Сабақтың тақырыбы: Сөз мәдениетінің қосалқы құралдары. Сабақтың мақсаты



бет2/2
Дата13.08.2017
өлшемі0,85 Mb.
#23471
түріСабақ
1   2

Дәптермен жұмыс

18-жаттығу. Төмендегі берілген сөйлемдерден қосалқы құралдардың қандай қызмет атқарып тұрғанын ажыратыңдар.



  1. Нұрлан Раушанға қарап басын изеді де, әнеукүнгі жасаған актілерді сұрады. 2. Мен басымды шайқадым, сонан соң өзі сорғалаған қаннан ұрттап-ұрттап алды да, тісін ақсита күліп, бізге қарады.

Кітаппен жұмыс. Мәнерлі сөздің мәнін ұқ.

20-жаттығу. Мақал-мәтелдерді оқып мағынасын түсіндіріңдер.

Ойды сергіту сәті

Шумақтарды өз орнына реттеп, әнімен орындау.

Екі топқа тапсырмалар бөлінеді. Электронды оқулық арқылы, берілген суреттерге тиісті мақал-мәтелдерді табуы керек.

Қыз өссе – елдің көркі, Білім – инемен құдық қазғандай



Гүл өссе – жердің көркі

«Жорға» жедел жауап сайысы.

Бір минутта қанша сұраққа жауап беруін анықтау арқылы топ мүшелерінің білім деңгейін байқаймыз.

1-топ


  1. Бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс (у)

  2. Дауысты дыбыс нешеу? (12)

  3. Сөз мағыналарын зерттейтін ғылым (лексика)

  4. Жазамыз және көреміз (әріп)

  5. Қазақ тілінде неше жалғау бар? (4)

  6. Зат есімнің сұрақтары (кім? не?)

  7. Ұзын сөзінің антонимі (қысқа)

  8. Батыр сөзінің синонимі (ержүрек)

  9. Сөздердің дұрыс жазылуынқарастыратын ереже (орфография)

  10. «Қой аузынан шөп алмас» (жуас)

  11. Адамдардың қарым - қатынасына қатысты әрекеттер неше тармақтан тұрады? (екі үлкен тармақтан)

  12. Ғылымды тілдік қатынасты қалай атайды? (Бербалды)

  13. Ба-ла қандай буынды сөз? (ашық)

  14. Ш дыбысы қандай дыбыс? (қатаң)

  15. Екпін қай буынға түседі? (соңғы)

2-топ

  1. Кереует, самаурын қандай тілден енген сөздер? (орыс тілінен)

  2. Септік жалғауы нешеу? (7)

  3. Дауыссыз дыбыстар нешеу? (26)

  4. Жұрнақтың неше түрі бар? (2)

  5. Үндестік заңы нешеге бөлінеді?

  6. Буынның неше түрі бар? (3)

  7. Бақ-бақ қандай буында тұр? (бітеу)

  8. Сын есімнің неше шырайы бар? (4)

  9. Қып-қызыл қай шырайда тұрған сөз?(күшейтпелі)

  10. Сын есім мағына жағынан нешеге бөлінеді? (2)

  11. Дене қимылдарын қолдануды жоғары бағалаған философ кім? (Платон)

  12. Ғылымды тілсіз қатынас қалай аталады? (Бейвербалды)

  13. Мақал-мәтелдер тіл білімінің қай саласында қарастырылады? (лексика)

  14. Дулыға, сауыт сөздері қандай сөздер? (көнерген сөздер)

  15. Синус, теңеу сөздері қандай сөздер? (термин)

Деңгейлік тапсырманы слайд арқылы көрсету.

ІІІ – деңгей

Дәріхана, Әйімбала, жауапкершілік, емхана сөзіне фонетикалық талдау жаса.

ІІ – деңгей

Даналық сөздердің мағынасын түсіндіріп,мазмұнына көңіл аударыңдар.

Ақылды адам сөзді орнымен айтып,жөнді жауап күтеді.

І – деңгей

Қазақ тілінде буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды ата.

Білімді бекіту.

Алған білімдерін қорытындылау. Екі топ ойларын жинақтап, постерге түсіріп, оны қорғайды.

Білімді бағалау. Кері байланыс. «Екі жұлдыз, бір тілек»

Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.



Үйге тапсырма. 22-жаттығу. Мәтінді оқып, мазмұнына көңіл аудар.
Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Діннің қоғамдағы ролі»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері Сабақ тақырыбы
sabaktar -> Жайна ахмет асқарқызы М. Маметова атындағы жалпы орта мектебінің тәлімгері. Созақ ауданы Бабата ауылы Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік жыр»
sabaktar -> Сабақтың эпиграфы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Өзіңсің поэзия Пайғамбары
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет