Сабақтың тақырыбы: Спандияр Көбеев шығармашылығы. Мысалдары мен әңгімелері. Сабақтың мақсаты



Дата31.12.2019
өлшемі31,62 Kb.
#55115
Сабақтың тақырыбы: Спандияр Көбеев шығармашылығы. Мысалдары мен әңгімелері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: автордың өмірі мен шығармашылығын меңгерту. Қазақ поэзиясына мағыналы әңгімелер мен мысалдарды жазуды мақсат еткен туындыларының идеялық мазмұнын ұғындыру;

Дамытушылығы: әр студенттің осы автор арқылы шығармалар негізінде өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып өзінше ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту, шеберліктерін арттыру.

Тәрбиелілігі: ақын-жазушының қаламынан туған мысал, әңгімелер арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген тағылымдар арқылы жазушының азаматтық бейнесін аша отырып, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін арттыру, үлгі-өнеге алуға шақыру.

Сабақтың көрнекілігі: С.Көбеев туралы слайд, үлестірме материалдар.

Сабақтың түрі:танымдық іздену сабағы.

Сабақтың әдісі: СТО технологиялары, баяндау, салыстыру, талдау, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, мәнерлеп оқу.

Оқыту нәтижесі:  Сабақ соңында қол жеткізілетін нәтиже

  1. Оқушы ой қиялының дамуына, пікір айтуына еркіндік беріледі

  2. Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді.

  3. Шыншылдық, еңбекқорлыққа дағдыланады.

  4. Өзгенің пікірімен санасуға үйренеді. Өз пікірін қорғай, дәлелдей алады

  5. Топпен жұмыс істеуге дағдыланады.


Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасып сабаққа қатысын тексеріп, «Шаңырақ» әдісі арқылы топқа бөлемін.Оқушыларды сабақтың белсенді өтуіне ынталандыру.

Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.

Топ ішінде тәртіп ережелері талданып , сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады.

Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.

Фигураларарқылытоптарөзарабағалайды.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Миға шабуыл» үй тапсырмасы бойынша бірнеше сұрақтар беріледі.Оқушылар сұрақтарға нақты жауап беруі керек.


  1. Мағжан Жұмабаевтың өмірі және шығармашылығы жайлы сұрақтар қою.

  2. Мағжанның балаларға арналған өлеңдерін жаттау және мағынасын ашу.

Топтық жұмыс болғандықтан, оқушылар берілген тапсырманы топ болып қорғайды.

І топ. М.Жұмабаевтың - ағартушы.

ІІ топ. М.Жұмабаев - ақын.

ІІІ топ. М.Жұмабаев - жазушы.

ІҮ топ. М.Жұмабаев - аудармашы.
ІІІ. Жаңа сабақ.

1) Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау.


ІІ. Қызығушылықты ояту (5мин.)

Әр топқа сұрақтар жазылған қима қағаздар таратылып беріледі.



  1. Ыбырай Алтынсарин кім? Оның ізін қуған кім?

  2. Спандияр Көбеевтің өмірі туралы не айта аласыздар?

  3. Жазушының балаларға арналған туындылары бар?

  4. С.Көбеевтің қазақ әдебиетінің тарихындағы орны.

Оқушылардың жауабын тексеру барысында интербелсенді тақтадан С.Көбеев туралы кестеге көңіл бөлеміз. Хронологиялық кесте арқылы оқушылар өз білімдерін тексереді.


Мұғалім сөзі: назарларымызды интербелсенді тақтаға аударамыз. Тақтадан С.Көбеевке қатысты жылдар мен болған оқиғалар туралы мәлімет беріледі.
Жылдар сөйлейді (слаид арқылы)


жылы

Болған оқиға

1878 жыл қазанның 1-і

Спандияр КөбеевҚостанай облысы, Боровский ауданының Ақсуат ауылында кедей шаруа семьясында дүниеге келген.

1887 ж. желтоқсан айында

Алтынсариннiң тiкелей көмегiмен ашылған мектепке барады.

1892-1897ж.ж.

Болыстық мектепте оқиды.

1899 жылы

Қостанай қаласында ашылған орыс-қазақ екі кластық курсқа түседі.


1901 жылы

Бастауыш мектеп мұғалiмi деген мамандық бойынша бiтiрiп шығады.

1910 жылы

Алғашқы кітабы «Үлгілі тәржімә» Қазан қаласында жарық көреді.

1912 жылы

«Үлгілі бала» оқулық-хрестоматиясы жарық көреді.

1913 жылы

«Қалың мал» романы басылып шығады.

1951 жылы

«Орындалған арман» атты өмірбаяндық шығармасы жарық көреді.

1956 жылы

Өмірден өтеді.

Оқушыларға «Топтастыру» стратегиясы арқылы С.Көбеев кім деген сұраққа жауап аламын.


аудармашы


Спандияр Көбеев

жазушы педагог

ақын
Спандияр Көбеевтің өмірі және шығармашылығымен таныстыру.
Спандияр Көбеев (1878 – 1956)


ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихында Спандияр Көбеевтің көрнекті орны бар. Қазақ жерінде ашылған алғашқы орыс мектептерінен тәрбие алған ол өзінің барлық саналы өмірін туған халқының мәдениет пен білім жолында ілгері ұмтылуына жәрдемдесуге арнады. Жаңа үлгідегі қазақ мектептерінде сабақ беріп жас ұрпақты орыстың тілі мен әдебиетін, мәдениетін үйренуге баулыды. Бұл саладағы қызметін Спандияр ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің педагогтік үлгісімен жүргізді. Би-болыстардың қырына ілінген қыңыр әкенің кесірінен мектепке іліге алмай қалған кедей баласын алғаш орналастырған да Торғайдың оқу инспекторы еді. Ұлы ұстазы алдында жаутаңдап, оның мейірімділігі мен кең пейіліне риза болған Спандияр ішінен соған ұқсауды армандағанды. Ыбырай секілді халыққа пайдалы азамат болу, өз білімін елін ағартуға жұмсау Спандиярдың өмір бойғы арман-тілегі еді.

  Спандияр Көбеев 1878 жылғы қазан айының 1 күні Қостанай облысы, Боровский ауданының Ақсуат ауылында кедей шаруа семьясында дүниеге келген.

  Ыбырай Алтынсарин ұйымдастырған ауылдық мектепте сауат ашып, Қостанай қаласында мұғалімдер даярлайтын курсты 1901 жылы бітірген. Осы жылдан бастап өмірінің соңына дейінгі 55 жылын ұстаздық қызметке жұмсады. Ол өзінің ұзақ та жемісті ұстаздық еңбек жолын «Орындалған арман» (1951) атты мемуарлық кітабында баяндады. Жазушы шығармасында бастан кешкен дәуірдің нақты тарихи деректерін негізге ала отырып, әлеуметтік-қоғамдық құбылыстарды шынайы суреттеді, көптеген адам образдарын бейнеледі.

Көбеев ұстаздық жұмысы мен жазушылық қызметін тығыз байланыстыра жүргізді. Өзі оқытқан шәкірттерінің кластан тыс оқуына арнап орыс жазушылары мен ағартушыларының бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударып, «Үлгілі тәржіме» деген атпен жеке кітап етіп бастырды.


1912 жылы Спандиярдың «Үлгілі бала» атты кітабы шықты. Бұл – бастауыш мектептегі қазақ балаларына арналған оқу кітабы еді. Ұлы ұстазы Ыбырай үлгісін пайдалана отырып ол бұл кітапқа өзі аударған Крылов мысалдарын, орыс классиктерінің балаларға арналған шығармаларын, қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін, табиғаттың түрлі құбылыстарымен таныстыратын, өсімдік, жануарлар әлемі туралы білім беретін әр алуан қызықты қысқа әңгімелер кіргізді.

Спандияр Көбеевтің қазақ әдебиеті тарихындағы үлкен орны – оның революциядан

бұрынғы әдебиетте прозаның тууына, ондағы роман жанрының қалыптасуына сіңірген еңбегімен байланысты. 1913 жылы Қазанда басылған жазушының «Қалың мал» романы қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш көлемді прозалық туынды болып саналады. Романда Революция алдындағы қазақ ауылында болған қат-қабат әлеуметтік өзгерістер шынайы суреттелген, дәуір шындығы боямасыз көрсетілген. Романда қалың мал әлегі, қазақ қызының аянышты да арманды тағдыры нанымды бейнеленумен қатар дала тіршілігіндегі әлеуметтік теңсіздіктің, жолсыздықтың сан алуан көрінісі батыл әшкереленген. Ел билеуші әкімдер мен үстем тап өкілдеріне қарсылық білдірген кедей бұқарасының әрекеті шыншылдықпен суреттелген. «Қалың мал» романы – тілінің тазалығы, көркемдігі жағынан да өзімен тұстас прозалық туындылардан өзгеше шығарма. Жазушы романында халықтың сөз байлығын, мақал-мәтелдерді орынды пайдаланған, кейіпкерлер мінезін даралап көрсеткен. Спандияр Көбеев екі рет Ленин орденімен марапатталған.
Оқушыларға Ш.Құдайбердиев пен С. Көбеев арасындағы сәйкестік пен айырмашылықты «Венн диаграммасы» арқылы көрсетемін.

Ш.Құдайбердиев

сазгер


философ

Спандияр Көбеев

педагог

ақын, жазушы,аудармашы

Шығармашылық жұмыс.«ЖИГСО» әдісі.(Бұл әдіс бойынша 1,2,3,4 саны бойынша саналып, топтарына бөлінеді. Берілген мысалды әр топта талқылап бір-біріне түсіндіреді.)
С.Көбеев аудармашы.

Әр топқа Спандияр Көбеевтің мысалдарын және әңгімелерін кеспеге жазылған түрінде таратылып беріледі.


І топ: «Маймыл мен көзілдірік»

ІІ топ: «Аққу, шортан һәм шаян»

ІІІ топ: «Есек пен сандуғаш»,

ІҮ топ. «Шымшық пен көгершін»


«Жұптық әңгіме» әдісі(бұл әдіс бойынша әрбір топ С.Көбеевтің әңгімелерін өзара топта талқылап, идеяларды құрастырып, белсенді тыңдап, өз ойларын ортаға салады. Бұл әдіс оқушыларға сөйлеуге және үлкен топ алдында өзін сенімді ұстауға үйретеді).

С.Көбеев жазушы.

Осы көрсетілген жаңа тақырыпты оқушыларға жинақтау үшін жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз беттерінше дайындық жасату.Кітаппен жұмыс жасату. Постер арқылы мысалдар бойынша берілген тақырыптарын қорғату, оның тәрбиелік мәнін ашу.

І топ. «Аю және бөрене»

ІІ топ. «Балалар мен ғалым»

ІІІ топ «Шал мен балалар»

ІҮ топ. «Екі соқа»


«Венн диаграммасы» әдісі.Бұл әдіс арқылы студенттер М.Жұмабаев пен С.Көбеев арасындағы ұсастығы мен айырмашылығын ажыратады.
Ой толғаныс: Оқыған әңгімелері бойынша шағын эссе жазу. Оқушылардың мақсаты берілген тақырыпқа арнап өз ойларын жеткізу. Тапсырма топ ішінде орындалады. (5мин.)
Қорытындылау:

Рефлексия.

«Екі жұлдыз , бір тілек» Стикерлерді толтыру.

Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі.Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады. (2 мин)

Рефлексия (кесте толтыру)



Білемін

Мен үшін жаңалық

Білмеймін

Менің ізденістерім













Бағалау.Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағалаймын.
Бағалау парақшасы


Оқушының аты-жөні

Үй тапсыр масы

Жаңа сабақ бойынша сұраққа жауап

Шығарма

шылық жұмыс

Ойтолға

ныс

Қоры

тынды

ЖИГСО

Жұптық әңгіме










































































































































































Үй тапсырмасы.«Орындалған арман» романын оқу, кейіпкерлерге мінездеме жазу
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет