Сабақтың тақырыбы: Сүйемін, өскен Отаным Сабақтың мақсаты : Білімділік Оқушыларды «Сүйемін, өскен Отаным» өлеңімен



Дата11.11.2016
өлшемі0,71 Mb.
#1480
түріСабақ
4 сынып Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Сүйемін, өскен Отаным

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларды «Сүйемін, өскен Отаным» өлеңімен

таныстыру. Шығарманың мазмұны мен идеясын меңгерту.

Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу.Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Еңбекке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер. Қимақағаздар. «Жазушылар» топтамасы



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

«Шаттық шеңбері» психологиялық


Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз,
Сәлем бердік сіздерге
Басымызды иіп бәріміз.

ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс:

Қасым Аманжолов «Туған жер». Өлеңді мәнерлеп оқыту. Қасым Аманжоловтың өмірбаянын сұрау.


ІІІ. Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабақта қазақ халқының тағы да аса дарынды ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармасымен танысамыз. (портрет). Оның өлеңдері туған жер, табиғат туралы. Ол жастарды елді, табиғатты сүюге, оны аялай білуге үйретеді. Ол 14 жасынан бастап өлең жазды.



Шығарманың авторымен таныстыру.

Мұқағали Мақатаев (1931-1976) Алматы облысының Райымбек ауданында дүниеге келген. Қазақтың аса дарынды ақыны. Оның көптеген өлеңдері мен поэмалары жарық көрген. Балаларға арналған жырлары да мол.


ІV.Оқулықпен жұмыс.

- Мәнерлеп оқып беру.

- Мазмұнын түсіндіру.

- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.



Дәптермен жұмыс. Өлеңдегі ақынның нені сүйетінін үлгі
ағашқа қарап жазу
Сүйемін

топырағын ____ ____ тасын


кәрісін _____ _____ жасын
салқын кештерін _____ _____ соққан шелін
жота қырларын _____ _____ жылқышыны
жауған нөсерін _____ _____ күркіреген аспанын
жастарын _____ _____ көкшіл аспанын
сырқыраған өзенін _____ _____ гүл өскен даланы
жылаған баланы _____ _____ өскен Отаным
Сөздікпен жұмыс.

Сол сөздердің мәнін ашу, түсіндіру.


Сұрақтар мен тапсырмаларларды орындау.


  1. М.Мақатаев пен Қ.Аманжоловтың өлеңдерінде қандай ұқсастық бар?

  2. Сызбаны толтыр:




Туған жер

Сүйеміін, өскен Отаным









Көркем шығарма

поэзия

проза

Өлеңмен жазылады

Қара сөзбен жазылады

VІ. Сабақты бекіту:


1) Суреттермен жұмыс.
«Туған жер» тақырыбына байланысты суреттерді көрсету. Оқушылар суретке қарап, қазақ елінің табиғаты туралы әңгімелейді.
2) Үнтаспамен жұмыс.
Үнтаспадан М. Мақатаевтың сөзіне жазған әндерімен таныстыру. «Сәби болғым келеді», «Қуанышыңмен», «Есіңе мені алғайсың».

VІІ.Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

VІІІ.Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау. Түсінік айтуға дайындалу.
Каталог: uploads -> doc -> 0fb7
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0fb7 -> Тақырып: Ізденген жетер мұратқа Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер
0fb7 -> Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері және графигі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет