Сабақтың тақырыбы: шешендік сөздер



Дата25.01.2017
өлшемі85,28 Kb.
#7785
түріСабақ
Көбенова Эльмира Қалиқызы
Ақтөбе облысы

Ырғыз ауданы

1 қазақ орта мектебінің



қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: ШЕШЕНДІК СӨЗДЕР

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Шешендік сөздермен таныса отырып, мәлімет беру, шешендік сөз тақырыбын ашу, оқушыларды әдебиетке деген құштарлығын ояту; Дамытушылық: Оқушы өз ойын қорыта білу, пікірін қорғау, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; Тәрбиелік: Оқушыларды шұғыл шешім қабылдай білуге, іскерлік қабілетке, жинақылыққа, өз ойын еркін жеткізіп, қорытынды жасай білуге тәрбиелеу

Түрі: жаңа сабақ

Әдісі: СТО, талдау, іздендіру

Сабақ фазалары:

І.Қызығушылықты ояту

ІІ. Мағынаны ажырату

ІІІ. Ой толғаныс

Көрнекілігі:плакаттар, қанатты сөздер, схемалар, кеспе қағаздар

Барысы:

І.Ұйымдастыру.

ІІ. Қызығушылықты ояту кезеңі.

Ауыз әдебиетінің інжу маржаны – шешендік сөздер. Бұл сөздердің қаны мен жаны төзім, мәрттік, кеңдік, адалдық, тағы басқа жақсы қасиеттерге толы. Шешендік сөздер – ел ішіндегі өткір тілді билер мен ағалардың тауып айтқан өнегелі сөздері.Шешендік сөздер көбіне ауызша айтылып ауызекі тілде кең тараған. Сондықтан олар бастапқы қалпында емес, қысқарып, старып, халық шығармасына айналған. Шешендік өнер, риторика – ежелгі дәуірден белгілі пән. Сөз өнері ежелгі Грек, Рим заманында пайда болған. Дүние жүзіне әйгілі осы өнердің негізін қалаған – Демосфен мен Цицерон.

Қазақ шешендік өнерінің тарихи кезеңдерін үш кезеңге бөліп қарастырамыз.

1. ХІ – ХІІІ ғасырлар аралығы (Майқы би, Аяз би)

2. ХІҮ – ХҮІ ғасырлар аралығы (Асан қайғы, Жиренше шешен)

3. ХҮІІІ ғасыр (Төле, Қазыбек, Әйтеке)

Қазақтың шешендік өнері туралы пікір айтқан Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаевтар болды. Шешендік сөздің табиғаты туралы А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Ә.Мәмбетова, М.Ғабдуллин, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмәлиев, Х.Досмағанбетовтардың еңбектерінде жан – жақты зерттелген. Ал, соңғы жылдары шешендік сөздерді жинап, зерттеп, тануға үлес қосқан ғалымдар: Б.Адамбаев, С.Садырбаев, С.Қасқабасов, Ш.Ыбыраев.

Шешенге қойылатын талаптар

Шешендік – ұлы күш. Шешен сөзге шебер, ойға жүйрік, тіл мәдениетін жан – жақты игерген адам болуы керек.

Шыншылдық – Шын ойға құрылған пікір ғана тыңдаушыға жағымды әсер етіп, ойына қозғау салады. Сөйлейтін мәселесін анық білу де шешенге қойылатын басты талап.

Жинақылық – Мұнда тек сөйленер сөздің ғана емес, сөйлеушінің сыртқы түріне де қатысты мәселелер қамтылады. Көпшілік алдына шығатын адамның жинақылығы өзін ұстауы, бет – жүз, қол, дене қимылдарының сөз мазмұны мен үйлесімді болуы да шешен сөзінің әсерлігіне пайдасын тигізеді.

Аңғарымпаздық - Өз сөзінің тыңдаушыға әсерін бақылай білу – жағдаятқа қарай шұғыл, сәтті жасаудың басты кепілі. Бұл шешеннің адам психологиясын тануына, олармен мәдениетті, сыпайы қарым – қатынас жасай білуіне негіз болады.

Қазақ шешендік сөздері мазмұнына қарай, шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау деп үш тарауға бөлінеді.

Шешендік сөздер

Шешендік арнау – мазмұны мен түрі жағынан алғанда аңыз әңгімелерге жақын. Бірақ әңгімеге қарағанда шешендік сөздің көлемі шағын болып келеді, мазмұны өсиет – насихатқа құрылады, баяндаудан гөрі мақал – нақыл сөздерге бейім болады. Құрамында қарасөз бен өлең араласып, алмасып отырады.

Шешендік толғау – тұрмыс – салт жырларына, ақындық толғауға ұқсайды. Бірақ бұл ұқсастық түр жағынан ғана, ал мазмұнына көз салсақ, шешендік толғауларда бастан – аяқ өсиет, ақыл айтылады, сөйлемдері тапқырлық ойға құрылады.

Шешендік даулар – көлемі шағын, оқиғалы әңгіме сияқты. Бірақ мұнда оқиға мен кейіпкер сипатталмайды, сол оқиға тұсында болған бір ауыз тапқырлық ой, шешендік сөз айтылады.

Сәлем

Сын


Бата

Әзіл


Көңіл айту

Нақыл

Мақал


Мысал

Жұмбақ


Жауап


Жер дауы

Жесір дауы

Құн дауы

Мал дауы


Ар дауы

Шешендік сөздің түрлері



Тәлім – тәрбие, өнеге беру, халқымыздың

тіл байлығын меңгерту





«Интевью» әдісі бойынша

1.Шешендік сөздерге байланысты мақал – мәтелдер білесіздер?

2.Шешен сөзінің синонимі?

3.Қазақ шешендерінен кімдерді білесіздер?



ІІ. Мағынаны ажырату кезеңі

1. Ғылыми талдау стратегиясы

Сыныпты үш топқа бөліп, әр топқа Шешендік сөздер жөнінде талдау жасау, ойларын дәлелдеу.

1.Қазақ шешендік өнерінің қалыптасу тарихы

2.Керегелі үш биім - дүлдүлім



3.Шаршы топта сөз бастап, қалың қолды билеген

2.Топтастыру стратегиясы



Шешендік сөздерге не жатады?



3.Венн диаграммасы Шешендік сөздерді мақал – мәтелдермен салыстыру
4. «Тумалы бейне» стратегиясы бойынша образға еніп қазақ шешендерінің сөздерінен мысал келтіріп, көрініс қою.

1.Төле би мен оның жолдастары

2. Сырым мен Малайсары

3. Әйтекенің тапқырлығы

5.Семантикалық картаға шешендік сөздердің мәтіндерінде кездесетін тұрақты тіркестерді теріп жазу.

6.Түсініктеме күнделігі

«Сөз өнері – дертпен тең» тақырыбы бойынша үш би туралы түсініктеме жазу.

ІІІ.Ой толғаныс сатысы

1.Шешендік сөздер тақырыбы бойынша алған әсерім (эссе)

2. «Сэккуәй» бес жолдан тұратын қорытындылау тақпағы.

1. Зат есім

2.Сын есім

3.Етістік

4.Сезіну

5.Синоним



Үйге тапсырма. Шешендік сөздер бойынша шығарма жазу.

Бағалау
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет