Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата18.11.2019
өлшемі334 Kb.
#52000
түріСабақ
Байланысты:
vcvcvcvc66666

Тексерілді: __________ Бекітемін: _____________

Пәні: Қазақ тілі Уақыты: 26.12.2014 Сыныбы: 3б Мұғалімі: Аронова А.Г

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету. Сөз және оның мағынасын туралы білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық: Сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап.

Қолданылатын стратегиялар: Топтастыру,

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, суреттер, ережелер, тест жұмысы, үлестірмелі қағаздар т.б.

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылықты ояту.

  1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

  2. Оқушыларды үш топқа бөлу.


- «Бір әріптің ізімен» дидактикалық ойыны

Жжж (жолдас), Ддд (дос), Ыыы (ылғалды), Сссс (суық ), Ббб (бала), Ттт ( тоңу)

- Берілген әріптермен және сөздермен сөйлем құрап айту.
• Жолдасым желмен жарысты. Жарас жақсы жігіт.
• Досым допты домалатты.
• Суық сумен сүртіндім.
II. Мағынаны тану.

Оқулықпен жұмыс.

26-жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Қарамен жазылған сөздерді салыстыр.

Көз – адамның, жан-жануардың көру мүшесі.

Көз ұшында ағараңдаған біреу көрінді.


  • Екінші сөйлемде шынымен көз туралы айтылып тұр ма? Көз ұшында дейтін сөздер тобы қандай мағына береді?

  • Көз ұшында «алыста» деген мағынаны білдіреді. Мұндай сөздер тобы үнемі бірге тұрып, бір – ақ мағына береді Олар сөзімізді бейнелі, мәнерлі ете түседі.


27-жаттығу. Қарамен жазылған сөздер тобының мағынасын қалай түсінгеніңді тексер.

- Сөздер тобының беретін мағынасын бағанның оң жағындағы сөздерден таңда.

- Үлгі бойынша сөздер тобын олардың беретін мағынасымен жаз.


Көз жазып қалды

адасты

Жаны ашыды

аяды

Құлақ қойған жоқ

тыңдамады

Көзді ашып-жұмғанша

лезде, тез


28-жаттығу. Жұмбақтың шешуін тап. Қарамен жазылған сөздер тобын жеке сөзбен алмастырып айтып көр.

Түс кезінде қысқарса,

Кешке қарай сорайған.

Күннің көзін бұлт шалса,



Қас қаққанша жоғалған.

(Ай)


Қас қаққанша – шапшаң, лезде, тез, жылдам.
29-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздер тобының мағынасын түсіндір.
Шеге Кемпірауызға шағым айтты.

  • Балғаны көрсем, төбе шашым тік тұрады. Білмеймін, бізде не өшінің барын, соғудай – ақ соғады дейсің...

  • Соқпаса, өздігіңнен кірмейсің ғой, - деді Кемпірауыз

Төбе шашым тік тұрады – таңдандым, шошыдым.

- Мәтін не туралы? (шеге мен кемпірауыз туралы)

- Мәтінге ат қой. (Шегенің шағымы)
30-жаттығу.Өлеңді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір. «Жаз» сөзінің соңғы мағынасына мәтін құрастыр.

Жаз келді де құлпырды, (Жаз мезгііл туралы айтылып тұр.)

Қырқаларға гүл тұнды.


Жаз көрпені, кісі күт, (Көрпені төсеу мағынасында айтылып тұр.)

Қонақ келсе, үйге құт.


Жаз әріпті, сандарды, (Әріп, сан жазу туралы айтылып тұр.)

Жазу - өнер сындарлы.


«Жаз» - да қанша ұғым бар?

Ойланыңдар, ұғыңдар.


III. Ой толғаныс.
Ребус шешу

Қыс түсті. Қар жауды.
Тест жұмысы.

1. Мағынасы бір-біріне қарама – қарсы сөздерді бір сөзбен қалай атауға болады.

А) Антонимдер

В) Омонимдер

С) Синонимдер

2. Сөйлем мағынасының қай түріне жатады: хат жаз, жаз айы, ауруды жаз, әдемі жаз.

А) Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер

В) Мағынасы жуық сөздер

С) Айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер

3. Екі немесе одан да көп мағынасы бар сөздер қалай аталады?

А) Зат есімдер

В) Көп мағыналы сөздер

С) Мағыналары қарама – қарсы сөздер

4. Мына сөзге мәндес сөзді тап. Еріну

А) Қуану

В) Ренжу


С) Жалқаулану

5. Мына сөзге қарсы сөзді тап. Дос

А) Дұшпан

В) Көрші


С) Жолдас

Жауаптары:

  1. А

  2. С

  3. В

  4. С

  5. А


IV. Үй тапсырмасы.

  1. 111 бет, 30-жаттығу. Берілген сөздер тобын қатыстырып сөйлем құрап жаз.

  2. Ереже жаттау.


V. Бағалау

«5» — 1- 4 толық қамтылса;

«4» — 1- 3 толық қамтылса;

«3» — 1- 2 толық қамтылса;

Топ басшылары бағалайды.




Оқушының аты- жөні

1.

Үй тапсырмасын орындауы.



2.

Жаңа сабақты меңгеруі.



3. Жаттығу жұмыстарын орындауы

4.

Қосымша тапсырмаларды орындауы.



5. Қорытынды баға

1



















2



















3




















Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет