Сабақтың тақырыбы: Құрманғазы жайлы бір толғау



Дата26.08.2017
өлшемі24,93 Kb.
#27965
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ

6- сынып, 1-тоқсан,3- сабақ, күн реті:

Сабақтың тақырыбы: Құрманғазы жайлы бір толғау

Сабақтың мақсаты: Күй атасы атанған Құрманғазы жайлы ой қозғау және оның шығармаларымен танысу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Құрманғазының күйлері жайлы түсінік беру. Күй тыңдауға ынтасын арттыру

Дамытушылық:Музыкалық қабілеттерін халық әндерә мен күйлерін орындап, тыңдау барысында одан әрі дамыту.

Тәрбиелік:Музыка арқылы өз халқының салт дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың ұйымдастырудың әдіс- тәсілдері: сұрақ – жауап, сергіту сәті, топпен жұмыс, пікірталас

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, белсенді тақта,бейнекөріністер, сазгерлердің портреттері, домбыра ,баян, фортепиано

Музыкалық материалдар: Күй тыңдау: Құрманғызының «Балбырауын» күйі.

Жаңа ән үйрену: «Әгугай, домбыра» әні А. Қоразбаев, сөзі Т. Қажыбаев

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі:



Сәлемдесу (әндете), оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлығын тексеру

Үй тапсырмасын сұрау



1. «Қайран ел – жұртым, қалың қазағым» деп жырлаған кім?

2. Махамбет Өтемісұлы қай жерде дүниеге келді?

Жаңа сабақ. Құрманғазы – қазақ үшін ұлы күйші, ғаламат қайрат пен жігердің иесі. Құрманғазы – бүкіл ұлттың ұйтқысы. Оның есімі халықтың жоқшысы, ел мұңының жаршысы іспетті. Ол сөйлемейді, ол айтпайды, оның домбырасы ел тағдырын сөз етті, халықтың жоғын жоқтап, мұңын айтты. Құрманғазының бүкіл өмірі сан соқпақты тарихтың ащы тағдырымен астасып, әділетсіздік пен озбырлыққа қарсы күрес жолында өтті. Халық аңыз етіп оны күйшіге, ақынға, батырға балады. Оның ерлігін ақындар жырлады. Ақындардың өлең – толғауларын арқау болған ұлы тұлға өмірі, оның ғаламат күйлері аңыз болып таралды. «Құрманғазы» поэмасы – Құрманғазы жайлы бір толғау. Белгілі ақын Хамит Ерғалиевтің «Құрманғазы» атты поэмасы ұлы күйшінің шығармаларына тіл бітіріп, қайта сөйлетті. Құрманғазы күйлерін өлеңмен өрнектеді.

Біліп ал!

Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) – қазақтың ұлы күйші – композиторы. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жиделі ауылында дүниеге келген. Құрманғазының ұстазы Ұзақ дейтін күйші болған. Оның алғашқы күйлерінің бірі «Кішкентай» деп аталады. Ол күйді Исатай мен Махамбетке арнаған. Сол сияқты «Кісен ашқан», «Ақбай», «Түрмеден қашқан», «Қайран шешем», «Адай», «Сарыарқа», «Төремұрат» сынды күйлері ел арасына кеңінен тараған.

Күй тыңдау: Құрманғызының «Балбырауын» күйі.

Жаңа ән үйрену: «Әгугай, домбыра» әні А. Қоразбаев, сөзі Т. Қажыбаев


Әгугай домбыра


Әсем әуен дала кезіп барады,

Ару балқып, жігіт төмен қарады.

Селт етерлік сезім кетті сел болып,

Домбыраның күй төккенде шанағы.

Перне қуған нәзік саусақ салалы,

Кейде желе, кейде орғи шабады.

Сала құлаш шанағынан сыңсыған,

Аққу ұшып, қаздар қайтып барады.

Тұлпарлардың дүбір қаққан тұяғы

Көкірекке сырлы сарын құяды.

Сыңғырлаған сан мың әуен, япыр –ау,

Шанағына қалай ғана сыяды?

Сабақты қорыту:



1. Құрманғазыны халықтың кімі болды?

2. Құрманғазы қай жақтың тумасы?

Үйге тапсырма: «Құрманғазы жайлы бір толғау» тақырыбын оқу



Бағалау: Сабаққа ынтамен қосылып отырған балаларды бағалау
Каталог: uploads -> doc -> 0db7
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0db7 -> Сабақты зерттеу ОҚытуды жақсартудың кепілі lesson Study Жапония
0db7 -> Оқушылар ережесі
0db7 -> Түрі: тренинг Әдісі: сұрақ-жауап, топтық, жеке. Көрнекілігі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет