Сабақтың тақырыбы: Сын есімді қайталау



бет1/2
Дата21.04.2017
өлшемі2,61 Mb.
#14474
түріСабақ
  1   2
Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: қазақ тілі

Күні: 04.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Сын есімді қайталау

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мағынасы қарама - қарсы сын есімдер туралы түсінік беру, сын есімдерді сөйлеу кезінде қолдана білуге жаттықтыру. Оқушылардың ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу тілін дамыту.Сабақ барысында ана тілін құрметтеуге, сөздік қорын молайтуға, сауатты жазуға, білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру. Сын тұрғысынан ойлау әдісі
Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Психологиялық жаттығу

Біз жайнаған гүлдейміз.

Шуағын шашқан күндейміз.


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

436-жаттығу


ІІІ.Жаңа сабақ

Қызығушылығын ояту.

1) Ақ, көк, сұр, құла, күрең.

2) Биік, кіші, тар, ұзын, қысқа.

3) Жақсы, жаман, сараң, тентек, алғыр.

4) Ащы, тұщы, қышқыл, тәтті, жұмсақ.

5) Тасты, балалы, білімді, көтеріңкі, қысқы.

Бұл сөздер заттың несін білдіреді?

Сын есім дегеніміз не? Қандай сұрақ қойылады?

Ереже: Заттың сынын, сапасын, сипатын, түр - түсін, көлемін білдіріп, қандай? қай? Деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын сын есім дейміз.


Ал, балалар, қазақ тілі сабағы болғандықтан және тіліміздің сөздегі мағынасына мән беріп жатқанда тіліміздің тұңғиығына бойлау үшін қазақ елі атамекеніміз Қазақстан Республикасы туралы айтпай өте алмаймыз.

- Қазақстан қандай ел?

- Елбасымыз кім?

- 1 желтоқсан қандай күн?

- Қазақстанның болашағы сендер, қандай азамат болып өсулерің керек?

- Бай


- үлкен

- көп


- тату

- білімді

Осы сөздерге керісінше қандай сөздер келтіре аласыңдар?

- кедей


- кішкентай

- аз


- араз

- сауатсыз

Міне осы сөздер жаңағы сөздерге қарама - қарсы мағынадағы сөздер болып табылады. Оларды салыстыру арқылы таба аламыз, арасына сызықша қойып жазамыз. Мысалы: бай - кедей, үлкен - кіші, т. с. с.

Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы болып келетін сөздерді антоним дейміз.

Антоним - грек тілінен шыққан.

anti - қарсы, onota - атау дегенді білдіреді


Сызба арқылы мағынасы қарама - қарсы сөздерді көрсет.

Қысқа жең -----ауру Алыс ---------қымбат

Арзан ---------жеңіл Ауыр -----------аласа

Жаз -----------ыстық Суық --------жақын

Биік ------ұзын жең Сау-------------- қыс
Оқулықпен жұмыс №437,438,439,440 жаттығу 155-156- бет
Сергіту сәті
Суреттерге қатысты сын есім ойла, сөйлем құрып талда!

Ммағынасы қарама - қарсы қызық сөздер

Ыстықта туып та, Шыдаймыз суыққа.

Ащы терім ақты, Жеміс өсті тәтті.

Халқың үшін жаныңды сал: Қарғыс алма, алғыс ал!

Ақылсыздар ұқпайды: Аққа қара жұқпайды


ІҮ. Сабақты қорытындылау

Семантикалық картамен жұмыс (сын есімдерді белгілеу)

Мысалдар Зат есім Сын есім Етістік

Ащы - тәтті Күн – түн

Қуану – ренжу Ақ - қара
Ү. Үйге тапсырма №441-жаттығу . 156-бет ереже жаттау
Бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: қазақ тілі

Күні: 05.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы:Сын есімді пысықтау

Сабақтың мақсаты:

Сөз таптары туралы өткенді пысықтау. Зат есімнің, етістіктің, сын есімнің, сан есімнің сөйлемдегі қызметі, сұрақтары туралы қайталау. Оқушылардың сауатты жаза білу дағдысын қалыптастыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа технологияны пайдалана отырып, білім сапасын арттыру. Оқушыларды дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету, сөздік қорын байытып, байланыстырып сөйлеуін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Күлім қағып қолымызды қошеметпен соғайық,

Қатар тұрған көршімізге қолымызды бұлғайық.

Жылы шырай жүзбенен, мейірімді көзбенен,

Бүгінгі күнге баршамызға сәттілікті тілейік


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

441-жаттығу (сурет бойынша шағын әңгіме құрастыру)


ІІІ.Жаңа сабақ

А) Сөздік диктант №8

Ескерткіш, тамаша, тәжірибе, жаңа, қара, қарағай, шөп, жұпар, өнерпаз, алтын, қара, күн, аппақ, ұнады, шығыпты, қою, күрең, жетістіктер, торғай, қызыл.

Тапсырма.

1. Сын есімдерді тауып астын сыз.

2.Бір сөйлем құрастыр.

Ә)Ерте, ерте, ертеде біз білмейтін «Сөз таптары» патшалығы болыпты. «Сөз таптары» патшалығының Зат есім, Етістік, Сын есім атты үш ханзадасы болыпты. Патшалық сан қилы құпиялар мен жұмбақтарға, қызықты сырлар мен тапсырмаларға толы екен. Сол «Сөз таптары» патшалығын саяхаттай отырып, кездескен тапсырмаларды мүдірмей орындап, әр тапсырманың дұрыс шешімін таба білулеріңе тілектеспін

Сызба бойынша жұмыс.

Зат есім

Етістік


Сын есім

Ұқсастығы мен өзгешеліктерін ата

ЕРЕЖЕ.

Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер?



Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті?

Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сұрақтары: қандай? қай?

Б)ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС:

442-жаттығу (оқып, шешуін табу, сын есімді байланысқан сөздерімен бірге қоса көшіріп жазу)

ЖІБЕК АРҚАН, ТЕМІР АТ, КӨК ЛАҚ, ЖАРЫҚ КҮН.

444-жаттығу (керекті сөздерді пайдаланып, заттарды салыстыру)

Дәмі бойынша: лимон, бал (қышқыл, тәтті)

Биіктігі бойынша: (биік, аласа)

Көлемі бойынша: (барыс, мысық)

445-жаттығу (мәтінді көшіріп жазу, сөз таптарына талдау)

МЕНАЛТАЙДАТҰРАМЫН. АУЫЛДЫҢ ІРГЕСІНДЕ БҰРҚЫРАМА ӨЗЕНІ АҒЫП ЖАТЫР. АЙНАЛА КӨКШАЛҒЫН. ҚАЛЫҢАҒАШ. ТҮРЛІ ӨСІМДІКТІҢ ЖҰПАР ИІСІ МҰРНЫҢДЫ ЖАРАДЫ. АЛЫСТАН АҚ БАС ШЫҢДАРЖАРҚЫРАЙДЫ. ЕРЖЕТКЕН СОҢ, БҮКІЛ ЕҢБЕГІМДІ ОСЫ ЖЕРДІҢ ГҮЛДЕНЕ БЕРУІНЕ АРНАҒЫМ КЕЛЕДІ.

446-жаттығу (аңдардың аттарын атау, ертегіде қандай болып келетінін дұрыс табу,)

ҚАСҚЫР қорқақ және мақтаншақ
ТҮЛКІ қорқау және жыртқыш
ҚОЯН қу және өтірікші

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

БАҒАЛАУ

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 443-жаттығу (жаңылтпашты жатқа жазу) (СЫН ЕСІМДЕРДІ ИРЕК СЫЗЫҚПЕН СЫЗУ)



Үшкір тұмсық

Сұр тұмсық

Сордан ұшты

Құрт шымшып

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: қазақ тілі

Күні: 06.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Сан есім.Неше?Нешінші? сұрақтары

Сабақтың мақсаты:

Сан есім туралы бұрынғы алған білімдерін қайталау, еске түсіру; Сан есімнің есептік, реттік түрін ажырата білу; Сөйлем ішінен сан есімдерді тауып, дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету. Есептік сан есімді реттік сан есімге алмастыра білу, реттік сан есімнің жалғауларын ажырата білу дағдыларын дамыту. Оқушыларды ұқыптылыққа, сауатты, көркем жазуға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.


Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Біз қандаймыз, қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

443-жаттығу (жаңылтпашты жатқа жазу) (СЫН ЕСІМДЕРДІ ИРЕК СЫЗЫҚПЕН СЫЗУ)

Үшкір тұмсық

Сұр тұмсық

Сордан ұшты

Құрт шымшып


ІІІ.Жаңа сабақ

Өткен сабақты пысықтау.

• Сын есім дегеніміз не?

• Сын есімге қандай сұрақтар қойылады?

• Сын есім қандай сөз табымен тығыз байланысты?

Сызбамен жұмыс

Сын есім

Сұрақтары Қандай? Қай?

Құрамы - Дара Күрделі

Негізгі Туынды

Ой қозғау

нешінші? - заттың санын

неше?

қанша? - заттың ретін



Тірек - сызбаны пайдаланып, ереже шығару.

1. Жұмбақ шешу:

Алты аяқты,

Төрт құлақты

Қос ауызды

Төрт көзді -

Қыр кезді

Шешуі: Аттылы адам.

2. Дәптермен жұмыс.

А) Бүгінгі тақырып

Ә) Көркем жазу. Ж ж Ж ж

3. Оқулықпен жұмыс.

447 - жаттығу. Оқу, қарамен жазылған сөздерді табу, сұрақ қою

-Екі көзің не үшін керек?

-Жақсыларды көру үшін

-Екі қолың не үшін керек?

Елге көмек беру үшін

ЕРЕЖЕ:ЗАТТЫҢ САНЫН ,РЕТІН БІЛДІРЕТІН СӨЗДЕРДІ САН ЕСІМ ДЕЙМІЗ. САН ЕСІМДЕРЕ ҚАНША? НЕШЕ? НЕШІНШІ? ДЕГЕН СҰРАҚТАР ҚОЙЫЛАДЫ: бес, жеті, жүз, екінші, он алтыншы

448 – жаттығу (жұмбақты оқып, жатқа жазу, шешуін табу)

САН ЕСІМДЕРДІ ТАУЫП, АСТЫН СЫЗУ

Тоғыз белдеу, қос жібек

Екі мұрын, бір шүмек (домбыра)

449-жаттығу (ӨЗДІК ЖҰМЫС сөйлем құрау)

Жүз екі


450-жаттығу (берілген сөздердің сан есім екенін дәлелдеу)

БЕС, ТОҒЫЗ, ЖЕТІНШІ, ОТЫЗЫНШЫ

Бұл –сан есім, өйткені заттың есебін білдіріп, қанша?

Неше? Нешінші?

сұрақтарына жауап береді.

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

БАҒАЛАУ

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 451-жаттығу ( тірек сөздер бойынша «Серуенде»



тақырыбына әңгіме құрау)

Оқушы, серуен, он екі, ұстап алды, құс, бір, қызық

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: қазақ тілі

Күні: 07.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы:Сан есімді салыстыру

Сабақтың мақсаты:

Сан есім туралы оқушыларға толық мағлұмат беру.

Алған білімдерін пысықтап, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту, сан есімнен алған білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы дамыту өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру, топпен жұмыс жүргізу арқылы әр оқушының дербестігін жетілдіру, шығармашылық белсенділігін арттыру, сан есім тақырыбын түсіндіру кезінде сөздер мен сөйлемдердің тәрбиелік мәніне көңіл бөле отырып, топпен жұмыс істеу арқылы ынтымақ пен бірлікке, жолдастыққа көмек көрсетуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Біз тілейміз бар балаға,

Бақытты өмір сүргенін.

Туған елге еркелеп,

Қуанғанын күлгенін.

Сусынымыз қанады,

Өнер - білім нәрімен.

Әлемдегі баланың,

Дос боламыз бәрімен
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

451-жаттығу ( тірек сөздер бойынша «Серуенде»

тақырыбына әңгіме құрау)

Оқушы, серуен, он екі, ұстап алды, құс, бір, қызық


ІІІ.Жаңа сабақ

● Сан есім ----- дара, күрделі

● Сан есім

Есептік, Жинақтық, Реттік, Болжалдық, Топтық, Бөлшектік



Жұмбақты шеш

Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар,

Төрт сылдырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар.

Сан есім


Ережесі: Заттың санын, ретін білдіретін сөздер

Сұрақтары: Қанша? Неше? Нешінші?

Мысалы: Үш, бес, оныншы, тоғызыншы

Сан есім (Мағынасына қарай)

● Есептік сан есім Сұрағы: қанша? неше? Заттың нақты санын білдіреді.

● Реттік сан есім Сұрағы: нешінші? Заттардың реттік санын біл діреді.- ыншы,- інші,- ншы,- нші жұрнақтары арқылы жасалады.


Оқулықпен жұмыс

452-жаттығу (оқу сан есімді табу)

110, 80
453-жаттығу (сан есімдерге –ыншы, -інші жұрнағының тиістісін жалғап өзгертіп жазу, сұрақ қою)

Үш күн-үшінші күн, екі ай-екінші ай, алты бала-алтыншы бала, жеті ата-жетінші ата, тоғыз пәтер-тоғызыншы пәтер.


455-жаттығу (берілген сан есімдердің сан есім екендігін дәлелдеу)

СЕГІЗ, ТОҒЫЗЫНШЫ, ҚЫРЫҚ, АЛПЫС


456-жаттығу (тірек сөздер бойынша шағын әңгіме құрау)

Ю.ГАГАРИН, 1961 ЖЫЛ, 12 СӘУІР, ҒАРЫШКЕР, ҰШТЫ, ТАҢҚАЛДЫРДЫ

Австрия Республикасының:

«Алтын Крест» ордені 1988)

«Алтын Крест» ордені (1993)

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

Гагарин деген ким?

Ол қай жылдары ұшты?

Ол туралы не білдіңіздер?

БАҒАЛАУ


ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:454-жаттығу (сөйлем құрау)

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: қазақ тілі

Күні: 08.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы:Сөйлемнен сан есімді тап

Сабақтың мақсаты:

1.Өз бетімен жұмыс жасау арқылы оқушылардың сан есім туралы білімдерін пысықтау, толықтыру,бекіту;

2.Оқушылырдың теориялық ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту

3.Адамгершілікке,табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу;

Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Амансың ба алтын күн,

Амансың ба көк аспан.

Амансың ба достарым,

Амансыз ба ұстазым!

Қонақтарға бұрылып:

Біз Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз!

I.Бағдарлау–мотивациялық кезең.

Баласына ж2ріп,

Ұрысып жатыр к2лік,

«2леніп, с2ріп,

Алып қапсың 2лік.»

2ншілей 2ңді

Көрсетпе деп ж2рді.

- «Көңілді санамақта» қандай құс туралы айтылған?

- Балалар,құс екеш құстар да балалары нашар баға алса ренжиді екен.Сендер де нашар баға алсаңдар,аналарың ренжиді.Сондықтан жақсы баға алуға тырысалық.


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

454-жаттығу (сөйлем құрау)

Торғайлар, көгершіндер
ІІІ.Жаңа сабақ

А)ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС. 161-бет

457-жаттығу (өтірік өлеңді оқып, сан есімдерді табу)

ЕЛУ МЕТР ЕСІКТЕН

ЕҢКЕЮМЕН ШАҚ КІРДІМ

ЖҮЗ ҚАСҚЫРДЫ ӨШІККЕН

БІР ҚОЗЫҒА БАҚТЫРДЫМ

458-жаттығу (САНДАРДЫ СӨЗБЕН ЖАЗУ)

Марат 9 тоғыз жаста. Ағасы Мұрат 11 он бір жаста. Ал қарындасы Айгүл 7 жеті жаста.

459-жаттығу (РЕБУСТЫ ШЕШІП, СӨЙЛЕМ ҚҰРАУ)

Алпыс

460-жаттығу (Сөздерге сұрақ қою, не себепті сол сұрақты қойдың дәлелдеу)



Бірінші-нешінші? Алтыншы нешінші? Бес неше? Сексен неше? Тоқсан неше?

ТОППЕН ЖҰМЫС

1-тапсырма:- Бұлар қандай сөздер?

-Дара және күрделі сан есімдер құрастыр

- Олармен сөйлем құрау

Сұрақтар:-Суреттегі адамның көздері неше

-Қойдың аяғы нешеу?

- Аяқтары неше-нешеден орналасқан?

Жарайсыздар,балалар,олай болса сан есім туралы білетінімізді топтастырайық

2-тапсырма Жұмбақтар шешу.

1 - қатар: Бір, үш, бес, он,

Жиырма, елу, жүз, екі жүз, мыңы бар.

Әрқайсысының құны бар. Бұлар нелер? (теңгелер)

2 - қатар: Білімі жетсе шамасы,

Алатын алар аласы. Бір мен бестің арасы. Бұл не? (Мектеп бағалары)

3 - қатар: Үш жүз алпыс бес,

Үш жүз алпыс алты,

Әр жылдағы қалпы. Бұл не? (1 жыл)

ХІ. Жеке жұмыс.

1 - карточка. Сан есімдерді теріп жаз.

2 - карточка. Берілген сандарды сөзбен жаз.

3 - карточка. Қай айда 28 күн бар? Сан есімді тап.(ауызша)

4 - карточка. Есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдыр.(ауызша)

5 - карточка. 1 жұмыртқа 10 минутта піседі, 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (ауызша)

Ұжымдық жұмыс.

ХІІ. Сөздерді сөз таптарына топтастыр.

Жасыл, адам, екі, үшінші, дәмді, кең, өзен, ұшты, жүз жеті, биік, жүзді, сексен алты.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

БАҒАЛАУ


ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:

461-жаттығу (СУРЕТ БОЙЫНША ӘҢГІМЕ ҚҰРАСТЫРУ


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: бейнелеу өнері

Күні: 05.04.2017

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы:

Ғимараттардың суретін салуды үйренеміз. Жас суретшінің сөздігі.


Сабақтың мақсаты: Әлемге елдері мен Қазақстан жеріндегі сәулет өнерінде маңызды орын алатын белгілі ғимараттар мен кесенелер жайлы мәліметтер беру, жобалық суреттер салдыру.

Озық тапсырмалармен қатар сабақтың барысын кеңейту, жаңа ақпараттық технологияларды пйадалана отырып, жұмыс жасау, ойлау қабілеттерін арттыру, дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, сәулет өнері шығармалары бейнеленген фотосуреттер, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Оқушылардың оқу құралдарын түгендеу

Назарын аудару
ІІ. Өткенге шолу

Өткен тақырыпқа көз жүгіртіп істелген жұмыстарды және өткен тақырыптарды қайталап өтеміз.



ІІІ. Жаңа сабақ:

Сен талай рет үйдің суретін салған боларсың. Әрине одан оңай еш нәрсе жоқ сияқты. Керегелері тікбұрыш, төбесі үшбұрыш ішін есік, терезелердің суретін салдық - міне, үй дайын. Бірақ осындай үйді өнер туындысы деп атауға бола ма? Осындай үй сенің қалаңа көрік бере ме? Әрине жоқ! Ал осы үйді өнер туындысына айналдыруға бола ма? Байқап көрейік. Үйдің суретіне зер салып қараймыз да, оны әр түрлі бөлшектермен толықтырып, әшекейлейміз. Әр бөлшекті негізгі үйдің пішініне қосқан сайын, үй түрленіп басқаша түрге енеді. Сенің қиялыңа қарай, ол бір сәтте сәулетті сарайға, ертегідегідей ғажайып үйге айналуы мүмкін.

Каталог: uploads -> doc -> 0ce4
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ce4 -> Сабақ ұзақтығы: 45 минут Оқытушы: Жоламанова. Б. Б құлсары -2015 Сабақ жоспары Пән аты: Информатика


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет