Сабақтың тақырыбы: Шегіртке мен құмырсқа



Дата27.08.2017
өлшемі147,68 Kb.
#29896
түріСабақ
Тулеуова Жумагул Замзина
Ақтөбе қаласы,

Пригород орта мектебінің

бастауыш класс мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Шегіртке мен құмырсқа.

Сабақтың мақсаты: өлеңді түсініп оқу арқылы оқушы ойын жүйелі жеткізуге үйрету. жұмбақтар шешкізу арқылы ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Тірек сызбаны пайдалану арқылы кейіпкерлерді суреттей білуге, өз беттерінше ізденуге, кейіпкерлерге өз көзқарасын білдіруге, танымдық білімдерін жетілдіруге баулу.

Еңбексүйгіштікке, білімділікке баулу.

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау кезеңдері, топпен жұмыс.

Көрнекілігі: оқулықпен жұмыс, интерактивті тақта, жеміс бағы суреттері.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру

II. Сабаққа даярлықтарын тексеру.

III. Үй тапсырмасын сұрау


  1. «Жеміс бағында» әңгімесі.

Мәтінді оқыту.

Сұрақтарға жауап алу.

Шық қай кезде түседі?

Жылдың қай мезгілінде алма ағаштарының бұтақтары басын көтере алмай тұрады?

Алманың қандай түрлерін білесіңдер?
Сабақты түсіндіру.

1.Орыс жазушысы Крыловтың өлеңі екенін, оны қазақшаға аударған А.Құнанбаев екені туралы түсінік берілді.

2.Жұмбақтар шешу.

Ат басты, арқар мүйізді,

Бөрі кеуделі, бөкен санды (шегіртке)

Ине бел, қылқа мойын, қара батыр, қаратауды арқалап бара жатыр (құмырсқа)

Құмырсқа – еңбекқор жәндік екенін, еңбек етуді құмырсқадан үйрену керек екені оның өз салмағынан он есе ауыр жүкті оп-оңай көтеретінін, біреуінің әлі келмесе қалғандарының көмекке келетіні айтылды.

3. Оқулықпен жұмыс.

- Оқып берілді.

- Сұрақтарға жауап алынды.

Шегіртке жазды қалай өткізді?

Шегірткенің жаздыкүнгі жағдайы қандай болды?

Ол құмырсқаға неге келді?

Құмырсқа шегірткеге не айтты?

Шегіртке қандай сылтаулар айтты?


  • Тапсырмалармен жұмыс.

Күздікүнгі шегірткенің хал – жайын әңгімелеу.

Өлеңнің соңғы шумағының мағынасын өз сөздерімен түсіндіру.



  • Топпен жұмыс.

Тірек сызба арқылы құмырсқамен шегірткеге салыстырмалы түрде сипаттама берілді.

Құмырсқа-еңбекқор, алдын болжайды, қысқа дайындалады, қысқа жұмсақ илеу үйі бар, тамағы бар.

Шегіртке-жазымен ән салып жазды өткізіп алды, қызықпен жүрді, жалқау, жаз өткенін білмей қалды, қыс келгенде тоңды, құмырсқаға келіп жалынды, қыс келерін ойламады.


  1. Дәптермен жұмыс.



  1. Сабақты қорыту.

Ой толғаныс

  • Бүгінгі өткен тақырыптың аты қалай?

  • Кімнің аудармасы?




  1. Үйге тапсырма беру.

Құмырсқаның, шегірткенің суретін салу, мәнерлеп оқу.
Бағалау(білімдеріне қарай)

Сабақтың тақырыбы: Наурыз - ұлыстың ұлы күні (мерекелік шара)

Сабақтың мақсаты: Ата - аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, қазақ халкының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және кеңейту.

Халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлей отырып балаларға ұғындыру.

Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: қанатты сөздер, интербелсенді тақта

Сабақтың барысы:

Жоспары:

І.Наурызға байланысты тақпақтар айту.

а/ Әр топ ұранымен, атымен, топ әнімен таныстыру.

ә/ Наурызға арналған тақпақтарын жатқа, мәнерлеп айту

2.Ұлттық би билеу сайысы.

З.Қазақтың тыйым сөздері

4.Сұрақтарға жауап алу.

5. Шынықсаң, шымыр боласың (қол күресі ер балалар арасында, арқан тартыс топ болып)
6.Ата-аналардың салт-дәстүрді көрсетуі

а/ салт-дәстүрден көрініс

ә/ ұлттық тағамның жасалу жолын түсіндіру



7.Қорытынды (құттықтау сөздер)

8.Дастарханнан дәм тату

Ұйымдастыру

І.Әділқазылар сайлау



2.Класты екі топқа бөлу

З.Мұғалім сөзі

Құрметті ұстаздар қауымы, ата-аналар, оқушылар!

Армысыздар, үлкен-кіші ағайын!
Бүгін-Самарқанның көк тасы еріген күн.

Бүгін - жаңғыру мейрамы!

Бүгін - жыл басы, Жаңа жыл!

Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түннің теңескен көктемгі мерекесі, жыл сайын асыға күтетін жаркын үміт, жастық пен жаңару мерекесі, бүкіл әлемге береке - бақыт пен бейбітшілік дарытқан Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз құтты болсын!

Күншығыстың Наурызы келгенде Самарқанның көк тасы еріп, жылғалардан су ағып бәйшешек гүл атып, күннің көзі бүкіл ғаламға нұрын шашып, үйсізді үйлімен теңестіріп,бай мен жарлыға бірдей сәуле төгетін, Табиғат - Ана бусанатын көктем айы, табиғатмейрамы. Осындай даналықтың ұлы мейрамы Наурыз, мінеки бізге де келіп жетті. Ендеше, төрлет, елімізге құт- береке дарытқан әз-Наурыз!



Наурыз келді, көктем келді ағайын,

Жадырайды, жаңғырады маңайым.

Назды, сазды науан Наурыз, армысың?



Сұлу мүсін саған біткен бар мүсін.

Қайнарындай қалың қуат, қайраттың.

Сен келдің де ғаламшарды жайнаттың.

Тіршілікке тілі бітірш өзгеше

Дүниенің бұлбұлдарын сайраттың, - дей отыра, осы Наурыз мерекеміздің құрметіне арналған «Наурыз - Ұлыстың Ұлы күні » атты 3-кластың дайындаған өнеге сабағымызды бастаймыз.

1 топ «Ботақан тобы»

Ұраны:

Ботақанбыз маң басқан



Жұлдыз бүгін таласқан

Мүшелері:

Әні: «Төлдер әні»


2 топ «Қошақан тобы»

Ұраны: Қошақанбыз момақан

Жарысқа бүгін жол ашқан



Мүшелері:

Әні «Төлдер әні»



Хор: Наурыз келсе, құт келгені, халайық!

Есік ашып, шашу шашып, ел болып қарсы алайық


1. Ботақан тобы

І.Әнге ырғағы жарасқан,

Асқар таудың шыңдары.

Қарсы алайық құрметпен,

Ақжаулықты әжені.

2.Наурыз құтты болсын



Осы мейрам әр шаңыраққа

Бакыт, табыс, қуаныш әкелсін,

Ұлыс бақытты болсын

Әр күндерің жақсы болсын

Ақ молынан болсын!

Бәле жала жерге енсін



Ұлыс бақытты болсын!

Қайда барсаңдарда жолдарың болсын!

З.Балалар-ау балалар,

Шақырады далалар.

Көктем келді гүл алып,

Құстар келді жыр алып.

4.Наурыз ұлыстың ұлы күні құтты болсын!



Ақ мол болсын

Жаңа жыл бақ-береке, молшылық әкелсін!

5.Көкке бояп өңірді



Көктем келді көңілді

Бау-бақшада орманда

Құстар әнге төгілді

б.Наурыз кайтып оралды аты да аңыз

Сұрамаймыз алғыста, ақы да біз

Үй дастархан думанымыз сахнамыз

Ұлы мейрам наурызға шақырамыз

7.Ақ қар кетіп, қыс өтіп,



Шырайлы шуақ жаз жетіп

Шаруаның бұл кенелген

Күй тартылып ежелден

Құтты болсын, бұл Наурыз!

8.Наурыз жырын жырлаймыз.

Оныменде тұрмаймыз Шыңдалып жеткен бұл күнге,

Ел дәстүрін сыйлаймыз

9. Жаңғырар дәстүр салтыменен

Көзделсін бүлақ жалғасы

Қастерлі менің халқымның,



Мереке наурыз -жыл басы.
1О.Бата беріп атамыз

Тәтті беріп апамыз

Наурыз дәмін татамыз.
Хор: Ән қосылсын әніне

Сән қосылсын сәніне



Ырысты боп наурызым,

Бақ дарысын бәріңе.

Аман есен жетейік,

Келер наурыз тойына

II Қошақан тобы

І.Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,

Босқа қарап тұрмаңыздар.

Той дабылын қағып тұрған,

Мұнда думан қауым бар.



2.Сансыз көкек сұңқылдап,

Көктем келді еркелеп.

Бұйра бұлақ сыңқылдап,

Көкте бұлттар еркелеп,

Жерге текті күркіреп.

З.Кептен күткен наурыз тойы арайлы,

Нұрға бөлеп, міне жатыр маңайды.

Мал біткеннің бал татыған уызы,

Қуат болып қанымызга тарайды.



4.Төрт түлік мал халқымыздың сүйері

Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.

Аман ба? -деп мал жаның!


Бірін-бірі құшақтасып сүйеді.

5.Келіп көктем құстары

Бау-бақшада ән салды.

Оларды жас достары,

Ұя жасап қарсы алды.



б.Наурыз келді, жыл басы.

Шуақ төкті жарық күн,

Мейрамында халықтың.

7.Көктем келді бүгін

Күнім төкті нұрын.

Сайрап барлық құстар,

Ән салуға құштар.

8.Күн мен түн теңелді,

Күн шуаққа бөленді.

Наурыз тойы салтымыз,

Көгерсін деп халқымыз.



9.Сәнді көктем нұрымен
Наурыз тойы жырымен,


Көңіл гүлдей жайнасын,
Кіргізіп көркін даланың.

Хор: Қыс өтіп, қар кетіп,



Шырайлы жаз жетіп.

Шаруаның кенелген

Мейрамы ежелден.

Құтты болсын Наурыз!

Ән: «Бала тілегі»

II. Ұлттық би билеу сайысы

Ау, халайық, тұрмайық,

Әндетейік шырқайық.

Ортамызды ашайық,



Думандатып би билеп,

Жиналған жұрт таң қалсын,

Өнерден күмбез жасайық



III. « Қазақтың сөзі - тәрбие көзі » (ырым мен тыйым сөздерді жатқа айту)

IV.Сұрақтарға жауап беру

1. Ұлттық тағамдарды атаңыз?

2.Ұлттық ойындарда атаңыз?

З.Сүттен жасалатын тағамдарды атаңыз?

4. Қазақша ай аттарын атаңыз?

5.Бір аптада неше күн бар атаңыз?

6.Түйе сүті қалай аталады?

7.Жылқы атасын атаңыз?

8.Өзініздің сүйікті ұлттық тағамыңыз қандай?

9.Наурыз көжеге қосылатын тағамдарды атаңыз?



10. Қой атасын ата?

V. «Шынықсаң шымыр боласың»



  1. Қол күресі (ер балалар үшін)

  2. Арқан тартыс (топ болып)

Ал, халайық, тұрмайық,

Әндетейік шырқайық.

Ортамызды ашайық.

Ән мен күйді төгілтіп,

Інжу маржан шашайық.

Ұлтымыздың ойынын,

Қуана бірге ойнайық.

VI. Салт - дәстүрден көрініс көрсету

1.Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,

Жақсы, жаман болса бала солардан.

Қыз анадан үйренбей өнеге алмас,

Ұл атадан үйренбей сапар шекпес, - деп ұлттық дәстүрден көрініс көрсету.

2.Қара қазан касиетті халқымның,

Бір өзіңде құдіреті салтымның.

Бірлік пенен басталады әрқашан,

Сен тұрғанда керегі жоқ алтынның - дей келе ұлттық тағам жасау, түсіндіру.

Ән: Кел, кел балашым

VII. Құттықтау сез

Қорытынды (сөз әділқазыларға беріледі)

Ұлыс күні қазан толса,



Ол жылы ақ мол болар.

Ұлы кісіден бата алса,

Сонда олжалы жол болар (бата сұрау)

Салтымен ата - бабаның

Жаңғырды қайта заманым.

Тіршілік басы, О Наурыз!

Қайырлы болсын қадамың.



VIII. Дастарханнан дәм тату.

Қасиетті қара қазан тіршіліктің тірегі,

Бір өзіңнен қуат алған барша жанның жүрегі.

Сен бар жерде құт - береке мол болып



Тірлік-бірлік жұбын жазбай жүреді - деп дастарханнан дәм татуға шақырамыз

Ән: Дастархан
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет