Сабақтың тақырыбы: "Сәкен тұғыры биік ірі тұлға"



Дата25.01.2017
өлшемі55,94 Kb.
#8125
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: “Сәкен – тұғыры биік ірі тұлға”(Ақынның «Сыр сандық» өлеңін талдау)

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың негізгі білімдерін ұштай отыра, С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу арқылы сөз өнерінің құпия сырын түсіндіру, көркемдік шеберлігін ашуға үйрету.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, туған жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қаситеттірінің көзін аша отырып, рухани бағдар беру.

Дамытушылық: Өз ойларын жүйелі, дәлелді жеткізе білуге баулу. Шығармашылық ізденіске бағыттау. Сөз өнеріне қызығушылығын арттыру, поэзияны түсінуге, сырына үңілуге шақыру.

Сабақтың эпиграфы:

«Егемен ел атанып, тәуелсіздік туын тіккен қазақ еліне Сәкеннің үлгісі, өнерлі өнегесі өте керек.»

                  Н.Ә. Назарбаев

Сабақ түрі. Жаңа білімді игеру

Сабақ әдісі. Сұрақ – жауап,

Сабақтың барысы.І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақ

ІІІ. Топқа бөлу

І топ – «Зерттеушілер» Топтың жобасын тыңдау, толықтыру

1. «Ғұмырдария» стратегиясы (Сәкен тур. зерттеп, дерек жинап келу тапс. Ізденіс жұм.)


ірі қоғам қайраткері ақын 1914ж «Өткен күндер»,1916ж «Толқын» ө.ж.

Түрксиб темір жол. сал.қат. жазушы 1929ж «Тар жол...», «Айша», «Бандыны...»

редактор әдебиеттің негізін қалаушы

«Еңбекші қазақ» газ.

«Әдебиет майданы»жур.

журналист әдебиетті зерттеуші ғалым

1913ж «Айқап» газ. Қазақ әдеб оқулығ авторы

(студ. арн)

мақала ж. сыншы

сазгер Қаз. авт. респ. ХКК төрағасы

сұлу (мемл. Басшысы)1922ж

драматург революционер1917ж азамат к. «Қызыл сұңқаллар»

домбырашы «Бақыт жолында» жазықсыз жаланың құрбаны

ХККтөрағасы (респ.прем-министрі) 28 жасында

ұстаз 1912ж мұсылм. мект. орыс т сабақ берді. 1929ж Қаз ПИ әдеб.кафед. меңг.

1916-17ж Бұғылы мект. мұғ. 1934ж Қаз. ком.журн. инист. профессоры

2. «Естеліктер сыр шертеді» (Ақын туралы айтылған ой-пікірлерді тауып келу)  Сәкен суреті, сұлулығы туралы «Буденныйдың мұртындай қайырып тастаған мұрты, қара толқынды келген шашты, өзі аққұба, көз қиығы ерекше, денесі сом, ердің ішіндегі аса бір сымбаттысы, кісілігінде еш бір мін жоқ». Ғабит Мүсірепов «Ескірмейді естелік» кітабынан

    «Сәкен – адамгершілігі мол , адал жанды, нағыз халық ұлы» Галина Серебрянова.

Мұғ. Сөзі: Осы сөздің растығына көшейік. Оқулықты ашамыз.

ІІ топ – «Сахна шеберлері»

1. Ә.Әбішевтің «Сәкен аманаты» драмасынан көрініс көрсетеді.

2. «Сұрақ-жауап» стратегиясы

1.Қандай түрде жазылған өлең? / лирикалық/

2.Лирикалық өлең дегеніміз не?

3.Лирикалық өлеңдегі кейіпкер кім? / ақынның өзі/ лирикалық кейіпкер – жаны таза адам.

(Бұл «Сыр сандық» өлеңі1926 жылы жазылған. Досына хат түрінде жазған. Ақын өміріндегі 1923 жылы Қызылжар қаласында болған жағдайға байланысты туған. Халық комиссары Сәкеннің көңілі қалған досқа арнауы, яғни « ұлық болсам ғана шырқ айналар соқыр тауық болғаны ма?» дегенді ойлапты.



ІІІ – топ. «Көркем сөз шеберлері». «Мен оқимын, сен оқисың, біріміз де оқимыз»

1.Өлеңді жатқа айту.

2. Композициялық, сюжеттік құрылымына сәйкес оқып, мазмұнын түсіндіру. Топ мүшелері толықтырады. (Өлеңді оқу жүйесі: 1 - 2, 3 - 4, 5 - 7, 8 - 11, 12 - 19, 20 - 21 шумақтары)
І Vтоп «Әдебиетшілер» тобы

1.«Талдау стратегиясы». Өлең құрылысына талдау. Өлең 21 шумақтан, 7 - 8 буынды кезекті,шалыс ұйқаспен жазылған.

Сыр| сан|дық|ты| а|шып| қа|ра| А

А|шып| қа|ра|, сыр|ла|сым|,       Б

Сым| пер|не|ні| ба|сып| қа|ра|,   А

Ба|сып| қа|ра|, жыр|ла|сын|!       Б

- Өлеңнің тақырыбы не?

- Адал достықты дәріптеу,

-Идеясы ше?

- Адалдық пен арамдықтың, мансап пен ар-ожданның, достық пен қастандықтың ара жігін ашып беру.

-Оны қалай жырлайды?

-Дос көңілін биік шыңға, алтын сарайға, нулы шатқалға, мөлдір суға, қымбат жасауға балайды. Бұл суреттеудің қандай тәсілі?

-Метафора. Тауық – жаман дос, тау – нағыз адал дос.

-Ал сұлу пернеге нені балайды?

-Сұлу пернеге адам бойындағы жақсы, жағымды қасиеттерді теңейді. Жақсы қасеттердің шын достыққа жеткізетінін тебірене жырлайды. Ақын өз басының мұңын, арманын айтып отырған жоқ. Жалпы адам баласын ойландыратын құндылықтарды жырлап отыр. Адамның рухани дүниесін биік құздың басына тығылған кілттеулі сыр сандыққа балайды.Ең биік шың – адамның жан-дүниесі. Ақын биік шыңды бағындырды. Сәкен поэзиясы мәңгі жасайды. Оны тек ақынның жан сырын түсінетіндер, біздер, ғана аша аламыз. Сыр пернесін басқанда ғана сырын шертеді екен.

-Достық деген не? Қандай мақал білесің?

-Эпитетті тауып оқы: сенерлік дос, нағыз дос, берік қойма, сырлы жыр, сырлас жан, мұз бұлақтар, құзды шаттар, қалың ну,аққан су, алтын жазу, қымбат жасау, жасыл жібек, асыл сым, алтын сарай.

Сыр сандықты ашып қара,



Ашып қара сырласым. 

Сыр пернені басып қара, 



Басып қара жырласын!

-Бұл сөздер неге қайталанып тұр?

-Бұл – еспе қайталау. Ой мен сыр түйдектеліп, еселеніп келіп, әсем әуәз, әдемі әсер беріп тұр.

2. Өлеңнің компзициялық құрылымы қандай?

І. Басталуы

Жалған досқа сенбеу.

ІІ. Дамуы

Нағыз дос іздеу.

ІІІ. Шарықтау шегі

Сыр сандықты іздеу.

ІV. Шиеленіс

Сыр сандықты табу.

V. Шешім

Сыр сандықты ашу

Қорытындылау: «Сәкен ағаға ашық хат» жолдау (шығармашылық тапсырма)

Мұғ. сөзі: Елің барда өлмейсің, Сәкен аға,
Қазағыңның жасайсың жүрегінде! Ғалым Жайлыбай               

Үйге тапсырма: «Сыр сандық» өлеңінен үзінділер жаттау, «Досқа айтылар сыр» ішкі толғаныстарын монолог түрінде жазу.

Бағалау. Бағалау парағы:




Оқушының аты

Топтық жұмыс

Ауызша сұрақтар

Мәтінмен жұмыс

Шығармашылық

жұмыс


Баллдар жинағы

1

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет