Сабақтың тақырыбы Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік Сілтеме



Дата14.04.2017
өлшемі58,36 Kb.
#13768
түріСабақ
Кужекова Гүлмираның қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пәні: Әдебиеттік оқу

Күні: 15.03.2016

Сыныбы: 3 «Ә»

Сабақтың тақырыбы

Сәкен Сейфуллин.Ақсақ киік

Сілтеме

3- сыныбына арналған оқулық .Әдебиеттік оқу оқулығы

Мақсаты


Оқушылардың  білім деңгейлеріне қарай тапсырмалар бере отырып, оларды шығармашылық ізденіске баулу.  Оқушылардың сөздік қорларын молайтып, ауыз екі сөйлеуі дағдылары  мен жазба тілдерін дамыту.Оқушыларды жақсы-жаман қасиеттерді ажырата білуге,үлкендердің ақылын тыңдауға үйрету.

Күтілетін

нәтижелер



Оқушылар  білім деңгейлеріне қарай тапсырмалар орындай отырып, шығармашылық ізденіске үйренеді.  Оқушылар сөздік қорларын молайтып, ауыз екі сөйлеуі дағдылары  мен жазба тілдерін дамиды.Оқушылар жақсы-жаман қасиеттерді ажырата білуге,үлкендердің ақылын тыңдауға үйренеді.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

7 модуль

СТО, оқытудағы жаңа тәсіл, оқыту үшін бағалау.

Қолданылатын әдістер

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой қозғау, «Топтастыру» стратегиясы, бес жолды өлең.

Керекті жабдықтар

Оқулық, кеспеқағаздар, стикер, маркер т.б.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе

3 мин

Ұйымдастыру:

Топқа бөлу;



Оқушылар өз үстелдерінің басына жиналады.

Негізгі бөлім


10 мин

5 мин


2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылардың өткен білімдерін тексеру үшін оқушылардан «Көкшенің көрінісі» мәтінінің мазмұнын сұраймын.

І, ІІ топ: Оқушылар мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

ІІІ топ ІV топ: Автор туралы айтады.

Жаңа сабақты түсіну үшін «Топтастыру» стратегиясы бойынша: Таулы, орманды, шөлді жер жануаралары туралы айтады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

-Таулы жерде қандай жануарлар тіршілік етеді?

-Киік несімен пайдалы ? Сұрақтарға жауап береді.



-Балалар, ендеше «Ақсақ киік » өлеңімен таныс боламыз . Өлеңді оқиды. Өздері түсіндіреді.

Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин (15 қазан 1894 Ақмола уезі, Ақмола облысы, Ресей империясы - 25 ақпан [1]1939, Алматы, Қазақ КСР, КСРО) - қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы,қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы. Алғашқылардың бірі болып Қырғыз АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы (1920-1925) (Премьер-Министр) қызметін атқарды.

Сергіту сәті


2 мин

Бейнероликпен орындалады.


Оқушыларға тілдерін жаттықтыру мақсатында, жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату.




8 мин

7 мин


Топтық тапсырмалары:

1 –топ: Арқа-кең дала,жазық дала.



Бетпақдала-жері құрғақ,шөбі  сирек шөл дала.

Ел жоқ,күн жоқ-шөл далада басқа тіршілік,жан жоқ деген.

Картадан (Арқа, Бетпақдала дегеннің ұғымын беру үшін) Қазақстанның жер көлемін таныстыру.Оның қай тұстарын бетпақдала алып жататыны көрсетіледі. «Бетпақ» деген сөздің мағынасын түсіндіру. 

2-топ: Біздің халықта киік туралы қандай ұғым бар?

-Ол- киелі жануар.

- Киіктің лағын қалай атаймыз?



- Құралай.

Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап береді.

Өз пікірлерін айтады.

Оқушылар өздеріне қатысты жолдарды тауып, талдайды.

3 - топ :

Ақбөкен,киік-жұп тұяқты тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты дала жануары. Текесінің мүйізі қайқылау келеді,ешкісінде мүйіз болмайды.Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады,қыста түсі ақшылданады.Көбіне егізден,кейде 3 лақтан туады.Жейтін қорегі тек қана шөп, таза су ішеді.




Бекіту сұрақтары.

1.Бетпақ даланы неге шөл деп атайды?

2.Киік қандай жерді мекендейді?

3.Киікті басқаша қалай атайды?

4.Киік мүйізінен не жасалады?

5.Өлең сендерге несімен әсерлі болды?

-Оқушы: Өлеңдегі ақынның табиғатты суреттеуі, жанашарлығы ұнады.Басқа шығармаларға қарағанда бізге әсер еткені-адамдардың табиғатты қорғамауы, мергендердің жазықсыз аңды атуы.Себебі: Қазіргі таңда саны жағынан азайып бара жатқан түз жануары.

6.Өлең қалай аяқталады деп болжам жасайсыңдар?

Оқушы: Ақын киіктің өлгені не өлмегені туралы бізге нақты мәлімет айтпаған.Сондықтан қансырап өлуі мүмкін немесе жолаушыға кез болып мейірімді жандардың қолында жарақатынан жазылуы мүмкін,ит-құсқа жем болуы мүмкін немесе жолшыбай адамға кез болып, оны адам қазақша бауыздап етін азық етуі мүмкін.

4-топ: Бес жолды өлең



Қорытынды

Рефлексия



5 мин

Екі тілек, бір ұсыныс

1.Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.

Үйге тапсырма

1мин

Мәтінді оқу, автор туралы мәлімет жинау.

Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

2 мин

Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.

Оқушыларды топ басшысы бағалайды.

Каталог: uploads -> doc -> 0769
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0769 -> Сабақ. Пән: Қазақ әдебиеті. Күні: Тақырыбы: Сәкен Сейфуллин Сабақтың мақсаты: Білімділік
0769 -> 1Білімділік: а. Зат есім туралы түсінігін кеңейту,зат есімнің жекеше және көпше түрлерін ажырату, жасалу жолын білу
0769 -> Оқулық: асықтары бар қоржын, қорап, сабаққа байланысты көрсетілім
0769 -> Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тұрған
0769 -> №195 мектеп-гимназия “Жайылма” ауылы Әлжанова Күләш «Мақсаты бірдің – рухы бір!»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет