Сабақтың тақырыбы: Сөздің тура және ауыспалы мағынасы Мақсаты



Дата05.06.2017
өлшемі0,63 Mb.
#17657
түріСабақ
Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы

Сарысай негізгі мектебі

Аймағамбетова Кәмшат Әбдірқызы


Сабақтың тақырыбы: Сөздің тура және ауыспалы мағынасы

Мақсаты:


а) Білімділік: Сөздің тура және ауыспалы мағынасы туралы білімдерін одан әрі молайту, алған білімдерін, іскерлік дағдыларын тексеру, таным белсенділігін арттыру;

ә) Дамытушылық: Сөз байлығын молайту, сөздік қорын байыту, ойлау қабілетін дамыту, ережеге қорытынды жасауға үйрету;



б) Тәрбиелік: Тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре құбылтып, оларды мейлінше дұрыс қолданып, нақты түсіне білуге тәрбиелеу.

Әдісі: Сұрақ-жауап, ұжымдық оқыту, оқулықпен жұмыс, шығармашылық жұмыс, талдау, баяндау, зерттеу, т.б.

Сабақтың көрнекілігі: слайд-шоу, интерактивті тақта, компьютер, гр.диктант, кесте.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, биология, тарих, т.б.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру:

1. Сыныптың сабаққа қатысы.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

(44-жаттығу. Тақырыпты сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.)



ІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту:

Сабақтың ұраны:

«Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.»

Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасы тура мағына деп аталады.

Сөздің ауыспалы мағынасы бір заттың негізгі атауыш мағынасын екінші бір затқа атау етіп ауыстырып қолдануды ауыспалы мағына немесе туынды мағына деп атайды.

«Әрекет» (Жаңа тақырыпты бекіту жұмыстары.)

- Балалар, әдебиет сабағынан жақсы білеміз, ауыз әдебиеті дегеніміз не? Түрлері қандай?

- Ауыз әдебиеті дегеніміз – халқымыздың ауыздан-ауызға тарап, ұрпақтан - ұрпаққа жеткен халық туындысы. Түрлері: Тұрмыс-салт жырлары, батырлар жыры, ғашықтық жырлар, мақал-мәтелдер, ертегілер т.б.

- Ендеше, біз бүгінгі сабағымызды «Бауырсақ» ертегісінің желісі бойынша жүргіземіз. «Бауырсақ» ертегісін жақсы білеміз ғой.ендеше есімізге түсіріп жіберейікші. Кім айтып бере алады?

(Қысқаша мазмұны айтылып өтеді. 3оқушы)

-Оқушылар, біздің сыныптағы электрондық поштамызға жаңа хат түсіпті. Хат мәтіні мынадай:

----------- --------------- ----------------------.

-Кәне, оқушылар атай мен әжейге көмек берейік. Ертегідегі бауырсақты түлкі жеп қойса, бүгінгі бауырсаққа көмек беріп, атай мен әжейді қуантайық. Ол үшін бүгін бізге үлкен білім керек болып тұр. Бауырсақ орман жаққа кетіпті. Түрлі аңдарға кездесіпті. Олардың көп тапсырмасы бар екен. Алдымен қасқырға жолықса керек.

Қасқырдың тапсырмасы:

1. 41-жаттығу. Бет, құлақ, кілт, терең, ақ сөздерінің тура және ауыспалы мағынасын тауып, басқа сөздермен байланысқа түсіріп , тіркес құра.



2. «Ой қозғайық!» Мына мақал-мәтелдерден ауыспалы мағыналы сөздерді табыңдар.

        • Анамның тілі – аяулы үні.

  • Ата – асқар тау,

Ана – бауырындағы бұлақ,

Бала – жағасындағы құрақ.



  • Тіл – көңілдің кілті.

  • Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

-Балалар, бауырсақ енді аюға кездесіпті.



Аюдың тапсырмасы:

  1. Мәтінді оқып,құрамында ауыспалы мағынадағы сөздері бар сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

  2. Кезекті жаңылтпаштарға берейік. Жаңылтпаш ішінен тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді табайық.

  1. Ағаны бала ағаламағаны, 2. Жасыл көктем,

Бала ағаны бағаламағаны. Жасыл жіппен

Ағаны бала бағаламағаны, Жақсы тіккен.

Әдепті бала бола алмағаны. Жібек көрпе жамылдырды.

Жасыл өңге малындырды.

-Бауырсақ үшін аюдың да тапсырмасын орындадық. Енді қоян не айтар екен?

Қоянның тапсырмасы:

А) Шығармашылық диктант. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып, ұйқастырып қойыңдар.



  1. Ой маржанын тере білген,

Әр жазушың, әр ақының.

Әр сөзіңді емемін мен,

Ана сүті – .................(ана тілім)


  1. Тіл – ырысың, өрісің де,

Тіл – көктегі ғажап күнсің мен үшін де-

Ғажап күнсің мен үшін де –

Бабам тілі - .................(қазақ тілі)


  1. Мекендеген портфелімді

Беттері аппақ - ақ көңілді.

Қызаратын қатем үшін

Кірлетпеймін ............(дәптерімді)

Ә) Мына сөйлемді дәптерлеріңізге жазып, ішінде ауыспалы мағынада тұрған сөздің астын сызыңыз.


Елбасы «Қазақстан-2030»бағдарламасында болашақ өркениетті Қазақстанның барыстары білімді, өнерлі, сауатты болу керек дегенді айтады.

-Оқушылар, бауырсақ ормандағы ең айлакер , қу түлкіге кез болыпты.Осы түлкінің қолына түсірмей, аман-есен атай мен әжейдің қолына тапсырайық.

Түлкінің тапсырмасы:

А) Интертақтада үш сурет берілген. Сол суреттерді қатыстырып тілге байланысты сөз тіркесін немесе сөйлем құра.

Қазақ тілі – жүрек үні.

Қазақ тілі – жұлдыздай мәңгі жарқыра!

Қазақ тілі – алтын күнсің шуақ шашқан биіктен!



  • Осындай сіздердің сөздеріңізді мен М.Жұмабаев атамыздың мыны өлең жолдарымен тиянақтап, қорытындылай кетейін.

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ-ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі сен қалдың,-

деп айтқандай, тіл –тарих, тіл – күретамыр, тіл –тәуелсіздік.

Ә) «Тапқыр болсаң, тауып көр». (Қайсысы қай мағынада?)


  1. Тәтті ұйқы, тәтті қиял, тәтті алма.

  2. Ашық аспан, ашық әңгіме, ашық мінез.

  3. Иненің көзі, байлықтың көзі, адамның көзі.

  4. Өткір ой, өткір мінез, өткір пышақ.

  5. Алыс арман, алыс туыс, алыс жер.

  6. Қара көйлек, қара жер, қара ниет.

ІІІ. Сабақты бекіту

(Графикалық диктант)

тура

ауыспалы


қисық мінез, жақсы бала, ақ көңіл, терең су, қара ниет

–Ал, жақсы, балалар, бәріміз аңдар тапсырмасын орындап, бауырсақты құтқарып алдық. Әрине, оған біз білімімізбен қол жеткіздік. Ендеше, «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген осы болса керек. Біз бүгін қуаныштымыз, атай мен әжейге үлкен көмек жасадық. Енді қарияларға жеткенше әңгімелесіп барайық.



ІҮ. Сабақты қорытындылау.

«Интервью» (Сұрақтарға жауап)

  1. Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасы тура мағына ма?

ИӘ немесе ЖОҚ

  1. Сөздің ауыспалы мағынасы бір заттың негізгі атауыш мағынасын екінші бір затқа атау етіп ауыстырып қолдану ма?

ЖОҚ немесе ИӘ

  1. «Терең білім» тура мағынада ма? ИӘ немесе ЖОҚ

  2. «Ыстық су» ауыспалы мағынада ма? ИӘ немесе ЖОҚ

Үйге тапсырма: 50-жаттығу. Ережесін оқу.

Тақырыбы: Сөздің тура және ауыспалы мағынасы

Мақсаты: 1. Оқушыларға сөздің тура және ауыспалы мағыналарының ерекшеліктерін түсіндіріп, жаттығу жұмыстарын жүргізу;

2. Оқушылардың ойлау, сөйлеу тілін, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

3. Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, ұқыптылыққа, байқағыштыққа, жылдамдыққа, ойын ашық, еркін жеткізуге, өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу;

Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, жаттығу, ой жинақтау, сұрақ - жауап

Көрнекіліктер: тірек сызба

Сабақ түрі: дәстүрлі

Сабақ типі: жаңа сабақ

Сабақ барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабақ үдерісіне дайындау

ә) Үй тапсырмасын тексеру. 40 - жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып келу.

Сөздікті пайдаланып, қарамен берілген сөздердің мағынасын анықтау.

Жыршы -

Жібек жіп -



Кесте -

Шешен -


Даугер -

Ой шақыру. Венн диаграммасы арқылы мәтін мен сөздің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін ажырату.

Мәтін ------------ ұқсастықтары --------------- Сөз

б) Жаңа сабақ

(Балалар тақтадағы мысалдарды оқып, өздерінше қайталанып тұрған сөздің қайсысы тура мағынада тұрғандығын тауып көреді).

Көздің жасы, жас адам, жасы үлкен

Көздің жасы - тура мағына

Жас адам - ауыспалы мағына

Жасы үлкен - ауыспалы мағына

в) Жаттығу жұмыстары

41 - жаттығу. ІІ тапсырма. Берілген сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын тауып жазыңдар.

Сөздер ----------- Тура мағына ---------- Ауыспалы мағына

Бет ----------- Адамның беті ---------- Бетімен кету

Құлақ


Қабырға

Дүние


Кілт

Ақ

Өту



Келу

Терең


ІІІ тапсырма. Берілген сөздердің деректі, дерексіз екенін табыңдар.

Үлгі:


Деректі сөз --------------- Дерексіз сөз

Қымыз, құрт,... Сұра, турашыл,...

42 - жаттығу. Өлеңді көшіріп жазып, ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөз бен сөз тіркестерін тауып, астын сызыңдар.

Үлгі: сөздің патшасы,...

Графикалық диктант

тура


ауыспалы

қисық мінез, жақсы бала, ақ көңіл, терең су, қара ниет

г) Бекіту. Венн диаграммасы

Тура мағына ----------------- Ауыспалы

Графикалық диктант

тура


ауыс

палы


қисық мінез жақсы бала ақ көңіл терең су қара ниет
Графикалық диктант

тура


ауыс

палы

қисық мінез жақсы бала ақ көңіл терең су қара ниет
Графикалық диктант

тура


ауыс

палы



қисық мінез жақсы бала ақ көңіл терең су қара ниет

Аймағамбетова Кәмшат Әбдірқызы

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы

Сарысай негізгі мектебі

«Көптілді білім беру саласындағы

инновациялық педагогикалық

технологиялардың маңыздылығы"


Каталог: uploads -> doc -> 06d1
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06d1 -> Сабақ тақырыбы Әдептілік Жалпы мақсаты
06d1 -> Дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындар


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет