Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің түрлері Сабақтың мақсаты



Дата25.12.2016
өлшемі232,05 Kb.
түріСабақ
Тилесова Айгул, А. Байтұрсынов, 8-702-135-85-47

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың сан есім, есептік, реттік, бөлшектік,болжалдық сан есімдер туралы алған білімдерін пысықтап, жаттығулар орындап, оқыту барысында логикалық мәдениетін дамыту.

Дамытушылық: Сауатты жазу дағдысын қалыптастыру, сан есімдерді табу арқылы баланың ой шапшаңдығын жетілдіріп, ақыл ойын, байқағыштық қабілетін, сөздік қорларын молайту, коллиграфиясын жетілдіру.

Тәрбиелілік: Адамгершілікке ,адалдыққа,әдепті,сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Оқушы нені меңгереді:Сан есім жайлы алған білімдерін тереңдетеді.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық, түсіндіру, талдау, көркем жазу.

Сабақтың көрнекілігі: Ойын түрлері, технологиялық карталар, тірек-сызбалар,бағалау парақтары.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

2.Психологиялық дайындық

3. Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақтың өтіу алгоритмі:

1. Ой ашу. ’’ Кім көп біледі?’’

2. Жаңа сабақ.

3. Көркем жазу сәті.

4. Жатқа жазу. '' Адам болам десеңіз''

5. Көру сын жұмысы.

6. Сергіту сәті.

7. ‘’Жүйрік ойлы тапқыр кім?’’

8. Шығармашылық жұмыс.

9. Қорытынды '' Бәйге'' Бүгінгі сабағымызда '' Көкпар'' ат жарыс ойыны арқылы жүргіземіз. Сабаққа белсене қатысып , жақсы көрсеткіштерге жетіп, дұрыс жауаптары үшін неғұрлым көп балл жинаған топ жеңімпаз болып, мәреге бірінші жетеді. Іске сәт!

‘’ Сөздік домино ‘’. Бірінші оқушы сөз таптарына байланысты кез келген сөз айтады да келесі оқушыға белгі береді. Келесі оқушы айтылған сөздің соңындағы әріптен басталатын сөз айтады.



  1. « Ой ашу» Тіліміздегі сандарға байланысты даналар мен билердің айтылған өсиет, нақыл сөздері сол сандардың қасиетті, киелі екенін білдіреді. Жеті күн, жеті ата, бес арыс, жеті жұт, үш дана, үш бәйтерек, үш асыл, алты алаш.

  2. Жаңа сабақ. Сан есімнің түрлері. Тірек – сызбалар.


Реттік

Есептік





Сан есім



Болжалдық



Топтау



Бөлшектік

лопрапрпрпарапрпрвпаапавапапаапапап


Жинақтық


Марат

  1. Көркем жазу сәті

Дәптерлерді ашайық

Қолға қалам алайық.

Салақтықтан қашайық,

Әдемілеп жазайық.



  1. Жатқа жаз . Үш дананың бірі Абай атамыздың “Адам болам десеңіз'' өлеңінің ішінен сан есімі бар шумақтарын жатқа жазамыз.



  1. Көру сын жұмысы.

Тақтаның алдында тұрып мұғалім заттардың бейнесі бар суретті 20 секунд оқушыларға көрсетеді. Ішіндегі бейнелерді есте сақтап, 1 минут ішінде қағаз бетіне түсіреді.

Үндемес сын жұмысы.75 – жаттығу. Мәтінге ұқсатып өздерің өлең жолдарын ұйқастырыңдар.



Біріншіден не жаман?

Білгісі келмес жан жаман...

I -деңгей. Есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырып, көп нүктенің орнына жаз.

Төрт сынып - ... сынып

Алты топ - ... топ

Он айналым - ... айналым

Бес мектеп - ... мектеп

II – деңгей. Сан есімдердің көптелуі, жіктелуіне мысал жаз.

III – деңгей. Сан есімнің түрленуіне мақал – мәтел, жұмбақтардан мысал келтір.

IV – деңгей. Сан есімдердің септелуі және тәуелденуіне мысал жаз.

«Ой қозғау» кезеңі

VIII – тапсырма. Шығармашылық жұмыс.

Әр топқа берілген мәтінді шығармашылықпен жалғастырады. Жалғастырылған сөйлемдерде сан есім болуы шарт.

IХ. Қорытынды.'' Бәйге сұрақтары’’

I – топ.


  1. Сөзден сөз тудыратын қосымша( жұрнақ )

  2. Cан есімдердің тең жарымы бір буынды, қалғаны екі буынды сөздерді жаз.

  3. Сан есімнен басталатын ән аттарын жаз..

  4. Мәтіннің түрлері.

II – топ

  1. Қасиетті сандар жайлы дана ойларды жалғастыр.

Үш байлық:

Үш асыл:


Үш артық:

Үш кемдік:



  1. Сан есім жұрнақтары нешеу?

  2. Дауыстыдан басталып ,дауыссызға аяқталған буын

  3. Есептік сан есімдердің қосарлануына мысал жаз.

III – топ

  1. Сөз таптарын жаз.

  2. Сан есімдерді қатыстырып « Қонақта» тақырыбында әңгіме құраңдар

  3. Табиғатты суреттегенде пайдаланатын сөз табы.

  4. Топтау сан есімін септеп жаз.

IV – топ

  1. Сан есімді қатыстырып, толықтауышқа мысал жаз.

  2. Күрделі мүше болатын сан есімдерді жаз.

  3. Төменде берілген санамақты оқи отырып, белгілі сөз құрастырып көріңдер.

  • тү + 1

  • к + 2 +л

  • к + 3 +ік

  • 4 + бақ

  • дер + 5

  • б + 6 + р

  • 7 + к

  • 8 + көз

  • 9 + құмалақ

  • с+ 10 + а

  1. Тілде біреудің аудару үшін қолданылатын сөз. Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма: Сан есімнің түрлеріне сөйлем жазу.



Мақтарал ауданы Жетісай қаласының «№5 А.Байтұрсынов атындағы ЖОМ» коммуналдық мемлекетттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Тілесова Айгул Темірәліқызы



Мен сіздердің журналдарыңыздың тұрақты оқырманымын журналдарыңызға 3 – жылдан беры жазыламын. Сізде шығармашылық табыс тілеймін.
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет