Сабақтың тақырыбы: С. Сейфуллин.



Дата26.08.2017
өлшемі37,92 Kb.
түріСабақ
Күні _________

Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин. «Далада»

Сабақтың мақсаты: 1.Жазушы-ақын өмірінен мағлұмат беру. Өлеңі арқылы жаңа өмірден жақсылық күткен ақын бейнесін ашу;

2.Өлеңдегі негізгі ойды түсіне білу, ой қорыту, бейнелі сөздерді таба білу.

3.Ақыл- ой парасат тәрбиесін беру.

Көрнекілігі: автор өмірінен буклет, кесте, асау тұлпар суреті, ақын портреті, ой толғауға арналған жетекші тапсырмалар.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақ әдісі: түсіндіру, ой толғау, әдебиет теориясымен жұмыс, баяндау, өлең құрылысына талдау.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, түгендеп, сабаққа әзірліктерін тексеру,оқушыларды топқа бөлу 1 топ «Тәуелсіздік»

2 топ «Бостандық» тобы

3 топ «Еркіндік тобы» Топ басшысын сайлау, жауап парақтарын тарату

Зейіндерін интертақтаға аудару.

Сабақтың эпиграфы: Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық. Қолымызда – тәуелсіздіктің көк туы. Елтаңбамызда – бар халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз. Арманымызды алға апарар қанатты пырақтарымыз бар! Лайым бетімізден жарылқасын! Үлкен жолдың үстінде бізді ата-бабаларымыздың аруағы желеп-жебеп жүрсін!

Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті

-Сонымен балалар, біз қандай мерекені ұлықтап жатырмыз?

- Бұл жолда қандай ерлік істерді өткердік?


II. Үй тапсырмасын тексеру. 1. Сұрақ- жауап жүргізу

  • Өткен сабақта қазақтың қай ақынмен таныс болдыңдар?

  • С.Дөнентаев

- Ақынның қандай шығармаларымен таныстық?

1 топ «Бозторғай »өлеңінің мазмұнын айту, идеясын ашу;

2 топ «Заман кімдікі»өлеңінің негізгі идеясы, мазмұны;

3 топ «Адам баласының ұлылығы-оның ойлауында»деген сөзді қалай түсінесіңдер?



Жаңа сабақ Сәкен Сейфуллин Далада

-Балалар Сәкен аталарыңның есімі сендерге жақсы таныс. Олай болса, үш топ «Біз танитын Сәкен ата» постер құрайық /2 минут/

-Қай топ Сәкен ата туралы көбірек біледі екен?

-Оқушылар қамтымай кеткен шығармаларын суреттер көрсету арқылы естеріне түсіру ( ананың бесік тербеген суреті,аққудың суреті, абақтының суреті ,сандық т.б.) Бұл ақынның «Бесік жыры», «Аққудың айрылуы»,«Қамауда», «Сыр сандық» т.б шығармалары

2.Бүгін біз ақын Сәкеннің 1922 жылы жарық көрген «Асау тұлпар» кітабының алғашқы бетіне арнау түрінде жазылған «Далада» өлеңімен танысамыз.

Өлеңді мәнерлеп оқу, жоспар құру.

- Асау тұлпар мен кең дала .

- Асау тұлпар арыны.

- Асауға мінген ақын.

- Ақынның салған әні.

- Жастарға аманат.

(Т.Төреәлінің «Бәйге» өлеңінің минусы жай сазбен ойналып тұрады)Музыканың ырғағымен алғашқы шумағын мұғалім мәнерлеп оқиды, оқушылар «Шынжырлап оқу» әдісімен топ –топпен оқиды



2. Мәтінмен жұмыс.

Сөздік дәптерлеріне түсінуі қиын сөздерді жазғызып, түсінік беру



жүген –құрық тимеген- үйретілмеген, мінілмеген шу асау жүген – жылқының басына кигізетін, ауыздық пен тізгіні бар қайыстан істелген әбзел құрық-жылқы ұстау үшін ұшына ілмек жіп бекітілген ұзын сырық ноқта-мал басына кигізетін жүген тәрізді ауыздығы жоқ әбзел көрік- көмірді үрлеп темірді қыздыру үшін пайдаланатын темірден жасалған үрлеуіш

«Ұйқасын тап» ойыны

*** Болма ботам, тым сылбыр,

Тақ ноқтаға қыл...

*** Сал тайыңа ...

Ер-тұрманды түгенде.

***Тұрма бекер жан аяп, ... сал аяқ



Т Топтық жұмыс оптТтотықТ ТоптықТо 1.Өлеңнің негізгі идеясы, тақырыбы?
2.Ақын өлеңін неліктен жастарға арнады?

3Өлең құрылысына талдау жасаңдар



Сергіту сәті

3.Өлеңнен көркемдегіш тәсілдерді табу;

1топқа теңеулерді, 2 топқа риторикалық сұраулы сөйлемдерді 3 топқа эпитеттерді тапқызу.

***«Тәуелсіз елдің бүгіні мен болашағы»шағын эссе жазу

V. Сабақты бекіту. 1 топ Ақын жастарды асау тұлпарға теңейді?

2 топ Ақынның жастарға арнаған тілегі арқылы айтайын деген ойын, мақсат-мұратын аш.

3 топ Кеше Сәкен ақын жастарға үндеу тастаса, бүгінгі күні Елбасымыз жастарға қандай үміт артады?

Қорытынды «Венн» диаграммасы Өткен сабақ пен бүгінгі сабақты салыстыру


С.Дөнентаев

С.Сейфуллин

Ұқсастықтары






VI. Үйге тапсырма. «Сәкен-лирик ақын» реферат жазу;

Өлеңнен қалаған шумағын жаттау.



ҮІІ. Бағалау. Топ басшылары бағалайды
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет