Сабақтың тақырыбы: С. Шаймерденов «Ит ашуы» повесінен үзінді



Дата04.07.2018
өлшемі21,81 Kb.
#46259
түріСабақ
Жамбыл облысы

Байзақ ауданы

Қосақ негізгі мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Заркулова Лаззат Сафаргалиевна

Пәні: Әдебиет

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: С.Шаймерденов «Ит ашуы» повесінен үзінді.

Сабақтың мақсаты: С.Шаймерденов туралы мәліметті толықтыру, повестің мазмұны мен идеясын анықтау.

Сабақтың міндеттері:

1. С.Шаймерденовтың өмірі, шығармашылығымен танысады.

2. Повесть жанрының ерекшеліктерін айқындайды

3. Оқиға желісіндегі сипаттамаларға өз идеяларын қосады.



Бағалау критерийі: 1. Жазушы өмірі жайлы толық мәлімет айта алады.

2. Мәтіннің мазмұнын талдайды.

3. Эссе жазады.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Күтілетін нәтиже:

1. Шығарма авторы мәліметті толықтырады.

2. Оқиғаны тереңірек болжайды . 3. Тақырыпқа сай эссе жазады.



Сабақтың стратегиялары: «Жүректен-жүрекке», «Жер сілкінді», Миға шабуыл, эссе жазу.

Сабақтың тәсілдері: Кластер,Жигсо

Сабақтың көрнекілігі: стикер, маркер, постер қағазы, ноутбук.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет теориясы

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

«Жүректен-жүрекке» психологиялық сергіту арқылы сыныптағы ахуалды жасау. Оқушылар бір-біріне тілек тілей отырып, жақсы сөздер айтады. Сынып оқушыларын «Жер сілкінді» ойыны арқылы үш топқа бөлемін.



Үй тапсырмасын сұрау. Қасым Аманжолов туралы мәлімет, өлеңді жатқа айту

ә) Топпен жұмыс

Әр топтың алдына "Ит", "Ашу", "Адал достық" деген сөздерді беремін де, ой шақыру сұрақтары арқылы жетелеймін.

Осы сөздерді естігенде сендерге қандай ой келді?

Осы үш сөзді бір-бірімен байланыстырғанда қандай оқиға тууы мүмкін? Бірнеше минут ойланыңыздар.

Екі минуттан кейін-ал енді көршіңізге бұрылыңыз, өз идеяларыңызды ортаға салып, бірлесіп әңгіме құрастырып көріңіздер. Біреулеріңіз сол әңгімені айтып бересіздер. Содан соң, повесть жайлы, ақынның шығармашылығы жайлы «Кластер» тәсілі арқылы анықтаймыз. Сафуанның өмірі мен шығармашылығы жайлы А4 қағазына түсіреміз Жигсо тәсілі арқылы Әр топ ортада талқылап, өздерінің болжамдарын ұсынады. Оны қорғап біткеннен кейін: -Қазір сендер Сафуан Шаймерденовтың «Ит ашуы» повесінен үзінді оқисыңдар. Сендер әңгімені бірнеше үзіліспен оқисыңдар. Мен тоқтатқанға дейін оқисыңдар, сонан соң оқыған бөлім бойынша талқылау жасаймыз және сұрақтарға жауап береміз. 1-үзінді. Қойлы ауыл, Марғаудың іс-әрекеттері.



Сұрақтар:

1. Қай топтың әңгімесі оқыған үзіндіге сай келеді?

2. Шопанның ауылы қандай әрекеттер жасап жатыр?

3.Марғаудың ойында не бар екен?

4. Оқиға ары қарай қалай өрбуі мүмкін? (бағалау, смайликтер арқылы)

2-үзінді.Повестің идеясы туралы

Сұрақтар:

1. Ақын осы ойымен не айтқысы келіп отыр?

2. Оқиға қай жерде болыпты?

3-үзінді. Лезбай мен Марғаудың достығы жайлы.

Сұрақтар:


  1. Марғаудың еңбегі

  2. Адал достық үй жануарының бойынан табылады деп ойлайсыңдар ма?

  3. Егер сен ақынның орнында болғанда қандай тақырып қояр едің?

в)Ой толғаныс. Эссе жазу "Ит - жеті қазынаның бірі..." Оқушыларға эссе жазу тапсырылады /10мин/. Топтың ішінен бір оқушы автор орындығында оқиды.

д) Үйге тапсырма: Үй жануары туралы мақал-мәтел тауып, мазмұнын анықтап келу.



г) Бағалау. Стикермен бағалау. Мәтінді қорғауда қолданылады.

Балдық жүйемен бағалау.





Аты-жөні

Мәтінді болжауы

(1-3)ұпай

Үй тапсырмасы


Сұрақтарға жауап беруі

(3-5) ұпай

Повесть жайлы


Эссе жазады.

1.Мазмұнның өзектілігі

(1-3)ұпай

2.Сыни ойлаудың болуы (1-5) ұпай

3. Жазу стилі

(1-7) ұпай




Қорытынды

20-23ұпай «5»

15-19ұпай «4»

10-14ұпай «3»



«Екі жұлдыз, бір тілек»
Каталог: uploads -> doc -> 0f31
0f31 -> Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілі
0f31 -> Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік
0f31 -> Сабақ: №50 Мектеп: №6 орта мектебі Күні: 11. 01. 2017 Мұғалімнің есімі: Б. С. Сүлейменова
0f31 -> Сабақ жоспары Сабақ Мектеп: Ы. Алтынсарин атындағы №10 мектеп лицей
0f31 -> Сабақ: Спорттың пайдасы Күні: 16. 02. 17 Мұғалімнің аты-жөні: Мыржикова Ажар Төлепбековна
0f31 -> Ақтау қаласы ‹‹№21 жалпы білім беру орта мектебі›› коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0f31 -> Көктау жалпы білім беретін негізгі мектебінің физика пәні мұғалімі Қостанай облысы. Арқалық қаласы. Көктау ауылы
0f31 -> Сабақ түрі Сабақ әдісі Көрнекілігі Кіріспе (1 сағат) 1
0f31 -> Сабақтың тақырыбы «Ар-намыс керек адамға»
0f31 -> Сабақтың тақырыбы: «Патша және жер қазушы»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет