Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті. 5-8 жаттығулар. Сабақтың мақсаты



бет15/31
Дата08.11.2016
өлшемі8,43 Mb.
#1258
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Сабырсыз,арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев.

Мақсаты:

Білімділігі: Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету;

Дамытушылығы: адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу; көркем мәтіннен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру,

Тәрбиелігі:оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру.

Түрі: аралас сабақ .

Типі: Жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену, қорытындылау.

Көрнекілігі:суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. «Алақан» жаттығуы.

Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Әңгіменің басында «Үлкен той болды» деп қандай тойды айтып отыр?

Хамза Қаржасовтың сөзі неге ұнамады?

Болыс Салмұғамбет Спандияр мен оның әкесіне не деді?

Ыбырайдың неліктен қабағы түйіліп, жүзі сұп-сұр болып кетті?

Болыс пен байлардың әділетсіздігін қандай әрекеттерінен байқауға болады?

Үй тапсырмасын пысықтау: Спандияр Көбеев кім? Ол туралы не білесің?

Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2. Жаңа сабаққа даярлық. Тақтаға немесе интерактивті тақтаға:

«... Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой,

Бес асыл іс - көнсеңіз»


  • Тақтадағы үзінді Абайдың қай өлеңінен алынған?

  • Бұл өлеңді кімдер жатқа біледі?

  • Абайдың тағы қандай шығармалары бар?

  • Абай ата туралы не білеміз?

  • Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, асыл сөздің зергері. Азан шақырып қойған аты - Ибрагим. Әжесі Зере сүйкімді де сүйікті немересін Абай деп еркелеткен. Осыдан кейін Ибрагим дейтін шын аты аталмай, ел арасында Абай атанып кетеді.

ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Операциялық-орындаушылық кезең.(оқушылардың өзі тауып келген деректерді топ ішінде ортаға салып, сол бойынша кесте құру.)


Семей өңірінде туылған

Абайдың Энциклопедиясы, өлеңдер жинағы бар.



Абай Құнанбаев

1845 - 1904




Ұлы ақын

Алматы қаласында ескерткіші бар.




  1. Абай Құнанбаев туралы қосымша мәлімет:

Өлеңдерінен басқа 3 поэмасы, 45 қарасөзі бар. Абайдың алғашқы өлеңдерін Көкбай Жаңатаевтың атымен жариялаған. Алматыда Абай ескерткіші, Абай көшесі, Абай атындағы университет, Іле Алатауы жоталарында Абай шыңы деп аталатын жерлер бар. Абайдың анасының аты – Ұлжан , әжесінің аты – Зере. Абай кішкентайынан әжесі Зеренің айтқан қызықты ертегілерін тыңдап өседі.

«Абай ауылына саяхат»

І топ – «Абайдың өлеңдері»

ІІ топ - «Абайдың аудармалары» «Шегіртке мен құмырсқа»

ІІІ топ – Абайдың әндері. «Желсіз түнде жарық ай» немесе «Көзімнің қарасы»

1 – тапсырма. Екі өлеңді салыстыра отырып, өлеңдегі сөздерді пайдаланып, мына кестені толтыр.
Адамның мінез - құлықтары



Жағымсыз

Жағымды



Сабырсыз, арсыз, еріншек, көрсеқызар, жалмауыз, алауыз,...

Сабырлы, арлы, еңбекқор, сыпайы, білімді, ақылды ...



Өсек, өтірік,мақтаншақ, еріншек,бекер мал шашпақ ...

Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ...


Кестеге өтілген жаңа сабақтағы «Сабырсыз, арсыз, еріншек» деп аталған өлең мен «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін салыстыра отырып, адамның жақсы, жаман қылықтарын топтап жазады.

ІҮ.Жаңа білімді бекіту кезеңі: рефлекциялық бағалау кезеңі. Сабақ соңында топтағы жауап бергендердің саны, яғни плюстері саналады. Оқушылар өздерінің жауаптарына ауызша баға береді. Жарыс қорытындысы шығарылады.

Ү. Қорытындылау. «Мен бүгінгі сабақтан нені үйрендім?», «Нені білмей қалдым?» сұрақтарына жауап беру.

ҮІ. Үйге тапсырма: 1. Түсініп, мәнерлеп оқу.

ҮІІ.Бағалау.


Күні: 18. 11. 15

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.

Тақырыбы: Жай және құрмалас сөйлем тыныс белгісі. 44-50 жаттығулар

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Жай және құрмалас сөйлем туралы берілген ұғымды жаттығу жұмыстары арқылы

кеңейту.


Дамытушылығы:құрмалас сөйлем құрауға және оның тыныс белгілерін қоя білуге үйрету.

Танымдық қабілеттерін, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.



Тәрбиелігі: Таза, әдемі жазуға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Типі: Жаңа білімді үйрету кезеңі.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, іздені, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі:кестелер.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық. - Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 41-жаттығу. «Жалғасын тап» ойыны құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемі берілген, келесі бөлігін табу.

Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Жан-жақты білімдерін тексеру.

Жай сөйлем деген не? Құрмалас сөйлем деген не? Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісі қандай?


ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Дәптермен жұмыс.

Күн ретін жазу. Көркем жазу.

44-жаттығу. Сөйлемдерді тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазу, сөйлем түрін айыру.

45-жаттығу. Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырып жазу.

46-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, олардың құрмалас сөйлем екенін дәлелдеу.


Сергіту сәті.
ІҮ. Жаңа білімді бекіту кезеңі.

47-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, құрмалас сөйлем екенін дәлелдеу..



Ү. Қорытындылау.

-Балалар, бүгін біз не үйрендік?

- Құрмалас сөйлем деген не?

-Оның тыныс белгісі қандай? 1

48– жаттығудағы ребусты шешу. (Қыс түсті. Қар жауды). Құрмалас сөйлем құр.
ҮІ. Үйге тапсырма беру. 49-жаттығу.
ҮІІ. Оқушыларды бағалау.
Күні: 18 . 11. 15

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Екі дененің қозғалысына берілген есептер шығару,дағдыларын

бекіту,есептеудағдыларын жетілдіру.



Дамытушылығы: Есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру,математикалық

ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;



Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Түрі: Аралас сабақ

Типі: Қайталау сабағы

Әдісі:еске түсіру, сұрақ-жауап,өзіндік жұмыс..

Көрнекілігі:кестелер.
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастырукезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу



Сабаққа назарларын аудару.Шаттық шеңберін құру.

Күн жарығын алақанға саламын.

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

6,7-мысалдың орындалуын тексеру.



ІІІ. Өзіндік жұмыс №3

І нұсқа.

  1. Мысалдарды арында.

75 821 · 90 678 098 · 70 100376 : 8

  1. Есепті шығар.

Туристер 5 км/сағ жылдамдықпен 3 сағ және 4 км/сағ жылдамдықпен 2 сағ жүрді. Туристер қандай қашықтықты жүріп өтті?

  1. Теңдеулерді шеш.

84 – 4 · а = 60 с · 60 = 50000 + 1900

  1. Ені 3 см, ал ұзындығы 2 есе артық тіктөртбұрыш сыз. Оның ауданын тап.

ІІ – нұсқа

1. Мысалдарды арында.

17524 · 90 456321 · 70 996000 : 4
2. Есепті шығар.

Аралары 700 км қашықтықта орналасқан екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі автобус шықты. Бірі 60 км/сағ, екіншісі 80 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Екі автобус қанша уақыттан кейін кездеседі?

3. Теңдеулерді шеш.

1365 – 4 · х = 1297 1230 · 3 + а = 7680

4. Ауданы 12 см2, ені 2 см тіктөртбұрыш сыз. Периметрін есепте жауабын милиметрмен жаз.

ІV. Сабақты қорытындылау.

V. Үйге тапсырма: №7 100 бет.

VI. Бағалау.

Өзіндік жұмыс №3

І нұсқа.


  1. Мысалдарды арында.

75 821 · 90 678 098 · 70 100376 : 8


  1. Есепті шығар.

Туристер 5 км/сағ жылдамдықпен 3 сағ және 4 км/сағ жылдамдықпен 2 сағ жүрді. Туристер қандай қашықтықты жүріп өтті?


  1. Теңдеулерді шеш.

84 – 4 · а = 60 с · 60 = 50000 + 1900

4. Ені 3 см, ал ұзындығы 2 есе артық тіктөртбұрыш сыз. Оның ауданын тап.



ІІ – нұсқа
1. Мысалдарды арында.

17524 · 90 456321 · 70 996000 : 4


2. Есепті шығар.

Аралары 700 км қашықтықта орналасқан екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі автобус шықты. Бірі 60 км/сағ, екіншісі 80 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Екі автобус қанша уақыттан кейін кездеседі?

3. Теңдеулерді шеш.

1365 – 4 · х = 1297 1230 · 3 + а = 7680
4. Ауданы 12 см2, ені 2 см тіктөртбұрыш сыз. Периметрін есепте жауабын милиметрмен жаз.


Күні: 19. 11. 15

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.

Тақырыбы: Жай және құрмалас сөйлем тыныс белгісі. 51-56 жаттығулар

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Жай және құрмалас сөйлем туралы берілген ұғымды жаттығу жұмыстары арқылы

кеңейту.


Дамытушылығы:құрмалас сөйлем құрауға және оның тыныс белгілерін қоя білуге үйрету.

Танымдық қабілеттерін, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.



Тәрбиелігі: Таза, әдемі жазуға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Типі: Жаңа білімді үйрету кезеңі.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, іздені, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі:кестелер.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындық. - Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 50-жаттығу. «Жалғасын тап» ойыны құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемі берілген, келесі бөлігін табу.

Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Жан-жақты білімдерін тексеру.

Жай сөйлем деген не? Құрмалас сөйлем деген не? Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісі қандай?


ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Дәптермен жұмыс.

Күн ретін жазу. Көркем жазу.

51-жаттығу. Сөйлемдерді тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазу, сөйлем түрін айыру.

52-жаттығу. Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырып жазу.

53-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, олардың құрмалас сөйлем екенін дәлелдеу.


Сергіту сәті.
ІҮ. Жаңа білімді бекіту кезеңі.

54-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, құрмалас сөйлем екенін дәлелдеу..



Ү. Қорытындылау.

-Балалар, бүгін біз не үйрендік?

- Құрмалас сөйлем деген не?

-Оның тыныс белгісі қандай? 1

55– жаттығудағы ребусты шешу. (Қыс түсті. Қар жауды). Құрмалас сөйлем құр.
ҮІ. Үйге тапсырма беру. 56-жаттығу.
ҮІІ. Оқушыларды бағалау.
Күні: 20. 11. 15

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Абай туралы. Жолда. Мұхтар Әуезов.

Мақсаты:

Білімділігі:Ұлы ақын Мұхтар Әуезовтың шығармашылығымен таныстыра отырып, Абай

өмірінің балалық, ересек шақтары жайлы мәлімет беру, әңгіменің негізгі идеясын

ашуға үйрету;

Дамытушылығы:көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру.

Білімділігі: оқып түйгендері туралы ой қорытындысын жасай білуге баулу.

Түрі:аралас сабақ.

Типі: Жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Өлеңді мәнерлеп, жатқа айту. Жағымды, жағымсыз қылықтар жайлы не білдік?

2.Үй тапсырмасын пысықтау: Абайдың қандай өлеңдерін білесің? Өзіңе қандай әсер алдың?

Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.



ІІІ. Жаңа сабақ:

Кіріспе. Мұхтар Әуезов Абай туралы төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясын жазған. Онда Абайдың бүкіл өмір жолы: балалық, ересек шақтары, шығармашылық жағдайы, сол кездегі қазақ өмір-тұрмысының ерекшеліктері баяндалған. Абай туралы Мұхтар Әуезов: « ... қазақ халқына халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнатты» деп жазды. Оқулықпен жұмыс. Үзіндіні түсініп, жалғастырып оқу. Абайдың сыпайылығы сипатталған жерді тауып оқы. Өз сөзіңмен түсіндір.

Сөздік жұмыс.

Дәріс – сабақ.

Тамамболмаса да – аяқталмаса да, бітпесе де.

Хазірет – дін жолындағы мәртебелі адам.

Фатиқасын алып – ризашылығын алып.
ҮІ.Жаңа білімді бекіту кезеңі:

1.Абай қайдан келді деп ойлайсың?

Әкесі Құнанбай кімді күтіп отырған тәрізді.

Ол баласы Абайды қалай қарсы алды?

Құнанбайдың әңгімедегі түр-түсінен, сөйлеген сөзінен қимыл-әрекетінен қандай адам екенін байқауға бола ма? Абайдың сыпайылығы, байқағыштығы қай әрекетінен көрінеді?

2.Мына үлгі бойынша Құнанбайға сипаттама берген тұсты тауып жаз.

өңі сұп-сұр

Құнанбай зор денелі

бурыл сақалды
ҮІІ. Қорытындылау. Әңгімеге сүйеніп, Абайға мінездеме бер.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, бағалау.
Күні: 20. 11. 15

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Бақылау диктанты. Жылан мен кірпі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге,

сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу,



Дамытушылығы:танымдық қабілеттерін, ақыл-ойын дамыту,

Тәрбиелігі:адамгершілікке, зейінділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы.

Сабақтың типі: Білім, білік, дағдыларын бекіту сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық. Оқушы назарын сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
Мақсат қою кезеңі.

Бүгінгі сабақта біз диктант жазамыз. Диктант жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамас бұрын есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық:

Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?

Сөйлем қандай әріптен басталады?

Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?
ІІІ. Білімдерін тексеру: Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтаға жазады.
Жылан мен кірпі.

Таңертең бір нәрсе ысқырғандай жат дыбыс Қабидың құлағына естілді. Қаби оянып кетті. Төсектен басын көтерді. Ол Есеннің кереуетінің жанында ұстасып жатқан жылан мен кірпіні көрді. Жылан басын көтерді. Аузын ашып, тілін шығарып ысылдап тұр. Қаби мұны көргенде, қорқып, Есенді оятты. Есен де басын көтерді.

Жылан айыр тілімен кірпіні шақпақ болды. Бірақ шаға алмады. Кірпінің тікенектері үрпиіп тұр. Кірпі жыланның құйрығынан тістеп, кеміріп жатыр. (63 сөз)
Тапсырма:
1. Жай, құрмалас сөйлемдерді тап, сана.

2. Кірпі мен жылан жайында бір жай сөйлем, бір құрмалас сөйлем жаз.



ІҮ.Оқушыларды бағалау. Жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 сынып

Күні: 18.11.2013 ж

Сабақ : №50

Cабақтың тақырыбы:Санды және әріпті өрнектер.

Сабақтың мақсаты: Санды,әріпті өрнектерді құру,оқу және жазу,салыстыру,

олардың мәндерін табу біліктігін қалыптастыру; көбейту

мен бөлу амалдарына байланысты есеп шығаруын

біліктігін жетілдіру; талдай және салыстыра білу қабілетін

дамыту.

Түрі: білімін жетілдіру сабағы.



Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену,салыстыру.

Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, геометриялық фигуралар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,түгендеу, оқушы зейінін сабаққа аудару.

Жаңа ғана ояндық, Керілдік те созылдық.

Есінедік ақырын, тұру бізге тым қиын.

Оң жақтағы көршіге, сол жақтағы көршіге,

Сәлем бердік ал енді,бастау керек сабақты.

Алақанды соққылап, Табанменен тепкілеп, Иықты да қозғаймыз.

Содан кейін бәріне: «Қайырлы таң» дейміз біз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 7

ІІІ .Білімін тексеру: Математикалық диктант.

20 + 30 = 50 25-15 = 10 45+15= 60

20 ∙ 2 = 40 30 ∙ 3 ∙ 90 6 ∙ 2 = 12 ∙∙∙∙∙

ІҮ. Жаңа білімге дайындық:

--Балалар,сендер 1-сыныптан бері қарай айтылып келе жатқан жалпы өрнек, оның ішінде санды және әріпті өрнек не екендігін ажырата білесіңдер. Сол сияқты мұнда өрнектің нақты түрлері болып табылатын косынды, айырма, көбейтінді және бөлінді ұғымдарын да білетін болдыңдар. Егер өрнекте бірнеше арифметикалық амал болса, онда өрнектің аталу жағдайына, яғни өрнектің нақты атының ең соңғы орындалатын амалға байланысты болады.

№1Мұнда өрнектердін; бір-бірінен айырмашылыктарымен қатар"олардың ұксастығы, сол сияқты санды өрнектердің мәнін бірден табуға болатындығы, ал әріпті өрнектің мәнін табу үшін оның құрамындағы әріпке сан мәнін беру керек екендігі баса ескертіледі.

а+5; (34+10) -2; 23 • 4+9; х+9=17 • 6; 72 ; х=24 : 3;
(45+25) : 5; 90-10 • 5; х-3; Ь • 6; 19<20+9 -8; с : 9;
42>72 : 9+20; 12 : х+24 : 8; (*+2)+16 ■ 4; 34-8=13 • 2.

Жазулардың ішінен санды өрнектерді теріп жаз жөне оқы. Әріпті өрнектерді теріп жаз және оқы.

Қай жазуларды санды және әріпті өрнек деп айтуға болмайды? Неліктен?

№2. Санды өрнек түрінде жазып көрсет және оқы:

а) 15-ті 5-ке арттырып, көбейтіндіні 2 есе кеміт; (15+5):2=

ә) 32-ні 2 есе арттыр және көбейтіндіден 24-ті азайт; (32*2)-24=

б) 27-ден 2-ні азайтып, айырманы 5 есе кеміт; (27-2):5=

в) 69-ды 3 есе кемітіп, бөліндіге 20-ны қос. (69:3)+20=

№3. Әріпті өрнек түрінде жазып көрсет және оқы:

а) Ойлаған санды 3-ке кемітіп, айырманы 2 есе арттыр; (а-3)*2


ә) 32-ні 2 есе кеміт және оған ойлаған санды кос; (32:2)+х

б) Ойлаған санға 2-ні қосып, қосындыны 5 есе арттыр; (х+2)*5

в) 69-ды 3 есе арттырып, көбейтіндіден 20-ны азайт. (69*3)+20




в) 39207: 3-4017;

г) 55200 :3+80316 :4;
ғ) 7890 • 6-6548 • 5.

Бұл өрнектердің мәнін табуға болады ма?



  • Әріпті өрнектің мәнін қандай жағдайда табуға болады?

Қорытынды.

Әріпті өрнек дегеніміз, белгісіз саны әріппен белгіленген өрнек. Әріптердің орнына қоюға болатын өрнектердің мәндері қажет.

№5. Әріпті өрнектің мәнін тап:

а • 3019, а=2, 3, 4, 5.

2• 3019=6038 4• 3019=12076

3• 3019=9057 5• 3019=15095

№6. а) 32 г т -- 4 шеге 32г:4(ш)=8г

Жасады


400 г т-- ?шеге 400г:8г=50 (ш)

Жауабы:50 шеге.

ә) Ұзын шеге—7 жәшік --? кг

Жіберілді 200 кг

Қысқа шеге—13 жәшік --?кг

200:(7+13)=10 кг

7*10=70 кг 13*10=130кг

Жауабы:ұзын шеге 70 кг,қысқа шеге130кг

№7Ауызша орындау.

4кг—264тг 264:4=66 тг 66*40=2640 тг

Тұрады

40кг-- ?тг Жауабы:2640тг.



ә) Қара тақия—5 --?тг

Алды 5841тг

Көк тақия—4 --?тг

5841:(5+4)=5841:9=649тг

649тг*5=3245тг 649тг*4=2596тг

Жауабы:қара тақия 3245тг, көк тақия 2596тг.

№8. а) Тік төртбұрыштың жарты периметрін өрнек түрінде жаз, оның қабырғалары: а) 3 дм жөне 7 дм; ә) 5 дм және х дм.

Р=3дм+7дм Р= 5дм+хдм

ә) Шаршының жарты периметрін өрнек түрінде жаз, оның қабырғасы: а) 8 дм; ә) а дм.

ә) Р= 8дм*2 Р= адм*2

(8 аяқ)

ҮІІ. Бекіту: Бүгінгі сабақта не істедік? Саған не ұнады? Не қиын? Не оңай?



ҮІІІ: Үйге тапсырма: № 4,9. 96 бет. Бағалау

Күні: 20 . 11. 15

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.

Cабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты: 

Білімділігі: Санды,әріпті өрнектерді құру,оқу және жазу,салыстыру,олардың мәндерін табу біліктігін қалыптастыру;

Дамытушылығы: көбейту мен бөлу амалдарына байланысты есеп шығаруын біліктігін жетілдіру; талдай және салыстыра білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Түрі: Аралас сабақ.

Типі: Қайталау сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену,салыстыру.

Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, геометриялық фигуралар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 9.102-бет

9-жаттығуды орындаудың әр түрлі тәсілдері бар, Дегенмен мына тәсілдер олардың ішіндегі ең тиімдісі деп есептейміз.

а) 10021 + 10022 + 10023 + 10024 + 10025 + 10026 + 10027 + 10028 + 10029 + 10030 = 10000 *10 + 21 + 22 + 28 +24 + 25 + 26 + 27 + 28 + 29 + 30 = 100000 + 255 = 100 225

2) 10021 + ... + 10030 = 10000 ■ 10 + 20 ■ 9 + 1 + 2 + 3 + 4 + 5 + 6 + 7 + 8 + 9 + 30 = 100000 + 180 + 45 + 30 = 1002 2 5



III. Жаңа материалды түсіндіру:

1.(тақтада) а + 5 5 + 7 х + 10 = 30 100 – а 35 + х = 90 130 – 30



  • Санды өрнекті атаңдар?

  • Теңдеулерді атаңдар?

  • Әріпті өрнектерді атаңдар?

  • Әріпті өрнектерде қандай таңбаларды пайдалануға болады?

  1. Оқулықпен жұмыс:

1Есепті шығару.

Қозғалыстағы дене v t s

Жаяу адам 5км/сағ 2 сағ ?км

Жаяу адам х км/сағ 3сағ ?км

5км/сағ* 2 сағ =10км

Хкм/сағ* 3 сағ

Жауабы:жаяу адам s=10км.

2

Қозғалыстағы дене v t s

Мотоциклші 30км/сағ ? сағ 150км

Мотоциклші 50 км/сағ ?сағ 150км

t=s: v

150км: 30км/сағ=5сағ

150км: 50км/сағ=3сағ

Жауабы: t=5сағ және t=3сағ.



ә) Х км: 50км/сағ

3.



Қозғалыстағы дене v t s

Велосипедші ?км/сағ 2 сағ 48км

? км/сағ 3сағ 48км

v =s: t

48км: 2 сағ=24км/сағ

48км: 3 сағ=16км/сағ

Жауабы: v =24км/сағ, v =16км/сағ.

ә) Хкм: 2сағ

4. Санды өрнектің мәнін тап:

№6 90метр – 3сек 90:3=30метр

.270метр -- ?сек 270:30=9 сек

Жауабы:9 сек.

7 80метр—4 сек

360метр -- ?сек

360:(80:4)=18 сек

Жауабы:18 сек.

8.Өрнектерді салыстыру.

300:6*47+3 900+8*140х7 9000:3-200*600х4

60х4*160-60 60-9*40х9 (90+2)х5*500-40

9

а) 4 см+3 см+3 см,4 см+2*3 см.



ә) Хсм+3 см+3 см, Хсм+2*3 см.

Шығармашылық тапсырма орындау. .

 

Каталог: uploads -> doc -> 1345
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1345 -> Сабақ тақырыбы: Металдар мен сұйықтардағы электр тогы Жалпы мақсат
1345 -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет