Сабақтың тақырыбы: С. Мұқанов «Саятшы Ораз»



Дата25.08.2017
өлшемі77,17 Kb.
#26467
түріСабақ

Жанахметова Ғалия Жанатқызы

Жыланды орта мектеп-лицеиі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Сабақтың тақырыбы: С.Мұқанов «Саятшы Ораз»

Сабақтың мақсаты: білімділік- әр түрлі тәсілдер арқылы шығарманың негізгі мағынасын меңгерту, талдау жасату арқылы алған білімдерін тексеру, жаңа сөздерді меңгерту, танымдық қызығушылықтарын ояту;

тәрбиелік- табиғатты аялай білуге, ынтымақ пен бірлікке, адамгершілікке тәрбиелеу;

дамытушылық – ой қорытып, өз тұжырымын жасай білуге үйрету, ұжымда жұмысқа өз пікірін дәлелдей алу қабілеттерін жетілдіру.

Түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары,сөздік жұмысы,топтық жұмыс

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, география, биология

Көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, олардың сабаққа дайындығын тексеру

Психологиялық дайындық: «Шаттық шеңбері»

Адамдарға кешіріммен қарайтын,

Жан жылуы жылылық боп тарайтын.

Кішіпейіл бала болғым келеді,

Айналасын нұрлы күнге балайтын.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

а/Сәбит Мұқанов кім? Оның шығармалары туралы не білеміз?

мұғалім


Сәбит Мұқанов

жазушы ақын


қоғам қайраткері драматург



ә/«Сандар сөйлейді ойыны»

1900

СҚо,Жамбыл ауд, Жаманшұбар деген жерде кедей отбасында дүниеге келді

1915

Абай мен Ғабдолла Тоқайдың өлеңдерімен танысады

1918

Омбыдағы мұғалімдер курсында оқиды.

1920-30

«Сұлушаш», «Адасқандар», «Балуан Шолақ» романдары

1928

Ленинград университетінің филология факультетінде, Москвадағы Қызыл профессура институтында оқиды

1938

«Ботагөз» романы жазылды

1955

Ленин орденімен марапатталды

1973

Қайтыс болды


б/Балалар, біз өткен сабақта С.Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесімен таныстық.Әңгіме тақырыбы аңшылықққа қатысты екенін білдік.үйге аңшылыққа қатысты тыйымдар мен ырымдар біліп келу тапсырылған еді.

Аңға шығар алдында аңшыға «Қанжығаң майлансын!»деген тілек айтады.

Аңдағы алғашқы олжа ешкімге байланбайды.

Бүркіттің тұяғы қасиетті саналады.Оны үйдің төріне немесе бесіккеіліп қояды.

Аңдар мен құстарды рұқсат етілген мезгілде ғана аулайды

ІҮ. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту.
итпен ұстау


аңшылық аңшылықтәсілдері

7- сынып
рі

түтін салу қақпан құру


құс салу інді қазып алу


Біз бүгін осы әңгіме желісіне жоспар құрамыз.

Топтық жұмыс.

1-топ –Әңгімеге жоспар құру 2-топ-Композициялық құрылысына талдау


1.Жаңа қоныс Басталуы-Мұқан үйінің көшіп келуі

2.Саятшы Ораз Дамуы-Ораз үйімен көрші болуы

3.Ораздың мергендігі Шиеленісуі-Мұқанның сырқаттануы

4.Ораздың құс баптау шеберлігі Шарықтау шегі-Сүлейменнің сараңдығы

5.Оразға үйір болған балалар Шешімі- Ораздың адамгершілік танытуы, көмегі

6.Ораздың адамгершілігі

7.Аңшылық туралы әңгімелер

Концептуалдық кесте

Кейіпкер

Өмірге қызығушылығы

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерге берілетін баға

Ораз



Өте жоғары

Кедейшілікке мойымай, аң аулап күн көреді, елге әрдайым көмектеседі,жайдары жүреді.



Мол олжасын елге сауғаға береді, мейірімді

Өте жақсы

Мәтінмен жұмыс

1.Шығарма кейіпкерлерінің сыртқы түр-тұлғасын суреттеу не деп аталады? Мәтіннен тауып, оқы. /портрет/

2.Шығармада табиғатты көркем суреттеу не деп аталады? Мәтіннен тауып, оқы. /пейзаж/

Сөздік диктант

Сұрақтың орнына лайықты сөзді тауып жаз.

1.Біздің үйде ол жылы мал атаулыдан жалғыз –ақ не? болыпты.

2.Ораз қыстыгүні не? , не?, не?, не? сияқты аңдарды да көп аулаған.

3.Жасының қартаңдығына қарамай Ораз сол кезде кімнен? жүйрік.

4.Күрілдек күтірінен көшіп келген қыста әкем сол ауылдың несін? бағуға жалданады.

5.Қардың жұқа және жұмсақ кезінде ғана ол аңға атпен шығады да, қар қалыңдаған кезде қалай? шығады.

Тест жұмысы.

1.Ораз құс салумен жылдың қай мезгілінде айналысады?

а/қыста ә/қысы-жазы б/жазда

2.Әңгіме кімнің атынан баяндалады?

а/Сәбит ә/Ораз б/Мұқан

3.Алғыр құстардың ішінде ілуде біреуі ғана болмаса, бабын тауып қайыра алмайтыны қай құс еді?

а/қаршыға ә/тұйғын б/ителгі

4. «Биыл қыста мылтықтың қарауылына, бүркіттің тұяғына ілінген олжаға екеуміз ортақ болайық»

кімнің сөзі?

а/Ораз ә/Мұқан б/Сүлеймен

5. «Айғайдан қашпайтын аң бола ма, ар жағынан дыбыс шықса, бері қарай өздері де жөңкиді»,- дейді Ораз. Қандай аң туралы айтылған?

а/қасқыр ә/қоян б/түлкі

6.Ораз қыста бүркіт салады, ал жазда қандай құстарды салатын еді?

а/лашын, тұйғын ә/қаршыға, тұйғын б/ителгі лашын



Бекіту.

Ой толғаныс сатысы. Бес жолды өлең

І топ


1.Зат есім /кім?/ - Ораз

2.Сын есім /қандай?/ -

3.Етістік /не істеді?/-

4.Сөйлем –

5. синоним -

ІІ топ


1.Зат есім /кім?/ - Сүлеймен

2.Сын есім /қандай?/ -

3.Етістік /не істеді?/-

4.Сөйлем –



5. синоним –
Сабақты аяқтау. Үйге тапсырма: «Саятшылық – бір өнер» тақырыбына эссе жазу

Оқушылар білімін бағалау.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет