыңғыру, сыдырғы, егеу, тістеуік, үскі, пышақ түрлері және тағы басқа ағаш шеберінің аспаптар қатарына ағаш балға, шот, атауыз (қысқы), аталғы, пышақ, пәрмі, қолшығыр, балға, ағаш балға, ұртоқпақ (қолағаш), қырғыш, сүмсуір, қаламдықтемір (көзеуіш), ақсақтемір, қайрақ, білеу, қылау, жануыш, сүргі, зімпара, бұлғауыш, қылқалам, қуысқұлақ, белтемір, інкенже, жаңғырық, сына жатады. Бұлардың кейбірі сайманды ұруға (ағаш балға, ұртоқпақ (қолағаш), екіншісі - өлшеуге (ақсақтемір) немесе кұрал-сайманды қайрау немесе астына тосып салу (жаңғырық, сына) сияқты жұмыстарға пайдаланылады 

   

Үйге: технологиялық карта құрау

10-сынып №7сабақ 14.10.16

Сабақтың тақырыбы:Есік қораптарын,терезе жақтауларын,терезе алды тақтайларын,терезенің ашпалы көзін, су ағызғыштарын жөндеу



Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Ағаш  діңінен өңделетін материалдармен  олардан жасалатын өнім түрлерімен танысу.

ә) тәрбиелік: Оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігін , қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеу.

б) дамытушылық: ағаш кесінділерінің алуан түрлі  болатынын, оның  қолдану салаларының да өте кең екенін түсіндіре отырып,  оқушылардың    ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. 

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту. 

Сабақтың түрі: аралас сабақ 

Пән аралық байланыс : математика,биология 

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ауызша сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс жүргізу. 

Көрнекіліктер: ағаш кесіндісінің суреттері, плакаттар, интерактивті тақта, кітаптар, журналдар, сөзжұмбақ, кесте, ағаш туралы әзіл өлеңдер. 

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасын тексеру. 

Терезелер және есіктер

Терезелер және есіктер түзу болуы керек және пайдалану кезінде келесі талаптар орындалуы тиіс:

- герметизирленген тозған және шынылау нығыздағыш материалдарын ауыстырып отыруы керек (алты жылда кемінде 1 бір рет);

- терезелердің ішкі және сыртқы беттері және кіреберіс есіктер 2 жылда кемінде бір рет ластанудан тазартылуы тиіс (көктемде және күзде);

- ағаштан жасалған терезе түптеулері, есік сүлгілері және жарық шамдары алты жылда 1 рет боялуы тиіс.

- кірпішпен және бетон беттерімен жанасқан терезе және есік блоктарын жөндеу және ауыстыру барысындағы ағаш бөлшектері.

Пайдалану кезінде тиым салынады:

- сыртқы есіктен терезе және есіктің саңылаулары 1 мм көп болуы;

- қылқима есіктерінің жұқа тақтайларының тондануы;

- рама ортасындағы кеңістікте конденсант жиналуы (атмосфералық ылғалдың терезе ойықтары арқылы өтуі);

- рама ортасындағы кеңістікте пайда болған конденсатты сыртқа шығаратын терезе қораптарының жоқ болуы немесе ластануы;

- терезе жақтауларын бітемеу немесе еңістің нормативтен төмен болуы.



  

Бағалау. 


Қортындылау:

Үй тапсырмасы:

10-сынып №10сабақ

Сабақтың тақырыбы: Әр түрлі едеңдерді төсеу әдістері. Линолиум.(


Каталог: uploads -> doc -> 1349
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1349 -> Сабақ эпиграфы: «Шоқанның ұлылығы соншама, біз оны енді ғана толық түсіне бастағандаймыз»
1349 -> Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқановтың «Лашын» әңгімесі Сабақтың мақсаты
1349 -> Сабақтың тақырыбы: Кемпірқосақтың суретін саламыз Сабақтың мақсаты: а білімділік
1349 -> Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану
1349 -> Сабақ жоспары Тәрбиешісі : Айтбаева Гульсара Шакеновна
1349 -> Тақырыбы. Бастауышым-балбұлағым Мақсаты: 1


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет