Сабақтың тақырыбы: «С әрпі мен дыбысы»



Дата10.10.2020
өлшемі17,83 Kb.
#64378
түріСабақ

Сабақтың жоспары

Поурочный план

The plan of the lesson

Күні / Дата / Date:

Сынып / Класс / Class: 1 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: «С әрпі мен дыбысы»

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Мақсаты/Цель/Aim:

Білімділік – Оқушыларға С дыбысы мен әрпін таныстыру.


Дауыссыз дыбыс екенін меңгерту.

Дамытушылық – Оқушылардың ойлау қабілеті мен дүниетанымын кеңейту. Сөздік қорларын, тіл байлықтарын, көркем жазу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік – Оқушыларды ұқыптылыққа, сауатты оқи, жаза білуге, шапшаңдыққа, адамгершілікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: презентация, оқулық

Әдістері: сұрақ-жауап,әңгіме,рефлексия

Сабақ барысы / Ход занятия / Course of the lesson:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлеметсіздер ме,оқушылар! Қалдарың қалай? Көңіл- күйлерін жақсы ма?!



Психологиялық дайындық:

«Күлімде ,күн, күлімде!

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ!» - деп,осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық.

-Балалар,сабақты бастамас бұрын сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр.Сендер бұл мектептегі ең білімді,ең тәртіпті,ең ақылды оқушылардың бірісіңдер ме?Ендеше,қандай керемет сынып екенімізді арттағы отырған қонақтарға көрсетейік.Келістік пе?



ІІ.Негізгі бөлім

Сиқыршымен танысу

-Бірақ,арттағы отырған қонақтардан басқа бізге тағы бір қонақ келіп отыр.Қазір біз онымен танысамыз.Қане,барлығымыз тақтаға қарайықшы.(сиқыршының суреті)

-Балалар,бұл кім?(сиқыршы-волшебник)

-Иә,ал сиқыршы не істейді?Оның қызметі қандай?Не себепті оны «сиқыршы» деп атайды?

-Жақсы,дұрыс айтасыңдар.Ол адам қолынан келмейтін сиқырларды жасайтын сиқыршы екен.Ал,сиқыршының дәл бүгінгі сабағымызға не себепті келгенін білесіңдер ме?Қонағымыздың атына мұқият қараңдаршы «Сиқыршы».Қандай әріптен басталады екен? (С)

-Дұрыс айтасыңдар.Қане,барлығымыз бірге «С» деп айтып көрейікші.Яғни,біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «С әрпі мен дыбысы» деп аталады.

-Балалар, «С» әрпі қандай дыбыс екен?(дауыссыз)Не себепті?(созылмайды,кедергіге ұшырайды)

Жоғалған әріптер ойыны

-Оқушылар,біздің сиқыршымыз сендер сияқты өте ақылды .Ол сендердің білімдеріңді байқау үшін мына тапсырманы дайындап қойды.

1)...АҒАТ (сағат) 2)ҚО...ТАНАЙ (Қостанай) 3)ГЛОБУ... (глобус)

...АБАҚ (сабақ) А...ЫҚ (асық) ДО... (дос)

-Тамаша!Сонымен, «с» әрпі сөздің қай жерінде кездеседі екен?(басында,ортасында,соңында).Жарайсыңдар,сиқыршының тапсырмасын керемет орындадыңдар!
Оқулықпен жұмыс

-Енді «Әліппенің» 64 бетін ашайық.Кітапта берілген сөздерді бірінші қатардан бастап,рет-ретімен оқып шығайық.

Сан Сал Са ба Ма са Бас

Са на Са ла Са бақ Ма сақ Қос

Са нат Са ға Са ғат Са мал Дос


Қоржындағы тапсырмалар

-Жақсы,жарайсыңдар!Балалар,сендер сөздерді оқып жатқан кезде,сиқыршы бізге мына қоржынды тастап кетіпті. Бұл қоржынның ішінде не бар екен?!(суреттер)

-Қазір маған әр қатардан бір бала келсін.Мына суретті алып,қандай сөз екенін айту керек.Сонымен қатар, «с» әрпінін қайда орналасатынын және осы сөзді 3 тілде айтуы қажет.

1.Сөмке 4.Сағат

2.Сегіз 5.Сынып

3.Есік 6.Дос


Ауызша сөйлем құру(тілдік қорларын арттыру)

-Міне,керемет!Енді,осы сөздерді байланыстырып бір сөйлем құраңдар!

Мысалы:Мен 1 «Ә» сыныбында оқимын.Арман сегіз жаста.
Жазу жұмысы

-Керемет!Енді,осы «С» әрпін жазып үйренейік.Тақтада жазып көрсету,ауада жазып көрсету.

«С» әрпін дәптерімізге жазайық,отырғанда арқамыз түзу,жазуымыз әдемі,дәптеріміз ұқыпты болсын!
Сергіту сәті(қолға арналған,қимылдармен)

Жаза жаза қолымыз,

Талып қалды қолымыз.

Бір,екі,үш

Демаламыз жинап күш.
Ойын «Не өзгерді?»(оқушылардың зейінін дамытуға арналған)

- Енді,барлығымыз жазып болсақ,барлық назарды маған аударыңдар.Балалар,маған қазір 5 оқушы керек.(Оқушыларға кітап,дәптер,қалам,сызғыш,пенал беру).Енді,балалардың қолындағы заттарына мұқият қарап алыңдар!Енді көздеріңді жұмыңдар!(осы уақытта бір затты алып тастау немесе ауыстыру).Сонымен,көзімізді ашамыз.Не өзгерді?!


«Ең жылдам» ойыны(оқушылардың шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту)

- Жарайсыңдар,балалар!Біздің сиқыршымыз «егер де менің соңғы тапсырмамды орындай алса,онда бұл сынып №24 гимназия мектебіндегі ең ақылды,ең тәртіпті сынып екенін дәлелдей алады!»Балалар,дәлелдейміз бе?Ендеше,сиқыршының тапсырмасына назар аударайық!

- Қазір әр қатар «с» әрпіне басталатын сөздерді рет - ретпен айту керек.Қандай қатар ең жылдам және ең көп сөз айтса,сол қатар жеңіске жетеді.Мысалы (сабақ,садақ,сорпа,алыс,қамыс т.б)

ІІІ.Қорытынды бөлім

Рефлексия әдісі

- Сонымен,балалар біз бүгін қандай әріппен таныстық?(ә)

-«С» әрпі қандай дыбыс?(дауыссыз)Не себепті?(созылмайды,кедергіге ұшырайды)

-«С» әрпі сөздің қай жерінде кездеседі?(басында,ортасында,соңында)

- Ал,бізге бүгінгі сабаққа қонаққа кім келді?(сиқыршы - волшебник)

- Біз оның бізге берген барлық тапсырмаларын орындай білдік пе?!(иә)

- Міне,керемет!Барлық тапсырмаларды орындар,1 «Ә» сыныбының ең ақылды,ең тәртіпті сынып екенін дәлелдедік!

- Жарайсыңдар,осымен біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды.Сау болыңыздар!

Әдіскер__________________________


Сынып жетекші__________________
Каталог: uploads -> doc -> 1149
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1149 -> Интерьер жилого помещения


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет