Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері



Дата17.06.2018
өлшемі15,12 Kb.
#43264
түріСабақ
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, ЖББ Кузнецов негізгі мектебі.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі:К.А.Хаирмухамбетов

Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері
Сабақтың мақсаттары: 1. Құрмалас сөйлемдердің жасалу және тыныс белгілері туралы алған білімдерін пысықтау, кеңейту. 2. Оқушылардың ой-өрісің, тілін дамыту, және логикалық ойлауын дамыту. 3. Тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Қайталау сабағы.     Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Ой қозғау, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Сюжетті суреттер, сызба, ғаламшарлар.

Сабақтың барысы.

а) Оқушылардың сабаққа әзірлігін және құрал-жабдықтарының түгел болуын қадағалау.

ә) Қазір қандай сабақ?

б) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Құрмалас сөйлем және оның тыныс белгілері.

в) Жоспармен таныстыру. Бүгін сабақта ізденімпаздық көрсету арқылы тапсырмалар орындаймыз. Тапсырмалар ғаламшарлардың артында жазылған.Күн жүйесінде 8 ғаламшар кіреді. Олардың аттарың білгілерің келе ме? Ол үшін берілген тапсырмаларды орындайық, қандай ғаламшар екенін орындалған соң білеміз.

І ғаламшар.

Үй тапсырмасын тексеру. 27 – жаттығу. Өтірік өлеңнің құрмалас сөйлем екенін дәлелде.



«Меркурий» Күнге ең жақын орналасқан ғаламшар.

ІІ ғаламшар. Қайталау.

Өткенді қайталау.

Ойын «Ой қозғау».

  1. Сөйлем туралы не білеміз?

  2. Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай қандай түрлері бар?

  3. Сөйлем құрамына қарай нешеге бөлінеді?

  4. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  5. Құрмалас сөйлемде қандай тыныс белгісі қойылады?

«Шолпан» Жерден сәл кіші. Ең жарық ғаламшар.

ІІІ IV V ғаламшарлар. Әр қатар бір-бір ғаламшардан ашады. Суретпен жұмыс. «Қыста».

1-қатар. Жай сөйлем құрастыру. Хабарлы сөйлем.

2-қатар. Мәтін құрастыру. Сұраулы сөйлем.

3-қатар. Құрмалас сөйлем құрастыру. Лепті сөйлем.

1-қатар. ІІІ ғаламшар «Жер» Жер шар тәрізді.

2-қатар. IV ғаламшар «Марс» Ол жерден екі есе кіші.

3-қатар. V ғаламшар «Юпитер» Ең үлкен ғаламшар.

VI ғаламшар. Ребусты шешсең, екі жай сөйлем шығады. Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырып жаз.

«Сатурн» Басқа ғаламшарларға қарағанда сансыз көп тастардан, мұздан және шаң-тозаңнан тұрады.

VII ғаламшар» «Жалғасын тап» ойыны. Құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемі берілген. Оқушылар келесі бөлігін табады.


  1. Сәуле қазақша сұрап еді, … .

  2. Жаз ыстық болса, … .

«Уран» Күннен алыс орналасқан.

   VIII ғаламшар.Сабақты қорыту.



  1. Біз бүгін сабақта не істедік?

  2. Құрмалас сөйлем қалай жасалынады?

  3. Қай тапсырманы орындағанда қиындыққа тап болдың?

Соңғы ғаламшар «Нептун». Ол «Уран» ғаламшары сияқты өте алыс орналасқан ХІХ ғасырда белгілі болды.

Баға қою.

Үйге тапсырма. Шығарма жазу.
Каталог: uploads -> doc -> 0ae4
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ae4 -> Сабақтың тақырыбы: Ө дыбысы мен әріпі
0ae4 -> Құрастырған тарих және география пәндернің мұғалімі Алтын Серікқызы Устаева


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет