Сабақтың тақырыбы: Сырым мен Малайсары Құзіреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттері



бет2/2
Дата14.11.2016
өлшемі343,62 Kb.
#1754
түріСабақ
1   2

Жоспар:

  1. Малайсары биден бата алуға келген Сырым.

  2. Сырымның Байұлынан өлтірілген жігіттің құнын даулап, Ақсуат биге баруы.

  3. Сырым мен Ақсуат әңгімесі

  4. Сырымға риза болған Ақсуат бидің сыйы мен сөзі

  5. Малайсары бидің ризалығы

  6. Өз өмірін Сырымға жұмбақтап айтқан Малайсары

  7. Сырымның тоқтаусыз берген жауабы

  8. Ыммен түсініскен ұрпақ шешендігі

Оқушылар Сырым мен Малайсарының өмір жолдары, тарихтан алатын орны туралы түсінік ала отырып, «Сырым мен Малайсары» мәтінінің мазмұнын меңгереді.

Оқушылар Сырым мен Малайсары туралы бұрыннан білетін білімдерін еске түсіреді.


Мәтін бойынша жоспар құру арқылы түсініктерін жүйелейді.




V.Жаңа білімді бекітуді ұйымдастыру

Тапсырмалар:

1-қатарға: Сырымға Ақсуат бидің берген батасын мәтіннен тауып оқу.
2-қатарға: «Обал, сауап, борыш» деген сөздерді қалай түсінеміз.

3-қатарға: Біздің кіші жүздің биі кім, ол туралы не білеміз?

2 тапсырма:Мәтіннен мақал-мәтелдерді тауып жазу, мәнін ашу.



3. Сөздікпен жұмыс

Ат жалын тартып-

Қыдыр-

Ақылгөй қарт-

Байұлы-

Әлім-

Дүрдараз болу-

Бата алу- салт-дәстүр."Батаменен ер кегерер, жауынменен жер көгерер" (мақал). Бата халықтың рухани қуат алатын құдіретті сенім күші. Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, талапты жастарға, көптің жүгін көтерген адамдарға немесе үлкендер жақсы ісіне риза болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ел ақсақалдарының ақ тілегі, әрі өмірлік жолдамасы.Баталар талапты, халық сүйген, ер-азаматтарға ғана берілген. 

4. Мәтіннен Малайсарының Сырымға берген батасын тауып оқу.

5. Семантикалық карта.



Тапсырмалар:

1-қатар. «–Сырым, шырағым!» деп басталады, «...сыбағаң бас тоғыз болсын!» деп аяқталады.

2-қатар:  Обал - қазақ халқының жас ұрпақты әдептілікке тәрбиелейтін ұлағатты ұғымы. Обал ұғымы қоршаған ортаға зиян келтіруге, жамандық жасауға яғни жандыны жәбірлеуге, жансызды бүлдірмеуге болмайды деген мағынаны білдіреді. Мысалы, нанның түйірін аяққа басу немесе оны рәсуа ету обал болып есептеледі.

 Сауап - жөн, шын, лайық. Ислам дінінде жасалған игілікті іс үшін Алла тағала тарапынан берілетін сый. Кімде-кім ислам парыздары мен бұйрықтарын орындап, Алла ризалығына сай жақсылықтарға лайық істер атқарса сауап жинайды, құдайдың шексіз мейірім шапағатына иеленеді. Көптеген аяттар адам баласын Аллаға сенуге, күнәдан сақтанып сауап жинауға шақырады.

Борыш-қарыз, міндет.

Әйтеке Байбекұлы(1644 -1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері.Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан.Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсыөзбекқырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан

2 тапсырма: Мәтіннен мақал-мәтелдерді тауып жазу, мәнін ашу.



  1. Қырықтың бірі-Қыдыр.

  2. Үйіңнің алдында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең,

Аулыңда ақылгөй қарт болса, жазып қойған хатпен тең.

  1. Кісі болар баланың кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар?

  2. Асыл тастан, ақыл жастан.

  3. Ердің құнын жастың жайсаңы, не қарттың шайтаны даулайды.

  4. Басқа пәле тілден.

3. Сөздікпен жұмыс

Ат жалын тартып- жігіт болған кезі

Қыдыр-діни ұғым, жақсылық әкелуші

Ақылгөй қарт-ақыл беретін қарт

Байұлы-кіші жүздегі ру аты

Әлім-кіші жүз руы

Дүрдараз болу-ұрыс-керіс

Бата алу-салт-дәстүр.

4. Мәтіннен Малайсарының берген батасын тауып оқу.

107-108-бет.

-Кеудең тола бауыр болсын,...

5. Семантикалық карта.



Оқушылар «Сырым мен Малайсары» бойынша

алған білімдерін

топтық тапсырмалар

арқылы бекітеді.

Мәтіннен мақал-мәтелдерді табу арқылы сөздік қорларын байытады.
Сөздікпен жұмыстану арқылы тіл байлықтары дамиды.

Семантикалық картаны толтыру арқылы би-шешендердің сөздерін естерінде сақтайды.



VI. Үйге тапсырма

  1. «Сырым мен Малайсары» әңгімесін оқып, мазмұнына сай әңгімелеу.

  2. Мәтіндегі Малайсарының Сырымға берген батасын жаттау.

Үй тапсырмасын тыңдап, түсініп алады.

Сұрақтары болса қояды.



Үй тапсырмасын орындау арқылы өз беттерімен жұмыстануға, ізденуге үйренеді.

Қорытындылау

Оқушыларды білімдеріне сай бағалау.

-Сіздердің араларыңыздан Сырым мен Малайсары сияқты би-шешендер шыға берсін деген тілекпен сабақты аяқтаймын.

-Сау болыңыздар!


Оқушылар мұғалімнің сабақты қорытындылауын тыңдайды.





Оқушылар кемшіліктері,

жетістіктері туралы біле



отырып бағаланады.

Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет