Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Американың климаты. Сабақтың мақсаттары



Дата26.08.2017
өлшемі90,9 Kb.
#28601
түріСабақ
Күні: 16.02.2017ж Сыныбы: 7 «А»

Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Американың климаты.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Солтүстік Американың климат жағдайына түсінік бере отырып,олардың маңызы мен ерекшеліктеріне тоқталу.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту, картамен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды білімділікке, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдістемелік мақсаты: Тірек кестелер және проблема қойып оқыту әдісін пайдалана отырып, оқушыларға Солтүстік Американың климаты жайлы білім беру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, мысалды, бақылау, проблема қою, іздену, картамен жұмыс.

Сабақтың құрал-жабдықтары: Дүние жүзінің климаттық белдеулер картасы, физикалық картасы, атлас карта, оқулық, слайд.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу. Зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

30 «Солтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары»

Оқушыларды «Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлу.


  1. Әр топта өтілген тақырып бойынша топ басшысын анықтау мақсатында сұрақтар қойылады.

№1- Солтүстік Америка материгінің батыс бөлігіндегі тау. (Кордильера тауы)

№2- Солтүстік Америка материгінің шығыс бөлігіндегі тау. (Аппалач тауы)

№3- Солтүстік Америка материгіндегі жазық. (Ұлы жазық)


  1. Атлас пен оқулықты пайдалана отырып, Солтүстік Америкада кездесетін пайдалы қазбалардың шартты белгісін және сол пайдалы қазба туралы білімдерін «жүзім шоқтары» әдісі бойынша А3 түсіру. Оқушыларға А3 форматтарда орындау тапсырылады.

(1-топ мұнай, 2- топ тас көмір, 3-топ темір түсіреді)

1- топ мұнай

2- топ тас көмір

3-топ темір



Сергіту сәті. Видеоролик арқылы тақырыпқа түсу.

ІІІ. Жаңа тақырып.

Жаңа тақырыпқа өту үшін оқушыларға қайталау сұрақтары беріледі.

- Климаттың қалыптасуы қандай факторларға байланысты екенін еске түсіріңдер?

- Жер бетінде ауа температурасының өзгеруіне не себеп болады?

-Таулар мен жазықтардағы климаттық жағдайлардың қандай айырмашылықтары бар?

Солтүстік Америка солтүстік жарты шарда Еуразиямен қатар орналасқандықтан, климаттық жағдайлары ұқсас болып келеді. Материк солтүстік жарты шардағы экваторлық белдеуден басқа барлық климаттық белдеулерді кесіп өтеді.

Материктің климаттық жағдайы мынадай факторларға байланысты:

1. Материк ауданының Еуразияға қарағанда шағын болуы;

2. Солтүстік полюске неғұрлым жақын орналасуы;

3. Оңтүстігіне қарай сүйірленуі;

4. Батысы биік таулы, ал шығысының аласа болуы;

5. Ендік бағыттағы таулардың болмауы;

Материктің солтүстігіндегі мәңгі мұз құрсап, қар жамылғысы қалың жататын аудандарда күн сәулесінің кері шағылысуы күшейеді. Сондықтан ауа температурасы төмен болады, осында қалыптасқан суық ауа массалары еш кедергісіз оңтүстігіндегі Мексика шығанағына дейін өтіп кетеді. Оның нәтижесінде субтропиктік белдеуде де қар жауады. Солтүстік Американың шығысындағы Атлант мұхитынан келетін жылы, ылғалды ауа массалары Арктикадан келетін суық ауа массаларының әсерін шектеп отырады. Материктің батысында орналасқан Кордильераның биік жоталары Тынық мұхиттан келетін ауа массаларының құрлыққа тереңдеп енуіне кедергі келтіреді. Сондықтан оңтүстікте Мексика шығанағы үстінде қалыптасатын тропиктік ауа массалары солтүстікке қарай емін-еркін өте алады.

Сондықтан күшті желдер мен құйын тәрізді қозғалатын дауылдар – торнадо жиі байқалады. Жылдамдығы сағатына 800 км-ге жететін кенеттен пайда болатын торнадо көп апат әкеледі: жүріп өткен жолында алып ағаштарды тамырымен қопарып, үйлерді қиратып, ірі заттарды да көтеріп әкетеді. Орталық жазықта аңызақтар мен құрғақшылық, топырақтың құнарлы қабатын ұшырып әкететін шаңды дауылдар жиі байқалады.

Солтүстік Американың климаты алуан түрлі. Канаданың Арктикалық архипелагында, Гренландияда қаңтардың орташа температурасы - 40ºС, ал материктің оңтүстігінде +20ºС болады. Шілденің орташа температурасы солтүстік жағалық бөліктерінде +8ºС-қа әрең жетсе, оңтүстігіндегі кейбір жерлерде +30ºС-тан асады.

Жауын-шашынның жылдық мөлшері де әркелкі. Материктің оңтүстік-шығысы мен Кариб теңізінің аралдарында жауын-шашын көп түседі, солтүстікке және батысқа қарай жауын-шашын біртіндеп кемиді. Тек Кордильераның солтүстік-батыс жағалауындағы тау беткейлерінде жауын-шашын мөлшері қайта артады.



Дәптерге терминдерді жаздыру.

«Торнадо» сөзі – испан тілінде «құйын», ал «ураган» сөзі - майя тілінде «дауыл құдайы» дегенді білдіреді.



Оқушыларға «Торнадо» және «ураган туралы» видеоролик көрсету.

Өтілген тақырыпты бекіту үшін әр топқа жекелеген тапсырмалар беріледі.

№1 топ

Солтүстік Америка материгінің климаттық белдеулерін атластан қарап, түрлі-түсті карандашпен А3 бояп түсіру тапсырылады.



№2 топ

Солтүстік Америка материгінің климаттық картасынан қаңтар және шілде изотермаларын және басым желдерді А3 түсіру тапсырылады.

№3 топ

Солтүстік Америка материгіндегі жылдық жауын-шашынның жылдық орташа мөлшерін түрлі-түсті карандашпен А3 түсіру тапсырылады.



IV. Сабақты бекіту.

Тақырыпты бекіту үшін тест тапсырмаларын орындау тапсырылады.


Т Е С Т

                            


1.    Солтүстік Америка материгінің  экваторға қатысты орны.

а) тек оңтүстік жарты шарда жатыр

ә) көпшілік бөлігі солтүстік жарты шарда

б) экватор материктің ортасын кесіп өтеді

в) тек солтүстік жарты шарда жатыр

 

2. Солтүстік Америка материгінің  ең төмен жатқан жері.



а) Каспий теңізі             

ә) Өлім аңғары

б) Өлі теңіз                    

в) Валдес түбегі

 

3. Көлемі жағынан ең үлкен арал.



а) Куба                        

ә) Гаити


б) Баффин жері          

в) Гренландия

 

4.Солтүстік Америка материгінде жауын-шашын ең көп түсетін жері? 


а) Кордильераның солтүстік-батыс жағалауы

ә) Калифорния шығанағының солтүстігі мен Үлкен Алап

б) Канаданың Арктикалық архипелагында

в) Гренландия аралында

 

5. Солтүстік Америка шығыс жағалауындағы жылы ағыс.



а) Калифорния            

ә) Лабрадор

б) Гольфстрим            

в) Батыс желдер                                   


6. Солтүстік Америка материгінің  бастапқы меридианға қатысты орны.

а) түгелдей шығыс жарты шарда жатыр

ә) көпшілік бөлігі батыс жарты шарда

б) түгелдей батыс жарты шарда жатыр

в) көпшілік бөлігі шығыс жарты шарда

 

7. Өлім аңғарының абсолюттік тереңдігі:



а) -186 м  

ә) -132 м   

б) -86 м  

в) -403 м

 

8.  Солтүстік Америка материгінің ең ыстық жері? 



а) Өлім аңғары +57С    

ә) Ниагара +57С    

б) Макензи +57С             

в) Баффин жері +57С    

 

9. Солтүстік Америка материгінің көпшілік бөлігі қай климаттық белдеуде орналасқан?


а) арктикалық                

ә) қоңыржай

б) тропиктік                   

в) экваторлық

 

10. Гренландиядағы қаңтардың орташа температурасы?



а) -30                 

ә) -45


б) -35        

в) -40
Тест тапсырмаларының жауаптары:









10в

Әр топ бір-бірінің жауаптарын тексереді. Дұрыс жауабы тақтада жазылып

тұрады.

 

V. Сабақты қорытындылау.



Бүгінгі өтілген тақырыбымызды РАФТ әдісі бойынша қорытындылаймыз.

Р - рөл

А - аудитория

Ф - форма

Т - тақырып

1 топ


Р – рөл - метеоролог

А – аудитория - адам

Ф – форма - өлең

Т – тақырып - ураган
2 топ

Р – рөл – автокөлік

А – аудитория - адам

Ф – форма - хат

Т – тақырып - торнадо
3 топ

Р – рөл – биік тау

А – аудитория – құрлық

Ф – форма – шығарма

Т – тақырып – ауа массасы
VІ. Рефлексия. «INSERT» әдісін пайдалана отырып, оқушылардың бүгінгі тақырып бойынша алған мәліметтерін жаздырту.


Оқушының аты-жөні:

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім?









 

VІІ. Бағалау.

Бағалау бетшесі бойынша оқушыларды бағалау.
VIIІ.Үйге тапсырма: «Солтүстік Америка материгіне бір күндік саяхат» тақырыбында шағын шығарма жазу.

№7 орта мектеп

Ашық сабақ

Тақырыбы:

«Солтүстік Американың климаты»

Өткізген: Бозаева С.М.



Жаңаөзен қаласы

2016/2017 оқу жылы
Каталог: uploads -> doc -> 0997
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0997 -> 2015 ж. 1 қыркүйек Білім күніне арналған республикалық Бейбітшілік және келісім сабағы
0997 -> Сабақтың тақырыбы: "Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды "
0997 -> Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет