Сабақтың тақырыбы Сыни тұрғыдан ойлау арқылы баланың бойында метасананы қалыптастыру Жалпы мақсаты



Дата03.02.2017
өлшемі53,67 Kb.
#8644
түріСабақ
БЕКІТЕМІН

Мектеп директоры:

________________

С.Жалғасбаева



«21» қараша 2016 жыл
КОУЧИНГ ӨТКІЗУ ЖОСПАРЫ

Күні: 21.11.2016 жыл

Коуч: Мырзабаев Асылбек

Сабақтың тақырыбы

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы баланың бойында метасананы қалыптастыру

Жалпы мақсаты:

  • Сыни тұрғысынан ойлау әдістемесі арқылы сыни ойлауға түрткі болу, маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді дамыту;

  • Мұғалімдер сын тұрғысынан ойлаудың стратегияларымен таныса отырып, оны өз сабақтарында пайдалана білуге үйренеді.

Оқытуда күтілетін нәтижелер

  • Сын тұрғысынан ойлауға үйрету стратегиялармен және әдістермен танысу арқылы оқыту мен оқудағы жаңа көзқарастардың қалыптасуы; .

  • тапсырмаларды орындау барысында сын тұрғысынан ойлау әдістемесін игеруі, логикалық зерттеу мен ой жүгірту әдістерін білуі. 

  • оқыту технологиясын жүзеге асырудың құрал-жабдықтарды қолдану;

  • оқыту технологиясын жүзеге асыру үшін оқыту құралдарын жасау;

Дереккөздер

  • Мұғалімге арналған нұсқаулық

  • «Devar kids» программасы

  • «Сын тұрғысынан ойлау» таратпасы

  • «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» презентациясы

  • Пазл программасы

Ресурстар

Стикерлер, маркерлер, қағаз, интераткивті тақта

Түйінді идеялар

  1. Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін.

  2. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді.

  3. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларының негізгі тізбесіне қадағалау, интерпретация, талдау, қорытынды жасау, бағалауға түсіндіру, метатану кіреді. 

Жаттығулар мен бірлескен жұмысқа негізделген тәсілдер

Жаттығулар

Жаттығудың мазмұны

Жұмыс әдісі

уақыт

Бастапқы байланыс

Коучингке дейін мұғалімдерге СТО жайлы шағын баяндама тарату арқылы білімдерін қайталау

Шағын баяндама

5 мин

Сергіту сәті

«Ақ тілек» Түрлі –түсті стикерлерге әр түрлі сөздер жазылады және мұғалімдерге таратылып беріледі. Мысалы: парта, кітап, музыка, кино т.с.с..

Мұғалім өзінің оң жағындағы әріптесіне стикердегі сөзді қатыстырып, тілек айтады.



Стикер, таратпалар

3 мин

Топқа бөлу

Стикерде жазылған «мектеп» және «өнер» тақырыбындағы сөздер бойынша топқа бөлу.

«Мектеп» тақырыбына қатысты сөздер бірінші топ, ал «өнер» тақырыбына қатысты сөздер екінші топ болады.



Стикер, таратпалар

2 мин

Коучингтің тақырыбын негіздеу

Үш Ақсақал.wmv видеоролик тамашалау. Видеороликтің 01:25 уақытында тоқтатып қойып, оучингке қатысушыларға түрткі сұрақ қою

Түрткі сауал: Сіз отағасының орнында болсаңыз қандай шешім қабылдар едіңіз?

Қатысушылар ойын тыңдап болғаннан кейін видеороликтің үзілген жерінен жалғап көрсету, ойды қорытындылау

Видеофильм

13 мин

Постер дайындау

Топтар «Сын тұрғысынан ойлауды оқу процесінде қолдану бізге не береді?» тақырыбында постер дайындап, қорғайды

Соңынан презентация көрсету арқылы бекітіледі

Тұжырымдама-лық карта

15 мин

Практикалық бөлім

І. Пазл

Мұғалімдер бөлек-бөлек компьютерге отырғызылып, І топ мүшелеріне «Үйлер» тақырыбында, ІІ топқа «Көліктер» тақырыбында пазлдар беріледі. Құрастырылған пазлдардағы суреттер жайлы сұрақтарға жауап береді:

  • Суретте қай кезеңдегі зат бейнеленген?

  • Кімдерге қолжетімді болған? т.б.

ІІ. Бейнелеу

Әр топқа дайын суреттер беріліп, оны бояу тапсырылады. Сурет боялып болған соң смартфонға арналған Devarkids программасы арқылы тірілтіледі.

ІІІ. Рольдік ойындар

І топ мүшелерінен екі кісі шығып, телефонмен сөйлесіп жатқан сияқты берілген тапсырманы орындап шығады.

ІІ топ мүшелерінен де екі кісі, шығып, телестудиядағы диктор сияқты соңғы хабарламалар жасайды.

Талқылау сұрағы:

  • Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?

  • Сабақ жүргізуде СТО әдісіне АКТ кіріктіру мүмкіндіктерін, эффектілерін қалай қолдануға болады?

Практикалық жұмыстар

25 мин

Сабақ жоспарының үлгісін дайындау

Коучингке қатысқан мұғалімдердің өз пәндері бойынша пазлдар, дидактикалық материал дайындауға үйрету, тиімділігін бағалау

тренинг

10 мин

Кері байланыс

Блоб ағашы

Сауалнама

2 мин

Оқуға арналған тапсырмалар

  • Білім берудегі СТО ролі баяндамасы

Оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыруға ықпал жасайтын сабақ жоспарын әзірлеу, жүзеге асыру

Қысқаша рефлексия

Каталог: uploads -> doc -> 0123
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0123 -> Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем Сабақтың мақсаты: Білімділік
0123 -> Сабақ: Мереке. Туған күн. Мектеп : Күні: Мұғалімнің аты-жөні
0123 -> «Ұлттық дәстүр асыл мұра» вариативтік компонентінің оқу іс-әрекетіне арналған технологиялық картасы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет