Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесін қайталау



Дата15.09.2017
өлшемі43,3 Kb.
#33119
түріСабақ
Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған

мамандандырылған № 30 мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Аманкулова Шолпан Ксембаевна

Қазақ тілі

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесін қайталау

Сабақтың мақсаты: 1. Сөз тіркесінен өткенді қайталау, сөйлемнен сөз тіркестерін ажырата білуіне көңіл бөлу, өз ойын жинақтап әдемі, көркем тілмен жеткізе білуге ұмтылдыру;

2. Логикалық ойын дамыту, дұрыс, анық сөйлеуге жаттықтыру, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылық қабілетін дамыту;

3. Наурыз мерекесіне орай ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу, әдет-ғұрыптарды бойларына сіңіру, жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, семантикалық картамен жұмыс, сатылай кешенді талдау

Көрнекілігі: интерактивті тақта, парақшалар, киіз үй макеті

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Жаңа сабақ

І кезең

«Наурыз-думан» музыкасы ойнап тұрады.

Мұғалім сөзі

Халқымыздың ежелден желісі үзілмей жеткен көне салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары - рухани және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі. Сондай ұлттық салт-дәстүрлеріміздің бірі – Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі.



  • Қазақша жыл басы қай күннен басталады? Бұл күнді қазақ халқы

қалай қарсы алған?

Иә, 22 наурыз – қазақша жыл басы. Ұлыстың ұлы күнінде күн мен теңеліп, жер бусанып, жан-жануар, тіршілікке жан бітіп, жаңара түседі. Бұл күнді халқымыз ерекше қастерлеп, қадірлеген. Ендеше бүгінгі «Сөз тіркесін қайталау» атты сабағымыз Наурыз мерекесіне арналады.

Наурыз мерекесінде алдымен «Синтаксис» ауылында қонақта боламыз. Осы ауылдың бізге арнаған сый кәдесі бар екен. Ол сыйды алу үшін сол ауылдың тапсырмасын орындау керек.


  1. Синтаксис дегеніміз не? Оның зерттеу обьектісі не?

  2. Сөз тіркесі дегеніміз не?

  3. Сөйлем дегеніміз не? (Біршама тиянақты ойды білдіретін сөздер тобы)

«Синтаксис» ауылының көршілері – «Фонетика», «Лексика», «Морфология».

«Фонетика» ауылына тапсырма – «наурыз» сөзіне фонетикалық талдау жаса.

«Лексика» ауылына тапсырма – «наурыз» сөзінің мағынасын аш.

«Морфология» ауылына тапсырма.

Мына сөйлемге морфологиялық талдау жаса.

Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді.

ІІ кезең

Ұлттық салт-дәстүріміз – Наурыз мейрамын әрқашан да қастерлеп дәріптейтінімізді дәлелдеу үшін 4 ауыл 4 түрлі тапсырма орындайды.



  1. Наурыздан басқа қазақтың қандай салт-дәстүрін білесің?

  2. Ұлттық тағамдарды ата. 1 тағамның дайындау мәзірін түсіндір.

  3. Наурызда айтылатын баталарды білесің бе?

  4. Киіз үйдің бөліктерін ата. Қазақ үшін киіз үйдің пайдасы қандай болған? (кереге, шаңырақ, уықтар, сықырлауық, киіз)

ІІІ кезең

Сөз тіркестеріне талдау

«Қонақ кәде» 4 топ бір-біріне дайындап келген тапсырмасын ұсынсын.



  1. Семантикалық карта

  2. Сызба бойынша талдау

  3. Синтаксистік сатылай кешенді талдау

Қазақ халқы Наурыз күні ыдыстарды аққа толтырып қояды.

  1. Сызба бойынша сөйлеу.

IV кезең

Оқулықпен жұмыс

Барлығымыз оқулығымызды ашып, дәптерімізге 256-жаттығуды орындап көрейік. Сөз тіркесінің байланысу түрлері мен тәсілдеріне қарай талдайық.



  1. Мәтінді мәнерлеп оқып, тақтадағы суретке назар аударайық.

1-топ. Тақтаға: Бұған өнерлі жастар шақыртпай келіп, таң атқанша жаңа туған баланы, оның анасын ардақтап ән салып, күй тартады.

2-топ: Ерте заманда бесіктегі нәрестені күзету Ұмай анаға жүктелген.

3-топ: Шілдехана кейде үш күнге созылған.

4-топ: Шілдеханаға ауыл үлкендері қатыспайды.



  1. Осы мәтінде берілген рәсім бойынша шағын көріністі тамашалайық

(Ұмай ана келіп бесіктегі баланы аластайды: «О, Құдайым менің ұрпақтарымды аман ет, пәле-жаладан сақтай гөр, жамандық ары кет, кет!»)

  • Міне осылай жаңа туған баланы Ұмай ана бәле-жаладан аулақ

болсын деп шырақ жағып аластаған. Ал өнерлі жастар жаңа туған баланы, оның анасын ардақтап, ән салып, күй тартады. Ендеше осы тойдың сыйы ретінде бір терме тыңдайық.

V кезең

Мұсылман ұғымы бойынша Наурыздың 21-і күні Қыдыр атаны қарсы алған. Осы түні әр адам қандай ой-арман тілесе, ол жаңа жылда қабыл болады деп ырым еткен. Енді Қыдыр бабаны қарсы алайық.

Қыдыр ата:

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін!

Бәле-жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын!

Көйлектерің көк болсын!

Қайғы-уайым жоқ болсын!

Қуаныштарың көп болсын!

Әумин!

Қорыту

Міне, бүгінгі сабағымыз да өз мәресіне жетіп қалды. Сабақта өз білімімен, ой тереңдігімен көзге түскен, жақсы жауап берген оқушыларға «өте жақсы» деген баға қойылады.



Үйге тапсырма: «Наурыз – көктем, жыр-думан» тақырыбына шығарма жазу.

Бағалау
Каталог: uploads -> doc -> 0c19
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c19 -> Ақан сері Қорамсаұлы Психологиялық даярлық
0c19 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» баұо ақ филиалы педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институты жамбыл облысы бойынша жоба


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет