Сабақтың тақырыбы Сөйлем. Жырау Сілтеме Ана тілі оқулығы 1 сынып, сабақ жоспары



Дата14.04.2017
өлшемі65,34 Kb.
#13789
түріСабақ

Сыныбы

1 «Ә»сынып

Күні: 19.04.2016ж

Сабақтың тақырыбы

Сөйлем.Жырау

Сілтеме

Ана тілі оқулығы 1 сынып, сабақ жоспары

Жалпы мақсат

Оқушыларға жыр, жырау, жыршы туралы түсінік беру, ұғымдарды ажырату, қиын сөздердің мағынасымен таныстыру. Бұқар жырау туралы ақпарат беру.

Күтілетін нәтиже

Оқушыларға жыр, жырау, жыршы туралы түсінік алады, ұғымдарды ажырату, қиын сөздердің мағынасымен танысады. Бұқар жырау туралы ақпарат алады.

Әдіс тәсілдері

Жаңа әдістер

АКТ


СТО

1. Диалог

2. Жеке жұмыс

3.Жұптық жұмыс


Сабақтың көрнекілігі

Кеспе әріптер мен буындар ,суреттер, әліппе дәптер,электрондық оқулық

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ.

Сабақтың барысы

2. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Балалардың назарын сабаққа аудару

Психологиялық дайындық..
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.



Білу

Сұрақ - жауап әдісі бойынша өтілген материалды қайталау.


1. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
2. Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
3. Қандай? қай? сұрақтарына жауап беретін сөздер тауып атаңдар.
4. Қанша? Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер тауып атаңдар.


Сұрақ жауап әдісі



Түсіну Жаңа сабақ

- Ой қозғау: әріптер, сөздер, сөйлемдер жазылған.


к, п, а, і, т
оқушы, оқыды, кітап.
Проблемалық сұрақтар қою:
- Балалар, бірінші қатарда нелер жазылған?
- Әріп деген не?
- Жоғарыдағы әріптерден қандай сөз құрауға болады?
- Ал екінші қатарда ше?
- Сөз дегеніміз не?
1 - тапсырма: Ендеше, екінші қатардағы сөздерден сөйлем құрастырып көрейік.
Сөйлемнің ережесі қайталанады.
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді, бас әріптен басталып жазылады, сөздер бір - бірінен бөлек жазылады, айтылу мақсатына қарай тыныс белгісі қойылады.

Ой қозғау


Талдау

Оқулықпен жұмыс:


148 - жаттығу. 1. Әр сөйлемнен соң дауыс кідірісін жасап оқыңдар.
2. Әр сөйлемде неше сөз бар екенін анықтаңдар. Сөйлемдегі сөздердің бір - бірінен бөлек жазылатынын аңғарыңдар.
149 - жаттығу. Ізденушілік деңгейдегі тапсырма.
1. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастырып жазыңдар.
Әр сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен бастап жазыңдар.
(Алғашқы үш сөйлемін жазу.)

Шығармашылық тапсырма:


Оқылатын сөздердің ішінен кім? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді атайық. Әнші, биші, жыршы, күйші.
Бұл сөздерді бір сөзбен қалай атауға болады? Өнер адамдары.
Сөздік жұмыс: Әр сөздің мағынасына тоқталу, оқушылардың ойын тыңдау.
Әнші - ән айтатын адам.
Биші - бидің қыр - сырын танитын, жақсы билейтін адам.
Күйші - домбырада күй тартатын адам.
Қазір біз жыр, жыршы, жырау сөздерінің мағынасының талдап түсініп көрейік. Сонымен жыршы сөзінің түбірі жыр, ендеше жыр дегеніміз не екен? соған тоқталайық.
Жыршы дегеніміз - жыр айтушы, таратушы, жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен мақалмен, әнмен айтады.
Жырау - өз жанынан жыр шығарып айтатын және дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі.
Жырауларды атап айтатын болсақ Асан қайғы, Қазтуған жырау, Доспамбет жырау, Шалкиіз жырау, Ақтамберді жырау, Бұқар жырау, Шал ақын.

Оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті. 

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.





Жинақтау

С. Мәуленовтің «Жырау» өлеңін мәнерлеп оқып, мағынасына мән беру.


Сөздік жұмысын жүргізу.
Қисса - әңгіме, аңыз, ауыз әдебиетіне тән эпикалық жанр, дастан.
Абыз - ел басқару ісіне араласып отырған саяси тұлға болған ғұлама, көріпкел.
Мына шешендік сөздерге назар аударайық.
Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас. ( Бұқар жырау)

Шығармашылық жұмыс


Бекіту

«Үндемес тест» (жауабы а болса оң ,б болса сол қолын көтереді.)

1. Сан есім қандай сұраққа жауап береді.

а) қандай б)қанша

2.Сан есімді тап.



а) бес б) балық

Тест жұмысы






Үйге тапсырма

151 - жаттығу, ережені қайталау. С. Мәуленов. «Жырау» оқу

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау



Кері байланыс








Каталог: uploads -> doc -> 0b20
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b20 -> М а қ саты : Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет