Сабақтың тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Бесеудің хаты»



Дата17.04.2020
өлшемі17,02 Kb.
#62841
түріСабақ
Байланысты:
Қ.әдеб.10 ЖБ
Қ.әдеб.10 ЖБ
Қазақ әдебиеті пәні бойынша 10-сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт) оқушысының өзіндік жұмыс жоспары

IV тоқсан

Сабақтың нөмірі: 2

Сабақтың тақырыбы:Шерхан Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы. І бөлім

Сабақтың мақсаты:Бұл сабақта оқушылар шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтайды.

Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы туралы қысқаша ақпарат

Жиырмасыншы ғасырда халқымыздың басынан небір нәубет өтті. Соның бірі ¬– ашаршылық. Ұжымдастыру науқаны халқымызды негізгі кәсібі мал шаруашылығынан ажыратып, малынан айырған еді. Малынан айрылған ел жаппай аштыққа ұрынды. Қолдан ұйымдастырылып, халқымызды қынадай қырған сол зымиян саясатқа ашық қарсылық танытып, сын сәтте батылдық танытқан қазақ зиялылары да болды. Сталинге арналғанымен, Голощекиннің қолына түскен “Бесеудің хатын” Ғабит Мүсірепов, Мансұр Ғатаулин, Емберген Алтынбеков, Мұташ Дәулетқалиев, Қадыр Қуанышев сынды ел азаматтары бірігіп жазған еді. Наразылық хаты сұрапыл кезеңнің шындығын көрсеткен құжат ретінде тарихта қалды. Бодандыққа көнгісі келмейтін өр рухтың бұлқынысынан Кремль де сескенді. “Бесеудің хаты”: “... Мал басының қисапсыз кемiп кетуi мен көптеген қазақ аудандарын қамтып, адамдардың жаппай қырылуына әкеп соққан ашаршылық жөнiнде әлi күнге дейiн ауыз ашпай отыру қаншалықты дұрыс?..» деген батыл сауалмен басталып, дәлелді дәйектермен жалғасады. Осы хаттың негізінде белгілі қаламгер Шерхан Мұртаза «Бесеудің хаты» тарихи драмасын жазды. Пьесада хат Голощекиннің қолына түскеннен кейінгі бюро жиналысы бейнеленеді.

Сөз қоржын

Шамдал- үй ішін жарық қылуға арналған шамның бір түрі.

Қолтоқпақ-бір нәрсені қағуға, ұруға арналған, басы жұмыр әрі салмақты, қолға ұстайтын сабы бар келте ағаш.

Тұспалдау-ашып айтпау, жұмбақтай сөйлеу.

2. Берілетін тапсырмалар:

1-тапсырма.https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/8-synyp/drama/lesson/sh-murtaza-beseuding-xaty-1-bolim

Сілтемеде берілген аудиожазбаның 0.00-4.38 минут аралығын тыңдап немесе оқулықтағы 89-90 беттердегі «Бесеудің хаты» драмасының бірінші бөлімін оқып, берілген сұрақтарға жауап жазыңыз.



    1. Голощекиннің шұғыл жиналыс ұйымдастыруының себебі неде?

    2. «Бесеудің хаты».Бесеу деп отырғандар кімдер деп ойлайсыңдар?

2-тапсырма.

«Бұқпадан шыққан жау жаман, бүйірден шыққан дау жаман» деген мақалдың мәнін «ПОПС» формуласы бойынша жазбаша түсіндіріңіз.

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,.....»

Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ….»

Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім....».



Рефлексия

  • Өзіңіз жақсы түсінген 3 мәселе

  • Қиындық туғызған 2 нәрсе

  • Туындаған 1 сұрақ



Кері байланыс: жауаптарыңызды күнделік кз файлға тіркеңіздер

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет