Сабақтың тақырыбы: «Шебердің қолы ортақ»



Дата26.08.2017
өлшемі67,8 Kb.
#29626
түріСабақ
25.11.2010 жыл

7 «Ә» сынып

Сабақтың тақырыбы: «Шебердің қолы ортақ»
Сабақтың мақсаты: Жарысу арқылы оқушылардың бәсекелесу қабілеттерін дамыту, жылдам шешім қабылдауға, ойларын жинақтап, қорытынды жасауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Білімділік мақсаты: Алған білімдерін практикамен байланыстырып, ойларын тұжырымдай білуге, үнемділікке, біткен іске талдау жасай білуге, ойлампаздыққа үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Өнер туындыларын эстетикалық талғам- мен қабылдау қабілеттіліктерін, өнерге қызығушылықтарын, шығармашылық белсенділіктерін арттырып, бұйым жасау түрлеріндегі іс-әрекетке білімі мен шеберліктерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Бұйымның тиімділігі мен қажеттілігін түсініп топтаса отырып эстетикалық шығармашылықпен жұмыс істеу, кезінде уақытты тиімді пайдаланып, жинақтылыққа, төзімділікке, икемділікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Дәстүрден тыс сайыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: Геометрия, қазақ тілі, валеология, т.б.
Сабақ әдісі: Сайыс сабақ .
Құрал – жабдықтар: Жіп, ине, қайшы, түрлі – түсті қағаз, пышақ , тақта, т.б.
Сабақтың өтілу барысы: Сабақты оқушыларды екі топқа бөлу арқылы сайыс сабағын өткізу. Сайыс 7 кезеңнен тұрады.

7 «ә» сынып қыздар арасында, екі топтың қатысуы арқылы, командаға ат беру.


Топтардың аты: «Іскер» тобы, «Шебер» тобы.

1-кезең. Топтың аты, ұраны, эмблема.

2-кезең. Оюшылар текемет оюын ояды.

3-кезең. Мақал – мәтел жарысы.

4-кезең. Кесте тігу.

5-кезең. Ұлттық қолөнерге байланысты, қоржыннан екі топ 4 сұрақтан алып жауап береді.

6-кезең. Сөз беріп, сол әріптердің ішіненбірнеше сөз құрау.

7-кезең. Салат жасау.
Қорытынды бөлім: Әділқазылар алқасы екі топтың жұмыстарын бағалап, толықтыратын жерлерін көрсетеді, жеңімпаз топты анықтайды. Оқушылардың еңбегіне қарай орындар беріп марапатталады.
Сабақтың көрнекілігі:

«... Адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді... Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса, білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, сондай рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады».



Әл-Фараби
«Жастық шаққа өнер тән, өнерлінің ісі сән».

«Еңбек үйренемін десең жерікпе».

«Баппен бастап, талғаммен аяқта».

Осы қанатты сөздер көрнекті жерге ілінеді.


Жүргізуші:

Уа, халқым аманбысың, армысың,

Көңілі көктем арулары бармысың.

Мерекеге сән беретін аруларды

Мына отырған көрерменім қолдасын.

Болады қыздың аты затына сай.

Ниет етсең болуға өнерге бай.

Артық емес, үйрен де жирен деген,

Бос қалып бұл өмірде жүрмеші жай.

Туған халқым өнерің ұрпаққа үлгі,

Көңілі көктем, әрқашан жаны ізгі.

Салт-дәстүр мирас болып бізге жеткен,

Асқан өнер жасампаз қалған мәңгі.
Халқымыз «Шебердің қолы ортақ» деген, он саусағынан өнері тамған «Іскер» тобы мен «Шебер» тобының өнерін көрейік.
Жүргізуші:

1. Сайыстың бағдарламасымен таныстыру.

1-топ басшысы: Бисенбин Шәмшәт

2-топ басшысы: Сәбденбекова Айдана

1-топ топтың аты, ұраны, эмблема.

2-топ топтың аты, ұраны, эмблема.
2. Түрін – ай текеметтің! Асыл қандай!

Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.

«Келе ғой қошақаным өзіме!» деп,

Әжем кеп сипағандай шашымды жай.

Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі,

Тұрғандай ана-көңілі тербеп мені,

Жан бітіп жайраңдады жан-жағымнан

Қазақтың қошқар мүйіз өрнектері.

«Ою ойғанның ойы ұтқыр» . Екі топтың қыздары текемет оюын ояды. (5 минут).
3. Салт – дәстүрге байланысты мақал – мәтел жарысы. ( 5 минут).
4. Гүл өсірсең терлеп – мұның аты еңбек,

Кесте тіксең зерлеп – мұның аты еңбек,

Сабағыңа жөндеп, әзірлесең еңбек,

Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек .

Қазақ халқында «Өнерлінің қолы алтын» деген сөз бар,

екі топтың кестешілері кесте тігеді. ( 7 минут) .


5. Ұлттық қолөнерге, салт – дәстүрге байланысты сұрақтар сайысы.

1. Қазақ қыздарының бас киімі. ( Сәукеле )

2. Киізден сырып, оюлап жасалған төсеніш. ( Сырмақ )

3. Іс тіккенде саусаққа киетін құрал. ( Оймақ )

4. Ең көне ою. ( Қошқар мүйіз )

5. Жеңсіз жеңіл киім. ( Камзол )

6. Кестеге арналған матаның аты. ( Шыт )

7. Сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтың үй жиһаздарының бірі. ( Түскиіз )

8. Кестеге арналған ине қандай болу керек? ( Жіңішке және қысқа )
6. Дастарқан деген сөздің ішінен, бірнеше сөз құрау. (1 минут )

7. Жақсы ісі шығарар адам атын,

Танытқандай мөр қасқаны маңдайымнан.

Тәтті қолмен жасалған дәмді астың,

Дәмі кетпес талай уақыт таңдайымнан.


«Ас адамның арқауы» - қыздардың салат жасау уақыттары келді. Ортаға салат жасаушы қыздарды шақырамыз. ( 7 минут)
Әділқазылар алқасы, екі топтың бағасын қорытындылап, жеңген топқа марапаттау қағазын табыс етеді.
Жүргізуші:

Қолөнері халқымның өрістесін,

Әрқашан Алла берсін берекесін.

Осымен жыр кестесін аяқтаймын,

Өнерлі жастарымыз өсіп өнсін.
Сабақтың соның Әнұранмен аяқтадым.


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

38 орта мектеп






Тақырыбы:

« Шебердің қолы ортақ»
Пәні: Технология

Сыныбы: 7 «Ә»

Пән мұғалімі: Тышқанбаева А.Қ.

Тараз қаласы 2008 жыл
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет