Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі



Дата26.08.2017
өлшемі72,75 Kb.
#27978
түріСабақ
Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ. 6-класс.
Өткізген: Орынбаева Гулим Сакеновна

Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Білімділік мақсаты: Оқушыларға сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресте ерліктерін баяндап, танымдарын арттыру
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың тарихи оқиғаларға өз бетінше тұжырымдай білуіне бағыт беру, логикалық ойлау қабілетін арттырып, ойын еркін айтып жеткізе білуге дағдыландыру
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өз тарихын құрметтеуге, ұлттық намысын оятып, ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты игеру
Сабақтың әдісі: Баяндау, рөлдік ойын, кроссворд шешу, танымдық ойындар, тест сұрақтары ,жұмбақтар
Пәнаралық байланыс: Ежелгі дүние тарихы, әдебиет, археология
Көрнекі құралдар: Коссворд салынған плакаттар,буклеттер, альбом
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

Рөлдік көрініс

Кроссворд шешу

Танымдық ойындар

Бекіту тест сұрақтары

Жұмбақтар

Бағалау

Үйге тапсырма



Ұйымдастыру кезеңі

  • Саламатсыздар ма, оқушылар! Сабақтағы оқушыларды түгендеп алайық. Бүгінгі біздің ашық сабағымыз «Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі» тақырыбына арналып отыр. Олай болса, сыныптастарын даярлап келген рөлдік көрініске назар аударайық. Көз алдыңызға сақтардың заманын елестетейік, сақ патшасы Томирис, парсы патшасы Кир және сол заманның куәсі болған автор бүгінгі сабаққа келіп отыр.



Рөлдік көрініс

Автор: Парсы билеушісі Кир б.з.б. 530 жылы сақ жеріне келіп, сол кездегі сақтардың билеушісі Томириске өз елшілерін жібереді.

Кир: -Мына хабарды тура Томириске жеткізіңдер! Мен патшалардың патшасы парсы Кирмін сақтардың соғыссыз берілуін талап етемін. Келісіп одақ құрайық, болмаса қандарыңды судай ағызып, жерлеріңді жаулап аламын!

Автор: Хабарды алған Томирис:

Томирис: - Ешкімнен қыңарым жоқ!

Парсымен одақ құру ниетім жоқ,

Елімнің тыныштығы қымбат маған

Қымбатыма қол салса, шыдарым жоқ

Кир патша сен маған тең емессін

Жөніне кетсін, болса кемел есі.

Парсы еліне бас ұрып, бағынбайды,

Келсін де жаулап алып көрсін!



Автор: Бұл хабар Кир патшаның құлағына жетеді

Кир: Айтқанға көнбесе біз оларды жаулап аламыз, өз обалы өзіне...

Бүкіл ел бізге бағынатын

Күллі Азия аңыз қылып табынатын

Құдіретті Кирдің күшін білмей

Қалайша құтырады бұл ханым?!

Автор: Көп әскерімен Кир Сырдариядан өтіп біршама жүргеннен кейін қосындарын тікті. Ал, Томирис жалғыз ұлы Спаргаписті жауға қарсы аттандыруда.

Томирис: Жалғызым Спаргапис ел шетіне жау келді. Жерді, елді қорғау қасиетті борышың. Аттан жауға, еліңді қорғауға!

Автор: Салтанатты түрде Спаргапис қалың қолымен жауға қарсы аттанады. Бұны көрген Кир:

Кир: Ит күшігін жіберіпті менің алдымнан. Бұл не мазағы? Біз қулықпен тәжірибесізді құртайық.

Автор: Әдейі қулықпен қорыққан болып Кир лагерін тастап, қашқан сыңай танытады. Спаргапис жаудың соңынан қуып торуылға түсіп, соғыста қайтыс болады. Бұл хабарды естіген Томирис әскерді бастап, Кирге қарсы аттанады. Екі жақтың әскерлері садақпен, жекпе-жекке шығып, қылыштасып, найзаласады. Ақыры сақтар жеңіске жетіп, Кир соғыста қаза табады.

Томирис: Кирдің денесін тауып әкеліңдер!

Автор: Томирис Кирдің басын кесіп қан толтырылған меске салып былай дейді

Томирис: Қанды аңсап келіп едің,

Тойғаныңша қанып іш

Ішсең мынау – құмарың қанар!

Автор: Ер жүрек халық сақтар Томиристің бастауымен елін, жерін қорғап қалды.

Әрбір сақтың таң қалдым епті ісіне,

Тәубе еткен тақта отырған тектісіне.

Томиристей патшасы бар қайсар халық

Төзе алмас ешкімнің тепкісіне ...


  • Оқушылардың театрландырылған - рөлдік көріністеріне өз ризашылығымызды білдіріп қояйық.(ду қол шапалақ) Оқушыларға көп-көп рахмет.


Кроссвордтпен жұмыс.

Тақтада ілінген кроссводты өткен тақырптарды еске түсіру мақсатында бүкіл сыныпен біріге отырып шешейік.

Сұрақтар:


  1. Ежелгі грек авторлары сақтарды «Азиялық....» деп атады? (скифтер)

  2. Геродот өз жазбаларында сақтарды қалай атаған ? (массагеттер)

  3. Б.з.б. 2-8мыңжылдықты қамтитын дәуір қалай аталады? (қола)

  4. Адамдардың шығу тегін жануарлармен байланыстыратын сенімді қалай атайды? (тотемизм)

  5. Қан мен жанның байланысына сенім қалай аталады? (анимизм)

  6. Заттай деректерді зеттейтін ғылым қалай аталады? (археология)


Танымдық ойындар

3 топтың оқушыларына әр түрлі тапсырмалар беріледі.


1 топтың тапсырмасы:

Допты бір-біріне лақтыру арқылы тақырып бойынша сұрақтар қойылып, ішінара жауап береді.


2 топтың тапсырмасы:

Оқушыларға хронологиялық диктант түрінде беріліп, әр жылдарда болған оқиғаларды баяндайды.



Б.з.б. 530 жыл

Б.з.б. 570-520 жылы

Б.з.б. 519 жылы

Б.з.б. ІҮ ғасыр
3 топтың тапсырмасы:

Басқатырғыш сөздердің дұрыс жазылу ретін тауып, сол сөздерді түсіндіреді



СОРТИМИ ТОМИРИС

ЙАДРИ ДАРИЙ

ҚАШРЫ ШЫРАҚ

ТЕПНАМСИ СПИТАМЕН

ИРК КИР
Тест сұрақтары

Сабақ барысында игерілген тақырыпты бекіту мақсатында әр топқа тест сұрақтары беріледі



Тест сұрақтары

  1. Б.з.б. 530 жылы қай парсы патшасы сақ еліне жорық жасады?

А) Дарий Ә) Кир Б) А. Македонский

2. Сақтардың А.Македонскийге қарсы күресін кім басқарды?

А) Спаргапис Ә) Томирис Б) Спитамен

3. Б.з.б. 570-520 жылдары өмір сүрген сақ патшайымы?

А) Томирис Ә) Клеопатра Б) Семирамида

4. «Жеңілмейтін әскер» деп кімдерді атаған?

А) Грек-македон Ә) Парсы Б) Сақ

5. Дарийдің әскерін шөл даламен адастырған ер жүрек сақ жауынгерін ата?

А) Томирис Ә) Спитамен Б) Шырақ

6. Грек-македон басқыншылары сақ еліне неше жыл бойы соғыс жүргізді?

А) 13 Ә) 3 Б) 10

7. Томирис пен Кир арасындағы шайқасы немен аяқталды?

А) Кир қаза болды Ә) Томирис қаза болды Б) Екеуі де қаза болды

8. «Досқа адал, дұшпанға қатал» деп кімдер жөнінде айтылған?

А) Грек Ә) Парсы Б) Сақ

Кілті: 1 Ә, 2 Б, 3 А,4 А, 5 Б, 6 Ә, 7 А, 8 Б.

Осы игерілген тақырып бойынша, әр топ ТОМИРИС, СПИТАМЕН, ШЫРАҚқа мінездеме береді.

Бой жазу.
Жұмбақтар:


  1. Қадам бас алға сүрінбей

Болашақ кілті білімде

Қандай мағына береді

«Сақ» сөзі парсы тілінде? (Құдіретті еркектер)


  1. Басынан кешкен ақтарды

Тарихшы тізіп ақтарды

Кімдер деп тағы атады

Грек Геродот сақтарды? (Массагеттер)


  1. Көгенге құлын байлады

Бес қаруды да сайлады

Айтып берші қай сақтар

Арал мен Сырды жайлады? (Парадарайя)


  1. Білімді алтынға теңедік

Достарға ашық, кең едік

Әйгілі сусын жасаушы

Сақтарды кімдер деп едік? (Хаумаварга)


  1. Кең болып түзде түлеппін

Шарапаты мен ізгі тілектің

Көшпелілер қалай аталды

Деректерінде гректің? (Дайлар)


Бағалау

Жаңа тақырыпты игеру барысында жинаған бағалары бойынша бағаланады.



Үйге тапсырма

«Томирис – ерліктің символы» тақырыбына эссе жазу




Қорытынды: Мінекей , балалар, біз бүгінгі сабақта жалпы сақ деген тайпамен таныстық.Сақтардың еркін,ержүрек,батыр да батыл,данышпан, бір сөзді, тәуелсіздікті жоғары бағалайтын халық болғанын білдік.Ал сақтар біздің,яғни қазақтардың арғы тегі.Қазақ халқы да талай ғасырлар бойы ерлікпен күресе жүріп,елін, жерін жауынан сақтап қана қоймай,киелі тәуелсіздікке қол жеткізіп отыр. Сол тәуелсіздігіміздің символы ретінде біз алтын адам мен қанатты барысты ,елтаңбамыздағы қанатты пырақты, арқарды бекерге алмадық.Өйткені біз сақтардың ұрпағымыз.Сақтардың рухы елімізді әлі талай биік белестерге , талай жеңістерге жетелейтіні анық.
Каталог: uploads -> doc -> 0d36
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d36 -> Күні: 12. 15 Сыныбы: 5 «в» Пәні: Жаратылыстану Тақырыбы: Гидросфера- жердің су қабығы Мақсаты: а оқушыларға «гидросфера»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет