Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров «Арыстан мен тышқан»



Дата25.08.2017
өлшемі0,67 Mb.
#27819
түріСабақ


Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров «Арыстан мен тышқан» (мысал)

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік: - Артына өшпес мұра қалдырған, сан кеудеге шамшырақтай болған ұлы тұлғаларымыздың бірі – С.Торайғыровтың азаматтық тұлғасын таныту; жыр – дариясын құрайтын шығармаларымен таныстыру; мысал өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу; мазмұнын ұғындыру.

Ә)дамытушылық: - Оқушылардың тілін ұштау, қиялына қанат бітіру, шығармашылық ізденісін арттыру, бір – бірінің пікірін тыңдай білуге және өзіндік көзқарасын шебер жеткізе білуге дағдыландыру.

Б)тәрбиелік: - Мысал өлең кейіпкерлері арқылы оқушылардың бойына ізгілік нұрын себелеу; адамгершілікке, қайырымдылыққа баулу, достықтың қадір – қасиетін түсіндіру.    

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Көрнекілігі: Арыстанның, тышқанның, С. Торайғыровтың суреттері, оқулық, кесте.

Күтілетін нәтиже:Топпен жұмыс жасауда бір-бірлерінің ойларын,пікірлерін

тыңдауға, өз ойын дәлелдеп айтуға үйренеді.



Қолданылған модуль: «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер»,

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Қонақ  күту салтымыз,

Оқып біліп жатырмыз.

Келген қонақ сіздерге ,

Сәлем бердік жалпымыз.

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

Шыбын араға не деді?

Ара неге шыбынның үйіне бірден қонаққа бармады?

Ара мен шыбынның айырмашылығы қандай?

Араның еңбекқорлығы туралы айт.

Оқушыларды сұрақтарға жауап беруіне байланысты үй жұмысын бағалау



ІІІ.Қызығушылықты ояту

-Балалар бүгін

сабақты білу үшін мына жұмбақты шешу керексіңдер.

Жұмбақ :

Айбарлы түрі бар,

Қанжардай тiсi бар.

Тұла бойында

Тасыған күшi бар,

Күжiрейген жалды,

Бiлсең айт бұл аңды? (Арыстан)

Үй iшiн аралап,

Түнде көп жортады.

Қаптарды жарып,

Мысықтан қорқады. (Тышқан)

Жұпқа бөлу:Балалар суреттер арқылы жұпқа бөлінейік.(Арыстан мен

Тышқан суреті)



ІҮ.ЖАҢА САБАҚ :- Олай болса,  Бүгін біз адам бойындағы жақсы -жаман

 қасиеттердің ара жігін ашып көрсететін, өнеге , тәлімге толы 

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың  « Арыстан мен тышқан» мысалымен танысамыз.
Мысал деп нені айтамыз?

Мысал - айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көлемді шығарма. Мысалдың тақырыбы сан алуан, кейіпкерлері аң, құс, балық, өсімдік, кейде оқиғаға адам да

қатыстырылады.

С.Торайғыров туралы мағлұмат тыңдау.

Сұлтанмахмұт Торайғыров (28.10.1893, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы – 21.5.1920, Павлодар облысыБаянауыл ауданы) – ақын, ағартушы.

Торайғыровтың 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, баянауылдық Әбдірахман молданың (1908) қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған.

1911 ж. жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. 1912 ж. Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады.

Оқулықпен жұмыс:

-Оқушылардың іштей оқиды;

-Мысалды бір-бірлеріне айту ;

-Әр жұптан бір оқушы түсінгенін айту;



-Рөлге бөліп оқу.

Мұғалім әр топқа кезекпен сұрақ қояды.

1-жұп:


Мысалдағы оқиға нелер арасында болған?

Арыстан тышқанды не үшін өлтірмек болды?

2-жұп:

Арыстан нені ұстап алды?

Ол өзі айтқан уәдесін қалай орындады?

Сергіту сәті:

Бес болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер –білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз.

Мысалдың мазмұнына сәйкес келетін мақал –мәтелдермен танысыстыру;

1)Басыңа күн түссе,

Жақсы көмекке келеді,

Жаман күліп кетеді.


2)Күш білекте емес жүректе.
3)Күш— білімде, білім — кітапта.

                                                        

4)Күлме досқа, келер басқа.

5)Түйедей бойың болғанша, тарыдай сыйың болсын.



Практикалық сұрақ:

Мұғалім әр топқа сұрақ қойып, жағдаяттарды шешеді.

1 топқа сұрақ: Арыстанның орнында болсаңдар, тышқанды босатасыңдар ма?
Топтан барлық оқушы өз ойларын айтады.

2 топқа сұрақ: Тышқанның орнында болсаңдар, арыстанды   құтқарасыңдар ма?

Топтан бірнеше оқушы өз ойын айтып дәлелдейді.

                                                                

Жаңа сабақты қорыту: Кестемен жұмыс:


С.Торайғыров

жөнінде не білесің?



Арыстан 

(қандай?)



Тышқан

(қандай?)



 

 

 












Мониторингтік бағалау.



Оқушылардың аты-жөні

Үй жұмысын бағалау

Жаңа сабақ барысында қойылған сұрақтарға жауап беруін бағалау

Кестемен жұмысты бағалау

Қорытынды баға

1
















2
















3
















4
















5
















6
















7
















8
















9
















10
















Үйге тапсырма:

Мысалдардыбөліктерге бөлу.                   



Әр бөлікке ат қойып, дәптеріңе жаз. Мысалды мәнерлеп  оқу.

 






Сабақ жоспары

Тақырыбы: Қыстырма сөздер

I Мақсаты: а.білімділік .Қыстырма сөз туралы білімдерін жетілдіру.

ә.дамытушылық. Сөздік қорларын молайту;

б.тәрбиелік.еңбек тәрбиелеріне баулу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.назарларын сабаққа аудару;

ІІ. Үйтапсырмасын тексеру: 

Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу. Қатты, сабырлы.

III.Жаңа сабақты түсіндіру

а) Тақтаға мысалдар жазылып, сөйлемдегі сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздерді тауып тыныс белгісін қойып көшіріп жазу.

Біз, шынында, байқамай қалыппыз.



Меніңше, Сара мәреге бірінші боп жетеді.

Мұражайға, сірә, ертең барармыз.



Бәсе, өзім де осылай болар деп ойлап едім. Сөйлемдердегі сөздердің әрбіріне талдау жасап ,әр сөздің қызметін түсіндіру-арқылы қыстырма сөздің ережесін жаздыру.

«сөйлеушінің ойына қосымша мағына үстейтін бірақ өзі сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздерді –қыстырма сөздер»-дейміз.

IV. Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз

Оқып білім аламыз,

Азамат боп шығамыз!

Оқулықпен жұмыс-жаттығулар орындау.

V.Үйге тапсырма-76 беттегі58-жаттығу.

VI.Сабақты бекіту- 1. Жаңа сабақты оқушылардың меңгергендігін тексеру мақсатымен қысқаша сұрақ-жауап

VII.Сабақты қорытындылау.кері байланыс.

VIII.Оқушыларды бағалау.

Сабақ жоспары


Тақырып Қыстырма сөздердің мағынасы.

Мақсаты. а.білімділік. Қыстырма сөздер туралы түсініктерін кеңейту,

қыстырма сөздер қолдану және оның мағынасын ұғыну;

ә.дамытушылық: деңгейлік тапсырмалар арқылы сөздік қорларын дамытып, сөздердің мағыналарыына қарай орнымен қолдануға дағдыландыру;

б.тәрбиелік:сөз мағынасын түсіне білуге,сауаттылыққа тәрбиелеу:
Сабақ түрі.Жаңа сабақ
Сабақтың барысы

Ұйымдастыру: Сәлемдесу. Назарларын сабаққа аудару.


Қан сонар - бірінші жауған қар ( сонар - алғашқы қар) Сонар қар деп те айтылады. 
Қан сонарда бүркітші аңға шығады.
Слайд

Талдау, сөйлем құрастырып жазу, буынға бөлу, сөйлем мүшесіне талдау.

5 мин

Тұсаукесер



Аязды күні қала сыртына серуендегенге не жетсін! Қанша қымтасаң да беті-қолың домбығып, тызылдап кетеді. Сондай бір серуеннен темір жол бойын жағалап келе жатыр едім, көлденең кесілген бір ізге көзім түсті. Меніңше, мынау құс жолы ғой. Мен қуандым. Көптен бері мұндайды көрмеп едім.
Слайд

Сөйлемдерді анықтау.


3 мин

Синтаксис туралы білгендерін тексеру.

Слайд

Сұрақ-жауап



2мин

Синтаксис сөйлем түрлерін,олардың жасалу жолдарын, сонымен бірге сөз тіркесі мен сөйлем мүшелерін, олардың мағыналары мен жолдарын қарастырады.

Слайд

1 мин


Сабақтың мақсаты

Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоямыз?

Әр баланың бүгінгі сабаққа қойған мақсатын тыңдау

3мин
Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

1- деңгей


Бет 76, 58- жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп, қыстырма сөздердің астын сыз.

Болашақта дәрігер боламын, бәлкім. Жалпы алғанда, біздің сынып жаман емес. Осының бәрін ол, әрине, жалғыз істей алмайды.Сіздіңше, менің бұл қылығым дұрыс емес.

Сөйлемдерді көшіріп, қыстырма сөздердің астын сызады.

Тыныс белгілері жайлы тоқталады.

5 мин

Қорытынды



Әр бала өз тапсырмасына қорытынды бағасын,көңіл-күйін белгілеп,бағасын қояды.

2 мин


Сергіту сәті

«Қаражорға»

2мин

2- деңгей



Сөйлемдерді тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жаз. Қыстырма сөздердің астын сыз.

Амал қанша сен дұрыс айтып тұрған жоқсың. Осының бәрі әрине бір жыл ішінде істелген жұмыстар емес. Меніңше бәрі ойдағыдай болды. Мүмкін бұл сіздің оған көмегіңіз болар. Олай болса сіз осы мектептің директоры боларсыз? Біріншіден оның айтқанын саралау керекпіз.

Берілген сөйлемдерді тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазып, қыстырма сөздердің астын сызады.

5 мин


Қорытынды

Әр бала өз тапсырмасына қорытынды бағасын,көңіл-күйін белгілеп,бағасын қояды.

2 мин
3-деңгей

Сызбанұсқа бойынша сөйлемдер құрастыр. Кестені (бет 77) қолдана отырып, қыстырма сөздер сөйлемге қандай мағына үстеп тұрғанын анықта.

_____ ______ _____ ______ , ______.

______ , _______ ______ ______ ______.

____ ______ ,______, ______ _____.

_______ ______ ______ ,______ , ______.


Сөйлемдерді құрастырып, қыстырма сөздердің сөйлемге қандай үстеп тұрғанын анықтайды.

5мин


Қорытынды
2мин

Қосымша


1-топ .«Фишбоун» сызбасына қыстырма сөздердің ережесін жазып шығару

2- топ. Кластерге қыстырма сөздерді мағынасына қарай жіктеу

5 мин
Топтардың жұмысын қорғау

Спикердің бағалауын тыңдау.

2 мин
Әр оқушының әр деңгей бойынша бағаларына тоқталу, ортақ бағаларын анықтау.

2 мин


Үй тапсырмасы

Деңгей бойынша үй тапсырмасын таңдау.



76-77 беттегі ережелерді жаттау

1 мин
Каталог: uploads -> doc -> 1237
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1237 -> Сабақ жоспары (Аптасына 4 сағат, барлығы 136 сағат)
1237 -> Көрнекілігі: Флипчарт, Жамбыл Жабаев суреті, соғыс суреті, карта, видео-ролик Сабақ түрі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет