Сабақтың тақырыбы: Шойын және болат өндірісі Сабақтың мақсаты



бет1/7
Дата08.09.2017
өлшемі4,21 Mb.
#31207
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Сабақ жоспары

Күні

Сабақтың тақырыбы: Шойын және болат өндірісі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сабақта шойын мен болат өндірісіндегі технологиялық үрдістердің ғылыми негіздерін толық ашу. Оқушылардың темір құймалырына дейінгі аралықтарды еске түсіре отырып,темір металына мәлімет беріп кету;

Тәрбиелік: Оқушылардың іздемпаздылығын іскерлігін және маман иесі ретінде жауап беру қабілеттерін бағалай отырып,қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі : Аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, түсінік айту, сипаттау және ізденіс жұмыстары тірек-сызба жүргізіледі.

Сабақта қолданылатын технология элементтері: СКТ технологиясы және деңгейлеп оқыту

Сабаққа қажетті құралдар: Интерактивті тақтаны слайд көрсету барысында және плакаттар, сызбалар, бейне баяндамалар, тақта, таратпа көрсетілімдер.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: (3 минут)

1 кезең: сәлемдесу

2 кезең: оқушыларды журнал бойынша түгендеу

3 кезең: сабаққа дайындығын тексеру және сабаққа дайындау

4 кезең : оқушылар көңілін аударту

ІІ Үй тапсырмасы ( 10 минут)

Үй тапсырмасында сұрақ-жауап және проблемалық-сетуациялық сұрақтар туындата отырып, оқушыларды жауапқа тарту

Сұрақтарды қарастыру.Сатылай Кешенді Талдау әдісі арқылы жүргізіледі.

Металдық жылтыр. Барлық металдар жылтырайды. Мөлдір емес, көбінесе сұр түсті болады,өйткені олардың кристалдарының ішіндегі кеңістікте «Электрон газы бар. Электрондар жарық сіңіргенде тербеле бастайды және адамның көзіне көрінетін өзінің сәуле толқындарын шығарады.

Иілгіштік

Балқу температурасы 10000 с жоғ қиын балқитын төм-оңай балқитын

Тығыздығы 5 г/см3 көп болса ауыр металл. аз болса жеңіл металл.

Қаттылық

Құймалар

Еікінші оқушы -Металдардың ішіндегі үштік қатарды қарастырып тұрған металдардың бірі- ТЕМІР металына периодтық жүйедегі орнына атом құрылысына, табиғатта таралуына және физикалық қасиетіне сипаттама беріп, тоқталып өтеді

ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ ОРНЫ

АТОМ ҚҰРЫЛЫСЫ

ТАБИҒАТТА ТАРАЛУЫ (КАРТА ПАЙДАЛАНУ)

ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТІ



ҚОЛДАНЫЛУЫ

Табиғатта таралуы

Теміртабиғатта таралуы бойынша екінші металл. Оның жер қыртысындағы үлесі 5,1%. Көптеген метеориттердің құрамында темір бар, сондықтан оны ертеде “аспан” және “жұлдыз” тасы деп атаған. Жер қыртысында темір көптеген минералдар түзеді. Темірдің маңызды өнеркәсіптік кендері: қызыл теміртас (Fe2O3), магниттік теміртас (Fe3O4), пирит (FeS2). Елімізде темір кендерінің үлкен қоры Рудный темір кені бассейінінде және Орталық Қазақстанда бар. Қазіргі уақытта елімізде бірнеше жүздеген кен орындары мен кен ошақтары белгілі. Көптеген кен орындарында кендердің аз тереңдікте орналасуы оларды арзан ашық әдіспен өндіруге мүмкіндік береді.

Темір минералды сулардың құрамына сульфат (FeSO4) және гидрокарбонат Fe(HCO3)2 түрінде кіреді.

Темір тұздары теңіз суларында бар, мұхит түбінде темірге бай табиғи шөгінділер кездеседі.

Физикалық қасиеттері:

Темір жылтыр, күміс түстес ақ металл, оның тығыздығы – 7,87 г/см3. Балқу температурасы жоғары – 15390С. Темір иілімді, магниттелетін және оны жоғалтатын қасиеті бар, осыған орай техникада кеңінен қолданылады. Темірді электрмотор, электрмагнит трансформаторларының өзекшесін және микрофон мембранасын жасауға


Минералдың аты

Химиялық формуласы

(негізгі құрам бөлігі)

Маңызды кен орындары

Анықтама




FeO




Қара түсті ұнтақ,суда ерімейді. Негіздік қасиет көрсетеді.

Магнетит

Fe3O4, (Fe2O3 ∙ FeO) (72 процентке дейін Fe болады).

Оңтүстік Орал (Магнитогорск), Курск магнит аномалиясы




Гематит

Fe2O3 (65 процентке дейін Fe болады)

Кривойрог аймағы

Күрең,қоңыр ұнтақ,суда ерімейді.суда ерімейді.

Лимонит

Fe2O3nH2O (60 процентке дейін Fe болады)

Қырым (Керч кен орны)




Пирит

FeS2 (47 процентке дейін Fe болады)

Урал





ҚҰЙМАЛАР

Құйма– металды, металл қорытпаларын, пластмассаларды, шыныны, т.б. заттарды балқытып, қалыпқа құйып жасалатын бұйым немесе дайындама. Құйманы легирленген шойыннан, көміртектік және легирленген болаттантүсті қорытпалардан (мысалы, алюминий, т.б.) әзірлейді.

Құймалар-қажетті қасиеттері бар, екі немесе одан да көп компаненттен түзілген, оның біреуі міндетті түрде металл болатын қосылыстар. Шойын-темірдің көміртекпен құймасы,оның да құйылғыштық қасиеті жоғары.



Қола мыс 80-90,қалайы-10-20 жақсы құйылады. Машина жасау, көркемдеп құю

Жез мыс 60-90 мырыш 10-40 қаттылық машина жасау, тұрмыстағы техника

Дуралюмин алюм 95-97 мыс 1,4 магний 04-2.8 марганец0,2-1 жеңілдік ,беріктік авиа машина

ІІІ.Жаңа сабақ мазмұны

ШОЙЫН МЕН БОЛАТ

Темір-жер қыртысында таралуы бойынша АL кейін 2-ші орында. Басқа металдардың ішінде оның тұтыну үлесі 95% құрайды.

Темірді алу процесі-құрамында едәуір мөлшерде С бар шойынды балқыту сатысынан басталады.( с кенді балқытуға қолданылатын кокс немесе ағаш көмірінен келіп түседі) Шойын қаттылығымен ерекшеленеді, бірақ ол морт. Одан С толығымен бөліп алуға болады.

Металдарды алу әдісі

1 оқушы Гидрометаллургия Пирометаллургия Электрометаллургия

Соның ішінде темір Пирометаллургия әдісі арқылы көміртектермия, сутектермия, әдісімен алынады.



Өнеркәсіпте алынуы:

Темірді 3 түрлі әдіспен алуға болады:

Пирометаллургиялық әдіспен:


  • оксидінен тотықсыздандыру арқылы:

Fe2O3 + 3H2 = 2Fe + 3H2O

  • соның ішінде алюминтермиялық әдіспен:

Fe2O3 + 2Al = Al2O3 + 2Fe

  • және көміртек (ІІ) оксидімен тотықсыздан-дыру арқылы:

Fe3O4 + 4CO = 3Fe + 4CO2

қолданылады. Іс жүзінде темірдің құймалары – шойын мен болат көбірек қолданылады.



2 оқушы.Шойын мен болат өндірісіне қолданылатын оксидтерге сипаттама беру.

С,О2, СО2, СО, Fe2O3, Fe, MnO2, SiO2, CaO ,P2O5 ,FeO сипаттама беру.



Видиоролик жүреді.

Шойын (Чугун)

  1. жақсы құйылатын қасиеті бар темірмен көміртектің (2% жоғарғы) қорытпасы;

  2. темірдің көміртек (2%-тен астам, өдетте, 3—4,5%), қайсыбір мөлшерде марганец (1,5%-ке дейін), кремний (4,5%-ке дейін), күкірт (0,08%-тен аспайды), фосфор (1,8%- ке дейін), ал кейде басқа да элементтер қосылған қорытпасы. Шойында көміртек темір карбиді Ғе3С түрінде байланысқан күйде болуы мүмкін (сұр Шойын). Шойын темір кендерін домна пештерінде балқыту арқылы алынатын өндеудің бастапқы өнімі; қолданылуы мен химиялық құрамына қарай шойын қолданбалы, яғни болат қорытуға арналған Шойын, құйма Шойын, арнаулы Шойын болып бөлінеді. Шойын құймалардың сапасын жақсарту үшін азғана мөлшерде түрленгіштер қосып түрлендіру және шойынды әр түрлі элементтермен қоспалау қолданылады.

Шойынды арнайы домна пештерінде

өндіріледі.


Жоғары жағынан алдымен кокс, одан сон қабат-қабат етіп кенді, коксты,флюсті салады, соңынан коксты салады.

Биіктігі 30 м, ішкі диаметрі 12 домна пеші




Жоғарғы жағындағы шахтасы колошник деп аталатын тесікпен бітеді, ол тесікті колошник воронкасы жауып тұрады.



Домна пешінің кеңірек бөлігін распар, ал төменгі жағын горн деп атайды





Кенді қорытып шойынға айналдыру үшін домнаның төменгі жағы-горндегі тесік арқылы,ыстық ауа немесе оттегін жібереді.





Бос жыныстарды оңай балқитын шлакка айналдыру үшін домнаға

Каталог: uploads -> doc -> 0dcc
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0dcc -> Курстың мақсат – міндеттері
0dcc -> Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? О. Әубәкіров Сабақтың мақсаты
0dcc -> Сабақ Пәні: Мәнерлеп оқу (факультатив) Тақырыбы
0dcc -> Ұйымдастыру кезеңі
0dcc -> Сабақтың тақырыбы: «Еңбек -тәртіптілік негізі»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет