Сабақтың тақырыбы Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті



бет2/2
Дата04.08.2017
өлшемі0,96 Mb.
#22897
түріСабақ
1   2

Қорытындылау

2 минут



-Біз бүгін қандай дыбысты қайталадық?

-Я дыбысы қандай дыбыс?



-Қандай тапсырма ерекше ұнады?

-Жалпы бүгінгі сабақты түсінгендерің күннің суретін,сұрақтарың болса күн мен бұлттың суреттерін,ал егер түсінбесеңдер бұлттың суретін көрсетіңдер.



Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім

Күннің көзі, бұлттың суреттері





Сауат ашу

(ашық сабақ жоспары)

1"Е" сыныбы

2016-2017 оқу жылы

Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі Мукушева Г. А

1 «Е» сыныбында өткізілген ашық сабақ жайлы ақпарат

2017 жылдың 16-шы ақпан күні 1 «Е» сыныбында сауат ашу пәнінен ашық сабақ өтті.Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық кейіпкерлер туралы не білеміз?Я дыбысы мен әрпі.Қарама-қарсы сөздер» Сабақтың мақсаты:оқушылар я дыбысы мен әрпі туралы алған білімін бекітеді,негізгі идеяны ашып,мәтіннің мазмұнын түсініп ,талқылап,кейіпкерлерді сипаттап,мәтінді сахналайды.

Сабақ шаттық шеңберін құрудан басталды.Жұмбақ жасыру арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтты.Я әрпі бар сөздерді бейне көрсетілімнен оқушыларға тыңдатты.Және де оқушыларға өздері білетін я әрпі бар сөздерді буынға бөлгізді. Я дыбысы туралы ережелерді бейнекөрсетілімнен көрсетіп, тыңдатты. Оқушыларға оқулықтан бағандағы сөздерді оқыта отырып, оқу деңгейін көрсетті. Я әрпінің баспа,жазба түрін қайталады. Я әрпінің элементтерін тақтада жазып көрсетіп, оқушыларға ауада жазғызып, әріп байланысын көрсетті. Оқушылардың жазғанда дұрыс отыруын ескертіп, көлбеу, көркем жазуын талап етті. Сабақта бірнеше сергіту сәттері орындалып отырды. Оқушыларға суреттерді көрсете отырып, қозғалыстарын анықтап, қарама-қарсы сөздер еске түсірілді.Сабақта үш тілділік жүргізілді. Тіл ұстарту жаттығулары ретінде балалар жаңылтпаштарды жатқа айтты.Сабақта топтық жұмыс жүргізілді. Әр топқа әр түрлі тапсырмалар берілді. Мысалы: буынға ұйқас сөзді тап, шашыраған сөздерден сөйлем құрастыру, пиязды сипаттап пайдасын айту, суретке қарап әңгіме құру, ұлттық кейіпкерлерді еске түсіре отырып «Алдар көсе мен бай баласы» туралы сахналық қойылым болды. Ыстық микрофон арқылы я дыбысы, ережелер қайталанды.Сабақтың әр кезеңінің құрылымында түрлі әдіс-тәсілдер мен ойындар жүргізілді.Оқушылар «Я» дыбысының қосарлы дауысты дыбыс екенін, я әрпінің жазылу элементтерін түсініп,сөздегі орнын анықтады. Қалыптастырушы бағалау сабақтың әр кезеңінде, әр түрлі түрде орындалып отырды.

Оқушылар мен мұғалімнің арасындағы кері байланыстан сабақтың өз мақсатына жеткені көрінді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет